<<<<<<<<<<<<
P001545444FRA85019M28117000000<<14);
6) «паспорттың №/passport №» деген бағанда виза алушы шетелдіктің паспортының нөмірі жазылады. Топтық виза беретін кезде «топтық» жазылады;
7) «басталу мерзімі/valid from» деген бағанда визаның қолдану мерзімі басталатын күн жазылады;
8) «аяқталу мерзімі/valid until» деген бағанда визаның қолдану мерзімі аяқталатын күн жазылады;
9) «шақырған мекеме/inviting organization» деген бағанда шақырушы тараптың атауы көрсетіледі (мысалы: «АҚШ-тың ҚР-дағы Елшілігі», «ҚР Қаржы министрлігі», «Ақбота» ЖШС, ҚР ІІМ берілген жека шақырудың нөмірі және т.б.).
«В10», «В9» және «С1» санаттардағы визаларда шақыруды ресімдеген органның атауы көрсетіледі (мысалы: «Астана қаласының ІІД»).
ҚР-дың шет елдердегі мекемелерінде қолдаухат негізінде виза беру кезінде визаны берген дипломатиялық өкілдіктің немесе консулдық мекеменің атауы көрсетіледі (мысалы: «ҚР-дың АҚШ-тағы Елшілігі»);
10) «қосымша мәліметтер/additional information» деген бағанға мынадай қажетті мәліметтер енгізіледі:
а) ұзартылатын, көшірілетін немесе түзетілген визаның нөмірі және «визаны ұзарту» жазбасы (мысалы: «№14061072 ұзарту», «№14061072 түзету/көшіру»);
б) егер, виза қайтыс болу фактісін немесе туыстарының ауыр науқасты біреуінің жай-күйін растайтын жеделхат негізінде берілсе, тиісті жазу жасалынады (мысалы: «01.01.2014 жылғы жеделхат», «жерлеуге»);
в) егер шетел азаматтары үшін келуге рұқсат етілмейтін елді мекендерге баруға рұқсат берілген жағдайда, елді мекеннің атауы, ҚР СІМ-нің (ҚР ІІМ-нің) растаухатының нөмірі және күні (мысалы: «Курчатов қ., № 01-027/3 11.01.2013 ж.»);
г) топтық визаны беру кезінде тізім бойынша келуші және кетуші тұлғалардың саны көрсетіледі (мысалы: «25 адамның тізімі қоса беріледі»);
д) көлік құралы иесінің жол жүретін көлік құралының маркасы, моделі (түрі) және нөмірі (мысалы: «Toyota Camry, № AF-723 R»);
е) «жұмыс жасауға құқығы жоқ-work is not permitted» жазбасы (отбасы мүшелері және асыраудағы тұлға);
ж) қажет болғанда Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету пункттері;
з) егер, баланың жеке паспорты болса және алып жүрушінің паспортына енгізілмесе, алып жүрушінің паспортынадағы визалық жапсырмаға баланың паспорт нөмірі енгізіледі;
и) егер, паспорт иесімен бірге өздерінің паспорттары бар үштен артық бала болған жағдайда, балалардың визалық жапсырмаларында балаларды алып жүрушінің паспорт нөмірі;
к) басқа қосымша мәліметтер.
Қосымша мәліметтер болмаған жағдайда аталған баған толтырылмайды.
11) «төлемақы/fee» деген бағанда консулдық алымның немесе мемлекеттік баждың сомасы жазылады (мысалы: «30 USD», «30 EUR» немесе «500 KZT»). Виза консулдық алымсыз (мемлекеттік бажсыз) берілген болса «о» қойылады;
12) бір адамға ресімделген визалық жапсырманың «өзімен бірге/accompanied by» деген бағанға сызықша қойылады.
Егер виза иесінің паспортына оның отбасы мүшелері енгізілген болса және олар заңды негізде онымен бірге жүрсе, онда осы бағанда «+» деген белгі қойылып, олардың саны «+3» көрсетіледі.
Егер паспорт иесімен бірге өздерінің жеке паспорттары бар үштен артық бала бірге жүрсе, онда оларға бөлек визалар беріледі.
13) «қолы және тегі/ signature and surname» деген бағанда визаны берген ҚР шет елдегі мекемелерінің, ҚР СІМ және ҚР ІІМ лауазымды қызметкерінің қолы мен тегі көрсетіледі;
14) түбіртектің «азаматтығы/nationality» және «түбіртек №/ receipt №» деген бағандарда сәйкесінше азаматтығы және консулдық алымның (мемлекеттік баждың) төленгені туралы түбіртек нөмірі көрсетіледі, «ескертпе/remarks» деген бағанда – ескертпелер.
Егер виза алушының Қазақстан Республикасында болуы кезінде паспорты одан әрі қолдануға жарамсыз болған жағдайда, және оның иесі жаңа паспорт ұсынса, визалық жапсырманың мына бағандардағы «берілген жері», «берілген күні», «қолы және тегі» және «қосымша мәліметтер» деректерінен басқа бұрынғы визаның барлық деректемелері көрсетілген жаңа виза жапсырылады.
Виза жапсырмасының «қосымша мәліметтер» бағанында көшірілуге жатқызылған визаның нөмірі көрсетіледі.
Қазақстан Республикасына келуге шақыруларды ресімдеу, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидаларына
6-қосымша
Топтық визаны ресімдеуге арналған атаулы тізім
№
р.н.
|
Т.А.Ә
|
Туған жылы, күні, айы
|
Жынысы
|
Паспорттың №
|
Азаматтығы
|
1.
|
|
|
|
|
|
2.
|
|
|
|
|
|
3.
|
|
|
|
|
|
4.
|
|
|
|
|
|
5.
|
|
|
|
|
|
6.
|
|
|
|
|
|
7.
|
|
|
|
|
|
8.
|
|
|
|
|
|
9.
|
|
|
|
|
|
10.
|
|
|
|
|
|
11.
|
|
|
|
|
|
12.
|
|
|
|
|
|
13.
|
|
|
|
|
|
14.
|
|
|
|
|
|
15.
|
|
|
|
|
|
16.
|
|
|
|
|
|
17.
|
|
|
|
|
|
18.
|
|
|
|
|
|
19.
|
|
|
|
|
|
20.
|
|
|
|
|
|
21.
|
|
|
|
|
|
22.
|
|
|
|
|
|
23.
|
|
|
|
|
|
24.
|
|
|
|
|
|
25.
|
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: