БАЛАБИ МЕН СЫРЫМ
Сырым бір жылы орта жүзге барғанда сол елдің Балаби деген биіне кез келеді. Сьірым мен Балаби екеуі көп әңгі-мелеседі. Балаби Сырымға бірнеше сұраулар қояды, Сырым жауап береді.
Сіз ағайынды нешеу едіңіз?— дейді Балаби.
Мен ағайынды екеумін,— дейді Сырым.
Сізді Даттан ағайынды он бір деп естуші едік.
Сіз түсінбедіңіз, мен Даттан он бір екенім рас, бірақ та олардың маған қанша керегі бар? Менің ағайынды екеумін дегенім — біреуі өзім, екіншісі — халқым.
—- Сөз анасы не,
Су анасы не,
Жол анасы не?— дейді Балаби.
— Сөз анасы — құлақ,
Су анасы—бұлақ.
Жол анасы — тұяқ,— деп жауап береді Сырым.
Өтірік пен шынның арасы қанша жер, неше шақырым болар?-- дейді Балаби.
Өтірік пен шынның арасы төрт елі. Көз бен көргеннің арасы, құлақ пен естігеңнің арасы неше щақырым деп мені алдамаңыз,— дейді Сырым.
•-- Ақылды қаңдай адамға айту керек?
Ақылды ұққанға айту керек.
-- Ат не үшін шабады? ......
Ер не үшін шабады?
.-- Ат шабысына қарай шабады,
Ер камысына қарай шабады.
Бұл дүниеде не тәтті?— дейді Балаби.
Аста түз тәтті,
Адамда дос тәтті,— дейді Сырым.
Достарыңызбен бөлісу: |