Ќазаќстан республикасы ѓылым жєне білім министірлігі


Лекция 8. Көлемді сораптар мен гидроқозғалтқыштар



бет8/36
Дата01.11.2022
өлшемі7,86 Mb.
#155996
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   36
Байланысты:
По К 042-18 57 03-2013 № басылым

Лекция 8. Көлемді сораптар мен гидроқозғалтқыштар.
Дәріс жоспары.
1. Құбыр өткізгіштер туралы жалпы түсінік. Құбырөткізгіштердің сипаттамалары. Негізгі есептеу мәндері.
2. Құбырөткізгіштердің гидравликалық есептері. Қарапайым құбырөткізгішті есептеудің негізгі теңдеуі. Күрделі құбырөткізгіштер: тізбектей және параллел қосылған құбырөткізгіштер.
3. Күрделі құбырөткізгіштерді есептеу мысалдары (есептеудің аналитикалық және графоаналитикалық тәсілдері). Сифонды құбырөткізгіштер. Сорғылы берілісті құбырөткізгіштер.

Тегеурінді құбырөткізгіштерді гидравликалық есептегенде Бернулли теңдеуі, шығынның тұрақтылық теңдеуі, үйкеліске кеткен тегеурін шығындарының және жергілікті кедергілердің формулалары қолданылады. Жалпы түрде құбырөткізгіш бойынша қозғалған сұйықтың ағуының екі түрі қарастырылады – атмосфераға ағу, бұл кезде барлық тегеурін кедергіні жеңуге және жылдамдықты тегеурін құруға шығындалады



және, деңгей бойынша ағады, бұл кезде тегеурін тек кедергіні жеңуге ғана шығындалады
.
Құбырөткізгішті есептегенде жергілікті тегеурін шығындарын әртүрлі дістермен бағалауға болады. Егер құбырөткізгіш ұзын және негізгі шығын үйкеліс шығыны болса, онда жергілікті кедергілерді ұзындығы бойынша (10 – 15%) шығынға тең деп аламыз. Қысқа құбырөткізгіш үшін, жергілікті шығындар ұзындық бойынша, шығын шамасы бойынша үлкен болмаса, әрбір жергілікті кедергі жеке-жеке қарастырылады. Көптеген жағдайларда, құбырөткізгішті есептеген кезде жергілікті кедергілерді, үйкеліске кеткен тегеурін шығыны ауыстырылатын жергілікті кедергі шығынына эквивалентті, ұзындығы құбырөткізгіш ұзындығының бөлімімен ауыстырады. Бұл кезде есептеу моделі тұрақты диаметрлі қарапайым құбырөткізгіш түрінде болады.
Құбырөткізгішті тізбектей қосқан кезде оның барлық бөлігі бойынша сұйықтың бірдей мөлшері ағады. Мұндай құбырөткізгіштердегі тегеурін шығыны барлық жергілікті шығындар және ұзындық бойынша шығындар қосындысына тең болады. Мұндай құбырөткізгіштердің есебін графоаналитикалық әдіспен, құбырдың әрбір бөлімінің сипаттамасын тұрғызу жолымен жүргізген тиімді. Құбырөткізгіштің жалпылама сипаттамасын жеке құбырлардың сипаттамаларын вертикаль жинау жолымен алуға болады.
Параллель қосылған құбырөткізгіштің жалпы қосылу торабы болады. Мұндай желілерде қосынды шығын бөлімдердегі шығын қосындыларына тең, ал жеке желілердегі шығындар бір-біріне тең. Мұндай құбырөткізгіштерді есептегенде де графоаналитикалық әдістіқолданған жөн. Қосынды сипаттамасы жеке құбырлар сипаттамасын горизонталь бойынша жинау нәтижесінде алынады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет