СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕП:
48 жастағы науқас әйел терапиялық бөлімшеге келесі шағымдармен түсті: басының қатты ауруы, бас айналуы,әлсіздік,құлағының шуылдауы,көз алдында шіркейлердің ұшуы,жүрек қағуы,жүрек айнуы,1 күн бұрын физикалық күштемеден кейін алғаш пайда болған ентігу,3-4 минутқа созылатын жүрек тұсының күйдіріп ауырсынуы.
Анамнезінде:7 ай бұрын ұлы қайтыс болып,2 ай бойы ішімдікке салынып,әрі қарай темекіге тәуелді болған.6 жыл бұрын аппендицит операциясы жасалған.4 жыл бұрын созылмалы пневмониямен есепке тіркелген,1,5 жыл бұрын гастрит диагнозы қойылған.Тұқымқуалаушылық анамнезі:анасы қант диабетімен және артериялық гипертензиямен ұзақ жылдар ауырған.Бұл көріністер 2 ай бұрын науқаста басы ауруымен,басы айналуымен,әлсіздікпен басталған,науқас аса қатты бұл жағдайларға мән бермеген, 1 күн бұрын жағдайы қатты нашарлағаннан кейін ғана дәрігерге қаралуды шешкен.
Объективті қарағанда:жалпы жағдайы орташа ауырлықта, артық салмағы бар, беті қызарып, қуқыл тартқан, қабақтары ісінген,тері жамылғысы ылғалды,қызарған. Санасы анық.Өкпеде везикулярлық тыныс,ешқандай патологиялық сырылдар жоқ.Тыныс жиілігі-20 рет/мин.Жүректің шала тұйық шекарасы сол бұғана ортасы сызығынан 2 см сыртқа,жүрек ұшы түрткісі 5 қабырға аралықта, күшейген; тондары анық, ырғақты, қолқа қақпағының үстінде II тонның акценті, пульс кернеуі жоғары, минутына 78 рет, АҚҚ 200 /110 мм сын. бағ.Іші жұмсақ,ауырсыну жоқ.Бауыр қабырға доғасына сәйкес келеді.Салмағы 96 кг,бойы 162 см.
Биохимиялық қан анализі :глюкоза-5,5 ммоль/л , креатинин-100 мл/л,мочевина-8 ммоль/л,АСТ-30 Ед/л,АЛТ-35 ЕД/л.
Э кгда:ритм синусты,78 рет/мин,қалыпты электр осьі,AVR тіркемесіндегі S тісшесі>14 мм,ST қиғаш депрессиясы,сол жақ I, V5, V6 тіркемеде Т тісшесінің инверсиясы.
Сұрақтар:
1.Науқаста қандай синдром анықтадыңыз?
2.Диагнозды нақтылаңыз?
3. Науқасқа қандай қосымша зерттеу әдістерін жүргізу қажет?
4.Емі.
Жауаптар:
1.Науқаста қандай синдром анықтадыңыз?
Артериялық гипертензия синдромы-220/110 мм.сын.бағанасы.
Тыныс жетіспеушілік синдромы-ентігу
Цереброваскулярлық синдром:бас ауруы,бас айналу, құлағының шуылдауы,көз алдында шіркейлердің ұшуы.
Коронарлық синдром:жүрек қағу,жүрек тұсының күйдіріп ауырсынуы.
Интоксикациялық синдром:әлсіздік.
Диспепсиялық синдром:жүрек айну
2.Диагнозды нақтылаңыз?
Негізгі диагноз:Артериялық гипертензия 3 дәрежелі.Өте жоғарғы қауіп.
Басынан өткен аурулары:аппендицит.
Ілеспелі аурулары-менингит,гастрит.
Асқынуы-алғаш пайда болған стенокардия,сол жақ қарыншаның гипертрофиясы.
3.Науқасқа қандай қосымша зерттеу әдістерін жүргізу қажет?
Артериялық гипертензияны анықтау үшін лабараторлы зерттеу тәсілдері
Міндетті түрде зерттеу керек:
1. ҚЖА,ЗЖА;
2.Ашқарында қандағы глюкозаны анықтау;
3. холестерин,ТГ,креатинин,несепқышқылы,калийді зертеу;
4. ЭКГ
5. ЭхоКГ
6. Кеуде қуысы рентгенографиясы;
7. Окулист консультациясы.
Қосымша зерттеу:
1. Бүйрек және бүйрекүсті безі УДЗ;
2. УДЗ брахиоцефалды және бүйрек артериялары;
3. СРБ;
4. бактериурия,протеинурияны анықтау;
Терең зерттеу:
1.АГ асқынулары–миқанайналымы,миокард және бүйректі зерттеу.
4.Емі:
•Дәрмексіз емдеу шаралары:
•Ас тұзын (3-4 г дейін), сұйықтықты 1,2-1,5 литрге дейін шектеу.
•Дене салмағын қалпына келтіру. Салмағы ауыр науқастар артық салмағын жоюға тырысуы қажет. Салмақтың 5 кг жеңілдеуі, АҚ 5 мм с.б. төмендетеді.
•Шылым шегуді доғару. Салауатты өмір сүрудің бір өзі жүрек тамыр ауруларын алдын алудың басты жолы.
•Алкогольді ішімдікті доғару. Алкогольді бір рет ішкеннің өзі АҚ-ды 20-40 мм с.б. биіктетеді.Алкоголь гипотензиялық дөрмектердің әсерін кемітеді. Артериялық гипертонияға шалдықкан науқастар ішімдіктен бас тартқаны жөн.
•Тиімді диетотерапия 10-диеталық стол
•Физикалық белсенділікті арттыру
Медикаментозды емдеу шаралары:
Қазіргі уақытта қолданылып жүрген гипотензивті препараттардың алты тобы ішінен тек қана тиазидтік диуретиктер мен β-адреноблокаторлардың тиімділігі дəлелденген. Дəрі дəрмектік терапияны тиазидті диуретиктердің аз мөлшерінен бастау қажет, ал тиімділік болмаған жағдайда немесе нашар көтеру болса β-адреноблокаторлармен бірге диуретиктер:
Тиазидтік диуретиктер гипертонияны емдеу үшін, бірінші қатар препараттары ретінде ұсынылған. Жанама əсерді болдырмау үшін, тиазидті диуретиктердің аз дозасын тағайындау қажет.
Тиазидтік жəне тиазидтəрізді диуретиктердің оптимальді дозасы болып минималды, тиімді тиісті гидрохлоридтің тиісті 12,5-25 мг табылады. Өте төмен дозадағы диуретиктер (6,25 мг гидрохлорид немесе 0,625 мг индапамид) қолайсыз метаболикалық өзгерістерсіз, басқа гипотензивтік заттардың тиімділігін арттырады.
Гидрохлортиазид 12,5 -25 мг дозада ішке, таңертең ұзақ.
Индапамид 2,5 мг ішке (ұзақ əсердегі форма 1,5 мг) таңертең бір рет ұзақ.
Кальций антагонисттері : верапамил 80мг , күніне 2 рет
Антикоагулянттар: Ацетилсалицил қышқылы 100мг күніне 3 рет , тамақтан кейін.
Органикалық нитраттар:нитроглицерин 0,5 мг тіл астына.
Рационалды комбинация:
1. Диуретик + β-адреноблокатор (гидрохлортиазид 12,5-25 мг немесе индапамид 1,5; 2.5 мг + метопролол 25-100 мг)..
2. Диуретик + ИАПФ (гидрохлортиазид 12,5-25 мг немесе индапамид 1,5; 2.5 мг + эналаприл 5-20 мг немесе лизиноприл 5-20 мг немесе периндоприл 4-8 мг. Тіркелген комбинациялы препараттарды тағайындау мүмкін – эналаприл 10 мг+гидрохлортиазид 12.5 жəне 25 мг, сонымен қатар төмендозалы тіркелген комбинациялы препарат – периндоприл 2 мг+индапамид 0,625 мг).
3. Диуретик + АТ1-рецепторларын бөгегіштер (гидрохлортиазид 12,5-25 мг немесе индапамид 1,5; 2.5 мг + эпросартан 600 мг). Эпросартанды АҚ деңгейіне байланысты 300- 600 мг/тəулігіне дозада тағайындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |