СЫРЫМНЫҢ ӘЙЕЛГЕ ҚАМҚОРЛЫҒЫ
(1-нұсқа)
Ерте заманда Табын руынан Жетірудың Барақ деген ауылынан бір қызды арғын батырларына бір генерал күшпен тартып алып берген екен. Оңдағы мақсаты Алшын мен Арғынның екі арасын араздастырып екі жар етіп жау-ластыру болса керек. Күндерде бір күні осы Алшынның екі адамы сол Арғын жаққа барып, ауылға қайтып келе жатқанда, жолда қой бағып жүрген бір әйелге тап болып, жөн сұрайды. Сонда әйел: «Сіздер Сырым дегенді білесіз-дер ме?»— деп сұрайды. Бұлар білетін брлып шығады. Сонда әйел басындағы шаршы орамалының ұіпынан, үстіндегі көйлегінің қолтығынан екі жапырақ шүберек жыртып беріп: «Осыны Сырымға тапсырыңдар»— деп өтінеді.
Бұлар ауылға келгеннен кейін жаңағы әйелдің екі жапырақ шүберегін Сьфымға әкеліп береді. Сьфым оны өздігінен шеше алмай, баяғы Есентемір Бөкен би мен Тана Қоске билерге әкеліп беріп, мән-жайды айтадш. Сонда Бөкен; би «мен жастаумын шй мына Қосекеңе бер» дейді. Сонда Қоске:
Басындағы орамалынан бергені — басым байлауда жүр, мені осы тұтқыннан құтқар дегені. Ал көйлегінің қолтығынан жыртып берсені — денеге көйлек жақын ғой, мен сенің жақыныңмын дегені,— деп шешеді.
Бөкен мен Қоске:
Сырым жолдастарымен Арғынның Мөңке биіне барып:
Сіздің қарауыңызда менің жақын қарындасым қой бағып құлдықта жүрген көрінеді. Сол қарындасымды босатып ауылға алып қайту үшін келдім,— дейді.
Сонда Мөңке Сырымға былай дейді:
Өзіңмен қырық жігітті бір түстен киіндірем, біреуі сен боларсың. Ал ол жақтан қырық қызды бір түстен киіндіріп қарсы шығарам, біреуі сенің қарындасың болады. Қарсы келгенде екеуің біріңді-бірің тани кетіп, табанда көріссеңдер, қарындае сенікі, болмаса бере алмаймын,— дейді.
Сол қалпымен қырық жігіт, қырық қыз қарсы келгенде әлгі тұтқын әйел: ,
Арыстаным, аман келдің бе?— деп Сырымның қолын алады. Сонда Сырым:
— Асылым, аман жүрмісің?—деп қолын береді. Екеуі танысқаннан кейін қайтадан Мөңке биге келеді.
Сонда Мөңке әйелге:
Сіз, көп адамның ішінен Сырымды қайдан таныдыңыз?— дейді. Сонда әйел тұрып:
Келе жатқан жігіттердің біреулері жан-жағына қарайды, ал біреулері күліп-ойнап келеді. Мына менің ағам Сырым бір қалыпта тұнжырап келеді екен. Жоқ жоғалтқандай, дұшпанда кеткен кегі бардай, түсі тұнжырап келе жатқан алшынның арыстаны осы болар деп көрістім,— дейді.
Сырымға «сіз қайдан таныдыңыз!»— дейді. Сонда Сырым:
Мөңке би әйелді Сырымға береді, Сырым ауылға алып келгеннен кейін төркіндері:
Сырым өз қолынан қызды ұзатып, өз теңіне Әлім Дербісәлі дегеннің баласына қосады.
Достарыңызбен бөлісу: |