Қазақстан республикасы ғылым және білім министрлігі м. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік


Мазмұны және әдістемесінің ерекшеліктері



бет13/36
Дата14.05.2023
өлшемі0,81 Mb.
#176705
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   36
Байланысты:
?àçà?ñòàí ðåñïóáëèêàñû ?ûëûì æ?íå á³ë³ì ìèíèñòðë³ã³

Мазмұны және әдістемесінің ерекшеліктері: ЖОО да «Ағылшын тілі» сабақтары мазмұніне студенттерде қазақстандық патриотизм құндылықтарына қажеттіліктермен оң мативтерді қалыптастыруға, азаматтық –патриоттық мазмұндегі білімдерді меңгеруге, мінез-құлықпен іс-әрекетте белсенді азаматтық позициясын көрсетулеріне жағымды ықпал ететін арнайы оқу материалдары ендіріледі. Сонымен қатар мынадай педагогикалық іс-қимылдар іс-жүзіне асырылады:
а) студенттердің патриоттық құндылықтарға оң қатынастарын қалыптастыру;
б) студенттерде қазақстандық патриотизм туралы білімдерді қалыптастыру;
в) болашақ мамандарда оқуда, белсенді азаматтық позицияда, нақтылы іс-әрекетпен мінез-құлықта практикалық іске асырылатын терең патриоттық сезімдерді қалыптастыру.
«Ағылшын тілі» сабақтарында студенттер тарапынан азаматтық-патриоттық қосымша материалдардың меңгерілуі қазіргі жоғары оқу орындарындағы оқыту процесін ұйымдастыруда пайдаланылатын дидактикалық жұмыстың формалары мен әдіс-тәсілдерінен, әсіресе белсенді және интерактивтік оқыту әдістерінен тиімді пайдалау арқылы іске асырылды. Ағылшын тілі сабақтарының барлық кезеңдерінде студенттердің оқу-танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастырудың топтық, жеке-дербес, жұп, ұжымдқ формаларынан пайдаланылады.
Патриоттық мазмұндағы дебаттар, шығармалар жазу, рефераттар даярлау және қорғау, пікірталастар ұйымдастыру кеңінен қолданылады. Студенттерді әлеуметтік белсенді мінез-құлыққа қозғататын, олардың қарым-қатынас қабілеттерін және патриоттық сезімдерін дамытатын тәрбиелеуші жағдайларды қолданылады.
Нәтижелері: Отанға деген қарым-қатынаспен байланысты идеялар басқарылатын жүйесі, Отанды дамыту мен қорғауға бағытталған сезімі мен көңіл-күйі болған, патриоттық сапаларын кәсіптік қызметте және өмірде көрсететін болашақ жоғары бөлікті маман тұлғасы.
2.3. Оқыту процесінде студенттердің отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыруға бағытталған педагогикалық-тәжірибелік жұмыстың
мазмұны мен нәтижелері
Жоғары оқу орындарында оқыту процесінде студенттердің отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыруға бағытталған тәжірибелік – эксперименттік жұмыс 2006/2007 оқу жылдарында М.Әуезов атындағы ОҚМУ ның Педагогикалық мәдениет институтында «Шет тілі» екі шет тілі мамандығының студенттерімен өткізілді. Тәжірибелік – экесперіменттік жұмысты ұйымдастыру, даярлау және өткізудің мынандай міндеттері қойылды:

  1. Студенттердің патриоттық сезімдерін қалыптасқандығының бастапқы деңгейлері және олардың экспериментальдық әсер нәтижесіндегі өзгерістерін анықтаудың диагностикалық әдістемесін жасау (өлшемдерін, көрсеткіштерін анықтау);

  2. Айқындау эспериментін өткізу, эксперименттік және бақылау топтары студенттерінің патриоттық сезімдерін қалыптасқандығының бастапқы деңгейін анықтау;

  3. Қалыптастырушы эксперименттік ұйымдастыру және өткізу (және оқыту үрдісінде студенттердің отансүйгіштік сезімдерін қалыптастырудың зерттеу барысында анықталған педагогикалық шарттары негізінде құрастырылған педагогикалық технологияның тиімділігін экспериментальдық тұрғыдан тексеру және дәлелдеу).

Жоғары оқу орындарының оқыту үрдісінде студенттердің отансүйгіштік сезімдерін қалыптастырудың бастапқы деңгейі мен нәтижелілігін диагностикалау үшін болашақ мамандардың бойында бұл сапаның тәрбиеленгендігінің критерийлерін, өлшемдерін және көрсеткіштерін айқындау қажет. Оқыту үрдісінде студенттерде қазақстандық патриотизмді тәрбиелеудің және оның негізгі сапаларының (сана, өзіндік тану және сапалылық) мәнін анықтау, студент – жастардың жас ерекшеліктерін ескеру, оқыту процесінде болашақ мамандардың патриоттық сезімдерін қалыптастырудың теориялық моделін (2-сурет) жасау негізінде оның критерийлері, өлшемдері және көрсеткіштерін анықтадық.
Жалпы оқыту процесінде студенттердің отансүйгіштік сезімдерін қалыптастырудың үш негізгі құрылымдық бөліктерін ажыратуға болады: [100, 20-22].



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет