Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің



бет1/7
Дата27.11.2016
өлшемі1,14 Mb.
#2591
  1   2   3   4   5   6   7




Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2016 жылғы «__» __________№____

және Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрінің

2016 жылғы «__» __________№____

бірлескен бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2013 жылғы 7 наурыздағы № 175

және Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрінің міндетін

атқарушының

2013 жылғы 7 наурыздағы № 08-1-1-1/71

бірлескен бұйрығымен бекітілген



Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларды ресімдеужәне келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидалары



  1. Жалпы ережелер

1. Осы, Қазақстан Республикасына келуге шақыруларды ресімдеу, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңына (бұдан әрі – Көші-қон туралы заң), «Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 27 қыркүйектегі № 217 Жарлығына, «Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасына келуге шақыруларды ресімдеу, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың шақыруларын келісу, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту тәртібін айқындайды.

2. Егер, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда осы Қағидаларда қарастырылғаннан өзге ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың нормалары қолданылады.

3. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) азаматтығы жоқ адам – Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын және өзінің басқа мемлекеттің азаматы болып табылатыны туралы дәлелі жоқ адам;

2) «Бүркіт» бірыңғай ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – «Бүркіт» БАЖ) – шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуін - кетуін, болуын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларға қатысты құқықтық шектеулер бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарының шығуын бақылау бойынша біріздендірілген ақпараттық жүйе;

3) бизнес – көшіп келушілер – Көші-қоны туралы Заңға сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында келген көшіп келушілер;

4) бұрынғы отандас – Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында немесе Қазақстан Республикасында туған немесе бұрын оның азаматтығында болған (Қазақстан Республикасымен байланысын куәландыратын құжаттары, оның ішінде Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының немесе Қазақстан Республикасынның ұлттық паспортында, туу туралы куәлігінде туған жері туралы бағанада тиісті белгінің болуы немесе некеге тұру туралы куәлігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту туралы анықтамасы болса) және шетелде тұрақты тұратын адам;

5) вербалды нота - шет мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволарының, дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің, халықаралық ұйымдардың және олардың өкілдіктерінің, сонымен қатар шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды шақыру және оларға визалар беру мақсатындағы жазбаша өтініші;

6) визалық көші-қон порталы (бұдан әрі – ВКП) – көші-қон процестерімен байланысты құжаттарды ресімдеуді автоматтандыруға арналған портал (www.vmp.gov.kz);

7) діни қызмет – діндарлардың діни қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызмет (сондай-ақ, Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестіктердің атынан жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында діни ілімді тарату қызметі);

8) келуге және кетуге берілетін рұқсат (бұдан әрі – виза) – уәкілеттік берілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының көшіп-қонушының паспортындағы немесе оны ауыстыратын құжатындағы белгіленген уақытқа, мақсаттармен және шарттармен Қазақстан Республикасының аумағына келуге, оның аумағы арқылы өтуге, онда болуға және Қазақстан Республикасының аумағынан кетуге құқық беретін белгі;

9) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің нұсқауы (бұдан әрі – ҚР СІМ нұсқауы) – Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің басшыларының, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаменті директорының, директорының орынбасарларының және паспорттық-визалық басқармасы басшысының жазбаша түрде ресімделген тапсырмалары, форс-мажорлық және шұғыл жағдайларда, соның ішінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкiмшiлiгiнiң және/немесе Үкiметінің тапсырмасына, жазбаша берген Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің, мемлекеттік органдары мен ұйымдарының, шет мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволарының, дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің, халықаралық ұйымдардың және олардың өкілдіктерінің өтініштері негізінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің (бұдан әрі – ҚР СІМ) және Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің визалар беруді, күшін жоюды, қалпына келтіруді, олардың қолданылу мерзімдерін ұзартуды немесе қысқартуды жүзеге асыруы туралы шедел шешім;

10) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бөлімшелері (бұдан әрі – ҚР ІІМ) – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының және көліктегі департаменттерінің көші-қон полияциясы бөлімшелері;

11) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауы (бұдан әрі – ҚР ІІМ нұсқауы) – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көші-қон полициясы департаменті бастығының (бастығының орынбасарының) жазбаша түрде ресімделген тапсырмалары, форс-мажорлық және шұғыл жағдайларда, соның ішінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкiмшiлiгiнiң және/немесе Үкiметінің тапсырмасына, жазбаша берген Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің, мемлекеттік органдары мен ұйымдарының өтініштері негізінде шақыруларды ресімдеу, визаларды беру, күшін жою, қалпына келтіру, ұзарту немесе қолданылу мерзімдерін ұзарту немесе қысқартуды жүзеге асыру туралы жедел шешім;

12) өз бетінше жұмысқа орналасуға арналған біліктілік сәйкестігі туралы анықтама (бұдан әрі – біліктілік туралы анықтама) – Қазақстан Республикасында экономиканың басым салаларында сұранысқа ие кәсіптер бойынша өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік талаптары мен білім деңгейіне сәйкес келетін шетелдік жұмыскерге халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган анықтаған тәртіппен берілетін белгіленген нысандағы құжат;

13) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерi (бұдан әрі – ҚР-дың шет елдердегі мекемелері) – Қазақстан Республикасының шет елдерде орналасқан дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктері, сондай-ақ консулдық мекемелерi;

14) маусымдық шетелдік жұмыскерлер – климат немесе өзге де табиғат жағдайларына байланысты белгілі бір кезең (маусым) ішінде, алайда бір жылдан аспайтын мерзімде, атқарылатын маусымдық жұмыстарды орындау үшін жұмыс берушілер жұмысқа тартатын көшіп келушілер;

15) қолдаухат – шақырушы тараптың, сондай-ақ Қазақстан Республикасына келуге ниеті бар шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту туралы жазбаша өтініші;

16) тұрақты тұруға арналған рұқсат – Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген талаптар сақталған кезде және көшіп келушілерге Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұру құқық беретін ҚР ІІМ-мен берілетін құжат;

17) уәкілетті қызметкер – ҚР шет елдердегі мекемелерінің, ҚР СІМ және ҚР ІІМ қолдаухатты келісуге және визаларға қол қоюға құқығы бар қызметкерлері;

18) халықаралық өзара түсіністік қағидаты – екі мемлекеттің азаматтары үшін визаларды ресімдеу кезінде тең жағдайлар ұсыну;

19) халықаралық ұйым – мемлекетаралық немесе үкіметаралық ұйым;

20) форс-мажорлық жағдайлар – төтенше және болмай қоймайтын жағдайлар салдарынан туындайтын еңсерілмейтін күш оқиғалары (дүлей апаттар, әскери әрекеттер және басқа да ұқсас жағдайлар);

21) шетелден шақыру туралы құжаттар (бұдан әрі – шақыру) – ҚР ІІМ берген Қазақстан Республикасына жеке істер бойынша кіруге шақыру, не болмаса шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының визаларын беру туралы ҚР ІІМ келісілген шақырушы тараптың қолдаухаты немесе вербалды нота;

22) шақырушы тарап – шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасына/нан келуіне/кетуіне жәрдемдесетін Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары, облыстық әкімдердің, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аппараттары, Қазақстан Республикасында тіркелген жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, сыртқы саяси ведомстволары, дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктер, шет мемлекеттердің консулдық мекемелері, халықаралық ұйымдар және олардың өкілдіктері;

23) шетелдік – Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын және өзінің басқа мемлекеттің азаматы болып табылатыны туралы дәлелі бар адам;

24) этникалық қазақ – шетелде тұрақты тұратын ұлты қазақ (олардың ұлттық тиесілігін растайтын құжаттары болған кезде) шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам.



2. Визалардың санаттары, мәртелігі, қолданылу мерзімі

және Қазақстан Республикасында болу кезеңі
4. Визалар 3 санатқа бөлінеді:

1) «А» санаты:

дипломатиялық виза – «А1» және «А2»;

қызметтік виза – «А3» және «А4»;

инвесторлық виза – «А5».

2) «В» санаты (қысқа мерзім болу үшін):

іскерлік сапарларға арналған виза - «В1», «В2» және «В3»;

халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға арналған виза - «В4»;

әуе, теңіз, өзен кемелері экипаждары мен поезд бригадаларының мүшелеріне арналған виза - «В5»;

діни іс-шараларға қатысуға арналған виза - «В6»;

оқу практикасынан немесе тағылымдамадан өтуге арналған виза - «В7»;

Қазақстан Республикасында тұрақты тұру рұқсатын ресімдеуге арналған виза - «В8»;

Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған виза- «В9»;

жеке сапарға арналған виза - «В10»;

Қазақстан Республикасы азаматтарын асырап алуға арналған виза- «В11»

туризм мақсатындағы виза - «В12»;

транзитпен өтуге арналған виза - «В13»;

Қазақстан Республикасы аумағынан шығуға арналған виза - «В14», «В15», «В16», «В17», «В18», «В19», «В20», «В21» және «В22».

3) «С» санаты (ұзақ мерзім болу үшін):

Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған виза - «С1»;

отбасын біріктіруге арналған виза - «С2»;

еңбек қызметін жүзеге асыруға арналған виза - «С3»;

өздігінен жұмысқа орналасуға арналған виза - «С4»;

бизнес-иммигранттарға арналған виза - «С5»;

маусымдық жұмыскерлерге арналған виза - «С6»;

діни қызметті жүзеге асыруға арналған виза - «С7»;

гуманитарлық уәждер бойынша виза - «С8»;

білім алуға арналған виза - «С9»;

жеке сапарға арналған виза (этникалық қазақтар) - «С10»;

кәмелетке толмаған азаматтарға арналған виза - «С11»;

емделуге арналған виза - «С12».

Виза санаты виза алушының келу мақсатына сәйкес болуы тиіс.

5. Қазақстан Республикасына/нан ұйымдасқан түрде кіру/шығу, сонымен бірге транзитпен өту кезінде шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардардың (бұдан әрі – виза алушы) топтары үшін топтық визалар ресімделеді.

6. Виза бір мәртелі және көп мәртелі болуы мүмкін.

Бір мәртелі визалар виза алушыға визада белгіленген уақытта, мақсатпен және талаптарда Қазақстан Республикасына бір мәрте келуге, оның аумағы арқылы өтуге, онда болуға және Қазақстан Республикасынан кетуге құқық береді.

Көп мәртелі визалар виза алушыға визада белгіленген уақытта, мақсатпен және талаптарда Қазақстан Республикасына көп мәрте келуге, оның аумағы арқылы өтуге, онда болуға және Қазақстан Республикасынан кетуге құқық береді.

Қазақстан Республикасы аумағынан шығуға арналған визалары виза алушыға визада белгіленген уақытқа және талаптарға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында болуына және Қазақстан Республикасынан кетуге құқық береді.

7. Виза алушылар, визаның санаты, мәртелігі, қолданылу мерзімі және визаны беру негіздері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында болу кезеңі осы Қағидалардың 1 қосымшасына сәйкес анықталады.





  1. Визалардың орнына жүретін құжаттар

8. Визалардың орнына жүретін құжаттар мыналар:

1) Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің, халықаралық ұйымдар мен олардың өкілдіктерінің басшыларына, персонал мүшелеріне, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне ҚР СІМ берген аккредиттеу куәлігі;

2) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасында тұруына ҚР ІІМ берген ыхтиярхаты;

3) ҚР ІІМ берген азаматтығы жоқ адамның куәлігі;

4) шетелдікті Қазақстан Республикасынан шығарып жіберу туралы соттың қаулысы;

5) ҚР ІІМ берген босқынның жол жүру құжаты.

4. Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуге шақыруларды ресімдеу және келісу
9. ҚР СІМ шақырушы тараптан вербалды нотаны қабылдайды және келіседі.

10. ҚР ІІМ шетелдіктердің Қазақстан Республикасына жеке істер бойынша келуіне шақыруларды ресімдейді, шақырушы тараптан (шет мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволары, дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктері, консулдық мекемелері, халықаралық ұйымдар мен олардың өкілдіктерінен басқа) қолдаухат қабылдайды және келіседі.

11. Қолдаухат немесе вербалды нота виза алушының Қазақстан Республикасына болжамды келу күнінен 90 күнтізбелік күннен бұрын емес немесе екі аптадан кеш емес уақытта беріледі.

Қолдаухатты қарау мерзімі, осы Қағидалардың 19 тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, өтініш білдірілген күннен бастап 5 жұмыс күннен артық емес мерзімді құрайды.

ҚР ІІМ және ҚР СІМ нұсқауы бойынша шақыру құжаттары қысқа мерзімде қабылданады және өңделеді.

12. Шақырушы тарап шақыруды ресімдеу үшін ҚР СІМ-ге осы Қағидалардың 2 қосымшасына сәйкес нысан бойынша кесте қоса берілген вербалды нота ұсынады.

13. Шақырушы тарап шақыруды ресімдеу үшін ҚР ІІМ-ге тіркелген орны бойынша келесі құжаттарды береді:

1) Қазақстан Республикасына жеке сапар бойынша келуге шақыру ресімдеу үшін:

жеке басты куәландыратын құжат;

өтініш-сауалнама;

мемлекеттік бажды төлеу туралы түбіртек;

2) заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің қолдаухатын келісу үшін:

осы Қағидалардың 2 қосымшасына сәйкес нысан бойынша екі данада қолдаухат.

мемлекеттік бажды төлеу туралы түбіртек.

3) шақыруды ресімдеуге ағымдағы жылы алғашқы рет өтініш білдірген заңды тұлғалар немесе жеке кәсіпкерлер келесі құжаттарды береді:

заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі;

заңды тұлға жарғысының немесе патенттің көшірмесі;

заңды тұлғаның өз өкілін құжаттарды тапсыру үшін тағайындау туралы бұйрығы немесе сенімхаты;

директорлар кеңесінің мүшесін шақыруға қолдаухат өткізуші қабылдаушы тарап – директорлар кеңесінің мүшесі болып сайлану туралы жалпы акционерлер жиналысы протоколының көшірмесі;

шетелдік туристерді шақыруға қолдаухат өткізуші қабылдаушы тарап – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары берген туроператорлық қызмет лицензиясы немесе туристік агенттердің Мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірме;

шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды білім алу мақсатында шақыруға қолдаухат өткізуші қабылдаушы тарап – Қазақстан Республикасының білім беру мәселелері жөніндегі уәкілетті орган берген білім саласындағы қызметі туралы лицензия және (немесе) лицензияға қосымша;

шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды емделуге, медициналық тексеріске немесе консультациялар үшін шақыруға қолдаухат өткізуші қабылдаушы тарап – Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органы берген медициналық қызметке лицензия;

14. Сұралған визаның санатына қарай қосымша ұсынылады:

1) инвесторлар үшін – Қазақстан Республикасының инвестициялар жөніндегі құзыретті органының қолдаухаты;

2) іскерлік сапарға арналған көп мәртелі визаны ресімдеу үшін – шарттың немесе келісімшарттың көшірмесі (этникалық қазақтар, бұрынғы отандастар және осы Қағидалардың 3 қосымшасына сәйкес тізімде (бұдан әрі – мемлекеттер тізімі) көрсетілген мемлекеттердің азаматтарынан басқа);

3) діни қызметті жүзеге асыру үшін – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл мәселелері жөніндегі бөлімшелерінің жазбаша келісімі;

4) Қазақстан Республикасының аумағындағы түзету мекемелерінде жазасын өтеп жатқан адамдарға бару үшін – ҚР ІІМ қылмыстық-атқару жүйесінің жазбаша келісімі;

5) Қазақстан Республикасының азаматтарын асырап алу үшін – Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының жазбаша келісімі;

6) еңбек қызметін жүзеге асыру үшін, сонымен қоса маусымдық шетелдік жұмыскерлер үшін – жұмысқа түру үшін шақырушы тарапқа шетелдік жұмыс күшін тартуға берген рұқсаты, не шетелдікке жұмыс күшін тартуға берген рұқсаты, не болмаса Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе халықаралық шарттарға сәйкес виза алушыға мұндай рұқсат талап етілмейтінін құжаттар;

7) биснес-көшіп келушілерге – Қазақстан Республикасының облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының қолдаухаты;

8) оқу практикасынан немесе тағылымдамадан өту үшін – Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының қолдаухаты, немесе ҚР СІМ-мен келісілген Қазақстан Республикасы аумағында тіркелген компаниялар мен мекемелердің қолдаухаты;

9) гуманитарлық уәждер бойынша – қолдаухат өткізуші халықаралық ұйымның немесе оның өкілдігінің Қазақстан Республикасында аккредитациясын растайтын немесе Қазақстан Республикасында ратификацияланған гуманитарлық көмек көрсету туралы халықаралық шарт болғанда, болу елдің заңнамасына сәйкес ресми түрде тіркелген шетелдік үкіметтік емес қоғамдық ұйымның (қор) куәландыратын құжаттары;

10) білім алу үшін – Қазақстан Республикасының оқу мекемесінің немесе Қазақстан Республикасының білім беру мәселелері жөніндегі уәкілетті органының қолдаухаты;

11) жақын туыстарын күтіп-бағу үшін – Қазақстан Республикасының азаматтары, не Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және медициналық мекемелерде емделіп жатқан шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар үшін – Қазақстан Республикасында орналасқан медициналық мекеме берген тұрақты күтіп-бағу қажеттілігі туралы құжаттары, сондай-ақ туыстық дәрежесін растайтын құжаттар.

15. Шақырушы тарап виза алушыға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген олардың құқықтары мен міндеттерін уақтылы түсіндіру, сондай-ақ белгіленген мерзімде оларды ішкі істер органдарында тіркеу және Қазақстан Республикасынан уақтылы шығып кетулерін қамтамасыз ету бойынша міндеттеме алады.

16. Егер өтініш берілгенге дейінгі бір жыл ішінде шақырушы тарап көшіп келушілерді уақтылы тіркеу, олардың Қазақстан Республикасына келу құқығы туралы құжаттарын ресімдеу, елдің аумағы арқылы қозғалысы мен болуының белгілі мерзімі аяқталғаннан кейін олардың Қазақстан Республикасынан кетулерін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қабылдамағаны үшін жауапкершілікке тартылған болса, көшіп келушілерді Қазақстан Республикасына шақыру туралы мұндай қолдаухат қаралмайды.

17. ҚР шет елдердегі мекемелері шақырусыз келесі санаттағы визаларды мына негізде береді:

1) ҚР СІМ нұсқауы – «А1», «А3», «В1» және «В3» (ҚР шет елдердегі мекемелері басшыларының жазбаша нұсқауы бойынша «В3» санатындағы бір мәртелі виза беріледі және шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның уақытша келу орны бойынша ҚР ІММ-де уақытша тіркеуді ресімдеуге негіз болатын, ҚР шет елдердегі мекемелері Қазақстан Республикасы аумағында тіркеу туралы өтінішті қоса береді (мемлекеттер тізімінде көрсетілген елдердің азаматтарын қоспағанда);

2) вербальды нота – «А1», «А2», «А3», «А4», «В1», «В3» және «В10»;

3) қолдаухат:

мемлекеттер тізіміне кіретін елдердің азаматтарына (30 тәулікке дейін бір мәртелі виза) – «А3», «В1», «В3», «В10» және «В12»;

бұрынғы отандастар – «В10» (бір мәртелі виза);

шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар – «В4», «В5», «В8», «В9», «В10» (жерлеуге немесе туысқанының/жақындарының ауруына байланысты – бір мәртелі виза, ҚР азаматтарының отбасы мүшелеріне немесе әке-шешелеріне – бір мәртелі виза 30 тәулікке дейін, этникалық қазақтардың отбасы мүшелеріне – бір мәртелі виза 30 тәулікке дейін), «В13», «С1», «С2», «С4» (бір мәртелі виза 90 тәулікке дейін) және «С10».

«Бүркіт» БАЖ арқылы визалық құжаттар, соның ішінде вербалды ноталар және қолдаухаттар келісіледі және визалар беріледі.

18. Қолдаухатты қарастыру кезінде ҚР ІІМ-де мыналар тексеріледі:

1) ұсынылған құжаттарға сәйкес сұратылған сапардың мақсатының, визаның мәртелігінің, қолданылу мерзімінің және оны беру орнының сәйкестігі. Визаны беру орны виза алушының азаматтығына тиесілі елге және (немесе) тұрғылықты жеріне қатысты консулдық округке сәйкес анықталады. ҚР СІМ ҚР ІІМ-ге қызмет көрсететін консулдық округтер көрсетілген ҚР шет елдердегі мекемелердің тізімін ұсынады;

2) шетелдікке осы Қағидалардың 62 тармағының 7) және 13) тармақшаларында көзделген Қазақстан Республикасына келуінен бас тарту негіздерінің болуы;

3) шақырушы тарапқа осы Қағидалардың 16 тармағында көзделген шақыруды ресімдеуден бас тарту негіздерінің болуы.

Егер сұралған сапар мақсаты, визаның мәртелігі, қолданылу мерзімі немесе визаны беру орны қоса берілген құжаттармен расталмаса, немесе бас тартуға негіздер болса, қолдаухат шақырушы тарапқа бас тарту себептері жазбаша көрсетіліп қайтарылады.

19. Шақыру құжаттарын ресімдеуді немесе оларды ресімдеуден бас тарту туралы шешімді ҚР ҰҚК келіскеннен кейін ҚР ІІМ немесе ҚР СІМ уәкілетті қызметкері қабылдайды.

ҚР ҰҚК-мен келісу «Бүркіт» БАЖ пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

ҚР ҰҚК қолдаухатты келісуді 3 тәулікке дейінгі мерзімде қамтамасыз етеді. Шақыруларды ресімдеудің негіздерін неғұрлым мұқият зерделеу қажет болған жағдайда ҚР ҰҚК органдарының жазбаша сұратуы бойынша көрсетілген мерзім 30 күнтізбелік күнге дейін ұзартылуы мүмкін.

20. Шақыру туралы құжаттардың ресімделуі:

1) ҚР ІІМ уәкілетті қызметкерінің қолымен куәландырылған және визалық мөрмен бекітілген Қазақстан Республикасына жеке істер бойынша келуге шақыру беру жолымен;

2) заңды тұлға қолдаухатының бірінші данасына ҚР ІІМ уәкілетті қызметкерінің қолымен куәландырылған және визалық мөрмен бекітілген келісу нөмерін қою жолымен ресімделеді. Қолдаухаттың екінші данасы мен қоса берілген құжаттар ҚР ІІМ іс номенклатурасына тігіледі.

Номер мен келісу күні туралы ақпарат «Бүркіт» БАЖ енгізіледі.



5. Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамның виза алу

үшін ұсынатын құжаттары
21. ҚР шет елдердегі мекемелерінде, ҚР СІМ-де немесе ҚР ІІМ-де визалар беру үшін виза алушының немесе шақырушы тараптың тіркелген орны бойынша келесі құжаттар мен мәліметтер ұсынылады:

1) фотосуреті бар виза алуға арналған визалық сауалнама;

2) ҚР шет елдердегі мекемелерінде виза ресімдеу кезінде ҚР ІІМ-де немесе ҚР СІМ-де тіркелген қолдаухаттың нөмірі және оны тіркеу күні (виза алушыға номерді және шақыруды беру күнін шақырушы тарап хабарлайды), немесе осы Қағидалардың 17 тармағында көзделген виза санаттарын алушылардың қолдаухаттары;

3) шетмемлекеттің жарамды дипломатиялық, қызметтік және шетелдік паспорты, немесе Қазақстан Республикасы осы қалыпта таныған және Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге құқық беретін жеке басты куәландыратын өзге құжат (бұдан әрі – паспорт);

4) консулдық алым немесе мемлекеттік бажды төлеу туралы түбіртектің түпнұсқасы;

5) осы Қағидалардың 1 қосымшасына сәйкес виза алуға қажетті қосымша құжаттар.

22. Визалық сауалнама қолмен анық немесе ВКП-ны пайдалану арқылы мемлекеттік, орыс, ағылшын тілінде осы Қағидалардың 4 қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылады.

Визалық сауалнаманың сұрақтарына жауаптар толық болуы тиіс.

Визалық сауалнамаға виза алушының өзі қол қояды.

Кәмелетке толмаған балалардың атынан виза алу үшін визалық құжаттарды олардың заңды өкілдері қол қояды.

23. Сауалнамаға көлемі 3,5х4,5 см. түрлі-түсті немесе қара-ақ фотосурет желімделеді. Құжаттарды ресімдеу кезінде азаматтың фотосуреті жасына сай келуі тиіс және қара түсті көзілдіріксіз және бас киімсіз беті алдынан қарағанда адам анық бейнеленген, бас киімді күнделікті кию олардың ұлттық немесе діни қатыстылығының міндетті белгісі болып табылатын шетелдіктерден басқа, шетелдік мұндай бас киіммен паспорттағы фотосуретте бейнеленген жағдайда.

24. Виза алушының ұсынған паспорты мынадай өлшемге сай келуге тиіс:

1) түпнұсқалығына және иесінікі екендігіне күмән келтірмеуге, белгілер, ескертпелер, жазбалар, өшірулер мен түзетулер, жыртылған немесе тігілген беттері болмауға тиіс;

2) Қазақстан Республикасының аумағынан кету үшін виза алушыларды қоспағанда, визалар үшін кемінде 2 таза бет болуға тиіс;

3) Қазақстан Республикасының аумағынан кету үшін виза алушыларды қоспағанда, қолданылу мерзімі сұратылған визаның қолданылу мерзімі аяқталатын күннен бастап 3айдан бұрын аяқталмауға тиіс.

25. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардан басқа өзгеше көзделмесе, 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде (бұдан әрі – Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес шақыруға құжаттарды ресімдеу және визаны беру үшін, соның ішінде оның қолдану мерзімін ұзартуға және қалпына келтіруге консулдық алым немесе мемелекеттік баж алынады.

Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген жағдайларда шақыру құжаттарын және виза ресімдеу үшін консулдық алым және мемлекеттік баж алынбайды.

Визалар беру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес консулдық алым немесе мемлекеттік баж төлегеннен кейін жүргізіледі.

Төленген консулдық алымдардың сомалары қайтарылуға жатпайды.

26. Визада ҚР шет елдердегі мекемелерінің, ҚР СІМ немесе ҚР ІІМ қызметкерлері жіберген қателік табылған кезде, виза консулдық алымсыз немесе мемлекеттік бажсыз қайта беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет