Бәйтерек туралы аңыз



Дата19.01.2023
өлшемі15,6 Kb.
#165887
Байланысты:
аңыз


Бәйтерек туралы аңыз
Бәйтерек - үш әлемді байланыстырушы дәнекер ретінде әспеттелінеді. Орта дүниені-адам, жоғарғы дүниені - қарақұс, төменгі дүниені-жылан-айдаһар көрсетеді. Қазақ ертегілерінде кейіпкер жерасты әлеміне тап болады және ұзаққа созылған сапар кезінде үлкен ағашқа жолығады, ол жерде ағашқа өрмелеп бара жатқан жыланды өлтіріп, Самұрықтың балапандарын айдаһардан құтқарып қалады. Осы ерлігі үшін Алып Қарақұс кейіпкерді жер бетіне алып шығады. Ертегіде Самұрық кұсы осылайша мінезделінеді. Кейіпкер жыланды өлтірген соң Байтеректің түбіне демалып отырады. «Сол кезде күнбатыс жақтан бір қара бұлт шығыпты. Қатты дауыл жерді шаңдатты.
- Бұл не? – деп сұрады (Жарты – Төстік). Сонда екі балапан айтты:
- Бұл біздің анамыздың қанатының екпінді желі, -деді. Күн нөсер жауын құйып – құйып жібереді.
- Бұл қалай? – дегенде, балапан айтты:
- Анамыздың көз жасы. Жылда-жылда бала тапсам да, бірі ілеспей койды деп жылағаны, – деді. Құс ашылып қар жауды, жапалақ – жапалақ.
- Бұл не – деді.
Анамыздың қуанып, қарқ-қарқ күлгені,-деді.
Құс келіп ағаш басына қонғанда, үйдің жуандығындай ағаш иіліп жерге тиді дейді». Бұл теректің басы аспанмен, түп тамыры жер астымен жалғасқан. Ол көзге көрінбейтін киелі ағаш. Бәйтерек мазмұны бірде зәулім ағашы көзге елестетсе, екіншісінде мықты, зор күшті, үшіншісінде ғарыш пен жер арасындағы тылсым
байланысты бейнелейді. Сондай-ақ ол тіршілік иелеріне тірек, сүйеніш, қорған, пана деген ұғымды да білдіреді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет