Қорытынды
Абай шығармаларынан философиялық тұжырым іздеу арқылы креативтіліктің жан –жақты қырларына үңілдім.Абайдың көптеген өлеңдері мен прозалық шығармаларында « адам мен адамгершілік , ұждан, мороль философиясына төтелей қатынасы бар көлемді , әрі сапалы ойшылдық пікірлері бар екені даусыз» Абайдың шығармалары жөнінде әлі толық зерттеліп,тиянақты пікір тұжырымдалған жоқ. Әлі зерттелмеген бөлігінің бірі Абай шығармаларында кездесетін жасампаздықты , яғни креативтілікті зерттеу барысында кездестіре алмадым. [12, 384б]
Шулманның тұжырым жасап, адам баласының тұлға қалыптастыруда « бас,қол , жүрегі» Абайдың «нұрлы ақыл», « ыстық қайрат», «жылы жүрек » деген философиялық тұжырымымен дәлме –дәл.Демек Абай шығармаларының өзегі –креативті ойлауды қалыптастыру . Абай шығармаларынан ілік іздеп зерттеу барысында, Абай әлемінің шексіз екенін , әрі ой түйінін шешу де тереңде жатқанын түйсіндім. Егер Абайдың гуманистік ұғымына терең зерделеп үңілсек Әл-Фараби , Жүсіп Баласағұн, сынды ойшылдардың адамгершілік идеяларының озық үлгілерімен астасып жатыр .
«Абайтану» ілімінің қазіргі көш басында жүрген абайтанушы Мекемтас Мырзахметұлының айтқан пәлсапасында «Абайдың қарасөздері әрбір шенеуніктің алдында жатуы керек, егер Абайды жүрегіне сіңіре алса...Ойлы көзбен оқи алса, онда ол өзін өзі тазалайды. Тазаланған адам жаман іске бара алмайды. Себебі, жүректе, кеудеде тұрған Абайдың ілімі оған жібермейді» дейді. Менің зерттеуімніңде басты өзекті мәселесі осған келіп тіреледі. Әр адамның саналы түрде істеген іс-әрекеті қоғамның дамуына ықпал етеді . Мектеп табалдырығында Абайды оқығанда біз оқушы ретінде Абайдың не айтпағын түйсіне алсақ,өзімізді тұлға ретінде «толық»адам яки креативті тұлға болып қалыптастыруымыз нақ.
Талабым, таяғым, жігерім, азығым,
Маңдайыма ұстаған ақын Абай – қазығым, – деп жазыпты Жүсіпбек Аймауытұлы 1918 жылы «Абай» журналында. Дәл осы ұстаным бүгінгі күні де Абайға деген көзқарасты айқындайды. Жаңа мыңжылдық жолайрығында тұрған қазақтың жас ұрпағы әлемдік деңгейдегі ойшыл тұлғаға қаншалықты алыс немесе жақын болары да осыған байланысты екені хақ. Абай шығармалары тұлға болып қалыптасу үшін берері мол азық . Бұл зерттеуімнің басы ғана болмақ. Менің креативті тұлға болып қалыптасуыма Абай шығармаларындағы тұжырымдар үлкен септігін тигізбек.
Алматы облыстық И.Нүсіпбаев атындағы
мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы
Ильяс Жансаяның «Абай шығармалары
арқылы креативті тұлға қалыптастыру»
атты ғылыми жұмысына
Пікір
Оқушы Ильяс Жансаяның «Абай шығармалары арқылы креативті тұлға қалыптастыру» атты ғылыми жұмысын қазақтың біртуар тау тұлғалы азаматы, ұлы ойшыл Абай Құнанбаевтың шығармалары арқылы, заман талабына сай бәсекеге қабілетті, жан-жақты тұлға болып қалыптасуда үлкен маңыздылыққа ие екенін дәлелдегісі келген.
Ұлы ақынның шығармаларын тереңінен талдай отырып, әрбір қарасөзінен, өлеңдерінен, поэмаларынан жасампаздықтың ,ұрпақ бойына креативтілік қабілетті дамытуға негіз болатын астар іздеген. Оқушы зерттеуші ретінде Абай мұрасын сан-салаға жіктеп, олардың әрқайсысына дәлелді мысалдармен талдаулар жасаған. Ақын өлеңдерінде, қара сөздерінде, аудармаларында айтылатын терең ойды, үлгі-насихатты өз жасына лайықты зерделей алған . Абайдың философиялық ойларын шетел философтарынан кем емес екенін дәлелдей отырып, оқушы заманға лайықты креативті тұлға болып қалыптасу үшін Абай шығармаларының үлкен маңызы бар екенін зерттеген.
Алайда оқушының ғылыми жұмыс барысында әлі де жетістікке жету үшін тынбай іздену,үнемі зерттеу жұмысының маңыздылығын түсіну,өмірмен ұштастыру сияқты танымдық қабілеттерін жетілдіре түсуіне кеңес берем. Тақырып бойынша зерттеу жұмысымен айналысқанына аз уақыт болғанына қарамастан,оқушының Абай шығармаларын зерттеуде алға қойған мақсаттары айқын.Алдағы уақытта зерттеушілік қабілетінің дамитынын ескерсем Жансая бұл жобаны жоғары деңгейде зерттеп,әрі қарай дамытып,болашақта қоғамға пайдасы тиетін үлкен еңбектің жемісін көреріміз анық.
Жалпы алғанда ғылыми жоба өз дәрежесінде жасалынған деуге болады. Зерттеу жұмысының мазмұндылығы мен мәнділігін ескере отырып, жоғары дәрежеде бағалауға ұсынамын
Достарыңызбен бөлісу: |