Қазақстан республикасы ғылым және білім министрлігі ш. Есенов атындағы каспий мемлекеттік технологиялар



Pdf көрінісі
бет36/53
Дата08.02.2022
өлшемі0,63 Mb.
#121867
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   53
 
 
7-дәрісбаян 
 
Тақырыбы: ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ МУЗЫКА ӚНЕРІ 
Музыкалық шығармашылық қазақ отбасында тәрбие мақсатында 
кеңінен пайдаланылған. Олар балалар мен жастардың ақыл-ойына, зерде-
сезіміне әсер етіп, музыкалық-эстетикалық тұрғыдан дамытқан. Қазақ 
халқының ән шығармашылығының жанры сан алуан.
1)
Отбасылық-тҧрмыстық әндер:
шілдехана, туған күн, бесік 
жыры, тұсау кесу сияқты елеулі сәттерге арналған әндер жатады. Бұндай 
ӛлеңдерде ата-аналардың балаға деген сүйіспеншілігі, оның тағдырына 
деген жауапкершілігі, бала туралы терең ой толғаныстары ашып 
кӛрсетіліп, мейірімді, ақылды азамат болуға, ӛз халқының лайықты 
қорғаны, батыры, ең бастысы – бала кім болмасын, адам болуды қалаған 
үміті, тілегі айтылады. 
Мысалы: «Бесік жыры» 
Бармақтарың майысып, 
Түрлі ою ойысып, 
Ұста болар ма екенсің? 
Таңдайларың тақылдап 
Сӛйлегенде сӛз бермей, 
Шешен болар ма екенсің? 
«Тұсау кесу» - тұсау кесуші әйел жүре бастаған баланың аяғына ала 
жеппен тұсау салып жатып: 
Қаз, қаз, балам, қаз, балам, 
Қадам бассаң мәз болам. 
Күрмеуіңді шешейін, 
Тұсауыңды кесейін, -
деп, әндете отырып, тұсау жіпті қайшымен қияды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет