45
Сақтардың мәдениеті, тұрмыс-салты, дүниетанымы туралы мағлұмат
беретін материалдар – қазбадан табылған қолӛнер бұйымдары мен
әшекейлі заттар. Үй мүлкінің кӛбін ыңғайлы, сынбайтын материалдардан
жұқа теріден, киізден, ағаштан жасаған, кейбір ыдыстарды күйдірілген
балшықтан жасаған. Қару-жарақтарын, ат әбзелдерін, киіз үй жиһаздарын
үй жануарлары мен жабайы аңдардың бейнесімен әшекейлеген. Оған
дәлел: 1970 ж. Есік қаласы жанынан табылған «Алтын адам» олжасы.
«Алтын адамның» киімі, белдігі аңдар суретімен, оюлармен бедерленген.
4000-ға жуық алтын жапсырмалармен кӛмкерілген. «Алтын адам» жанына
оның қылышы, ӛте
шеберлікпен жасалған қанжары, әр түрлі оюлармен
әшекейленген қыш ыдыстар, шебер зергенрдің қолынан шыққан күміс кесе
қойылған. Күміс кесенің түбінде әдемі ойылып жазылған жұмбақ жазу бар.
«Алтын адам» киімі мен басқа бұйымдарын әшекейлеуде құю, соғу,
оймалау, қалыпқа салып соғу алтын, күміс жалату сияқты, қазіргі қазақ
шеберлерінің қолданатын зергерлік ӛнердің барлық әдістерін кӛруге
болады.
Осындай бұйымдар Қарғалы, Бурабай, Есік, Қанаттас,
алтыннан
жасалған арыстан басы Тақырауын, Әлек, Май қайың, Тасмола, Шілікті,
Бестӛбе, Тасқұдық, Ақсу, Жолымбет, Жосалы маңынан табылған. Алтын,
күміс, жез қазақ жерінде аз емес. Бұлар соның кӛнеден жеткен кӛркем
үлгілері.
Үйсін, қаңлы тайпаларының жартылай отырықшылық ӛміріне
байланысты сәулет ӛнері дамыды.
Б.д.д. ІІІ ғасыр мен б.д. І ғасыр аралығындағы үйсіндер мен
қаңлылар темір ӛндіру кәсібін дамытқан, ағаш, тері, металл ӛңдеу
ісі кең
ӛріс алып, қолӛнер дамыды. Қарапайым ӛрмек тоқу құралы пайда болды.
Үйсіндер мен қаңлылардың зергерлік бейнелеу ӛнерінде, сақтар
ӛнерінде кездеспеген, ӛсімдік тектес және геометриялық үлгідегі ою-
ӛрнектермен әшекейлеу әдістері, зергерлік бұйымдарды түрлі асыл
тастармен кӛркемдеу кең тараған.
Қазақстан жерінен табылған кӛшпенділер дәуірінің мәдени-ӛнер
ескерткіштерін ӛзара салыстыра отырып, қазақ халқының кӛне дәуірдегі
кӛшпенді
ата-бабаларының
жасаған
сәндік-қолданбалы
ӛнерінің
классикалық үлгісіне жататынын ғалымдар дәлелдеген.
Моңғол шапқыншылығына дейінгі сәулет өнерінің және қолөнердің
өркен жаюы (VI-ХІІ ғ.ғ.)
Біздің дәуіріміздің VІ ғасырынан бастап Қазақстан жерінде алғашқы
феодалдық мемлекет Түрік қағанаты құрылды. Олар ӛмір сүрген
VI-VIІІ
ғ.ғ. – темір, алтын, күміс ӛндіру және ӛңдеу кәсібі, ісі дамыды. Кен ӛндіру,
металл ӛңдеу кәсібі – қолӛнершілік еңбек түрлерінің, сауданың
ӛркендеуіне және елдің отырықшылыққа айналып, елді-мекендер, қалалар
салуда сәулет ӛнерінің дамуына ықпалын тигізді.
Археологиялық қазбалардың мағлұматтары бойынша Оңтүстік
Қазақстан жерін мекендеген тайпалар ІV-VI ғ.ғ. шикі кірпіш кесек
дайындай білген.
46
Түрік қағанаты дәуірінде тас және сүйек ӛңдеу ӛнері де дамыды. Тас
ӛңдеу ӛнері: тас мүсіндер, құпытастар жасау арқылы сәулет ӛнерінде
кеңінен пайдаланылды.
Тас ӛңдеу ӛнерінің ескерткіштерінен біздерге жеткені тас мүсіндер
мен құлпытастар. Тас мүсіндер жасау VI-VIІІ ғ.ғ. – ХІІІ ғасырлар аралығын
қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: