53
болатынын ӛлеңменен айтылады. Сонымен бірге олар қыздың бақытты,
абыройлы, елге сыйлы болуына тілектестік білдіреді. Мысалы:
Алып келген базардан,
Қара насыр жар-жар-ау,
Қара мақпал сәукеле
Шашың басар жар-жар-ау. (13-бет, «Жеті қазына»)
Беташар – жаңа түскен келінді беташар рәсімі жасалмай ешкім кӛре
алмайды. Беташар жыры айтыла отырып, келінге оның атасы, енесі, басқа
туыстары таныстырылып, келін оларға сәлем жасайды. Сәлем жасаған
адамдар кӛрімдік береді.
Келін келді, кӛріңіз,
Кӛрімдігін беріңіз,
Анау-мынау демеңіз,
Түсін айтып қойыңыз, - деп әнші жігіт жас келіннің
аталған жақындарына лайық әзіл-қалжыңдарын араластыра отырып
кӛрімдік сұрайды.
Сыңсу – ұзатылып бара жатқан қыздың ӛз еркімен бармай, әке-
шешесінің ұйғаруымен, ӛзіне тең емес адамға немесе жасы ӛзінен үлкен
бай адамға әйел үстіне тоқалдыққа баруымен байланысты болған:
Заманым ӛтті басымнан,
Дәуренім кетті басымнан.
Айналайын, ел-жұртым,
Не болар менің заманым?
Жоқтау – ӛлген адамның әйелі ері қайтыс болған күннен бастап
басына қара жамылып адамның әйелі ері қайтыс болған күннен бастап
басына қара жамылады. Әйелі, қыздары, апа-қарындастары жыл бойы күн
сайын таңертең ерте тұрып, беттерін керегенің бетіне қаратып, 1-2 сағат
бойы дауыс салып жоқтау айтатын болған. Жоқтау ӛлеңде ӛлген адамның
ел-жұрты, ағайын-туысқа тигізген пайдасы, қамқорлығы, ерлігі, кісілігі
туралы айтылады.
Құрама жиып ел қылып,
Қосын таза сақтаған.
Тілі шайпау тентегін
Ақылымен тоқтатқан.
Елдің қамын ойлаған.
3) Еңбек әндері
арқылы халық балалар мен жастарды еңбектің
түрлерімен, еңбек әрекеттерімен таныстырады, халықтың ауыр тұрмысын
суреттейді, еңбектің ӛмірдегі қажеттілігін ашып кӛрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: