Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі



бет33/39
Дата05.01.2023
өлшемі3,56 Mb.
#165019
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   39
Байланысты:
Компьютерлік желі-умкд

7.3.2 OSPF хаттамасын баптау
1 RIP хаттамасын жойып, орнына OSPF байланыс арнасы күйінің хаттамасын орнатыңыз. Желінің статикалық маршрутизация құрылған бөлігіне тимеңіз. RIP хаттамасын жою үшін no router rip командасы глобалды конфигурация режимде қолданылады.
2 OSPF-ты орнату үшін әдістемелік нұсқауға жүгініңіз, ID-процесс орнына 1, ал ID-аймақтық ретінде 10 санын қолданыңыз.
3 RAM-нан NVRAM-ға конфигурацияларды сақтаңыз.
4 Маршрутизаторлар арасындағы желі жұмысын ping командасын қолданып тестілеу және зерттеу қажет.
5 OSPF хаттамасының жұмыс ерекшелігін show ip ospf, show ip ospf interface, show ip ospf border-routers командаларын қолданып анықтап және RIP хаттамасының жұмыс істеу сипаттамаларымен салыстырыңыз.
6 Telnet командасының көмегімен көршілес маршрутизатормен қашықтан байланысты ұйымдастыру және көршілес маршрутизатордың конфигурациясына кейбір өзгерістерді ендіру қажет.
7.4 Бақылау сұрақтары
1 Динамикалық және статикалық маршрутизация.
2 RIP протоколы. Маршрутизациялаудағы бұғауды болдырмау механизмдері (poisoned reverse, split horizon, hop-count limit), RIP пен IGRP салыстыру.
3 SPF алгоритмі. OSPF протоколы. Аймақ типтері (Backbone area, Stub area, NSSA area), LSA типтері, байланысты орналастыру механизмдері.
4 IS-IS протоколы. Жұмыс істеу принципі
5 IGRP және EIGRP протоколдары. Жұмыс істеу принциптері
6 Циклдық маршруттарды жою амалдары.
7 Маршрутизация протоколы және маршрутталатын протоколдар.
9-10 зертханалық жұмыс. Енуді басқару тізімі (ACL)
Жұмыс мақсаты: маршрутизаторда дестелерді сүзгілеуді енуді басқару тізімін қолдану арқылы құруды үйрену.
9.1 Жұмыс тапсырмасы
9.1.1 Сіздің желі топологиясы үшін енуді басқару тізімін құру жоспарын құрастыру және де осы жоспарды жүзеге асыру қажет.
9.1.2 Маршрутизатордың белгілі бір интерфейсі арқылы енетін дестелерді сүзгілейтін стандартты енуді басқару тізімін құру.
9.1.3 Маршрутизатордың белгілі бір интерфейсі арқылы шығатын дестелерді сүзгілейтін стандартты енуді басқару тізімін құру.
9.1.4 Сіздің серверіңіздің орналасуына байланысты белгілі бір маршрутизатор портын таңдай отырып, кеңейтілген енуді басқару тізімін құру.
9.1.5 Енуді басқару тізімі туралы ақпаратты көру.
9.1.6 Қатынас құру тізімін жұмыс мүмкіндігіне тексеру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет