Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі коммерциялық емес акционерлік қоғам



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата15.03.2023
өлшемі427,12 Kb.
#172626
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
СЕМЕСТРЛІК ЖҰМЫС № 1
чек лист терапия, Жақсыбек Ерасыл 4 Зертханалық жұмыс, Теплоэнергетика Зертхана-1 У.С


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ 
МИНИСТРЛІГІ 
Коммерциялық емес акционерлік қоғам 
«Ғ. Ж. ДӘУКЕЕВ атындағы
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ» 
«
ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ БІЛІМ МОДУЛІ (ӘЛЕУМЕТТАНУ, 
САЯСАТТАНУ)
» кафедрасы
.
 
«
Әлеуметтік саяси білім модулі
» пәні бойынша 
№1 С
ЕМЕСТРЛІК
 
ЖҰМЫС
 
 
 
 
 
 
Орындаған:
Ұланұлы Санжар
  
 
Тобы:
ИУТЭк-21-1
 
 
Тексерген:
Abukhanov S.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Алматы 2023 
 


ӘЛЕУМЕТТІК САЯСИ БІЛІМДЕР МОДУЛІ:
 
ӘЛЕУМЕТТАНУ, САЯСАТТАНУ пәні бойынша
 
№1
-
семестрлік жұмыс
 
 
Әлеуметтанулық ақпаратты жинаудың әдіснамалық әдістері
 
 
Жоспарлар: 
1. Материал жинау әдістерінің жалпы сипаттамасы және жіктелуі. 
2. Бақылау және оның түрлері, құжаттарды талдау, эксперимен. 
3. Шағын топтарға құрылымдық талдау әдісі. 
 
1.
Жоспарға сәйкес тақырыптың бірінші сұрауына жауап беру үшін біз 
әлеуметтану деген не, ол нені зерттейді, оның объектісі мен пәнін бір-бірінен 
ажыратып, шатастырмауымыз керек. «Әлеуметтану» ұғымы латын тілінің 
«Societas» қоғам және гректің logos – ілім, ұғым деген сөзінен шығады. 
Социология, яғни әлеуметтану қоғамның пайда болуының, ондағы 
әлеуметтік байланыс, қатынастардың, алуан түрлі әлеуметтік адам 
бірліктерінің, ұйым, мекемелерінің, институттардың, құбылыстардың
процестердің дамуының жалпы заңдылықтарын зерттейтін ғылым. 
Әлеуметтану ұғымын XIX ғасырдың ортасында атақты француз 
әлееуметтанушысы Огюст Конт өзінің алты томдық «Позитивті философия 
курсы» атты еңбегінің үшінші томында енгізді.
Социологияның негізін қалаушы О.Конт социологияның пәнін жалпыға 
ортақ келісім негізін құрайтын тұтас алынған қоғам деп түсінді. Бұл келісім 
өз кезегінде адамзат тарихының және адамның өз табиғатының бірлігіне арқа 
сүйейді. О.Конт оң социологиялық білімді табиғи-физикалық процестерге 
ұқсатып құрды. Социологияны әлеуметтік физика деп түсіну, оның пәндік 
саласын әлеуметтік статикаға және әлеуметтік динамикаға бөлу осыдан келіп 
шыққан.
Ағылшын философы әрі ғалымы Г.Спенсер социологияны әлеуметтік 
институттардың табиғи эволюциясы нәтижесінде ондағы жіктелу тұтасумен 
ұштасатын әлеуметтік организм ретіндегі қоғам туралы ғылым деп білді.
Әлеуметтанудың пәні - қоғамның құрылымы, ондағы әлеуметтік 
үрдістер, әлеуметтік қатынастар. Әлеуметтанудың зерттеу объектісі - қоғам. 
Әлеуметтану – жалпы қоғамның ерекше жұмыс істеуі мен дамуының 
заңдылықтары туралы ғылым. 
2. 
Ғылыми таным 
объектісіне
зерттеу қызметі бағытталатын объективті 
шынайылық ретіндегі нәрсенің бәрі жатады. Нақты ғылымның зерттеу 
объектісі туралы әңгіме болғанда объективті шынайылықтың қандай да бір 
бөлігі тұтас зерттелмейді, сол ғылымның ерекшелігімен анықталатын 
жағынан бастап қана зерттеледі. Объективті шынайылықтың нақты бөлігінің 
басқа жақтары бұл жағдайда қосалқы нәрсе ретінде немесе берілген 
объектінің міндетті шарты ретінде қарастырылады. 
Объект дегеніміз белгілі бір немесе ерекше қасиеті бар объективті 
шынайылықтың жеке бір бөлігі немесе элементтерінің жиынтығы. Және де 


объективті шынайылықтың бір саласының өзі көптеген ғылымның зерттеу 
объектісі бола алады. Мысалы, физикалық шынайылық - көптеген 
жаратылыстану және техникалық ғылымдардың, ал әлеуметтік шынайылық - 
қоғамдық және гуманитарлық ғылымдардың зерттеу объектісі. Қоғам 
адамдардың өзара әрекетінің өнімі ретінде саналы, күрделі құбылыс және 
барлық қоғамдық ғылымдар үшін ортақ зерттеу объектісі болып табылады. 
Алайда осы ғылымдардың әрқайсысының өзіндік ерекшеленген зерделеу 
объектісі бар. Сондықтан көптеген қоғамдық ғылымдардың объектісі тұтас 
қоғам емес, оның қандай да бір жағы немесе көрінісі. Экономика 
ғылымдарының ерекшеленген объектісі – қоғамдық өмірдің материалдық 
игіліктерді өндіру, бөлу, алмасу және тұтыну сияқты өзіне тән жақтары. 
Қоғам өмірінің экономикалық саласынан едәуір өзгеше жағы – саяси биліктің 
ұйымдастырылуына, қызмет етуіне және дамуына байланысты саясат саласы 
болып табылады. Және де ол - саяси ғылымдардың ерекшеленген объектісі 
болып табылады. Бірқатар ғылымдар - мәдениеттану, әлеуметтік психология, 
педагогика және басқалар - қоғамның рухани өмірін, рухани құндылықтарды 
өндіру және бөлу, адамдардың рухани сұраныстарын қанағаттандыру 
жолдарын, нысандары мен әдістерін зерделеуге арналған . 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет