СЫРЫМ МЕН НҰРАЛЫНЫҢ ҚАҚТЫҒЫСУЫ
Нұралы хан Сырыммен жарасқысы келіп, араға кісі салып, ордаға шақыртады. Сырьш Нұралының елшісіне екі сұрақ қояды:
Құс көлге бара ма? Кел құсқа бара ма?
Әрине, құс көлге барады,— дейді елшілер.
Қонақ ордаға қеле ме? Орда қонаққа келе ме?
Әрине, қонақ ордаға келеді.
Ендеше— дейді Сырым.— Халық — көл, хан —- құс. Ел — орда, хан — қонақ.
Көл құссыз да күнелтеді, құс көлсіз күнелтіп көрсін. Орда қонақсыз да өмір сүреді, қонақ үйсіз өмір сүріп көрсін. Менің ханда ісім жоқ, ісі болса өзі келсін!
Сөзден тосылып, жолдас-жораларымен Нұралы хан Сырым батырға келеді. Сырымның аулы отырған жерде биік қара төбе болады екен. Хан мен батыр сол төбенің басында жолығыс жасайды.
Аттың торысы көп пе, төбелі көп пе?~ дейді Сырым.
Әрине, торысы көп,— дейді Нұралы.
Зордан да зор бола ма?— дейді хан.
Зордан да зор шығады.
Екі көзің сонда шығады,— дейді батыр. Сырым Нұралының аузын аштырмайды, бір сөзін асырмайды. Халық пен хан арасындағы бұрыннан білтелі жара бітіспей, қайта шиеленісе түседі. Сырым қарттармен ақылдасып, халықты күреске әзірлей береді.
Достарыңызбен бөлісу: |