Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясы М. О.Әуезов атындағы Әдебиет және Өнер Институты



бет91/110
Дата22.12.2021
өлшемі1,11 Mb.
#127480
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   110
Байланысты:
аза стан Республикасы ылым Академиясы М. О. уезов атында ы де

СЫРЫМ БАТЫР МЕН БАЙСАЛ БИ

(2-нұсқа)

Сырым батыр шеркеш Байсал бимен құда болысады. Сырым батыр Байсалдың баласына қыз бермек болып, бес жиырма мал алады, балалар ер жетіп, аларына келісіп, күйеу бала малын әкеліп беріп, есік ашып, ұрын келіп жүреді. Сөйтіп жүріп екі жастың ынтымағы жараспай қалады. Байсалдың баласы:

  • Әке, мен Сырымның қызын алмайтын болып келдім, енді Сырымның босағасын аттамаймын, малыңды қайтып ал,— дейді.

  • Шырағым балам, Сырым бізге мал қайырмайды, тентек болып, айрылыспалық,— дейді Байсал баласына.

  • Жоқ, әке, айтқан антым бар, айтқаным айтқан. Мал солай кетсе де, алмаймын дедім, алмаймын,— дейді баласы. Шара жоқ, Байсал Сырымға адам жібереді.

  • Құдаңыз сәлем айтты, өз көңілімде ещ нәрсе жоқ, балалардың дәм-тұзы жараспай қалыпты, малымды беріп жіберсін деді құдаңыз,— дейді Сырымға барғаң адам.

  • Өй, атаңа нәлет! Мен Байсалдың малын бағып беруге алып па екем?— деп адамдарын Сырым қуып жібереді.

Бірер аптадан кейін Байсал құданың өзі келеді. Сырым баяғыша қонақ етеді.

  • Ал, Байсал, сенің жұмысың маған белгілі ғой, ал бұл туралы ханға барып жүгінелік, диуан саған тисе, малыңды қайырамын,—дейді, Байсал «жарайды» деп екеуі жолдастасып жүріп отырады.

Сырым хан аулына жақындап қалғанда: ,— Ей, Байсал, екеуіміз балалар жаста құда болып, су мен сүттей араластық. Енді хан аулына барып айтысып жатсақ, ұят болмай ма? Ордада келімді-кетімді кісі де көп болар. Онан да басқа біреуге жүгінейік,— дейді. Бұны Байсал да мақұл көреді. Екеуі жолдан бұрылып, Адай-Атақозы биге жүгініске келеді.

— Сендердің араларыңда арғы-бергі сөз көп болар, оның бәрі маған керек емес, сендер бес ауыздан тақпақ сөзбен, арыздарыңды айта қойыңдар. Байсал, сен талап иесі ең ғой: Сөз алдымен саған беріледі, әуелі сен айт,— дейді Атақрзы. Сонда Байеал:



  • Сырымға құда болдым даңқыменен,

Араласып сыйласуға халқыменен;

Бес жиырма мал бердім бұрынғы ата-бабаның салтыменен.

Қара нарға қалы кілем жауып бердім,

Арғымақ жылқының асылын тауып бердім.

Күндердің күнінде

Алтын дегенім мыс болды,

Мыс дегенім жез болды,

Сондықтан малымды іздеп келген талапкермін,— дейді. ,

  • Байсалдың құда болғаны рас даңқымменен,

Араласып сыйласқаны да рас халқымменен.

Бес жиырма мал алғаным да рас бұрынғы ата-баба салтыменен.

Бұның баласы үш жылдай қалыңдық ойнады,

Құлындай байлап, тайдай жайлады.

Өз мақсаты біткен соң алмаймын дегенді енді ойлады.

Мен онысына көнбедім,

Төре биді іздедім.

Төресін әділ берер деп,

Алдыңызға келгенім,—

дейді Сырым.

  • Ал, шырағым Байсал, балаң үш жылдай қалыңдық ойнаған болса, малың қайтқан екен, енді саған мал тимейді. Алсаң жесіріңді аласың, алмасаң үйіңе барасың,— дейді Атақозы.


СЫРЫМ МЕН БАЙСАЛ

(3-нұсқа)

Байбақты Сырымның қызын Алаша Байсал би көп мал беріп баласына айттырады. Бұлар бірнеше жыл өткеннен соң Байсалдың баласы Сырымның қызын алмайтын болады. Байсал Сырымға кісі жібереді.

  • Балам қызыңды алмаймын дейді, менің берген ма-лымды қайтарып берсеңіз екен,— деп.

  • Мен Байсалдың малын бағып беруге алғаным жоқ, алса қызымды берем, алмаса өзі білсін,— дейді Сырым.

Сонан кейін екеуі хан алдына барып айтыспақ болады. Екеуі жолда келе-жатып кеңеседі:

Ханның. аулында жақсы да, жаман да жиналған, ел көп болу керек, екеуміз барып ханға жүгінуіміз жараспас, біз Атақозы биге барып соның үкіміне риза болсақ қайтеді,— деседі.

Бұл байлауға риза болысып, аттарын бұрып, Атақозы-ның ауылына келеді. Атақозыға жай-мәністерін айтқаннан кейін, Атақозы айтады:

  • Сіз екеуіңіз белгілі Сырым менен Байсалсыздар ғой, сіздер ұзақ дау айтпай-ақ, екі-үш ауыз сөзбенен қыбқаша жұмыстарыңызды айтыңыз,— депті. Сонда талап иесі Байсал мына сөзді айтыпты:

  • Қозеке мен Сырымға құда болып едім даңқымен,

Араласып сыйласуға халқымен.

Бес жиырма мал бердім,

Бұрынғы ата-бабамның салтымен.

Қалы кілем қара нарға жауып бердім,

Арғымақ жылқының асылын тауып бердім,

Алтын дегенім мыс шығып,

Күміс дегенім жез шығып,

Сондықтан малымды іздеп келген талапкермін.

Сонан соң Сырым айтады:

  • Байсалдың менімен құда болғаны рас, даңқыммен,

Араласып сыйласты да халқыммен.

Бес жиырма мал бергені рас,

бұрынғы ата-баба салтымен.

Мұның баласы үш жыл қалыңдық ойнады,

Құлындай байлады, тайдай жайлады.

Бар мақсаты біткен соң,

енді алмаймын деген қиял ойлады.

Мен бнысына көнбедім,

Сіздей әділ биді іздедім.

Төресін әділ берер деп,

Осы еді алдыңызға келгенім,

Атақозы диуанды Сырымға беріпті.

Мұнан кейін «Сырым мен Байсал Атақозыға жүгініп, Атақозы диуан беріпті» деген сөзді хан естіпті. Хан бұ-ларға ашуланып, Сырым мен Байсалға еш нәрсе айта алмай, Атақозыны шақыртады. Атақозы ханның аулына келсе^ хан үйінің алдында жүр екен. Атақозы келіп аттан түсіп, «бас тақсыр» деп, ханның қолын алады.

Сонда хан қолын ұстап тұрьш, «ойда орысты, қырда қазақты олжалап жүрсең де, шыр бітпеген бір қасқа екенсің ғой»—депті де, «үйге жүріңіз» деп жүре беріпті. Сонда:

— Тақсыр, тұра тұрыңыз, үйге әлгі сөзіңіздің жауабын беріп кірейін депті де, ханның етегінен ұстай алып, мына сөзді айтыпты:



— Өлеңді жерде өгіз семіреді,

Өлімді жерде молда семіреді.

Қаралысының алдында қатын семіреді,

Халқының қамын ойламаған хан семіреді.

Сіздің семіз болуыңыз халық қамын ойламағаныңыздан болар. Мен қайтсем топтан торғай шалдырмаймын деп, қазақтың жалғыз тайын қалмаққа алдырмаймын деп, бір түнде тоғыз оянамын, тоқсан толғанамын, маған қайдан шыр бітсін,— депті.

Хан жұмған аузын аша алмай үйіне кіргізіп, қонақ етіп, сыйлап шығарып салыпты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   110




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет