ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
«Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ АРҚАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ» КЕАҚ
Жаратылыстану және ақпараттандыру факультеті
СӨЖ
Орындаған:Қадерова А.А
Тобы:ИАКТРТ-31
Тексерген:Смаилова.Г.С
.
Арқалық,2023
Мектептегі авторлық тәрбие жүйелері.Топтық,тәрбиелік істі ұйымдастыру мен өткізу технологияларына сипаттама.Ынтымақтастық педагогикасы,ізгілік-тұлғалық технология.
Мектептегі тәрбие жұмыстарының негізгі бағыты оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту, сол арқылы олардың өмірдің маңызды жақтарына қатынасын қалыптастыру:
— адамның табиғатпен өзара үйлесімді қарым-қатынас ортасы (ноосфера);
— қоғамдық қатынастар аясы (адамгершілік, құқықтық, экономикалық, өндірістік, т.б. — әлеуметгік ортасы);
— психологиялық орта (саналылығы, тәртібін дұрыс басқара білу, ойлаудың интуициялық механизмдері, табиғи болмысы, дарыны, қабілеті, т.б.).
Тәрбие процесі оқыту және дамыту процесімен ажырамастай байланыста әрі ол адамның дамып қалыптасуында маңызды орын алатын негізгі өзек болып табылады.
1. Оқушының танымдық белсенділігін дамыту. Бұл бағыт оқушылардың сабақ жүйесіндегі және сабақтан тыс уақыттағы іс-әрекеттерін өзара тығыз байланыстыру арқылы жүзеге асады.
Оқушылардың танымдық белсенділігін сабақтан тыс уақыттағы іс-әрекеттерін күшейту арқылы дамыту жолдары мынадай:
— оқытудың сабақтан тыс формалары арқылы (пән апталықтары, конкурстар, пөн сайыстары, олимпиадалар, турнирлер, интеллеюуалдық жарыстар);
— пәндердің клубтық жә не үйірмелік қызметтері (театр клубы, дискуссия клубы, музыка студиясы, пән үйірмелері, т.б.);
— музей, театр, кино үйі, кітапханаларға жүйелі түрде бару.
Оқушылардың ұжымдық іс-әрекеттерінің түрі әр алуан. Бірақ шығармашылық іс-әрекеттерді ұйымдастыратын тобына байланысты кейбір құрылымдарға олар бағынады:
1) сыныпішілік тәрбие жұмыстары (ұжымішілік);
2) сыныптан тыс уақыттағы тәрбие жұмыстары (ұжымнан тыс);
3) негізінен тұрақты, қызығушылық аясы бір, бір параллельдегі балалар тобын қалыптастыратын клубтық, үйірмелік тәрбие жұмыстары;
4. оқытудың сабақтан тыс шығармашылық формаларын (пән апталықтары, олимпиадалар, викториналар, көңілділер, тапқырлар клубы, т.б.) қамтитын сыныпаралық тәрбие жұмыстары, яғни істің барысында өр түрлі сыныптар мен параллель сыныптардан уақытша шығармашылық топтар құрылады.
Мұндай жұмыстарды ұйымдастыру барысында бір ғана тәрбие процесі технологиясына байланысқан бірнеше буындардың технологиялық тізбегі көрініс табады:
1 кезең — осы шығармашылық істі өткізуге деген оқушылардың құштарлығы; шығармашылық істі дайындауға қызықты, тартымды жарнама жасау арқылы топ жинау.
2 кезең — шығармашылық істі өткізудін жоспарлануы және Кім үшін? Кіммен? Қай мезгілде? — дегендей жоспардың әрбір бөлігін нақтылау.
3 кезең — шығармашылық істің жүзеге асуы.
4 кезең — атқарылған іске талдау жасау, қорытындысын шығару, бұл кезең шығармашылық топтың келесі кезендегі шараларды қызықты ұйымдастыруына негізгі бағыт беретін кезең.
Бұл технология бойынша тәрбие жұмысын ұйымдастыру арқылы оқушылар өздеріне қызықты шығармашьшық форманы ұйымдастыру мен басқару мәдениетін үйренеді.
Тәрбие технологиясының кез — келгенінің ең маңызды кезеңі — қорытындылау, шығармашылық іске қатысушылардың жетістіктерін мадақтау болып табылады. Өйткені, әрбір шығармашылық іс балаларға қуаныш әкелуі керек, сондай қуанышты сезім кана оларды келешекте де осындай шығармашылық істерге қатысуға немесе одан да қызықты істерді ұйымдастыруға жетелейді.
Достарыңызбен бөлісу: |