Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі коммерциялық емес акционерлік қоғам



Pdf көрінісі
бет6/6
Дата15.03.2023
өлшемі427,12 Kb.
#172626
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
СЕМЕСТРЛІК ЖҰМЫС № 1
чек лист терапия, Жақсыбек Ерасыл 4 Зертханалық жұмыс, Теплоэнергетика Зертхана-1 У.С

Егер социология
 
өзінің пәні ретінде тұтас 
қоғамды зерттеуге және оның неғұрлым жалпыға ортақ заңдарын ашуға 
тырысатын болса, психология психикалық құбылыстарды, яғни мінез-
құлықтың белгілі бір түрі тудыратын ішкі субъективті күйзелісті зерделейді. 
Психологияның пәні болып табылатындар - адамның мінез-құлқының ішкі 
қырлары, оның субъективті күйзелістері. Дей тұрғанмен де, адамдар 
арасындағы қарым-қатынастарда, олардың бір-біріне қатысты мінез-
құлықтарында бұл қатынастардың құрамдас бөлігі болып табылатын 
психологиялық элемент те бар. Сондықтан да социология қоғамдық 
қатынастарды зерделей отырып, адамдардың себептерінің, сезімдерінің және 
көңіл-күйлерінің психикалық элементтерін назарға алуы тиіс. Бірақ та 


қоғамдық құбылыстарды тек қана психикалық құбылыстарға телу дұрыс 
болмас еді. Сөйтіп, социология мен психологияның байланысы олардың 
пәндерінің байланысынан туындайды. Ал олардың пәндерінің байланысы 
қоғамдық құбылыстарды зерделеген кезде психикалық элементтерді назарға 
алу қажеттігін ғана емес, психикалық құбылыстарды зерделеген кезде 
олардың әлеуметтік шарттылықтарын, әлеуметтік ортамен байланысын 
ескеру қажеттігін де көрсететіндігінде. 
Социология да, психология да адамды және оның мінез-құлқын 
зерделейді. Алайда олар мұны өз пәндерінің ерекшеліктері тұрғысынан әр 
түрлі жасайды. Дегенмен де олар өз пәндерін зерделеген кезде үйлесімді 
бағыт ұстанады және олардың арасында ынтымақтастық қарым-қатынасы 
бар деп айтуға болады. 
Социология және экономика ғылымы. Экономика ғылымы өз күш-
жігерін материалдық өндірісті, адамдардың экономикалық қызметін 
зерттеуге шоғырландырады, олардағы өзгерістер әлеуметтік процестерге 
әсерін тигізеді. Сондықтан социология экономикалық теорияға сүйенбей, 
онымен өзара әрекетке бармай тұра алмайды. Екінші жағынан алғанда, өмір 
көрсетіп отырғанындай, экономикалық процестердің өзі өндірісте, бөлуде, 
алмасуда және тұтынуда әлеуметтік шарттар мен факторлардың және оларды 
пайдаланудың ықпалына барған сайын тәуелді бола түседі. Бұл да 
экономикалық және әлеуметтік ғылымдардың өзара әрекетін нығайта түсуді 
талап етеді. 
Егер де экономика ғылымы қоғамдық өмірдің бір ғана, мейлі өте 
маңызды саласының заңдылықтарын зерттейтін болса, социология қоғамның 
тұтас дамуының негізінде жататын және оның барлық, соның ішінде 
экономика салаларында ерекше көрініс табатын неғұрлым жалпы және кең 
ауқымды заңдылықтарын зерттейді. 
Сонымен социология мен өзге қоғамдық ғылымдардың арақатынасы 
туралы мәселеде, солардың өзара тығыз байланысы, қоғамдық өмірді 
шынайы зерттеуде бұл ғылымдардың пәндік шекаралары сақталумен бірге, 
бір-бірімен қабысуы, бірақ социологияның бұл ғылымдарды жұтып 
қоймайтыны сөз болуы керек және солай болуға тиіс те. 
2. Социологияның қоғам өмірімен байланысының алуан түрлілігі, 
қоғамдық мақсаты бірінші кезекте оның ерекше әлеуметтік ғылым ретінде 
атқаратын қызметімен айқындалады. Танымдық функция ең алдымен 
әлеуметтік даму заңдылықтарын зерттеумен, әртүрлі әлеуметтік құбылыстар 
мен процестердің өзгеру тенденциясына байланысты. 
Теориялық-танымдық функцияны жүзеге асыру социологияға қоғамның 
мәні, оның құрылымы, заңдылықтары, негізгі бағыттары мен тенденциялары, 
жолдары, оның қызмет атқаруының және дамуының нысандары мен 
механизмдері туралы білімді кеңейтуге және нақтылауға мүмкіндік береді.
Тәжірибелік функция социологияның әртүрлі әлеуметтік процестерді 
басқарудың тиімділігін арттыру жөніндегі тәжірибелік ұсыныстар жасауға 
атсалысуымен айқындалады. Социологияның тәжірибелік функциясы 
танымдық функциясымен тығыз байланысты. Социологиялық зерттеулер 


қоғамның түрлі салаларының даму заңдылықтарын ашып көрсете отырып, 
әлеуметтік процестерге пәрменді әлеуметтік бақылауды жүзеге асыру үшін 
қажетті нақты ақпарат береді. Социологияның болжамдық функциясы 
қоғамның әрбір әлеуметтік бөлімшесінің ғылыми негізделген даму келешегін 
саналы түрде жасау және жүзеге асыру шарттарын жасауға деген 
сұранысының көрінісі болып табылады. Еліміздің жаңа, нарықтық 
қатынастарға көшуіне байланысты болуы мүмкін кері қүбылыстар мен
апаттардың болашаққа болжам жасап отыру арқылы ғана алдын алуға 
болады. Мысалы, мынандай мәселелерді болжап шешуде оның маңызы зор, 
атап айтқанда, жаңа нарықтық қатынастардың еңбекші бұқара халыққа 
беретін мүмкіншілігін ауқымы қандай? Әлеуметтік құбылыс пен 
процесстердің дамуындағы оның баламалы түрлері қандай?
Әлеуметтану қоғамда идеологиялық функцияны да атқарады. Нақты 
әлеуметтік зерттеуден алынған нәтижелер қоғамдағы белгілі бір жік немесе 
топтардың талап-тілегіне, мұң-мұқтажын шешуге, сөйтіп, олардың белгілі 
бір әлеуметтік мақсатқа жеткізу, сендіру үшін пайдаланылады. Әлеуметтану 
адамдардың арасындағы қарым-қатынастарды, байланыстарды одан әрі 
жетілдіріп, 
олардың 
саны-сезімдерін, 
мінез-құлықтарын, 
тәртібін 
жақсартады. Сөйтіп ол қоғамдық қатынастарды жетілдіріп, гуманистік 
(адамгершілік) функцияны да атқарады. 
3. Социология әлеуметтік құбылыстар мен процестерді түрлі дәрежеде
атап айтқанда, бүкіл қоғам көлемінде не қоғам өмірінің жеке дәрежесінде 
немесе жеке адамдар тұрғысынан зерттеуі мүмкін. Осыған байланысты 
социология ғылымын төмендегідей құрамдас бөлімдерге бөлуге болады: 
Біріншісі – жалпы теориялық социология. Бұл біртұтас социумның өмір 
сүруі мен дамуының жалпы зандылықтарын анықтауға бағытталған 
макросоциологиялық зерттеу болып табылады. Макроәлеуметтану қызметі- 
ірі көлемді әлеуметтік жұйелер. Макроәлеуметтану индивидтің әлеуметтік 
таптағы тәртібін зерттейді.
Екіншісі - әлеуметтік жүйенің жекелеген құрамдас бөлімдерінің әрекет 
етуі мен өзара байланысының зандылықтарын зерттеуге бағытталған 
жалпылылығы орташа социология. Бұған, мәселен, қала социологиясы, 
экономикалық социология, білім беру социологиясы, саясат социологиясы, 
т.б. жатады . 
Үшіншісі – микросоциология. Ол жекелеген адамдардың қимылы мен 
өзара қарым-қатынасын, мінез-құлқын, жүріс-тұрыстарын бақылау арқылы 
әлеуметтік құбылыстар мен процестерді зерттейді.
Социологияның бұл құрамдас бөліктері жалпы, ерекше және жекеше 
категорияларының байланысын көрсетеді. 
Социологиялық 
зерттеулер 
нәтижесінде 
алынатын 
ғылыми 
қорытындылардың жалпылық дәрежесіне сәйкес бұл зерттеулер теориялық 
және эмпирика болып екіге бөлінеді. Теориялық зерттеу үшін маңызды 
мәселе - әлеуметтік өмір саласындағы жиналған нақты материалдарға терең 
қорытынды жасау. Ал эмпирикалық социология тікелей бақылау, сұрақ қою, 
құжаттарды талдау, статистикалық мәліметтер негізінде нақты материалдар, 


фактілер жинаумен шұғылданады. Әлеуметтік құбылыстарды зерттеудің 
біртұтас процесінің бұл екі жағы бір-бірімен тығыз байланысты, бірі-бірін 
әрдайым толықтырып отырады. Әлеуметтік процестерді зерттеу барысында 
идеялық принцип қолданылады. 
Социологиялық зерттеудің алдына қойылған міндеті пен мақсатына 
сәйкес социология фундаментальды (іргелі) және қолданбалы (прикладная) 
болып екіге бөлінеді. Фундаментальды социологиялық зерттеу қоғам жайлы 
теориялық және методологиялық білімдерді қорытып шығаруға және оларды 
дамытуға бағытталады, ал қолданбалы социология әлеуметтік өмірді 
дамытудың практикалық мәселелерін зерттеп, практикалық ақыл-кеңес 
тұжырымдауға бағытталады. Зерттеудің бұл екі бағытының екеуі де 
теориялық және тәжірибелік зерттеу жүргізе алады.Э.Берджес. Э. Берджес 
пен Р.Парктың оқулығы эмпирикалық әлеуметтанудың дамуындағы елеулі 
кезең болды. Онда олар эмпирикалық зерттеулердің өздеріне мәлім
принциптері мен әдістемелерінің жиынтығын беруге тырысты.
2.
Кез келген ғылым белгілі бір теориялық жүйелерге сүйеніп 
қалыптасады. Сол сияқты өзінің қалыптасу сәтінен бастап, социология 
бірнеше теорияларға негізделіп дамып отырды. Социолог-ғалымдардың әр 
топтары өздерінің ғылыми бағыт-бағдарына қарай, идеялық мақсат, 
мұраттарына қарай әр түрлі теорияларды басшылыққа алып отырды. 
Олардың әрқайсысының өз методологиялық және методикалық принциптік 
негіздері болды. Міне, сол теорияларға негіз болған басты шарттар мен 
принциптердің жиынтығын парагдигмалар деп атайды. Кең мағынада 
парадигмаларды социологиядағы теориялық концепциялар деп қарауға 
болады. Қоғам тұтас әлеуметтік шындық ретіндегі негізгі ережелер мен 
принциптер әлеуметтану парадигмасына жатады.
Әр парадигма өзіндік талғампаздық сипатымен ерекшеленеді. Олардың 
қоғамдағы әртүрлі факторларға, адамдардың мінез-құлықтарына талдау 
жасауда маңызы зор. Барлық социологиялық парадигмаларды қоғамды 
анализ жасау тәсілдеріне және өздерінің методологиялық принциптеріне 
қарай үлкен екі топқа бөлуге болады: 1)құрылымдық немесе 
макросоциологиялық 
парадигмалар; 
2) 
интерпретативті 
немесе 
микросоциологиялық парадигмалар. Бірінші топтағы (құрылымдық) 
парадигмалар қоғамды тұтас жүйе ретінде, оны ұйымдастыру, қызметтік 
мәселелерін және дамуын қарастырады. Ал екінші топтағы парадигмалар 
негізінен әлеуметтік іс-әрекет ретінде адамның мінез-құлқына баса көңіл 
бөледі. Бірінші топтағы құрылымдық парадигмаға жататын парадигмаларға 
тоқталатын болсақ, олар төмендегідей: 1)функционалдық (қызметтік) 
парадигмалар; 2)конфликтік (конфликтологиялық) парадигмалар. 
Конфликтологиялық парадигманың өзі үш тармаққа бөлінеді: 
а)марксистік, б) неомарксистік, в) беймарксистік конфликтологиялық 
социология. 
Екінші 
топтағы 
интерпретативті 
парадигмаларға 
жататындар: 
1)әлеуметтік әрекетті қарастыратын парадигмалар; 2)символикалық 


интеракционизм; 3)феноменологиялық парадигма; 4) этнометодологиялық 
парадигмалар. 
3.
Олардың 
әрқайсысына 
қысқаша 
тоқталатын 
болсақ, 
макросоциологиялық парадигмалардың бірі – функционалдық парадигма. 
Құрылымдық – функционалдық парадигманың өкілдері: Огюст Конт, 
Герберт Спенсер, Эмиль Дюркгейм, Талкотт Парсонс т.б. Т.Парсонстың 
еңбектерінде құрылымдық-функционалдық бағыт әзірленді. Жалпы ғылыми 
әдістерден 
құрылымдық-функционалдық 
әлеуметтануда 
кеңінен 
қолданылады. 
Олар қоғамды бір-біріне өзара тәуелді құрылымы бар және қоғамдық 
бүтінді құрайтын тұтас жүйе ретінде қарастырады. Бұл теорияның өкілдері 
негізінен қоғамды құрайтын әрбір институттың қызметіне талдау жасай 
отырып, олардың әлеуметтік жүйедегі тұтастықтың, гармонияның 
сақталуына қосатын үлесі қандай екендігін анықтап көрсетуді мақсат етеді. 
Осы мақсатпен олар, мәселен, мемлекеттің қоғамды басқарудағы қызметіне, 
жанұяның келешек ұрпақты әлеуметтік ортаға дағдыландыру және бейімдеу 
қызметіне анализ жасауды көздейді. Сондай-ақ, олар қоғамдағы базалық 
құндылықтарды бекітудегі діннің атқаратын қызметіне анализ жасауға баса 
назар аударады. Құрылымдық немесе макросоциологиялық парадигманың 
екіншісі– конфликтік (конфликтологиялық) парадигма. Мұның өкілдері де 
қоғамды құрылымдық тұрғыдан қарастыра отырып, оның тұтас жүйе 
екендігін мойындайды. Құрылымдық принципті мойындай отырып, өз 
теорияларын қоғамның әр түрлі топтық құрылымына, олардың мүдделерінің 
әр түрлі болуына және бірі екіншісін пайдалану арқылы пайда табу 
әрекеттеріне талдау жасауға негіздейді.
Конфликтік парадигмалар қоғамдағы әлеуметтік топтардың бөліну 
негізіне және конфликтердің сипатына қарай, марксистік, неомарксистік 
және беймарксистік конфликтік парадигмаларға бөлінеді. 
Марксистік парадигмада экономикалық конфликт, әсіресе, қоғамның 
үстем және тәуелді топтарға бөлінуінен, сондай-ақ олардың арасындағы, ең 
алдымен, экономикалық қайшылықтардан туындайтындығына талдау 
жасауға басты назар аударылған. Социологиялық жүйелері марксистік 
теорияның ықпалында болған ғалымдарды неомарксистерге жатқызамыз. 
Дегенімен, олардың кейбіреулері өз көзқарастарын қалыптастырды. 
Неомарксистер, әсіресе, Маркстің қоғам даму тарихын анықтаудағы 
экономикалық фактордың маңызды немесе шешуші роль атқарады дейтін 
көзқарасына қарсы шығады. Неомарксистік парадигманың негізгі өкілдері 
қатарына Антонио Грамши, П.Уиллис, Инграм Тейлор, П.Уолтон, Дж.Янг, 
Юрген Хабермас сияқты ғалымдарды жатқызуға болады. 
Мәселен, Антонио Грамшидің пікірінше, билеуші таптың өндіріс құрал-
жабдықтарына иегерлік етуі оның бүкіл қоғамдық деңгейде лидер болуына 
және ең ықпалды лидер болуына негіз де, кепіл де бола алмайды. Оның 
себебі, біріншіден, мемлекет ешқашан да бірыңғай тек өндіріс құрал-
жабдықтың иегері болып отырған таптың мүддесіне қызмет ете алмайды деп 


көрсетеді. Грамшидің Маркстен өзгешілігі сол, ол таптардың өз ішінде 
жіктелуіне, тап аралық қабаттардың болатындығына үлкен мән береді. 
Франкфурт мектебінің өкілі Юрген Хабармас Маркстен кейінгі 
әлеуметтік өзгерістерді ескере отырып, Маркстің экономикалық күйзеліс 
капитализмінің күйреуіне әкеліп соғады деген пікіріне қарсы болады. 
Хабермас «Капиталистік елдердегі мемлекет өз экономикасына ықпал ете 
отырып, капиталистік елдердегі экономикалық жүйенің күйзеліске 
ұшырауын болдырмауы мүмкін» немесе оның қолайсыз жағдайға ұшырау 
мерзімін белгілі бір ұзақ уақытқа созуы мүмкін деген пікір айтады. 
Символикалық интеракционизм концепциясының өкілдері де әлеуметтік 
әрекетке көңіл бөледі, бірақ бұлар кіші шеңбердегі (әлеуметтік өзгерістер)
интеракциялық жағдайларға баса назар аударады. Әсіресе, символдың 
мәндік, мазмұндық жағына Мид ерекше көңіл бөледі. Адам тағдыры үшін ең 
құнды нәрсе – мән, мазмұн болып табылады. Әлеуметтік интеракция (өзара 
әрекет) теориясының авторы Джорж Герберт Мид(1893-1931). 
Сонымен, Мидтің пікірінше, адамдар әрі әлеуметтік ортаны өздері жасай 
алады, әрі сол ортаның ықпалында болады. Яғни, адам тек әлеуметтік ортада 
ғана қалыптаса алады. Және адамдар тек символдар дүниесінде ғана өмір 
сүреді әрі оның мәндік жағы, өмірдің мәндік сипаты адам қарым-қатынасына, 
іс-әрекетіне негіз болады деп көрсетеді. Ол алғаш рет әлеуметтік рольдер
теориясын қалыптастырды, 
Мидтің шәкірті Герберт Блюмер интеракционизм парадигмасын 
дамытуда елеулі үлес қосты. Оның пікірінше, символикалық интеракционизм 
үш түрлі алғышарттарға негізделеді: 1.Адамдар, ең алдымен, заттар мен 
құбылыстардың мәніне негізделе отырып, іс-әрекет жасайды.
2. Заттар мен құбылыстың мәні, мазмұны тек қана алдын ала анықталып, 
беріле бермейді және мазмұн белгілі бір интеракциялық жағдайға 
байланысты қалыптасуы да, түрленіп өзгеруі де, дамытылуы да мүмкін.
3. Мазмұн белгілі бір интеракциялық жағдайда жасалынған 
интерпретацияның қорытындысы болып табылады. Басқа біреудің ролін 
атқарушы адам қандай да бір процеске қатыса отырып, өзінің кейіпкерінің іс-
әрекеті мазмұнын және оның алдағы уақытта істейтін іс-әрекетін 
интерпретация жасап отырады. 
Сонымен, Блюмер интеракционистік парадигма мен әлеуметтік әрекет 
парадигмасының арасында елеулі айырмашылық бар деп есептейді 
Феноменологиялық парадигма. Бұл социологиялық бағыттың өкілдері 
адам санасының ішкі мазмұндық жағына баса назар аударады. Яғни, 
адамның ақыл арқылы сыртқы дүниені түсіну және жіктеу тәсілдеріне баса 
көңіл бөледі. Адамды және қоғамды зерттеуде олар әлеуметтік әрекетке 
көңіл бөлмейді, сондықтан адамның мінез-құлқының себептік жақтары 
қарастырылмайды. Керісінше, олар, ең алдымен, құбылыстың мазмұндық 
жағын түсінуге тырысады да, ал оның пайда болу себептеріне көңіл 
аудармайды. 
Феноменологтардың пікірінше, адам сыртқы ортаны тек сезім мүшелері 
арқылы ғана таниды: көру, есту, дәм, иіс, затқа дене мүшелерін тигізу 


арқылы. Бірақ ол сыртқы ортаны толық түсіну үшін жеткіліксіз болады. 
Демек, әлеуметтік өмірді тану үшін феноменологиялық жіктеу тәсілдерін 
зерттеудің қажеттілігін көрсетеді. Феноменолог - әлеуметтанушылар теория 
әзірлеп жатыр, ол бойынша әрекет етуші индивидтер жасағандықтан 
әлеуметтану ақиқаты өз табиғатынан жасанды. 
Қорыта келгенде, бұл тәсілдің негізінде философиялық көзқарастың 
жатқандығын көруге болады. Шындығында феноменология неміс философы 
Эдмурд Гуссерльдің дамытуымен алғаш рет Европа философиясының бір 
тармағы ретінде қалыптасқан болатын. Ал феноменологияны әлеуметтік 
өмірді түсіндіруде алғаш қолданған Альфред Шюц болған. 
Этнометодологиялық парадигма басқаларға қарағанда, біршама жаңа 
социологиялық концепция болып есептелінеді. 1967 жылы Гарольд 
Гарфинкель «этнометодология» ұғымын алғаш енгізген болатын. Жуықтап 
аударғанда «Адамдар қолданатын тәсілдер» деген мағынаны береді. Дәлірек 
айтқанда, этнометодологтар адамдардың әлеуметтік ортаны тануда 
қолданатын 
тәсілдерін 
зерттейді. 
Гарфинкель, 
біріншіден, 
этнометодологияны қарапайым адамдардың күнделікті өмір-тіршілігіндегі іс-
әрекеттерін түсіндіре алуға болатындығын көрсететін тәсілдердің жиынтығы 
ретінде қарастырылады. Екіншіден, кез келген әлеуметтік құбылыстар мен 
әрекеттердің барлығы тең дәрежеде социологиялық зерттеулердің пәні бола 
алады деп қарастырады. Үшіншіден, ол әлеуметтік жағдайдың өзіндік 
спецификасын ескеруі керек және оны ресми ғылыми тілмен емес, керісінше, 
сол жағдайдың өзіндік ерекшелігін барынша толық көрсете алатын ауызекі 
тілді, тәсілдерді қолдануы қажет деп көрсетеді. 
Этнометодология парадигмасындағы басты идея – ол «индексация» 
идеясы. Мұның мәні – кез келген зат пен құбылысты немесе мінез-құлықтың 
мазмұны оның контексінен өрбиді деген қағиданы ұстануда. Яғни, 
Гарфинкельдің пікірінше, кез келген әрекеттердің мәнін тек белгілі бір 
контекст тұрғысынан қарастырған жағдайда ғана түсіндіруге болады. 
Д.Х.Зиммерман этнометодологияның басты мәні – «қоғам мүшелері 
дүниедегі құбылыстарды түсіну мәселесін қалай шеше алатындығын 
түсіндіруде», 

деп 
көрсетеді. 
Зиммерман 
құжаттық 
тәсілдің 
(документальный метод) маңызын жоғары қояды. Жоғарыда көрсетілген 
парадигмалар өздерінің қоғамды талдау сипатына қарай екі түрге бөлінген. 
Егер бірінші түрдегі парадигмалар қоғамның құрылымы адамдардың мінез-
құлқына қалай ықпал ететініне басты назар аударса, ал екіншілері – қалай 
адамдардың әлеуметтік әрекеттері арқылы қоғамның құрылатындығына 
басты назар аударады. Алайда, қазіргі социологтардың көпшілігі жоғарыдағы 
екі көзқарасты біріктіретін теорияны жасауды жақтайды. Осындай 
көзқарасты жақтайтын қазіргі социологтардың бірі – Британ социологы 
Антони Гидденс болып есептеледі. Гидденс қоғамның құрылымы мен 
әлеуметтік әрекет бір-бірінен бөлек өмір сүрмейді деп есептейді. Оның 
пікірінше, қоғамның әлеуметтік құрылымы тек әлеуметтік әрекеттер арқылы 
ғана жасалынады. Ол екеуінің өзара тәуелділігін немесе өзара байланысын 
түсіндіру үшін, Гидденс «структуракция» ұғымын қолданады. Ол мұнда, 


біріншіден, құрылым болған жерде ғана әлеуметтік әрекеттер арқылы ғана 
құрылымның жасалатындығын көрсетеді. 
Әлеуметтік өмірде Гидденс құрылымның екі түрін көреді: «қағидалар» 
және «ресурстар». Ол әлеуметтік өмірде адамдар басшылыққа алып 
отыратын процедураларды қағидаларға жатқызады. Құрылымдық қағидалар 
қоғам мүшелері арқылы жасалып және өзгертіліп, олардың жаңа үлгілері 
жасалынып отыруы мүмкін. Құрылымның екінші түрі – ресурстар да сол 
сияқты тек адамдардың әрекеттері арқылы жасалып, өзгеріп және сақталып 
отырады деп көрсетілдеді. Билік ресурсы болуы мүмкін емес. Екіншіден, 
билік ресурсы бір индивидтің екіншісінің үстінен үстемдік жүргізу қабілеті 
арқылы көрініп отырады. Ф. Гидденс социологиялық үлгіні құру үшін 
барлығын қамтушы элементар қағидаларды табуға тырысты. Олар: туу сана-
сезімі, сондай-ақ әлеуметтік ақыл-ой, индивидтердің бір-біріне деген 
сезімдер бірлігі. Оның ойынша, қоғам-санасыз эволюция жемісінің бір бөлігі, 
саналы жоспар нәтижесін құрастырушы ерекше ұйым, сондықтан социология 
объективті және субъективті түсіндірмелерді біріктіруі қажет. Адамдар 
тобының динамикасы – екі күштер типтердің өзара іс-әрекеті: 
әлеуметтендіруші және әлеуметтік. Біріншісі – сыртқы жағдайлар олар топты
қалыптастырып ұйымдарды дамытып әлеумет-тендіреді. Мәселен: топырақ, 
климат, индивидтердің ұмтылушылықтары мен ынтызарлығы. Екіншісі – 
топтық әсері индивидтердің топтық мақсаттарға жетуге бағытталу іс-әрекеті. 
Мәселен: қоғамдық пікір, заңдар. 
ХІХғ. ортасы мен екінші жартысында позитивті-натуралистік 
дүниетанымдық көзқарастар мен сол кездегі социологияда Батыстың 
интеллектуалдық жетістіктеріне негізделіп дамыды. 
Эволюциялық теория ХІХғ. екінші жартысында негізгі идеялық климат 
факторы болды. Эволюция сол кезеңдегі қоғамдық ойлардың дамуына бағыт 
көрсетуші ретінде, адам мен табиғат тарихы заңдарының бірлігі 
жаратылыстану мен қоғамдық ғылымдар әдістерінің көзқарастарына 
сүйенеді. 
Биолого-эволюциялық 
мектептерде 
әлеуметтік 
эволюцияны 
биологиялық эволюцияның жалғасы немесе бір бөлігі ретінде қарастырды. 
Осылайша, биорганикалық мектеп әлеуметтік біртұтастылық құрылымына 
ерекше мән берсе, ал нәсілдік-антропологиялық мектеп- адамға биологиялық 
табиғаттың әсерін, нәсілдік мінездемелері мен оның қоғамдық өмір 
генотипіне әсерін қарастырды, әлеуметтік дарвинизм - өмір сүру үшін күрес 
және табиғи сұрыпталу, географиялық мектеп–географиялық орта мен 
кеңістіктегі адамдардың таралуы мен орналасуы т.б. мән берді. 
4.
Отандық социологияның қалыптасуы едәуір дәрежеде бұл ғылымның 
кеңестік қоғам дәуірінде дамуымен байланысты. Социология ғылымының 
осы кезеңдегі қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерін атап өтейік. 
ХХ ғасырдың басында Ресейдегі социологияның дамуы өрлеу үстінде 
болды. 1917 жылғы революцияға дейін мұнда айтарлықтай жоғары 
интеллектуалдық әлеует қалыптасты. Ол мыналардан көрінді: 


а) академиялық социологияның теориялық зерттеулері басым маркстік 
емес дәстүрінен - Н.И. Кареев, П.А. Сорокин, К.М. Тахтарев және басқалар; 
б) саяси күресте социологияны радикалдандыру басым марксистік 
дәстүрмен - А.А. Богданов, В.И. Ленин, Е.А. Энгель және басқалар. [21, 
72-б.]. 
Ресейде ХХ ғасырдың басында басталған социологияның институттану 
процесі 1922 жылы Лениннің “Жауынгер материализмнің маңызы туралы” 
(“О значении воинствующего материализма”) мақаласы жарық көргеннен 
кейін тоқтап қалды, онда оқыту процесіне коммунистік бақылау туралы 
мәселе қойылған еді. 1918 - 20 жылдары құрылған социология кафедралары 
қудалауға ұшырады. Нәтижесінде П.А. Сорокин, Г.Д. Гурвич сияқты және 
т.б. қоғамтанушы көрнекті ғалымдар елден көшіп кетті, бұл социологияның 
ғылым ретінде дамуын мемлекеттік жүйенің қадағалауында өмір сүру және 
ғылыми дәстүрлерін үзіп алу қаупін төндірді. Сонымен қатар, ХХ ғасырдың 
20-жылдарындағы социология белгілі бір дәрежеде жемісті болды. Саяси 
өкіметтің жаңа түрі орнағаннан кейін өтпелі кезеңдегі революциялық 
түрленулер нәтижесінде тапсыз социалистік қоғам (буржуазиясыз тарих) - 
коммунизмнің алғышартын жасау үшін қажет нәрсенің бәрі деп есептелді. 
Бұл тұрғыдан да кеңестік социология жаңашыл сипатқа ие болды: оның 
объектісі қоғамдық меншік негізінде құрылатын қоғам болды Қазақстанда 
1964 жылы ҚазКСР ҒА Құқық философиясы институтының жанындағы 
қылмыстың әлеуметтік-психологиялық проблемаларын зерделеу жөніндегі 
топ ұйымдастырылды, оны заң ғылымдарының кандидаты У.Жекенбаев 
басқарды. Топ қылмыс социологиясы саласындағы проблемалармен 
шұғылданды. ғылыми өмірдегі маңызды оқиға КСРО-ға Батыстың көрнекті 
ғалымдары Р.Аронның, Р.Мертонның, Т.Парсонстің келуі болды (1958 - 64). 
1970-ші жылдары Қазақстанда мына бағыттар бойынша бірнеше 
социологиялық топтар құрылып, жұмыс істеді:
ұлттық қатынастардың дамуын басқару проблемаларын зерделеу 
жөніндегі топ (1970), жетекшісі - Сужиков М.М.;
ғылыми-техникалық 
революцияның 
(ҒТР) 
рухани-идеологиялық 
салдарларын зерделеу жөніндегі топ (1974), жетекшісі - Черняк В.А.;
Қазақ политехникалық институты жанындағы өнеркәсіптік социология 
лабораториясы (1975), жетекшісі - Батырбеков М.Б. [23, 140-б.].
Осы даму кезеңінде социология марксистік әдістеме шеңберінде белгілі 
бір тәжірибе жинақтады. Осы жылдарда қазақстандық авторлардың - С.Н. 
Соскин, А.А. Рогачев, У.М. Ысқақов, А.Ш. Алтаев, Н.А. Аитов сияқты 
ғалымдардың социологиялық зерттеулер нәтижесі бойынша алғашқы 
ғылыми еңбектері, социалистік қоғамның, еңбек ұжымының, қала мен 
ауылдың әлеуметтік құрылымы проблемаларын зерделеуге социологиялық 
зерттеулер әдістерін қолдану жөніндегі әр түрлі әдістемелік ұсынымдары 
жарыққа шықты. Л.А. Байдельдиновтің, Ө.К. Шеденовтің, Д.А. Доржтің және 
т.б. еңбектерінде социологиялық ғылымның қолданбалы жақтары 
қарастырылды. Социологиядағы жеке тұлғаның проблемалары Ғ.Ғ. 
Ақмамбетовтің, Т.М. Дәуітовтің және т.б. еңбектерінде қаралған. 


Жоғары оқу орындарындағы социологияның қалыптасуы мен дамуына 
1996 
жылы 
социологиялық 
ғылымдардың 
докторы, 
профессор 
К.Ғабдуллинаның жетекшілігімен құрылған “Социологтар академиясы” 
социологиялық орталығы үлкен рөл атқарды. 
Қазақстандық социологияның дамуы мен қалыптасуына Нариман 
Әбдірахманұлы Аитов ерекше үлес қосты. Ол ондаған ғылыми еңбектер, 
алғашқы жаңа буын оқулықтарын жазған. А.Ә. Аитовтың жаңа еңбектерінің 
бірі “Тең емес адамдардың теңдігі” марксистік және қазіргі заманғы 
әдістемелердің өзіндік ара жігін ашушы болды. 
Социология ғылымының қолданбалылық маңызы социологиялық 
зерттеулер нәтижелерінің мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда пайда-
ланылуынан көрінді. Мемлекеттік органдардың жанынан социологиялық 
зерттеулерге мамандандырылған орталықтар құрылған және жұмыс істеуде. 
Мысалы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан 
стратегиялық зерттеулер инстиутты, Қазақстан Республикасы Президентінің 
жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының Мемлекеттік басқару мен 
мемлекеттік қызмет теориялары мен тәжірибелерінің ғылыми-зерттеу 
институты, Қазақстан Республикасы Парламентінің Ақпараттық-талдау 
қызметі, Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім 
министрілігінің Талдау және мониторинг орталығы, бұларда нақты-
әлеуметтік зерттеулер, кең көлемді жобалар, қоғамдық-саяси және 
әлеуметтік-экономикалық ахуалдар мониторингі жүруде. 
Социологиялық қызмет көрсету рыногының дамуы қазақстандық саяси 
және маркетингтік кеңістікте шынайы сипаттамаларға ие болды. 
Мемлекеттік орталықтармен қатар талдамалық ақпарат беру және қоғамдық 
сауал салу мен маркетингтік зертеулер жүргізу жөніндегі қызметтер 
көрсететін бірқатар жеке меншік орталықтар бар: BRІF Research Group, 
ЦИОМ, ЦЕССИ - Қазақстан салыстырмалы әлеуметтік зерттеулер 
институты, БИСАМ-ЦЕНТРАЛ ЭЙЖА, Алматы тәуелсіз социологтар мен 
саясаттанушылар ассоциациясы, КИСЭИП, КОМКОН 2-Еуразия және т.б. 
Бұл ұйымдардың аймақтық менеджерлер мен интервьюерлер желісі түріндегі 
құрылымдары, ғылыми-әдістемелік зерттеу базасы, ақпаратты өңдеудің жаңа 
компьютерлік технологиялары бар. Жеке меншік компаниялардың 
коммерциялық негізде қызмет ететіндігінен қымбат тұратын жобаларды 
жүзеге асыруға мүмкіндіктері бар.
Қорытынды:Ақпараттық мәдениет — білу, мақсатты түрде ақпаратпен 
жұмыс істеуге және пайдалану үшін, оны алу, өңдеу және берудің 
компьютерлік ақпараттық технологияны, заманауи техникалық құралдар мен 
әдістері.Еркін бағдарлану үшін ақпараттық ағында адам болуы тиіс 
ақпараттық 
мәдени 
құрамдас 
бөлігінің 
бірі 
ретінде 
жалпы 
мәдениет.Ақпараттық 
қоғамда 
бастау 
қажет 
игеруге 
ақпараттық 
шынықтырумен бала кезінен бастап, алдымен көмегімен электронды 
ойыншықтар, содан кейін тарта отырып, дербес компьютер. Жоғары оқу 
орындары үшін ақпараттық қоғамның әлеуметтік тапсырысы деп санауға 
болады қамтамасыз ету, студенттің ақпараттық мәдениет деңгейін қажетті 


қызметтің нақты саласындағы. Сонымен қатар ақпараттық бағытындағы 
теориялық пәндерді оқумен көп уақыт бөлу қажет компьютерлік ақпараттық 
технологияларға базалық құрамдас бөлігі болып табылатын болашақ. Оқыту 
сапасы анықталуы тиіс дәрежесімен бекітілген тұрақты жұмыс дағдыларын 
ортаға базалық ақпараттық технологияларды шешу кезінде типтік 
практикалық міндеттерді шешу.Ақпараттық қоғамда ауырлық орталығы 
тиесілі қоғамдық өндіру, айтарлықтай артады дайындық деңгейіне 
қойылатын талаптар барлық қатысушылар. Сондықтан бағдарламада 
ақпараттандыру керек ерекше назар аудару білім беруді ақпараттандыру 
бағыттары ретінде, байланысты сатып алу және дамуымен ақпараттық 
мәдениет адам. Бұл, өз кезегінде, өз білім ереже «объектісінің» ақпарат талап 
етіледі мәселен мазмұнын өзгертуі даярлауды қамтамасыз ету үшін болашақ 
маманға тек жалпы білімдік және кәсіби білім саласында информатика және 
қажетті ақпараттық мәдениет деңгейі
болып табылады
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет