ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Коммерциялық емес акционерлік қоғам «М.ӘУЕЗОВ атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті»
ФАКУЛЬТЕТ «ТАРИХ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА»
КАФЕДРА «ЖАЛПЫ ТАРИХ ЖӘНЕ МУЗЕЙ ІСІ»
ЭССЕ Тақырыбы: «Тарихи дерек түсінігі»
Орындаған: Нуртай А.А. Тобы: ТП-20-3к Қабылдаған: Еркінбекова Б.А.
Шымкент, 2023 жыл
Тарихи дерек түсінігі Ғылымда тарихи деректің түсінігі сан алуан. Әр заманда, әртүрлі елдің тарихшылары тарих дерек туралы әр түрлі пікірде болды. Қалай болғанда да өткен заман туралы қандай да болсын, мәлімет беретін ақпарат көздерін тарихи дерек санатына қосқан дұрыс сияқты.
Тек қана олардың мына төмендегі талаптарға сәйкес болуы қажет деп ойлаймыз. Біріншіден, ұзын-сонар адамзат тарихында халықтың рухани және материалдық мәдениет саласында ұрпақтан-ұрпаққа мұраға қалдырған жәдігерлер оның өткенінен шынайы ақпарат береді. Екіншіден, бұл ақпарат мұқият тексеріліп, объективтілігі мен шынайлығы анықталуы қажет. Үшіншіден,табылған, тексерілген, анықталған ақпарат тек зерттеу процесінде пайдаланған жағдайда тарихи дерек ретінде танылады. Тарихи дерек дегеніміз – зерттеу процесіне енгізілген адамзат қоғамының тарихынан қандай да болсын мәлімет беретін ақпарат көзі. Осы күнге дейін ғалымдар арасында ақпарат көзіне адамзат тарихынан мәлімет беретін қандай жәдігерлерді жатқызуға болады деген мәселе жөнінде пікірталастар жүріп жатыр. Олардың бір тобы оған адамзаттың іс-әрекетіне байланысты қалған ізді (след) жатқызса, екіншілері сол іс-әрекетті айқындайтын, анықтайтын деректерді ақпарат көзі деп есептейді. Алғашқы топ мұндай деректерге адамның мақсатты түрде өз қолымен жасалған заттарын кіргізсе, екіншілері солар жөнінде айтылғандарды, жазылғандарды есепке алады.
Деректану – тарихи деректердің теориясын, оны зерттеудің техникасы мен әдістемесін қарастыратын тарих ғылымының бір саласы. Ол – кешенді ғылым. Оның жеке ғылыми статус алған бірнеше саласы бар. Негізгі міндеті деректерден шынайы ақпарат алу. Тарихи деректанудың ғылым ретінде өзінің объектісі, пәні және мақсаты мен әдістері бар. Яғни ол – заманауи талаптарға сай тарихи деректерді пайдаланудың теориялық-әдіснамалықмәселелерін зерттейтін ғылым.
Деректану – басқаларға қарағанда жас ғылым. Оның пайда болғанына небары 100 жыл ғана. Ол әлі ғылым ретінде қалыптасу үстінде. Шетел тарихшылары ХІХ-ХХ ғасырларда-ақ тарихи деректердің теориялық мәселелерінерекше әлеуметтік таным ретінде шешу жолдарын ойластырған.
Кешегі совет тарихнамасында бұл проблема пікірталас туғызып, ХХ ғасырдың екінші жартысында деректанудыңтеориялық мәселелерімен қатар оның қолданбалы қызметін де айқындаған болатын. Сөйтіп мынадай проблемалардың басын ашып алу қажет:
1) деректанудың ғылым ретінде қалыптасуы;
2) оның пәні мен міндеттерінің теориялық сипаты бар екендігін түсіну;
3) оның тарихи пәндер арасындағы орны анықтау, пәнаралық статусын мойындау;
4) тарихи деректердің табиғатын және мәнін, оларды топтау, түрлері мен түршелерінің эволюциясын зерттеу;
5) олардың беретін ақпараттардың көп құрамдылығын және олардың оның түрлері мен формасын, сапа мен санының сипатын анықтау.