49
өнерінде
кеңінен қолданып келеді» - дейді. Қолӛнер бұйымдары кез-келген
халықтың шаруашылық қажеттілігінен туындап отырады.
Мысалы, мал
шаруашылығына байланысты қолөнер бұйымдарына: шылбыр, ноқта,
бұршақ, жүген, құрық, бұғылық. тусамыс, өре, шідер, кісен, қада, таға,
ер-тұрман т.б. жатады.
Батырлық пен аңшылық
кәсібіне қажетті жебе
мен садақ, сойыл, шоқпар, айбалта мен найзаны т.б. бӛліп кӛрсете аламыз.
Моншақ, білезік, сақина , сырға, алқа, шолпы. сияқты зергерлік бұйымдар
жасау ӛнері елімізде кеңінен дамыған.
Ал осы қолӛнердің барлық саласына ерекше әсемдік пен терең мән
беріп тұрған ою-ернек ӛнері. Қазақ халқынын- кез-келген бүйымьшда оз
үйлесшділігін тапқан ою-ӛрнек қазақ халқының мәдени шежіресі. Тас, қола
дәуіріндегі андрондық және сақ тайпалары «аң стилін» ӛз қолӛнерлерінде
ерекше мәнермен қолданған. Олар аң, жануарлар мен құстардың шынайы
және мифтік ұғымдағы бейнелерімен барлық қолӛнер бұйымдарын
әшекейлеген.
«Ою-ӛрнек» (латынның
ornament - әсемдеу, сәндеу деген сӛзінен
шыққан) үйлесімділікпен бір қалыпқа түскен элементтерден тұратын
нақыштар; әртүрлі заттарды (құрал-сайман, қару-жарақ, киім т.б.)
сәулет
ӛнерінде сәндеу үшін қолданады.
«Ою» деген сӛзбен «ӛрнек» деген сӛздің мағынасы бір. Бұл сӛздің
ұғымында бір нәрсені ойып, кесіп алып жасау немесе екі затты оя кесіп
қиюластырып жасау,
бір нәрсенің бетін ойып, бедер түсіру деген мағына
береді. Қазақ кӛбінесе бір ӛрнекке салып қиып алған үлгіні, үлгіге салып
кескен сырмақтың қиығын, сондай-ақ барлық ою, бедер, бейнені күйдіріп,
жалатып, бояп,
бастырып, қалыптан істеген кӛркемдік түрлерді,
әшекейлердің ортақ атауы іспеттес. Сондықтан кӛбінесе ою-ӛрнек деп
қосарланып айтыла береді.
Ою-ӛрнек – адам ӛнеріне қажетті заттарды, бұйымдарды, сәулет
ӛнерін
безендіруде, халықтың тыныс-тіршілігін, қоршаған ортаға
кӛзқарасын, одан алған эмоционалдық эстетикалық әсерін әсем талғаммен
ӛзара үйлесімділікте бейнені жеткізуге ықпал ететін нақыштар.
Қазақ халқының күнделікті тұрмысында қолданатын әртүрлі
бұйымдардың барлығы ою-ӛрнекпен әшекейленеді. Ою-ӛрнек
сан алуан
композицияда қолданады. Бейнелеу мәнерінде ою халқымыздың қоршаған
ортаға деген эстетикалық талғамын кӛрсеттеді. Бұл ӛнер түрі арқылы
ежелден ата-бабамыз келер ұрпаққа ӛздерінің дүниетанымын қолӛнер
бұйымдарында бейнелеп қалдырған. Осы дәстүр ӛнердің негізінде дүниеге,
қоршаған ортаға деген эстетикалық кӛзқарасты философиялық ұғыммен
толықтырады.
Мамандар қазақтың ою-ӛрнектерін мынандай топтарға бӛліп
қарастырады:
І. Кӛгеніс (ӛсімдіктер әлемі) ою-ӛрнектері;
2. Зооморфтық ою-ӛрнек (жан-жануарларға байланысты);
3. Космогониялық ою-ӛрнек(аспан денелері, геометриялық сызықтар
мен бұрыштар).
50
Ӛнер мен табиғатты ұштастырған кӛшпелілер «арпабас»,
«бағанернек», ''жауқазын», «жапырақ», «қоза», «тӛрткүл». «үшкүл»,
«шыныгүл», «түйетабан», суға байланысты «су», «суӛрнегі», «ирек»,
«тасқын», «арық» ою элементтерін ойлап тапты.
Кӛшпелі ӛзіне пана болған табиғат сыйын, яғни, тауды да назарынан
тыс қалдырмаған. Тау –
ерліктің, ұлылыктың, күш-құдіреттің символы.
Тау – киелі. Сондықтан да қариялар жас ұрпаққа ӛз ризашылығын
білдіргенде «таудай бол'« - деп жатады.
Халық арасында «Тәңірінің құдіретін кӛрем десең тауға бар»
деген
сез бекер туындамаған сияқты. Адамнан бастап аң-құсқа дейін пана болған
асқар тауды ою-ӛрнекпен байланыстырған шебер халқымыз, «тау
оюымен» қолӛнер бұйымдарын жиектеген. «Тау оюы» – кӛбінесе ер
адамдардың киімдерінде жарасымдылық тапқан.
Ою-ӛрнектің негізгі бӛлігі аң, құс, жануарларға қатысты туындағаны
белгілі. Кӛшпелілердің негізгі кәсібі мал шаруашылығы. Аң,
жануарлардың терісі мен жүні – киім, еті – тамақ, сүті – сусын, мінсе –
кӛлік болған. Малға, малдың дене мүшелеріне байланысты кӛптеген ою
элементтері пайда болды. Олар: «тасқын», «арық», «ирек», «су»,
«қошқармүйіз», «сыңармүйіз», «қосмүйіз», «тақмүйіз», «тікмүйіз»,
«бұғымүйіз»,
«құсқанат»,
«қанатты
ою»;»қарғатұяқ»,
«иттабан»,
«қырықтырнақ», «балықкӛз», «итқұйрық», «түйетабан», «ботагӛз»,
«атбас». «тайтұяқ». «ашатұяқ»т.б. Мал бақ – береке, молшылық кӛзі.
Достарыңызбен бөлісу: