Жұмырбай ақынның Жәңгір ханға айтқаны
Хан Жәңгірдің заманында Жұмырбай хан алдында жырлайтын ақын екен. Хан оған жылда бір түйе береді екен. Бір жылы тағы да келіп жырлап, енді кетерінде: «Мына ақынға бір түйе әкеліп беріңдер» дейді хан. Түйешілер бір түйені әкеліп есік алдына байлап қояды. Түйе кәрі екен, Жұмырбай далаға шығып түйені көріп келеді. «Түйенің қасында неғылып жүрсің?» дейді хан Жұмырбайға. «Түйемен сөйлесіп жүрмін» дейді Жұмырбай. «Сен не дедің, түйе не деді?» дейді хан. Сонда Жұмырбай былай депті:
Айдап жіберсем, келермісің?
Бөкей, Сығайдың әкесі
Айшуқты білермісің? дедім.
Айдап жіберсең келермін.
Нұрланның әкесі Айшуақ түгіл,
Айшуақтың әкесі Әбілқайырды да білемін,
деді түйең.
Достарыңызбен бөлісу: |