Қазақстан республикасы ғылым және білім министрлігі ш. Есенов атындағы каспий мемлекеттік технологиялар



Pdf көрінісі
бет12/53
Дата08.02.2022
өлшемі0,63 Mb.
#121867
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   53
Байланысты:
опережающее задание 9 Б . 1 деж. группа, Uchebnoe posobie Etnopedagogika kratkij konspekt, 249816894, Саба жоспары №2 Топ К ні фт 71б (1), Саба жоспары №2 Топ К ні фт 71б (1), ТЕСТ ТЕХНОЛОГИЯ біліктілік тестілеу, Көпбұрыш және шеңбер. ҰЖ (1), 1 токсан есебі-1
 
 


22 
4. 
Қазақстанның 
Ресейге 
қосылу 
кезіндегі 
Ресей 
отаршылдығына қарсы қазақ даласындағы ҧлт-азаттық қозғалысы 
мен ағартушылық-демократиялық бағыттағы тәлім-тәрбие (XVIII ғ.-
дан XX ғ.ғ. 20-ж. дейін). 
1650-1730 жылдар арасындағы қазақ-жоңғар соғысы қазақ хандығын 
ӛте-мӛте әлсіретті. XVIII ғасырдың басында Тәуке хан ӛлгеннен кейін 
қазақ елі үш жүзге бӛлініп, үш хан сайлап, біртұтас қазақ хандығының 
бірлігі мен қуатын әлсіретіп, жоңғарларға жем болды. Кіші жүзді 
Әбілқайыр, Орта жүзді Сәмеке, Ұлы жүзді Жолбарыс хан билеп, 
әрқайсысы ұлы хан болуға таласып, ақыры «Ақтабан шұбырынды» атты 
қайғылы жағдайға ұшырап, халықты зор қырғынға ұшыратты. 
1730 жылы Кіші жүздің ханы Әбілхайыр ӛз билерімен келісе 
отырып, қазақ халқын сақтап қалу мақсатында, Ресей империясына бодан 
болуға мәжбүр болды. Кӛптеген хандар мен сұлтандардың қарсылық 
білдіргеніне қарамастан, Ресей қазақ жерін отарлап алу саясатын әрі қарай 
жүргізе береді. 
Қазақ жүздерінің бастарын қосуда қазақ халқының атақты, 
данышпан ханы – Абылай хан ӛте үлкен саяси-дипломатиялық күрес 
жүргізді. 
Бұл жайында «Қазақтың кӛне тарихы» атты кітапта: «XIX ғасырдың 
20-жылдарында Ресей ӛкіметі қазақ арасында хандық үкіметті біржолата 
жойып, ел басқарудың жалпы ресейлік тәртібін жақындатуға тырысты...», - 
деп, қазақ елінің отар елге айналғаны жайында әңгімелейді. 
XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстан даласына Ресейдің 
алдыңғы қатарлы демократиялық ой-пікірдегі (Герцен, Белинский, 
Радищев, Чернышевский, Ушинский т.б.) оқымыстыларының жолын 
қуушы А.Янушкевич, Ф.М.Достоевский, Э.Михаэлисс, Н.Долгополов, 
С.Гросс, Т.Шевченко т.б. зиялы-демократтар жер ауып келіп
Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев сияқты қазақ демократ-
ағартушыларымен достасып, олардың саяси-идеялық, ағартушылық 
кӛзқарастарының қалыптасуына игі әсерін тигізді. 
Қазақ даласында білімнің дамуы мен қалыптасуына белгілі қоғам 
қайраткері, педагог, этнограф, жазушы және ағартушы Ыбырай 
Алтынсарин ӛте үлкен еңбек сіңірді. Ы.Алтынсарин патшалы Ресейдің 
орыстандыру, шоқыңдыру және балаларға байлардың жеке мақсаттары 
үшін білім беруді кӛздеген саясаттарын батыл айыптады. Орыс-қазақ 
мектептерін ашу туралы мәселелерді насихатгаумен қатар, Алтынсарин 
тәрбие жұмысы барысында қазақ халық ауыз әдебиетінің үлгілерін 
пайдалануды қуаттады. Осы принцип негізінде құрастырылған ӛзінің 
«Қазақ хрестоматиясын» (1879 ж.) жазып, ұсынды. 
Халық ағартушылары, қоғам қайраткерлері: Абай Құнанбаев, Шоқан 
Уәлиханов, Құрманғазы Сағырбаевтар ұлттық ғылым мен ӛнердің, 
мәдениеттің, философияның негізін салды. Шоқанның ашқан ғылыми 
жаңалықтары, Абай ӛлеңдері мен қара сӛздері және Құрманғазының 
музыка ӛнері жас ұрпақтарды жетілдіріп тәрбиелеуде зор ықпалын тигізді. 


23 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет