Қазақстан республикасы ғылым және білім министрлігі
Кіріспе «Химия» пәнінде химиялық элементтердің (атом) және заттардың (молекула) құрылысы, табиғатта таралуы, алынуы, қасиеттері, қолданылуы және қосылыстары қарастырылады. Сонымен бірге химияның негізгі стехиометриялық заңдары мен түсініктері, периодтық заң мен зат құрылысы және химиялық байланыс теориясы, химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары, ерітінділер, тотығу-тотықсыздану реакциялары, электрохимиялық процесстер, комплексті қосылыстар сияқты теориялық мәселелер қарастырылады. Пәнді оқыту мақсаты: білім алушының жалпы және бейорганикалық химия саласында фундаменталды білім алуы. Пәнді оқытудың міндеттері: Негізгі міндеттер мамандық түлектеріне қойылатын квалификациялық талаптармен анықталады. - негізгі химиялық түсініктер мен заңдарды игеру; - заттардың құрамы және физика-химиялық қасиеттері туралы, химиялық процестердің жүру механизмдері мен жалпы заңдылықтары туралы білімалушының білімін қалыптастыру; - алынған білімдерді кәсіби қызметінде қолдануда практикалық істей білуді қалыптастыру. Химиялық лабораторияда жұмыс жасау тәртібі Студент зертханалық жұмысты жасаудың алдында келесі ережелерді орындауы тиіс. Алдымен студент оқулықтан зертханалық жұмысқа қажетті тарауларды, дәріс конспектісін оқып және зертханалық жұмыстың мазмұнымен танысады. Қауыпсіздік ережесімен алдын ала танысу керек. Тәжірибеге қажетті ыдыстардың, реактивтердің, құрал- жабдықтардың тазалығын тексермей жұмыс бастамайды. Тәжірибені жасағанда оқулықта (әдістемелік құралда) көрсетілген жұмыс ретін сақтап, жұмысқа қажетті заттардың дәл мөлшерін алуы тиіс. Тәжірибе кезінде зертханада орынсыз қозғалыс жасап, сыртқы киіммен тұруға болмайды. Жанғыш және қауіпті заттармен жұмыс жасағанда сақтық шараларын мұқият орындауы қажет. Тәжірибе кезінде байқалатын құбылыстарды зер салып бақылап, өзгерістерді арнаулы дәптерге жазып отыруы керек. Зертханада тамақ жеуге, темекі тартуға болмайды. Зертханалық жұмыс біткеннен кейін әрбір студент жұмыс орнын, қолданған ыдыстарды жуып, тазалауы қажет. Зертханалық жұмыстардың есептері жеке дәптерге (зертханалық журналға) жазылады. Дәптердің сыртқы бетіне пәннің атауы, курстың, топтың нөмірлері, студенттің аты-жөні жазылады. Зертханалық жұмысқа дайындалғанда жұмыстың әдістемелік нұсқауларын алдымен оқып алып, одан кейін дәптердің таза бетіне өткен шақта (мысалы: алдық, құйдық, көрдік), бақылағандар мен қорытынды жазуға орын қалтырып, таза түрде жазып алу керек. Орындалған жұмыстардың есебін жеке парақтарға немесе қарындашпен жазуға болмайды. Есептің жоспары: 1. жұмысты орындау күні; 2. жұмыстың нөмірі, атауы, мақсаты; 3. тәжірибенің нөмірі, атауы; 4. аспаптың (қолданылса) сүреті немесе схемасы; 5. тәжірибе қандай жағдайда орындалғаны, тәжірибе кезінде қандай өзгерістер байқалғаны; 6. орындалған реакциялардың теңдеулері; 7. тәжірибенің сандық өзгерістерін жазу, қажет болса кестелерді толтыру; 8. есептеулер және анализ нәтижелерін статистикалық өңдеу; 9. қорытынды және есептеулердің нәтижесі; 10. оқытушыға есеп беру: зертханалық жұмыс бойынша сұрақтарға жауап беріп, жұмыстың есебін тексерту.
2. Ұнамсыз иісі бар немесе улы заттармен тәжірибелерді, қышқылдар мен қышқыл ерітінділерді буландыруды шкафтың ішінде орындау керек. 3. Тез от алатын заттармен (органикалық заттар) тәжірибелер от көзінен аулақ жерде орындалады. 4. Сілті металдармен жұмыс істегенде оларға су тигізуге болмайды, сактағанда минерал майларға салып сақтайды. 5. Тамшылары бетке тимес үшін, қыздырып жатқан сұйықтықтың немесе балқытып жатқан заттардың үстіне еңкеюге болмайды. 6. Заттарды иіскегенде, сұйықтың буын немесе газды мұрынға қарай қолмен сермеп иіскеу керек. Күшті уларды (мышьякты немесе фторлы сутекті) жалпы иіскеуге болмайды. 7. Кристалл түріндегі сілтілермен жұмыс істегенде (үлкен кесектерін үгіткеде, балқытатын қоспаларды дайындағанда) қорғауыш көзілдірік киіп, сілтіні тек пинцентпен алу керек. 8. Концентрленген қышқылдарды сұйылтқанда, әсіресе күкірт қышқылды, қышқылды ептеп суға құяды, керісінше жасауға болмайды. 9. Лабораторияда тамақ ішуге, химиялық ыдыстармен су ішуге, реактивтердін дәмін көруге, реактивтерді лабораториядан шығаруға болмайды. 10. Көпшіліктің пайдалануына арналған аспаптарды, ыдыстарды, реактивтерді өз жұмыс орнына әкетуге болмайды. Жұмыс кезінде пайдаланған әрбір нәрсені, реактивті бұрынғы орнына қою қажет. 11. Пробирканы қыздырғанда қысқышты пробирканың аузына таяу бекітеді.Пробиркада сұйықтық көп болса, алдымен бәр пробирканы жылтып алып, одан кейін төменгі жағын қыздыру керек. Сұйықтық аз болса, пробирканың төменгі жартысын жылтып алып, одан кейін тек сұйықтықты шайқап қыздырады. Жалынға еңгізгенде пробирканың сырты құрғақ болу керек. Қыздырған кезде пробирканың аузы ешкім жоқ жаққа бағытталады. 12. Сынаппен жұмыс арнайы ыдыстың үстінде орындалады. Жедел көмек көрсету 1. Концентрленген қышқыл тиген жерді судың көп мөлшерімен дереу жуып, мақтаны таниннің спирттегі ерітіндісімен немесе 3%-дық калий перманганатының ерітіндісімен сулап, байлап тастайды. Қатты күйгенде дәргерге бару керек. 2. Сілтілер тиген жерді судың көп мөлшерімен жуып (сабындалуы яқталғанша), таниннің немесе 3%-дық калий перманганатының ерітіндісіне салынған мақтамен орайды.
3. Қышқылдың немесе сілтінің тамшылары көзге тигенде, көзді бөлме температурасындағы сумен жуып, дереу дәргерге көрсету керек.жүктеу/скачать 0,76 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |