«Н. Наушабаев атындағы Затобол мектеп-гимназиясы» мм қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сейтмаганбетова Шолпан Жугеревна



Дата12.03.2018
өлшемі92,32 Kb.
#39271
«Н.Наушабаев атындағы Затобол мектеп-гимназиясы» ММ

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Сейтмаганбетова Шолпан Жугеревна

Қазақ әдебиеті

Мұғалім

Уақыты

Кабинет

Сабақтың тақырыбы:

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы өмірі мен шығармашылығы

Мақсаты

Мәшһүр Жүсіптің өмірі мен шығармашылығы туралы біледі, өлеңдерінің құрылысына талдау жасайды және мәнерлеп оқу дағдысы қалыптасады, туындылары ерекшеліктерін түсінеді, оқушылар өз көзқарастары мен пікірлерін ортаға салады.

Сабақтың әдісі: 

Іздену, топтық жұмыс, шығармашылық, әңгімелеу

Сабақтың түрі:

Жүйелеу сабағы

Сабақтың көрнекілігі:

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы портреті, интерактивтік тақта, слайд, шығармалар жинақтары

Топқа бөлу

Сыныпты түстер арқылы топтарға бөлу

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Психологиялық дайындық

Қуаныш бүгін ерекше

Шуағын шашып тұр әлем.

Білімнің түскен жолына,

Достарым,саған мың сәлем.

Ендеше,тілек тілейік,

Баршамыз ізгі ниетпен.

Тарихтың зерттеп қойнауын,

Тәуелсіз елдің өрені.

Жетейік биік белеске,



Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Қызығушылықты ояту

Мұғалімнің сөзі: Бүгінгі сабағымызда ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың алғашқы бөлігінде өмір сүрген үлкен ақын, тамаша ғалым, философ, ауыз әдебиеті үлгілерінің қажымас жинаушысы, сан қырлы талант иесі Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармашылығын негізге ала отырып, «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының өмірі мен шығармашылығы» атты сабағымызды бастаймыз.
Оқушыларды бірнеше топқа бөлеміз, олар «Білімділер», «Зерттеушілер», «Ізденушілер», «Сарапшылар» тобына бөлінді.Әр топқа бағыттары бойынша тапсырмалар берілді.Оқушыларға берілген уақыттан кейін өз тапсырмаларын қорғайды.
«Білімділер» - Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі, ақын, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы 1858 жылы қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы өңірдің Найзатас деген жерінде дүниеге келген. Ауыл молдасынан білім алған. 1870 жылдары Хамаретдин хазіреттің медресесінде, одан кейін Бұқарадағы Мірараб медресесінде білім алған.

Ақын өз заманының барлық болмыс-бітімін, бүкіл қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, рухани-мәдени өсу деңгейін, кем-кетік тұстарын кеңінен толғады.



«Зерттеушілер» - Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы дастандарының мазмұнын, сюжетін түсіну.

Ақын Шығыс қисса - дастандарының, мысал - өлеңдерінің інжу - маржандарынан үлгі алды. Өзі де соған еліктеп «Гүлшат - Шеризат», «Ғибратнама», «Баяннама», т.б. дастандар мен өлеңдерін жазды.

«Гүлшат - Шеризат» дастанының тілі мен құрылымы ақынның шығыстық сюжеттерін қайталамай, өзінше жаңғыртып, қазақша нұсқасын жасағанын аңғартады.

«Ізденушілер» - 1.Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы өлеңдерінен көркемдеуіш құралдарды (теңеу, эпитет, метафора, анафора, эпифора, т.б.) табу, дәптерге жазу.

2.Абайдың 29 - қарасөзінде мақалдарды сынауы мен Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының өз шығармаларында мақалдар жайлы жазған пікірлерін өзара салыстыру.



«Сарапшылар» - Мәшһүр Жүсіп - көсемсөзші, фольклортанушы.

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы - жазушылық еңбегімен қатар ұлттық ауыз әдебиетінің мұралары мен тарихи мәліметтерді, әдет-ғұрыптарымызға байланысты деректерді жинаумен, оны зерттеумен айналысқан фольклортанушы - этнограф қаламгер. Оның қолымен қағаз бетіне түсірілген әңгімелер, ертегілер, айтыстар, жыр-дастандар бүгінгі мәдениетіміздің алтын қорынан берік орын алған.




Өздік жұмыс – «Хал-ахуал» өлеңін талдау. 
1. Өлеңді мәнерлеп оқу.
2. Өлеңнің мақсаты мен идеясын ашу.
3. Көркемдегіш құралдарды анықтау және оның өлеңді жеткізудегі мәнін ашу.
4. Өлеңді құрылысына талдау.
5. Өлеңді мақал – мәтелмен, нақыл сөзбен түйіндеу.

Хал-ахуал
Жігіттер, жақсы қайда өнер шыққан,
Жүдеген ғаріптердің көңілін ашқан.
Анау озық, мен кейін қалам ба деп,
Көз салып бірін-бірі шамаласқан?
Сүрініп ат аяғы кетер болса,
Дұшпан түгіл, досың да табаласқан.
Бұл жұртта сұмырай нәрсе толып жатыр,
Өтірік, ұрлық, өсек араласқан.
Өңшең сәурік, теке мен бұқашықтар
Бір-бірін сүзіп, жаншып жараласқан.
Жақсыны өзі болған көре алмаған,
Өрт қойып жан-жағынан қамаласқан.

Мағынаны тану

Ой толғаныс

Тақырыбы: Дала кемеңгері – Мәшһүр Жүсіп Көпеев.
Топтастыру стратегиясы



Жаңа сабақты қорыту
1. Мәшһүр Жүсіптің қандай шығармаларымен таныстық?
2. Несі ұнады, неліктен ұнады?
3. Қандай әсер алдың?
4. Қандай тәрбие алдың?

5. Не үйрендік?



Қорытынды
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы бабамыздың мұраларын әлі де зерттеп, зерделейміз. 



Бағалау

Бағалау парақшасын үлестіру

Оқушылар бір-бірін бағалайды

Үйге тапсырма

Мазмұндау

Күнделіктеріне жазады

Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет