Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі «Ы. Алтынсарин атындағы арқалық ПЕДАГОГИКалық институты» кеақ


Жеке тұлғаның айналадағы қоршаған ортаға деген гуманистік қатынасын дамыту, олардын адамгершілік негізін қалыптастыру



бет2/2
Дата26.09.2023
өлшемі74,57 Kb.
#182515
1   2
Байланысты:
Айлаззат тарбие

2. Жеке тұлғаның айналадағы қоршаған ортаға деген гуманистік қатынасын дамыту, олардын адамгершілік негізін қалыптастыру. 
Жеке тұлғаның бойында адамгершілік нышандарының қалыптасу процесі бірнеше кезеңдер арқылы жүзеге асады. Адамгершілік нышандарының соңғы нәтижесі адамгершілік тәрбиесінің тереңдік деңгейін танытатын төмендегідей белгілерді анықтайды:
• адамгершілік сезім (тұрақты сезімталдық, адамгершілік қатынастарды бастан өткізу);
• адамгершілік сана (моральдық принциптерді, әлеуметгік ортада өзінің адамгершілік нормасын сезінуі);
• адамгершілікпен ойлау (адамгершілік принциптерді тұрақты жинақтау, оймен қорыту, ситуацияларды білу, оларға талдау жасау, баға беру, шешім қабылдау, жауапты тандай білу және оны жүзеге асыру);
• адамгершілік ерік (өзінің адамгершілік сенімін жүзеге асырудағы адамгершілік сезімі мен саналы шешімінің бірлігі): — адамгершілік тәртібінің нысандары.



Н.Е.Щуркова

Педагогикалық технологияны балаға педагогтың шынайы өзара әрекетін қамтамасыз ететін пән ретінде анықтайды.Н.Е.Щуркова өзінің ««Практикума по педагогической технологии» атты кітабында Педагогикалық технология жайлы көптеген анықтамалар берілді.Ол локальдық(модульдік)тәрбие технологиясын ұсынды.Оның ішінде педагогикалық қатынастар технологиясы бар,оның өзі арнайы технологиялардан тұрады:педагогикалық талаптар,ақпарттық әрекет,тәрбиелік ортаны құру,топық іс әрекетті ұйымдастыру(мақсатты модулдік технологиялар,жағдаятты шешу,табысқа жету және сәтсіздікті жеу жағдаяттарын құру,іс-әрекетке педагогикалық реакциялар,жеке даралық және саралау технологиясы,педагогикалық бағалау технологиясы,этикалық қорғау технологиясын қамтиды.Щуркова өзінің ұсынған технологиясы арқылы педагогтың балаға шынайы әрекетін көрсетіп,топтық іс-әрекетті ұйымдастыра алатындай қабілет болу керек екенін жеткізген.



Ш.А.Амонашвили

Ш.А.Амонашвили бойынша ізгілендіру иехнологиясының негізгі мақсаты-баланың жеке қасиетін аша отырып,азамат етіп тәрбиелеу.Баланың жаны мен жүрегіне жылулық ұялату,танымдық күшін қалыптастыру және дамыту,білімін кеңейтіге жағдай жасау.Бұл технологияның өзгелерден ерекшелігі:онда ынтымақтастық педагогикасы тұжырымдалады;бала психикасын дамыту,есеюге және еркіндікке құштарлығын қалыптастыру;әсемдікті,әдемілікті сезіну,қабылдау;ізгілікті жеке қарым-қатынас жасау;рухани жетілдіру;ата- анамен бірігіп жұмыс істеуді жүзеге асыру.Ш.А.Амонашвилидің Мұғалім өз сабағын сүймесе,оған өзі сүйсіне білмесе,ол шәкірт бойына да сүйіспеншілікті дамыта алмайды..деген пікір жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамыта оқытуда ұстаз,а қойылатын талаптың маңыздылығын байқауға болады.



Ынтымақтастық педагогика технологиясы – оқушы мен оқытушы арасындағы қарым – қатынастың тең дәрежеде жүзеге асуы, бірлік одақта қызмет етуі, оқытушының оқушыға басымдылық көрсетпеуі.
Мақсаты:

  • талап ету педагогикасынан қарым – қатынас педагогикасына өту;

  • оқушыға ізгілік тұрғысынан қарау;

  • оқыту мен тәрбиелеуді ұштастыру.




Ерекшелігі:

  • Мұғалім де,оқушы да субъект болады;

  • Басымдылық көрсетілмейді;

  • Бірлік одақта қызмет етеді;

  • Оқушы мен мұғалім арасындағы өзара түсінушілік,ынтымақтастық қарым-қатынас;

  • Балаға жеке тұрғыдан қарау;

  • Қоршаған орта педагогикаланады.





Ынтымақтастық технологиясының негізгі идеялары:
• оқушылардың шығармашылық, атқарушылық қабілетін дамыту;
• оқушылардың өзін - өзі құрметтеуі;
• оқушыларды құрметтеу.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет