енгендерді ғана зерделейтін болса, социология өз ізденістерін қазіргі заманға
көбірек бұрады және өзіне қажетті элемент ретінде әлеуметтік болжам
жасауды қамтиды. Социология мен тарихтың өзара қарым-қатынасы ең
алдымен әлеуметтік ережелер мен қорытындылар тікелей тарихи фактілерді,
тарихи тәжірибені тұжырымдауға сүйенетіндігімен айқындалады. Екінші
жағынан алғанда, әлеуметтік философиямен бірге социология тарих
ғылымының жалпы теориялық және әдістемелік негізі болады.
Социология және саясаттану. Социология пәні мен саясаттану арасында
өзара тығыз байланыс бар. Олар:
•
әлеуметтік қауымдастықтар, әлеуметтік ұйымдар мен институттар
саясаттың маңызды субъектілері және объектілері болып табылады;
•
саяси қызмет жеке тұлғаның және олардың қауымдастығының өмірлік
қызметінің қоғамдағы өзгерістерге тікелей ықпал ететін негізгі
нысандарының бірі болып табылады;
•
саясат өте кең ауқымды, күрделі және көп қырлы құбылыс ретінде
қоғамдық өмірдің барлық салаларында көрініс табады және көбіне қоғамның
жалпы дамуын айқындайды.
Саясаттану ғаламдық қоғам құрылымының бір ғана саласын, яғни
биліктің ұйымдастырылуын зерттейді. Бірақ саясаттану бұл саланы қатаң
ғылыми әдістермен осы құрылымның басқа бөліктерімен байланыстыра
қарастырғанда ғана зерделей алады. Бұл саясаттанудың саяси құрылым мен
саяси институттарды, саяси биліктің құрылымдары мен ұйымдастырылуы
сипаттамаларын зерделегенде, социология ашатын ғаламдық қоғамның
құрылымына жататын заңдарды ескеруге тиіс екенін білдіреді. Социология
да жеке топтар мен жалпы қоғамның саяси қарым-қатынастарын және саяси
құрылымын зерделей алады, бірақ ол мұны олардың қоғамдық құбылыстар
ретіндегі мән-мағынасын айқындау мақсатында жасайды.
Азаматтық қоғамды зерттеуде саясаттануды қызықтыратыны ең
алдымен азаматтың құқықтары мен міндеттері, саяси жүйенің құрылымы мен
саяси билікке қатысты (саяси) қарым-қатынастар, саяси институттар мен
ұйымдардың орны, рөлі және қызметтері. Ал социология азаматтық қоғамға
оның әлеуметтік құрылымын талдау, жеке тұлғаның мәртебесі, таптар және
басқа да әлеуметтік топтар, ұлттар мен ұлыстар, олардың өзара әрекеті және
т.б. тұрғысынан қарайды.
Социология және психология
Достарыңызбен бөлісу: