(Ю. Л. Ханин) бойынша спорттағы қарым-қатынас басты функциялары:
1. Әлеуметтік-психологиялық бейнелеу функциясы (қарым-қатынас пайда болған обьективтіліктің, өтіп жатқан әрекеттесу бейнесі әріптестердің түснушілік ерекшеліктері);
2. Регулятивтік функция (тікелей және орталық қарым-қатынас барысында әріптестер бір-бірінің жүріс-тұрысына, әрекетіне, жағдайына, орта активтіліктігіне, қабылдаудың ерекшеліктеріне, құндылықтар жүйесіне және қалыптасқан өзара қарым-қатынасты өзгерту немесе сақтауына әсер етуі);
3. Танымдық функция (систематикалық қарым-қатынас арқасында әріптестер өздері туралы көп нәрсе, әріптестері туралы, өз қызметінің амалдары туралы біле алады);
4. Экспрессивтік функция (эмоционалдық жағдай мен уайымдау көбінде логика мен қызмет шарттарына қарсы қарым-қатынастың сөйлеу және сөйлеу емес әртүрлі формаларында айқындалады);
5. Әлеуметтік бақылаудың функциясы (қозғалысты мәселелердің шешуамалдары, жүріс-тұрыстың белгілі бір формалары, эмоционалдық сезіну қарым-қатынасына ие жеткілікті әсер етілген нормативтік мінездеме: топтық және әлеуметтік нормалардың көмегмен реглементтеу топтық қызмет түрінің бүтінді.і мен жинақтығын айқындауға көмектеседі);
6. Әлеуметтендіру функциясы (тренер жұмысындағы ең маңыздысы). Бір қызметте спортсмендер коммуникативтік шеберлікті ғана емес (қарым-қатынас жағдайына тез икемделу, тыңдау және сөйлеу және т.б.) жәнеде коллектив қызығушылығына жұмыс істей білуге икемделу, топтың әрбір мүшесімен лайықты қатысу, әріптестермен бір жұмыс барысында оптималдық қарым-қатынас ұйымдастыруды да игереді.
Спорттық қызмет түрінде қарым-қатынас өзара ерекшеліктерге ие, ең бастысы, егерде сөз жарыстарда қолданылатын әдіс-тәсілдер туралы болса.
Топтық қызмет жақсы ұйымдастырылуы үшін (мысалыға, спорттық ойындарда, топтық жарыстарда), максималды түрде спортсшылардың өзара қатынасының және келісілген қызметінің эффективті түрде болуын қамтамасыз ететін негізделген дыбыстар жүйесі шешуші мәнге ие болғандықтан, әртүрлі және белгілі жағдайларда және белгілі спортшыларға қандай қарым-қатынас және қандай дыбыстар ең оптималды екенін әрбір жаттықтырушы білуі қажет.
Сөйлеу әдістері арасында келесілерді бөліп ерекшелеуге болады: әріптестің атын,
назар аударту үшін;
белгілі комбинацияны белгілеу үшін;
белгілі түрде қимылдауға өзінің дайындығын білдірту үшін;
әріптесті белгілі бір түрде қимылдауға ояту мақсатында атайды.
Қимылдарды жоспарлау комбинацияларының қысқаша атауы: («крест», «клин», «сдвижка» және т.б.)
Болатын қимылдарды ескерту (өзіңді, әріптесті: «мен», «сен», «бірге», «меннен кейін» және т.б.)
Орныңды ескерту (өзіңнің, әріптестің: «осында», «шық», «6 шы болып бар» және т.б.)
Әріптестің қалай қимылдауына белгі беру: («страхуй», «жоғары» (доп берілуі туралы), «ал оны» (бірігіп қорғаныс қимылы) және т.б.)
Өзіңді және әріптестің қимылын бағалау: («менікі дұрым емес», «жарайсың» және т.б.)
Тактиканы өзгертуге, қимылды орындауға итермелеу және т.б.
Шешімдердің, ойлардың, талпыныстардың, сезімнің нәзік қабатын мәнерлеуге сөйлеу әдістері көмектеседі. Спортта сөйлеу әдістері терминге айналады. Бұл тілді, ереже бойынша, бөтен адамдар түсіне қоймайды.
Спорттық практикада сөйлеу емес әдістерде кеңінен қолданылады:
белгі беру (баспен, қолмен, саусақтармен);
мимикалық ым-ишара белгілері (көзбен, қаспен, ерінмен);
дыбыстық белгілер (негізінде көңіл аударту үшін);
моторлық әдістер (қатысушылардын, заттар мен еңбек обьектісінің орын ауысуын қажет ететін қызмет түріндегі спецификалық қарым-қатынас әдістері; белгіленген ойыншының алаңқайдағы қимылы: оның орнын ауыстыруы басқа әріптестеріне қазір қандай комбинация болуы керек жөнінде белгі болады).
Достарыңызбен бөлісу: |