Қазақстан Республикасы халқының Тілдері мерекесіне арналған онкүндіктің сараптамасы 2016-2017 оқу жылы



Дата06.02.2022
өлшемі28,64 Kb.
#33308

Ортақ орта мектебі




Қазақстан Республикасы халқының Тілдері мерекесіне арналған
онкүндіктің сараптамасы
2016-2017 оқу жылы

Ортақ орта мектебінде 2016 жылдың 7 қыркүйегі мен 16 қыркүйектері аралығында Қазақстан Республикасы халқының Тілдері мерекесіне арналған «Жеті жұрттың тілін біл...» тақырыбында онкүндік өткізілді.


Онкүндіктің өткізу барысы қазіргі заман талабына сәйкес үш тілде ұйымдастырылды. Онкүндікте тіл мәртебесін көтеруге, ұлттық тіліміздің өркендеп-өсуіне үлес қосуларына, қазіргі жаһандану заманындағы үш тұғырлы тіл мәселесіне көзқарастарын қалыптастыру мақсаты көзделді.
Онкүндіктің ашылу салтанаты «Тілім менің – қасиетім, қазынам» деген тақырыптағы әдеби-сазды монтаж түрінде ұйымдастырылды. Орыс тілі пәнінің мұғалімі З.Б. Жуматаеваның ұйымдастыруымен өткізілген бұл іс-шараға 5-11-сынып оқушылары түгелдей атсалысты. «Тіл» деген сөзге қазақша, орысша класстер жасады. Әр сынып алдын-ала дайындаған өлеңдерін оқып, патриоттық тақырыптағы әндер шырқалды. Оқушылар «Тіл» деген сөзді бес жолды өлеңмен қорытындылап, түйін жасады.
Екінші күні «Көптілділік – халықтар достығының негізі» дебат ұйымдастырылды. Оқушылар «Көптілділік – заман талабы», «Көптілділіктен туындайтын мәселелер» тақырыбында ой өрбітіп, әрқайсысы өзіндік ой-пікірлерін, көзқарастарын білдіріп, дәйектер келтіре отырып ұтымды жауап беріп, ділмарлықтарын көрсетті. Ойкөкпар жалпы көрермендерге де жаңа ой, көзқарас қалыптасуына негіз болды. Ерекше көзге түскен 10-сынып оқушылары Амангелді Назарбай мен Ерғали Жарқынды, 9-сынып оқушысы Кожина Жайнар мен Бейсембі Сабинаны атап өтуге болады.
Үшінші күні ағалшын тілі пәнінің мұғалімі Ж.Ш. Таңатқанның ұйымдастыруымен «Ұлт тілі – Ұлының үні» көптілді көркем сөз шеберлерінің сайысы болып өтті. Бұл іс-шараға қатысқан оқушылар үш тілде өлеңді мәнерлеп оқыды. Үш тілді де мәнерлеп оқыған 9-сынып оқушысы Кожина Жайнар мен Амангелді Назарбай ерекше көзге түсті. 7-сынып оқушылары қазақша өлеңді мәнерлеп оқудан Баби Шолпан, Бекболат Ахниет пен Аңсаған ерекшеленсе, ағылшынша мәнерімен 10-сынып оқушылары Амангелді Назарбай, Салимова Анель, Ерғали Жарқынды атауға болады.
Төртінші күні «Тіл - тірегім» деген тақырыппен қабырға газеттерінің байқауы ұйымдастырылды. Барлық сынып оқушылары белсенділік танытып, қабырға газеттерін безендіруге, өздерінің жүрекжарды тілектерін білдіріп, өз шығармашылықтарынан өлеңдерін тарту етті.
Онкүндіктің бесінші күні «Полиглот» зияткерлік ойыны ұйымдастырылды. Аталған шараға қатысқан оқушылар өздерінің үш тілде де тапсырманы жаңылмай айтуға тырысты.
Алтыншы күні оқушылар «Тәуелсіз елдің ұланымыз» тақырыбында мақалалар жазып, тіл тақырыбында тіл мамандарының ұйымдастыруымен диктант жазды.
Жетінші күні «Тіл – дарын - 2016» олимпиадасы ұйымдастырылды. Қатысқан оқушылар өздерін үш тілде таныстырды . Үй тапсырмасы бойынша өз өнерлерін ортаға салды. Берілген тақырып бойынша үш тілде мәтін жазды және орыс тілі мен ағылшын тілдерінен берілген мәтіндерді қазақшаға аударып, өз білімдерін көрсете алды. Үш тілде де еркін мәтін құрап, тақырыпқа лайықты мәтін жазғандар: 10-сынып оқушысы: Амангелді Н. 9-сынып оқушысы Кожина Ж. 8-сынып оқушысы Аубакиров Н.
«Бала тілі – бал» бүлдіршіндер арасында мәнерлеп оқу сайысы бастауыш сынып мұғалімі А.К. Омарованың ұйымдастыруымен өтті. Мерекеге арналған өлеңдерін үш тілде мәнерлеп оқып, ерекше көзге түскен 4-сынып оқушылары Капбасова А., Тлепберген Ү. т.б.
«Салт-дәстүр – асыл қазына» тақырыбында әдеби-сазды монтаж Қазақстанда тұратын ұлт өкілдерінің салт-дәстүрін, өнерін танып-білу мақсатында ұйымдастырылды. Әр сынып қалаулары бойынша өзге ұлттың салт-дәстүрін, дастархан мәзірін, қонақ күту рәсімдері мен ән-биін көпшілікке таныстырды.
«Тіл – татулықтың тірегі» фесиваль онкүндіктің қорытындысы ретінде ұйымдастырылып, ең үздік, көпшіліктің көңілінен шыққан өнерпаздар ортада өнерлерін көрсетті. Ең жақсы қатысқан оқушылар түрлі номинациялар бойынша марапатталды.

\


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет