Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі коммерциялық емес акционерлік қоғам


әлеуметтік  институттардың бес негізгі түрі



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата15.03.2023
өлшемі427,12 Kb.
#172626
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
СЕМЕСТРЛІК ЖҰМЫС № 1
чек лист терапия, Жақсыбек Ерасыл 4 Зертханалық жұмыс, Теплоэнергетика Зертхана-1 У.С
әлеуметтік 
институттардың бес негізгі түрі
бар: 
- бала туу, өсуі (отбасы және неке институты); 
- қауіпсіздік және әлеуметтік тәртіп (саяси институттар, мемлекет); 
- тұрмыстық құрал-жабдықтар өндіру (экономикалық институттар, 
өндіріс); 
- білімді беру, өскелең ұрпақты әлеуметтендіру, кадрлар даярлау (білім 
беру, ғылыми және мәдени институттар); 
- рухани мәселелер, тіршілік мағынасын шешетін қажеттіліктер (дін 
институты).
4.Қ
оғамды зерделеуге деген социологиялық көзқарастың ерекшелігін 
нақты анықтап алу үшін социологияның әлеуметтік философиямен, 
тарихпен, саясаттанумен, экономикалық ғылыммен және басқа қоғамдық 
ғылымдармен арақатынасын және өзара әрекетін қарастырудың маңызы зор. 
Социология және әлеуметтік философия. Әлеуметтік философия 
дегеніміз философияның қоғамның сапалық өзіндік ерекшеліктерін және 
оның табиғаттан өзгешеліктерін ұғынуға арналған бөлімі. Ол қоғамның өмір 
сүруінің мәні мен мақсатының, оның дамуының, тағдыры мен 
перспективаларының, бағыттылығының, қозғаушы күштерінің және оның 
дамуының проблемаларын талдайды. Әлеуметтік-философиялық ой-
толғанымдардың пәндік саласы қоғам өмірін зерттеу, ең алдымен олардың 
бел ортасында өмірдің маңызды проблемалары тұратын дүниетанымдық 
проблемаларды шешу тұрғысынан зерттеу болып табылады. 


Әлеуметтік философия мен социологияның зерттеу объектілерінің бір-
біріне дәл келетін тұстары өте көп. Әлеуметтік философия да, социология да 
қоғамды тұтас, жүйелі түрде, оған енетін бірліктерін интегралдық құрылым 
ретінде қарастырады. Бұл осы ғылымдардың бір-бірімен ерекше тығыз 
байланысын анықтайтын ортақ сипаты. Алайда социологияның объектісі мен 
пәні нақтылырақ, қоғамның дамуын аса жоғары деңгейдегі абстракциямен 
сипаттайтын әлеуметтік философияның объектісімен және пәнімен 
салыстырғанда абстрактілігі аз. Әлеуметтік философия қоғамдық 
проблемаларды логикалық ой-толғаныс тізбегінде дамитын белгілі бір 
ұстанымдарды басшылыққа ала отырып шешеді. Социология болса басқа 
қоғамдық ғылымдардың нәтижелерін пайдала отырып эмпирикалық 
тексерілетін әлеуметтік фактілерді жинауға және талдауға, осы ғылымның 
шеңберінде алынған тиісті эмпирикалық мәліметтерді тұжырымдауға 
сүйенеді.
Неғұрлым көбірек тұжырымдалған заңдар мен категорияларды білу 
әрқашан да азырақ тұжырымдалған заңдар мен категорияларды зерделеуге 
дұрыс жол табудың қаншалықты қажетті алғышарты болса, әлеуметтік 
философия социологияның соншалық жалпы теориялық және әдістемелік 
негізі болады. Қоғамның әлеуметтік құрылымы да, оның жеке элементтері де 
тұтас нәрсенің бір бөлігін сол нәрседен тыс түсінуге болмайтындығы сияқты, 
тұтас қоғамның мәнін, оның әр түрлі салаларының өзара әрекетін және т.б. 
түсінуден тыс терең әрі ойдағыдай зерделене алмайды. Екінші жағын алар 
болсақ, социология қоғамдық өмірді оның бар күрделі сан қырлылығын 
нақты талдай отырып, әлеуметтік философияның ұғымдық аппаратын және 
пәндік мазмұнын байытуға, олардың шынайы өмірмен, тәжірибемен 
байланысын ұлғайту және тереңдету негізінде оның ережелері мен 
қорытындыларын айқындауға және нақтылауға ықпал етеді. 
Социология және тарих. Тарих - ежелгі қоғамдық ғылымдардың бірі. 
Тарих қоғамды хронологиялық түрде нақты зерттейді. Ол бұрынғы өткен 
әлеуметтік оқиғаларды зерделеуге бағытталған, әр түрлі дәуірлер туралы 
олардың оқиғаларын қадағалай және оларды кеңістіктік-уақыттық тұтастық 
ретінде сипаттай отырып, мәліметтер жинайды. Осылайша ол әр түрлі 
әлеуметтік құбылыстар мен қоғамның даму кезеңдері туралы нақты материал 
жинақтайды. Бір айырмашылығы, ғылым ретінде социологиядағы ең басты 
нәрсе - өткен және осы шақтағы әлеуметтік тәжірибені жалпыландыру, 
берілген әлеуметтік құбылыстардың, оқиғалардың, процестердің осы 
қатарындағы 
қайталанатындарын, 
тұрпаттыларын, 
мән-мағыналық 
заңдылықтарын бөліп қарау. Сонымен социология тарихқа қарағанда 
неғұрлым жоғары абстракциялық деңгейдегі ғылым болып табылады. Іс 
жүзінде социология тарих (сондай-ақ басқа ғылым да) беретін мәліметтерді 
пайдаланады, әлеуметтік құбылыстардың жеке түрлерінің ортақ қасиеттерін 
атап өтеді және олардың типологиялық бейнесін береді.
Егер тарих қоғамдық өмірдің барлық салаларын, жақтарын, пайда болу 
нысандарын зерттейтін болса, ал социология қоғамдағы “әлеуметтікті” ғана 
зерделейді. Тағы бір атап өтетініміз, тарих ғылымы тек болған және тарихқа 


енгендерді ғана зерделейтін болса, социология өз ізденістерін қазіргі заманға 
көбірек бұрады және өзіне қажетті элемент ретінде әлеуметтік болжам 
жасауды қамтиды. Социология мен тарихтың өзара қарым-қатынасы ең 
алдымен әлеуметтік ережелер мен қорытындылар тікелей тарихи фактілерді, 
тарихи тәжірибені тұжырымдауға сүйенетіндігімен айқындалады. Екінші 
жағынан алғанда, әлеуметтік философиямен бірге социология тарих 
ғылымының жалпы теориялық және әдістемелік негізі болады. 
Социология және саясаттану. Социология пәні мен саясаттану арасында 
өзара тығыз байланыс бар. Олар: 

әлеуметтік қауымдастықтар, әлеуметтік ұйымдар мен институттар 
саясаттың маңызды субъектілері және объектілері болып табылады; 

саяси қызмет жеке тұлғаның және олардың қауымдастығының өмірлік 
қызметінің қоғамдағы өзгерістерге тікелей ықпал ететін негізгі 
нысандарының бірі болып табылады; 

саясат өте кең ауқымды, күрделі және көп қырлы құбылыс ретінде 
қоғамдық өмірдің барлық салаларында көрініс табады және көбіне қоғамның 
жалпы дамуын айқындайды. 
Саясаттану ғаламдық қоғам құрылымының бір ғана саласын, яғни 
биліктің ұйымдастырылуын зерттейді. Бірақ саясаттану бұл саланы қатаң 
ғылыми әдістермен осы құрылымның басқа бөліктерімен байланыстыра 
қарастырғанда ғана зерделей алады. Бұл саясаттанудың саяси құрылым мен 
саяси институттарды, саяси биліктің құрылымдары мен ұйымдастырылуы 
сипаттамаларын зерделегенде, социология ашатын ғаламдық қоғамның 
құрылымына жататын заңдарды ескеруге тиіс екенін білдіреді. Социология 
да жеке топтар мен жалпы қоғамның саяси қарым-қатынастарын және саяси 
құрылымын зерделей алады, бірақ ол мұны олардың қоғамдық құбылыстар 
ретіндегі мән-мағынасын айқындау мақсатында жасайды. 
Азаматтық қоғамды зерттеуде саясаттануды қызықтыратыны ең 
алдымен азаматтың құқықтары мен міндеттері, саяси жүйенің құрылымы мен 
саяси билікке қатысты (саяси) қарым-қатынастар, саяси институттар мен 
ұйымдардың орны, рөлі және қызметтері. Ал социология азаматтық қоғамға 
оның әлеуметтік құрылымын талдау, жеке тұлғаның мәртебесі, таптар және 
басқа да әлеуметтік топтар, ұлттар мен ұлыстар, олардың өзара әрекеті және 
т.б. тұрғысынан қарайды. 
Социология және психология


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет