Қазақстан Республикасы Ғылым және білім министрлігі Алматы облыстық И. Нүсіпбаев атындағы мектеп-интернаты



бет15/19
Дата06.05.2020
өлшемі51,47 Kb.
#66214
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
жансая -креатив

Өлең сөздің патшасы,сөз сарасы.

Түгелдей алғанда Абай шығармаларын текстологиялық зерттеу арқылы мен креативтілікті айқындауда айтарлықтай табысқа жеттім. Шығармаларды, қолжазбаларды темұқият қарап, дәйекті түрде Абай шығармаларының креативті тұлға қалыптастырудағы мысалдарын ұсынсам:



"Өлеңдер мен аудармалар"

-Алдымен, өлеңдер мен аудармаларға тоқталайын. Абай жаңашыл, креативті ақын. Ол тікелей жеткізбейді, жанама жолдармен ойларын айқындап, өзге тілден аударылған аудармаларын қазақ менталитетіне сай ете отырып ұсынған.

1954 жылғы басылымдардың сөзі А.Дельвигтікі ал музыкасы М.И.Глинканікі болған "Не осенний мелкий дождичек" деп басталатын орыстың халық өлеңін Абай аударған.

Негізгі түпнұсқасында:

Полно, брат молодец!

Ты ведь не девица:

Пей, тоска пройдет;

Пей,пей, тоска пройдет!-

деген шумақ негізінен қайыра бөлігі. Соны аударғанда да, Абай арақты мегзейтін "пей" деген сөзді алып тастаған. Яғни, "пей" деу арқылы арақты мегзеп, адамды бұзып отырған сөзді алып тастаған соң Абай "Өлең айт, үйге қайт " - деген сөздерді қосып, менталитетімізге сай үйлестірген. "Пей" деген сөзді сірә "пой" деп ауыстырған.

Креативті ойлау арқылы ол адамды аулақ жолға жетелейтін жолды ауыстырған. Өлең айтып, көңіл көтеру адамның санасын уламайтыны бәрімізге мәлім.

1894 жылы жазылған "Әсемпаз болма әрнеге" өлеңін алып қарайық.

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң, арқалан.

Сен де — бір кірпіш, дүниеге

Кетігін тап та, бар қалан!

Бұл өлең үміт етілетін жас талапкерлерге арналады. Туған адамына, халқына қадірлі адам болуды, қасиетті адал азамат болдың сипаттарын суреттеп түсіндіре келіп, қауымға пайдалы жан бол:

"Сенде бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан!" делінген айқын жол нұсқалады.

"Көп наданнан" көңілің қалып түңілсе де, жас ұрпақтан түңілмегін, үмітіңді үзбегін, соларға сеніп, өсиет өнегеңді соларға арна. Міне, өлеңнің негізі мағынасы осында.

"Алдың - жалын, артың - мұз.

Барар едің қай жаққа?"

Абай бұл сұрақты адамзат баласына тікелей қойыпты. Егер бұл сұрақты түйсініп, жауабын іздер болсақ, көкірек көзі ояу, яғни жасампаз адам тығырықтан шығудың жолын іздеп табады.

Келесі өлеңі:



Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба
Ойнап босқа күлуге,
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
өлеңінде “адам болам” деген жастарға бес зиянды нәрседен аулақ болып, бес асыл қасиетті бойыңа дарытпасаң, ғылымнан еш пайда жоғын өсиет етеді. Ғылымды бойға сіңірместен бұрын, дара да, дана ойлай білу үшін алынбайтын тәрбие қамалың болуы шарт. Дұрыс істі істеп, жаманнан жиренген қол үйреншікті ісін көзге үйретеді. Көз миға сигнал беруі арқылы адам миында зиянды әдеттен аулақ болғанының арқасында тек жақсы ойлап үйренген тұлға әр істен адал іс, табысты жұмысты іздеу жолында жасампаз бола бастайды. Міне, біз осылай креативті тұлға болу үшін не керек екенін түсінеміз.[10,159-171б] Абай адамдықтың биік деңгейін иманмен өлшеген. Өзінің қара сөздерінде «Толық мұсылман болмай – толық адам болмайды» деп, кесіп айтқан. Абайдағы толық адам туралы ойдың о бастағы төркіні «Ғылым таппай мақтанба» (1986ж.) өлеңінен бастау алып, ақынның «Адам болам десеңіз» деген тезисі негізінде ары қарай желілеп таратылып, жыл өткен сайын күрделене түсуде. Толық адамның тұла бойын толтырар ізгі қасиеттер «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде айқын көрсетілген. Бірақ мен өзімше бір талдау жасадым. Өлеңде бір реттілік заңы байқалады. Мысалы: Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек, бекер мал шашпақ... Бәрі осы өсектен басталады. Әңгіме болсын деп өсек айтамыз. Ал өтірік қосылмаса өсектің дәмі келмейді. Өсек пен өтірікті қатар айтқан адам мақтанудан да құр қалмайды. Осы үшеуі негізі еріншек, жалқау адамның әрекеті. Тірлігі бар адамның өсек айтуға да уақыты болмасы сөзсіз! «Жұмысы жоқтық, тамағы тоқтық, аздырар адам баласын». Тағы да Абай!!! Жұмысссыз, жалқау адам «бекер мал шашпағанда» қайтеді. Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рахым ойлап қой... Таудай талапсыз армандарға жету екіталай. Талап бар, енді мақсатқа жету үшін еңбек, жай еңбек емес, терең оймен ұштасқан еңбек керек. Осы үшеуі болған жерде нәтиже де болуы сөзсіз. Сол нәтижеге қанағат етіп, адамдарға қол созып, рақым ойлап қоюды да ұмытпау керек. Әрине, бұл тек менің өз ойым ғана...! Адам болу туралы ой танымын «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде көп нәрсенің төркінінен хабар беруі себепті М. Әуезов бұл өлеңді «Абайдың, әсіресе, көп ой қорытпай айтқан мағыналы да програмдық бір өлеңі», - деп ерекше мән бере бағалауында үлкен сыр жатыр. Осылайша Абай жас өркеннің бағдар түзер айқындамасы ретінде талап, еңбек, терең ой, қанағат, рахымды атайды. Абай атаған бес қасиет негізінен толықтықты танытатын үш қасиетті құрайды: талап пен еңбек – қайратты танытса, терең ойыңыз – ақыл, ал қанағат пен рахым – жүректен туатын қасиеттер. Адам бойындағы осы үш қасиетті ерекше танып білуге тұратын таным екенін ақын «Малға достың мұңы жоқ малдан басқа» өлеңінде: Үш-ақ нәрсе - адамның қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек [12,384б.], - деп нақтылай түседі. «Ыстық қайрат» - бұл үнемі ізденіс үстінде болу, тек қана алға ұмтылу, жасампаз болу. «Нұрлы ақыл» - елге сәуле түсіріп, ізгілікті іс істеу, алла берген ақылды тек жақсылыққа жұмсау. Ал, «жылы жүрек» - иманды, иман жүзді болу, адамдарға құрметпен қарау, олардың мұң-мұқтажын, көңіл-күйін ұға білу. Міне, осы үш қасиет ізгілікті мақсатта пайдаланылған жағдайда ғана толымды адам деген мәртебеге ие болуға болады. Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден бөлек [4, 119б.],- дейді. Олай болса, Абай үшін дүниенің басты құндылығы – адам, жәй ғана адам емес, рухани тұрғыда кемелденген толымды адам қазіргі заман тілімен айтқанда креативті тұлға. Абайдың арманындағы толық адамның іргетасы дінмен ұштасып, дінмен дамиды және дінмен жетіледі. Адамзат өркениетіндегі барлық игі қасиеттер: дін, иман, ғылым, білім, тәрбие, әдеп, өнер, құқық, іскерлік, тапқырлық, қайраткерлік, азаматтық, жомарттық, әділеттік, т.б. бойында жетілдіре білген, дамытқан адам – Абай ұсынған «толық адам» концепциясы. негіздері бір екендігін өзінің қара сөздері мен өлеңдерінде жырлап өтеді. Осыдан жүздеген жылдар бұрын туған бұл тұжырымның сұранысқа ие болып тұруы да заңдылық. Креативтілікті сырттан іздемей-ақ Абайдың жазған өлең шумақтарының әрқайсысынан стратегия тудыра аламыз. Адам баласы өзін –өзі өмір бойы тәрбиелейді,өмір бойы ілім іздейді. Ал бұл тоқтаған жағдайда дағдарыс орнайтыны сөзсіз. Осы тұрғыдан алғанда Абай мұрасы адамзат тәрбиелеуде дайын тұрған ақыл-ойдың азығы.

Байыптай қарасақ, адам мінезінің жақсыға да жаманға да тез үйір болатынын ақын ерекше ескерте келе, келешектің қадамы ең алдымен, арды, намысты ойлаудан басталады деген ойға жетелейді. Осы оймен тұстас, ол үш – ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» деп, толық адамның қасиеттерін санамалап береді. Адам бойындағы үлкен қасиеттің бірі – мейірімділік екенін атай келе, адамды сүю туралы: «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» көрсетеді, «адамзатты сүю – хақтың жолы, ғаділеттің жолы» деген анықтама береді. Бар адамды тең көру, түсіне алу ,әр түрлі адамның ішіне үңіліп терең түсіне алу нағыз адамдықтың белгісі емес па.Абайөлеңдерінің әр шумағынан тәлім тәрбиенің лебі есіп тұрады.«Адасқанның алды - жол , арты - соқпақ...» - Абайдың 1886 ж. жазған өлеңі. Көлемі әрқайсысы 4 тармақтан тұратын 7 шумақ. Бұл Абайдың өлеңді өндіре жазып, ақындық шеберлігін әр қырынан көрсете бастаған кезеңі. Үлкеннің ақылын алу, жақсының жанына еріп, жолдас болу ежелгі ел дәстүрі болса, осы қағиданы берік еске сақтап, адал азамат болу әрбір саналы жастың борышы деп түсінген Абай «өмір көші тура жолмен салдыртып жүре беретін керуен емес, кезінде ойланбасаң, кейін өкінерсің, өкінерсің де опық жерсің!»- деп жастарды ойға шомдырды. Ой түйіп алар болсақ тағылымы тоқсан тамырлы Абай сөздерінің өзі ессізден есті,есерден епті шығаруға сұранып тұр емес па.?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет