Қазақстан республикасы ғылым және білім министрлігі



бет1/5
Дата08.09.2017
өлшемі0,76 Mb.
#30003
  1   2   3   4   5

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



СМЖ 3 дәрежелі құжаты

№1 басылым

08.09.2016 жыл

042-18.1-2016



Зертханалық жұмыстарға әдістемелік нұсқаулар



Факультет Инженерлік-технологиялық

Кафедра Химия және химиялық технологиялар






«Химия»

пәнінен зертханалық жұмыстарға арналған

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

5В073000 – «Құрылыс материалдар, бұйымдары және

конструкцияларын өндіру»

мамандығы бойынша білім алушыларға арналған



Семей 2016


Алғы сөз
I ӘЗІРЛЕГЕН

Құрастырушы____________________ «29» 06 2016 ж.

Р.С.Абекова, к.п.н., доцент м.а.
Әдістемелік нұсқаулар 5В073000 – «Құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкцияларын өндіру» мамандығында білім алушыларға «Химия» пәні бойынша зертханалық жұмыстар жүргізуге арналған.
2 КЕЛІСІЛДІ

2.1 Кафедра отырысында «Химия және химиялық технологиялар»


Хаттама « 29 » 06 2016 ж., № 14
Кафедра меңгерушісі ________ Б.Х. Мұсабаева
2.2 Зертханалық жұмыстарға әдістемелік нұсқаулар инженерлік-технологиялық факультеттің оқу-әдістемелік кеңесінің мәжілісінде оқу үдерісінде пайдалануға ұсынылған
Хаттама « 24 » 08 2016 ж., № 5/1
Төрайымы ________ А.Н. Нұрғазезова


Мазмұны


1

Кіріспе

4

2

Химиялық лабораторияда жұмыс жасау тәртібі

5

3

Техника қауіпсіздік ережелері

6

4

№ 1 Зертханалық жұмыс.

Бейорганикалық қосылыстар кластары



7

5

№ 2 Зертханалық жұмыс

Металл эквивалентінің молярлық массасын анықтау



9

6

№ 3 Зертханалық жұмыс

Химиялық процестердің энергетикасы

Химиялық реакцияның энтальпиясын анықтау. Ішкі энергияжәне энтальпия


10

7

№ 4 Зертханалық жұмыс

Химиялық реакцияның жылдамдығы. Химиялық тепе-теңдік



12

8

№ 5 Зертханалық жұмыс

Ерітінділер. Ерітінділер концентрациясы



14

9

№ 6 Зертханалық жұмыс

Тұздар гидролизі



16

11

7 Зертханалық жұмыс

Тотығу-тотықсыздану реакциялары



18

12

№ 8 Зертханалық жұмыс

Электрохимиялық процестер. Гальваникалық элемент



20

13

№ 9 Зертханалық жұмыс

Электролиз. Балқыманың және сулы ерітінділердің электролизі



21

14

№ 10 Зертханалық жұмыс

Коррозия. Коррозиядан қорғау әдістері



22

15

№ 11 Зертханалық жұмыс

Комплексті қосылыстар. Комплексті қосылыстардың алынуы және қасиеттері

24

16

№ 12 Зертханалық жұмыс

Металдардың және қосылыстарының қасиеті. 1А, 11А топ элементтері



25

17

№ 13 Зертханалық жұмыс

Металдардың және қосылыстарының қасиеті. Алюминий, қалайы, қорғасын, темір қосылыстарының қасиеті.



28

19

№ 14 Зертханалық жұмыс.

Бейметалдардың және қосылыстарының қасиеті. УА, У1А топ элементтері.



29

20

№ 15 Зертханалық жұмыс

Бейметалдардың және қосылыстарының қасиеті. У11А топ элементтері.



31

21

Әдебиеттер тізімі

34

Кіріспе
«Химия» пәнінде химиялық элементтердің (атом) және заттардың (молекула) құрылысы, табиғатта таралуы, алынуы, қасиеттері, қолданылуы және қосылыстары қарастырылады. Сонымен бірге химияның негізгі стехиометриялық заңдары мен түсініктері, периодтық заң мен зат құрылысы және химиялық байланыс теориясы, химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары, ерітінділер, тотығу-тотықсыздану реакциялары, электрохимиялық процесстер, комплексті қосылыстар сияқты теориялық мәселелер қарастырылады.

Пәнді оқыту мақсаты: білім алушының жалпы және бейорганикалық химия саласында фундаменталды білім алуы.

Пәнді оқытудың міндеттері: Негізгі міндеттер мамандық түлектеріне қойылатын квалификациялық талаптармен анықталады.

- негізгі химиялық түсініктер мен заңдарды игеру;

- заттардың құрамы және физика-химиялық қасиеттері туралы, химиялық процестердің жүру механизмдері мен жалпы заңдылықтары туралы білімалушының білімін қалыптастыру;

- алынған білімдерді кәсіби қызметінде қолдануда практикалық істей білуді қалыптастыру.



Химиялық лабораторияда жұмыс жасау тәртібі
Студент зертханалық жұмысты жасаудың алдында келесі ережелерді орындауы тиіс. Алдымен студент оқулықтан зертханалық жұмысқа қажетті тарауларды, дәріс конспектісін оқып және зертханалық жұмыстың мазмұнымен танысады. Қауыпсіздік ережесімен алдын ала танысу керек.

  1. Тәжірибеге қажетті ыдыстардың, реактивтердің, құрал- жабдықтардың тазалығын тексермей жұмыс бастамайды.

  2. Тәжірибені жасағанда оқулықта (әдістемелік құралда) көрсетілген жұмыс ретін сақтап, жұмысқа қажетті заттардың дәл мөлшерін алуы тиіс.

  3. Тәжірибе кезінде зертханада орынсыз қозғалыс жасап, сыртқы киіммен тұруға болмайды.

  4. Жанғыш және қауіпті заттармен жұмыс жасағанда сақтық шараларын мұқият орындауы қажет.

  5. Тәжірибе кезінде байқалатын құбылыстарды зер салып бақылап, өзгерістерді арнаулы дәптерге жазып отыруы керек.

  6. Зертханада тамақ жеуге, темекі тартуға болмайды.

  7. Зертханалық жұмыс біткеннен кейін әрбір студент жұмыс орнын, қолданған ыдыстарды жуып, тазалауы қажет.

Зертханалық жұмыстардың есептері жеке дәптерге (зертханалық журналға) жазылады. Дәптердің сыртқы бетіне пәннің атауы, курстың, топтың нөмірлері, студенттің аты-жөні жазылады.

Зертханалық жұмысқа дайындалғанда жұмыстың әдістемелік нұсқауларын алдымен оқып алып, одан кейін дәптердің таза бетіне өткен шақта (мысалы: алдық, құйдық, көрдік), бақылағандар мен қорытынды жазуға орын қалтырып, таза түрде жазып алу керек. Орындалған жұмыстардың есебін жеке парақтарға немесе қарындашпен жазуға болмайды.

Есептің жоспары:

1. жұмысты орындау күні;

2. жұмыстың нөмірі, атауы, мақсаты;

3. тәжірибенің нөмірі, атауы;

4. аспаптың (қолданылса) сүреті немесе схемасы;

5. тәжірибе қандай жағдайда орындалғаны, тәжірибе кезінде қандай өзгерістер байқалғаны;

6. орындалған реакциялардың теңдеулері;

7. тәжірибенің сандық өзгерістерін жазу, қажет болса кестелерді толтыру;

8. есептеулер және анализ нәтижелерін статистикалық өңдеу;

9. қорытынды және есептеулердің нәтижесі;

10. оқытушыға есеп беру: зертханалық жұмыс бойынша сұрақтарға жауап беріп, жұмыстың есебін тексерту.
Техника қауіпсіздік ережелері
1. Реактивтердің көпшілігі улы заттар болғандықтан, барлық қолданылатын реактивтерді "улы зат" деп сақтану керек

2. Ұнамсыз иісі бар немесе улы заттармен тәжірибелерді, қышқылдар мен қышқыл ерітінділерді буландыруды шкафтың ішінде орындау керек.

3. Тез от алатын заттармен (органикалық заттар) тәжірибелер от көзінен аулақ жерде орындалады.

4. Сілті металдармен жұмыс істегенде оларға су тигізуге болмайды, сактағанда минерал майларға салып сақтайды.

5. Тамшылары бетке тимес үшін, қыздырып жатқан сұйықтықтың немесе балқытып жатқан заттардың үстіне еңкеюге болмайды.

6. Заттарды иіскегенде, сұйықтың буын немесе газды мұрынға қарай қолмен сермеп иіскеу керек. Күшті уларды (мышьякты немесе фторлы сутекті) жалпы иіскеуге болмайды.

7. Кристалл түріндегі сілтілермен жұмыс істегенде (үлкен кесектерін үгіткеде, балқытатын қоспаларды дайындағанда) қорғауыш көзілдірік киіп, сілтіні тек пинцентпен алу керек.

8. Концентрленген қышқылдарды сұйылтқанда, әсіресе күкірт қышқылды, қышқылды ептеп суға құяды, керісінше жасауға болмайды.

9. Лабораторияда тамақ ішуге, химиялық ыдыстармен су ішуге, реактивтердін дәмін көруге, реактивтерді лабораториядан шығаруға болмайды.

10. Көпшіліктің пайдалануына арналған аспаптарды, ыдыстарды, реактивтерді өз жұмыс орнына әкетуге болмайды. Жұмыс кезінде пайдаланған әрбір нәрсені, реактивті бұрынғы орнына қою қажет.

11. Пробирканы қыздырғанда қысқышты пробирканың аузына таяу бекітеді.Пробиркада сұйықтық көп болса, алдымен бәр пробирканы жылтып алып, одан кейін төменгі жағын қыздыру керек. Сұйықтық аз болса, пробирканың төменгі жартысын жылтып алып, одан кейін тек сұйықтықты шайқап қыздырады. Жалынға еңгізгенде пробирканың сырты құрғақ болу керек. Қыздырған кезде пробирканың аузы ешкім жоқ жаққа бағытталады.

12. Сынаппен жұмыс арнайы ыдыстың үстінде орындалады.


Жедел көмек көрсету

1. Концентрленген қышқыл тиген жерді судың көп мөлшерімен дереу жуып, мақтаны таниннің спирттегі ерітіндісімен немесе 3%-дық калий перманганатының ерітіндісімен сулап, байлап тастайды. Қатты күйгенде дәргерге бару керек.

2. Сілтілер тиген жерді судың көп мөлшерімен жуып (сабындалуы яқталғанша), таниннің немесе 3%-дық калий перманганатының ерітіндісіне салынған мақтамен орайды.

3. Қышқылдың немесе сілтінің тамшылары көзге тигенде, көзді бөлме температурасындағы сумен жуып, дереу дәргерге көрсету керек.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет