Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің



бет2/7
Дата27.11.2016
өлшемі1,14 Mb.
#2591
1   2   3   4   5   6   7

6. Визаны ресімдеу
27. Барлық санаттағы визалар жалған көшірмелерден қорғайтын өзіндік ерекшелігі бар өздігінен желімделетін арнайы жапсырма түріндегі тасығыш-қағазда жасалады. Визалық жапсырма визаның өзінен (тұпнұсқа) және оның сондай нөмірі бар түбіртегінен тұрады. Толтырылған виза шетелдіктердің жол жүру құжаттарына, ал визалық жапсырманың түбіртегі – визалық сауалнамада арнайы белгіленген орынға жапсырылады.

28. Виза мынадай мәліметтерді қамтиды:

1) визаны берген мекеменің коды;

2) визаның мәртелігі;

3) визаның санаты;

4) визаның берілген күні;

5) виза алушының тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда);

6) паспорт номері;

7) виза қолданысының басталу күні;

8) виза қолданысының аяқталу күні;

9) шақырушы тараптың атауы немесе басқа мәліметтер;

10) қосымша ақпарат;

11) консулдық алымды немесе мемлекеттік бажды төлеу туралы мәлімет;

12) бірге жүретін адамдар туралы мәліметтер;

13) визаны берген адамның тегі мен қолы.

Жоғарыда аталған мәліметтер осы Қағидалардың 5 қосымшасына сәйкес толтырылады.

Визаларды түзетуге жол берілмейді. Түзетілген визалар жарамсыз болып саналады.

29. Топталған виза алушылар ұйымдастырылған түрде Қазақстан Республикасына келгенде және Қазақстан Республикасынан кеткенде немесе Қазақстан Республикасы арқылы транзитпен өткенде топтық визалар ресімделеді.

Топтың барлық мүшелерінің Қазақстан Республикасына келген, Қазақстан Республикасынан кеткен, қандайда бір пункте болған және Қазақстан Республикасы аумағында жүрген кезде Мемлекеттік шекарадағы бақылау-өткізу пунктіне (бұдан әрі - өткізу пункті) топ құрамында біруақытта келуі және өтуі топтық визаларды беру шарты болып табылады.

Топтық визалар осы Қағидалардың 6 қосымшасына сәйкес нысан бойынша әліпбилік тәртіпте құрылған аты-жөн тізімдері түрінде ресімделеді.

Сонымен бірге, виза парақтың артқы жағына немесе жеке бір параққа жапсырылады және бұл парақ тізіммен бірге үстіңгі сол жақ бұрышы бүгіліп тігіледі, виза беруші ҚР шетелдегі мекемесінің, ҚР СІМ-нің немесе ҚР ІІМ-нің мөрімен бекітіледі.

Уәкілетті қызметкер тізімнің төменгі жағына (лауазымы мен тегін көрсетіп) қол қояды, қойылған қол ҚР-дың шетелдегі мекемесінің, ҚР СІМ-нің немесе ҚР ІІМ-нің мөрімен куәландырылады.

Визасы бар тізім бір данада жасалады, түпнұсқа топ жетекшісіне беріледі, бір көшірмесі - Қазақстан Республикасына келу (кету) кезінде өткізу пунктіне тапсырылады, екіншісі - визаны берген ҚР-дың шет елдердегі мекемесінде, ҚР СІМ-де немесе ҚР ІІМ-де қалады. Тізімге түзетулер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

30. Қазақстан Республикасы танымайтын паспортын ұсынған адамға шақыру негізінде бір мәртелік виза беріледі және ол жеке параққа жапсырылады. Осы парақты визаның қолданыс мерзімі өткеннен кейін Қазақстан Республикасынан кету кезінде одан әрі виза берген органға табыстау үшін ҚР ҰҚК Шекара қызметінің өкілдері немесе визаның мерзімі біткеннен кейін ҚР ІІМ өкілдері виза берген органға жіберу үшін алынады.

31. Ресімделген визалардың мәліметтері «Бүркіт» БАЖ-ға енгізіледі. «Бүркіт» БАЖ-ында мәліметтері жоқ виза жарамсыз болып саналады. «Бүркіт» БАЖ жұмыс істемеген уақытта визалық жапсырма қолмен толтырылады және «Бүркіт» БАЖ жұмыс істеген уақытта, берілген визаның мәліметтері оған енгізіледі. Сонымен қатар, уәкілетті қызметкер фирмалық бланкте және мөрмен бекітілген визаның берілгені туралы жазбаша растау хаты қоса береді.

7. Визаларды беру тәртібі
32. Визалардың берілуі:

1)шет елдерде:

ҚР шет елдердегі мекемелері келесі санаттардағы визаларды береді А1», «А2», «А3», «А4», «А5», «В1», «В2», «В3», «В4», «В5», «В6», «В7», «В8», «В9», «В10», «В11», «В12», «В13», «С1», «С2», «С3», «С4», «С5», «С6», «С7», «С8», «С9», «С10» және «С12» («В14», «В15», «В16», «В17», «В18», «В19», «В20», «В21», «В22» және «С11»санаттардағы визаларды бермейді);

2) Қазақстан Республикасының аумағында:

ҚР СІМ келесі санаттардағы визаларды береді «А1», «А2», «А3», «А4», «А5», «В1», «В2», «В3», «В5», «В7», «В8», «В10», «В11», «В12», «В13», «С3», «С4», «С8», «С9» және «С12» («В4», «В6», «В9», «В14», «В15», «В16», «В17», «В18», «В19», «В20», «В21», «В22», «С1», «С2», «С5», «С6», «С7», «С10» және «С11» санаттардағы визаларды бермейді);

ҚР ІІМ келесі санаттардағы визаларды береді «А5», «В3», «В14», «В15», «В16», «В17», «В18», «В19», «В20», «В21», «В22», «С3», «С4», «С9» (этникалық қазақтарға), «С11» және «С12» («А1», «А2», «А3», «А4», «В1», «В2», «В4», «В5», «В6», «В7», «В8», «В9», «В10», «В11», «В12», «В13», «С1», «С2», «С5», «С6», «С7», «С8» және «С10» санаттардағы визаларды бермейді).

33. ҚР ІІМ визаларды беруді, күшін жоюды, қалпына келтіруді, мерзімін ұзартуды немесе қысқартуды шетелдіктің уақытша тіркеу орны немесе шақырушы тараптың тіркеу орны бойынша, не болмаса ҚР ІІМ нұсқауы бойынша жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының аумағынан кетуге арналған виза, «В14» санатындағы визаны қоспағанда, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның нақты болу орны бойынша беріледі.

Оқуға арналған визалар шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды қабылдаған оқу орнының орналасқан орны бойынша беріледі.

34. Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайларында ресми делегация мүшелеріне, Қазақстан Республикасының консулдық мекемелері жоқ елдердің азаматтарына, сонымен қатар виза алушыларға шақыру немесе ҚР СІМ нұсқауы бойынша ҚР СІМ-і береді.

35. Шақыру, вербальды нота, қолдаухат немесе ҚР СІМ, ҚР ІІМ нұсқаулары ҚР шет елдердегі мекемелерінде, ҚР СІМ-де және ҚР ІІМ-де визалар беруге негіз болып табылады.

Жұмыс уақытынан тыс кезде қабылданған ҚР СІМ және ҚР ІІМ нұсқаулары ҚР СІМ мен ҚР ІІМ-нің келесі жұмыс күнінде ресімделеді.

36. Осы Қағидалардың 17 тармағында көрсетілген санаттардағы визаларды беру кезінде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар ҚР ІІМ және ҚР СІМ ресімделетін шақырулардан босатылады.

37. «В9» және «С1» санаттарындағы визалардан басқа визаларды ресімдеу мерзімі 5 жұмыс күнінен аспауға тиіс.

ҚР ҰҚК ұсынылған визалық құжаттарды өте мұқият зерделеу қажет болған жағдайда аталған мерзім 7 жұмыс күніне дейін ұзартылады.

38. Халықаралық өзаралық қағидатын ескере отырып, визаларды ресімдеу мерзімдері неғұрлым ұзақ уақыттан құралуы мүмкін.

39. «В9» және «С1» санаттарындағы визаларды ресімдеу мерзімдері 5 айды құрайды және ұсынылған визалық өте мұқият зерделеу қажет болған жағдайда аталған мерзім 7 айға дейін ұзартылады.

40. Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі ҚР уәкілетті органы кіру шарттары туралы, соның ішінде ҚР Үкіметімен белгіленген аймақтарға оралмандарды қабылдаудың аймақтық квоталары шегінде қабылдау шарттары және әлеуметтік жәрдем шаралары туралы ақпаратты ҚР шет елдердегі мекемелері арқылы этникалық қазақтарға таныстыру үшін ҚР СІМ-ге жолдайды.

Оралман мәртебесін беруге және (немесе) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына қосуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуға үміткерлердің (үміткерлер дұрыс мәліметтер ұсынуға тиіс) өтініштері мен құжаттары ҚР шетелдегі мекемесінің өтініш берушімен әңгімелесу жүргізген уәкілетті қызметкерінің қорытындысымен бірге оларды тіркеген күннен бастап он жұмыс күні ішінде ҚР СІМ арқылы көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жіберіледі. Оралман мәртебесін беруге және (немесе) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына қосу және/немесе этникалық қазақты оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына қосу жөніндегі комиссияның алдын ала келісімі не бас тарту себептерінің мотивацияландырылған негіздемесімен бас тартуы туралы ақпаратты халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган ҚР СІМ-ден материалдар түскен күннен бастап үш айдан аспайтын мерзімде ұсынады.

Жергілікті атқарушы органның этникалық қазаққа оралман мәртебесін беру және (немесе) оралмандардың өңірлік квотасына қосуға келісімін алғаннан кейін бір айдың ішінде оны өтініш берушіге жібереді, Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келу үшін «С1» санатындағы виза береді не бас тарту туралы хабарлайды.

41. «В9» санатындағы визалар үшін құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ ҚР шетелдегі мекемесінің қорытындысын құжаттарды қабылдаған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде ҚР СІМ арқылы тексеру және рұқсат беру үшін ҚР ІІМ-ге жіберіледі. ҚР ІІМ рұқсаты ҚР СІМ-ден материалдар келіп түскен күннен бастап 3 айдан аспайтын мерзімде беріледі.

42. «С4» санатындағы визаларды ресімдеу үшін халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган берген өздігінен жұмысқа орналасуға арналған біліктілік сәйкестігі туралы анықтама негіз болады. Шетелдік біліктілік сәйкестігі туралы анықтаманы алу үшін Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемесіне Қазақстан Республикасында өздігінен жұмысқа орналасу туралы өтініш береді, бұл өтініш көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жолданады.

43. ҚР шет елдердегі мекемелерінің, ҚР СІМ және ҚР ІІМ қызметкері визаны ресімдеуге ұсынылған материалдарды зерделеу кезінде:

1) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасына келу мақсатына байланысты сауалнамадағы ақпарат мазмұнын виза алу үшін ұсынылған шақыруда, паспортта және қосымша құжаттарда көрсетілген мәліметтермен салыстырып тексереді;

2) паспорттың виза алушыға тұрақты тұратын елге қайтуға немесе Қазақстан Республикасына барғаннан кейін басқа елге кетуге құқық беретінін тексереді;

3) көші-қон қауіпі бар елдерде – уәкілетті қызметкердің келесі әрекеттері мүмкін: шақырушы тараппен, жұмыс орнымен немесе оқу орнымен телефон арқылы әңгімелесу;

4) егер ұсынылған құжаттар күмән тудыратын болса, виза алушыны әңгімелесуге шақырады. Әңгімелесу барысында шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам виза алу үшін ұсынған құжаттарда көрсетілген ақпаратпен сұрақтарға жауаптардың мазмұнын салыстырып тексереді;

5) виза санатына, мәртелігіне, қолданылу мерзіміне және көшіп келушінің келу мерзімінің шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасына келудің жоспарланған мақсатына сәйкестігін тексереді.

44. Визаларды беру, қалпына келтіру, күшін жою, қолданылу мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдаған кезде шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның еліндегі саяси және көші-қон жағдайы ескеріледі.

ҚР шет елдердегі мекемелерінің, ҚР СІМ және ҚР ІІМ қызметкері қолдаухатты қарастыру барысында тұрақсыз саяси және көші-қон жағдай байқалған азаматтық елінде немесе тұрғылықты жері бойынша шетелдікпен немесе азаматтығы жоқ адаммен әңгімелесу жүргізеді.

Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар келесі санаттағы визаларды алу мақсатында құжаттар тапсырған кезде әңгімелесу жүргізілмейді: «А1», «А2», «А3», «А4», «А5», «В10» (вербалды нотамен), «В12» (топтық визамен), «С3», «С10» (этникалық қазақтарға, бастапқы визаны ресімдеуде әңгіме жүргізіледі және алғашқы виза 1 жылға дейін, ал қайта өтініш жасағанда әңгімелесусіз виза 3 жылға дейін беріледі), «С11», «С12» және Қазақстан Республикасы аумағынан шығуға арналған визалар («В14» – «В22»).

45. Виза алушының жазбаша өтініші бойынша және толтырылған визалық сауалнаманың (бір мәртелі виза көрсетілген) және консулдық алымды төлеу (бір мәртелі виза үшін) түбіртегінің негізінде көп мәртелі виза бір мәртелі визаға өзгертіледі. Сонымен бірге, осы Қағидалардың


1 қосымшасында белгіленген визаның мерзіміне ауыстырылады.

Визаның қолданылу мерзімі шақыру құжаттарында көрсетілген мерзімнен аспауы тиіс.

ҚР шет елдердегі мекемелері, ҚР СІМ және ҚР ІІМ беретін визаның мәртелілігі бір мәртеліден (шақыру құжаттарында көрсетілген) көп мәртеліге өзгертіле алмайды.

46. Қазақстан Республикасы аумағында визаларды бір санаттан екінші санатқа өзгертуге рұқсат беріледі:

1) ҚР СІМ:

«А1» және «А3» санаттарына – вербальды нота немесе ҚР СІМ нұсқауы негізінде;

«А2» және «А4» - вербальды нота негізінде;

2) ҚР ІІМ:

«А5» санатына - «В3», «В10», «С3», «С4», «С5» және «С10» санаттарынан;

«В7» санатына – «С9» санатынан;

«С1» санатына - бұрын берілген визаның санатына қарамастан тек этникалық қазақтар үшін;

«С3» санатына - «В2», «В3», «С2», «С9» және «С10» санаттарынан;

«С4» санатына - «В10», «С2», «С9» және «С10» санаттарынан;

«С9» санатына - бұрын берілген визаның санатына қарамастан тек этникалық қазақтар үшін, сондай-ақ визасыз режим бойынша келгендер үшін;

«С12» санатына - визаның барлық санаттарынан.

47. «А1», «А2», «А3», «А4», «А5», «В7», «С3», және «С7» санаттарындағы негізгі визаны алушының отбасы мүшелеріне, асырауындағы адамдарға (растайтын құжаттар болған кезде) виза осы Қағидаға сәйкес негізгі виза алушының визасының мерзіміне беріледі. Бұл ретте отбасы мүшелері мен асырауындағы адамдар еңбек, діни, миссионерлік қызметті жүзеге асыруға және/немесе діни бірлестік қызметіне қатысуға құқылы емес, егер Қазақстан Республикасы Заңнамасына сәйкес басқа қарастырылмаса.

48. Уәкілетті қызметкер виза ресімдеуге ұсынылған мәліметтерді зерделеу нәтижесінде визаларды беру немесе виза беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды. Уәкілетті қызметкер виза беруден бас тарту негізі мен себебін «Бүркіт» БАЖ-ға енгізеді.

49. ҚР шет елдердегі мекемелерінің, ҚР ІІМ немесе ҚР СІМ уәкілетті қызметкерлері визаны беру («С11» виза санаты мен Қазақстан Республикасынан шығуға арналған визаның санаттарынан басқа) немесе оны беруден бас тарту туралы шешімді ҚР ҰҚК-мен келісілген соң қабылдайды.

ҚР ҰҚК визаларды ресімдеуді келісуді 3 тәулік ішінде қамтамасыз етеді, қажет болған жағдайда көрсетілген мерзім 7 тәулікке дейін ұзартылуы мүмкін.

Визалар, «С11» виза санаты мен Қазақстан Республикасының аумағынан шығу визаларын қоспағанда, ҚР ҰҚК келісуінсіз берілмейді. ҚР ҰҚК-мен визалық құжаттарды келісу «Бүркіт» БАЖ пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

50. Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның паспортында пайдаланылмаған немесе қолданылу мерзімі аяқталмаған виза болған жағдайда, жаңа виза ол жойылғанда ғана беріледі.

51. Қазақстан Республикасының аумағына кіруге не Қазақстан Республикасының аумағынан кетуге кедергі жасайтын негіздер, соның ішінде шақыру болған жағдайда, визалар берілмейді, ал ресімделген виза Қазақстан Республикасына кіруге не Қазақстан Республикасының аумағынан кетуге негіз болып табылмайды.



8. Визаларды ұзарту, қалпына келтіру

және күшін жою тәртібі
52. Визаларды ұзартуды ҚР СІМ және ҚР ІІМ жүзеге асырады.

Визалардың қолданылу мерзімдері осы Қағидалардың 53 және 54 тармақтарында көрсетілген құжаттарды және Қазақстан Республикасында болу мерзімін ұзарту қажеттілігін растайтын құжаттарды ұсыну негізінде немесе форс-мажорлық жағдайларға байланысты 5 жұмыс күні ішінде ұзартылады.

Визаның қолданылу мерзімін ұзарту сол санаттағы визаны беру жолымен жүргізіледі.

53. ҚР СІМ «А1», «А2» (бір мәртелі виза 90 тәулікке дейін), «А3» және «А4» (бір мәртелі виза 90 тәулікке дейін) санаттарындағы визаларды ұзартады – Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының, шет мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволарының, дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің, халықаралық ұйымдардың және олардың өкілдіктерінің шақыруы бойынша ҚР аумағына келген адамдар үшін – аталған ұйымдардың жазбаша өтініштері негізінде.

«А2» мен «А4» санаттарындағы визалардан басқа визаның қолданылуын 1жылға дейінгі мерзімге ұзарту жүзеге асырылады.

54. ҚР ІІМ визалардың мынадай санаттарын ұзартады:

1) «А5» - инвестициялар жөніндегі уәкілетті органның қолдаухаттарының негізінде. Визаның қолданылуын 3 жылға дейінгі мерзімге ұзарту жүзеге асырылады;

2) «В2» - бұрын Қазақстан Республикасына келу мақсатын көрсете отырып, алғашқы визаны алуға шақыру ресімдеген шақырушы тараптың қолдаухаты негізінде. Визаның қолданылуын 30 тәулікке дейін ұзарту жүзеге асырылады;

3) В7 – бұрын шақыру ресімдеген шақырушы тараптың, Қазақстан Республикасы орталық атқару органдарының қолдаухаты негізінде. Визаның қолданылуын 90 тәулікке дейінгі мерзімге ұзарту жүзеге асырылады;

4) «В8» - Қазақстан Республикасында тұрақты тұру рұқсатын ресімдеуге арналған құжаттарды тапсырғаннан кейінгі қолдаухат негізінде. Визаның қолданылуын 30 тәулікке дейін ұзарту жүзеге асырылады;

5) «В21» - алдын ала тергеу жүргізіп жатқан органның немесе қылмыстық іс қаралып жатқан соттың жазбаша өтініші негізінде - алдын ала тергеу не сот тыңдауын аяқтауға қажетті мерзімге беріледі. Визаның қолданылуын ұзарту 180 тәуліктен аспауы тиіс;

6) «С2» - Халықтың көші-қоны туралы Заңда анықталған мерзімдерге шақырушы тараптың жазбаша өтініші негізінде мынадай құжаттар болған кезде:

шақырушы адамда отбасының әрбір мүшесін ұстауға кемінде айына Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген ең төменгі еңбекақы көлеміндегі ақшаның болуын растауы;

шақырушы адамда Қазақстан Республикасының аумағында әрбір отбасы мүшесіне минималды нормативтерге сай келетін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген санитарлық және өзге де нормаларға сай келетін тұрғын үйінің (нотариатты түрде куәландырылған көшірмесі) болуы;

шақырушы адамның отбасы мүшелері үшін медициналық сақтандырудың болуы;

Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің уәкілетті мемлекеттік органдары ұсынған шақырушы адаммен отбасылық қарым-қатынастарды растайтын құжаттардың нотариатты түрде куәландырылған көшірмелері;

7) «С3» - бұрын алғашқы визаны алуға шақыру ресімдеген және жұмысқа орналастыру немесе шетелдік жұмыс күшін тарту рұқсаты, еңбек иммигрантының рұқсатнамасы болған кезде, егер мұндай рұқсат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін болса, шақырушы тараптың қолдаухаты негізінде. «С3» санатындағы визаның қолданылу мерзімін ұзарту рұқсатының жарамдылық мерзіміне, бірақ 3 жылдан артық емес (Астана Халықаралық қаржы орталығының (бұдан әрі – АХҚО) қатысушыларына – 5 жылдан аспайтын мерзімге);

8) «С4» - қолдаухат және заңды тұлғамен – Қазақстан Республикасының резидентімен біліктілік туралы анықтамада көрсетілген мамандық бойынша жасалған еңбек шарты негізінде. Визаның қолданылу мерзімін ұзарту еңбек шартының қолданылу мерзіміне, бірақ 3 жылдан артық емес мерзімге жүзеге асырылады;

9) «С5» - Қазақстан Республикасының астанасының, республикалық маңызы бар қалаларының, облыстарының және аудандарының жергілікті атқарушы органдарының жазбаша өтініштері негізінде. Визаның қолданылуын ұзарту 2 жылға дейінгі мерзімге жүзеге асырылады;

10) «С7» - Қазақстан Республикасының астанасындағы, республикалық маңызы бар қалаларындағы, облыстарындағы діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдарымен келісілген, Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген діни бірлестіктің жазбаша өтініші негізінде. Визаның қолданылуын ұзарту 180 тәулікке дейінгі мерзімге жүзеге асырылады;

11) «С9» - Қазақстан Республикасында тіркелген оқу орнының немесе білім саласындағы уәкілетті органның қолдаухаты негізінде. Визаның қолданылуын 1жылға дейінгі мерзімге ұзарту жүзеге асырылады;

12) «С12» - Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарында емделіп жатқан шетелдік науқасқа тұрақты күтім қажеттілігін растайтын немесе жақын туыстарына – Қазақстан Республикасының азаматтарына немесе Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктерге тұрақты күтім жасау қажеттілігін растайтын медициналық ұйымдар берген қолдаухаттың немесе ҚР ІІМ нұқсауының негізінде. Визаның қолданылу мерзімін ұзарту емделуге қажет мерзімге, бірақ 1 жылдан артық емес мерзімге жүзеге асырылады;

55. «В2» және «С7» санаттарындағы визалардың қолданылу мерзімдері тек бір рет қана ұзартылады.

56. Визаны ұзарту туралы өтінішті бастапқы визаны, «С4» және «С9» виза санаттарын қоспағанда, алуға шақыру ресімдеген шақырушы тарап қана бере алады.

57. Осы Қағидаларда көзделген жағдайлардан басқа визалардың қолданылу мерзімдері ұзартылмайды.

58. Визаны қалпына келтіруді ҚР шет елдердегі мекемелері, ҚР СІМ және ҚР ІІМ осы Қағидаларда белгіленген өкілеттіктер шегінде жүзеге асырады.

59. Визалар келесі жағдайларда қалпына келтіріледі:


  1. визаны одан әрі пайдалану мүмкін болмайтын механикалық бүлінген жағдайда;

  2. виза жоғалғанда;

  3. шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам жаңа паспорт алғанда.

ҚР шет елдердегі мекемелері, кетуге арналған санаттардағы визаларды қоспағанда, барлық санаттағы визаларды қалпына келтіреді.

ҚР СІМ мен ҚР шет елдердегі мекемелері берген визалардың барлығын ҚР СІМ қалпына келтіреді.

ҚР ІІМ «А1», «А2», «А3» және «А4» санаттарындағы визаларды қоспағанда, барлық санаттағы визаларды виза алушының уақытша тіркелген орны бойыша, «А5» виза санатынан бөлек, қалпына келтіреді.

Визаны қалпына келтіру виза алушының бүлінген визадағы сол санаттағы, мәртелідегі, келу кезеңі мен оның қолданылу мерзіміне жаңа виза беру жолымен виза алушының немесе шақырушы тараптың қолдаухатының негізінде жүргізіледі. «Бүркіт» БАЖ арқылы оны беру фактісі расталғаннан кейін қалпына келтіруге жатады.

Визаны қалпына келтіру 5 жұмыс күні мерзімдерінде жүзеге асырылады.

60. Визаның күшін жоюды ҚР шет елдердегі мекемелері, ҚР СІМ, ҚР ІІМ және ҰҚК Шекара қызметі осы Қағидаларда белгіленген өкілеттіктер шегінде жүзеге асырады. Виза «Жойылды» мастикалық мөртабанын қою жолымен жойылады.

Визаның күші мынадай жағдайларда жойылады:

1) ҚР шет елдердегі мекемелерінде және ҚР СІМ - де:

егер паспортта қолданылу мерзімі аяқталмаған немесе пайдаланылмаған виза болса, жаңа виза беру кезінде;

егер виза осы Қағидаларда белгіленген тәртіпті бұзушылықпен ресімделген болса;

виза беру шарттарының орындалуы немесе қолданылуы тоқтағаны анықталған болса;

егер визалық жапсырманы толтырған кезде қателіктерге жол берілген болса, паспортқа әлі жапсырылмағанда немесе оны паспотқа жапсырып қойғанда (визаның күші жойылғаннан кейін келесі бетке жаңа виза жапсырылады).

2) ҚР ІІМ-інде:

шетелдіктің және азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасына уақытша келуінің мерзімін қысқарту туралы шешім қабылданса;

шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасынан әкімшілік жолмен шығару туралы шешім қабылданса;

егер шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның паспортында қолданылу мерзімі аяқталмаған немесе пайдаланылмаған виза болса, жаңа виза беру кезінде;

егер виза осы Қағидаларда белгіленген тәртіпті бұзушылықпен ресімделген болса;

беру шарттарының орындалуы немесе қолданылуы тоқтағаны анықталған болса;

егер визалық жапсырманы толтырған кезде қателіктерге жол берілген болса, паспортқа әлі жапсырылмағанда немесе оны паспотқа жапсырып қойғанда (визаның күші жойылғаннан кейін келесі бетке жаңа виза жапсырылады).

3) ҚР ҰКК Шекара қызметінде (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өту пунктерінде):

кіргізуден бас тарту туралы шешім қабылданса;

Қазақстан Республикасының аумағына кіруге шектеу болса.

61. Виза түрлі себептермен бүлінген/күші жойылған жағдайда,
59 тармаққа сайкес, паспорттан (егер визалық жапсырма паспортқа жапсырылған болса) фотосурет пен паспорт деректері бар беттің, сондай-ақ бүлінген/күші жойылған виза бар беттің көшірмесі алынады.

Әрбір бүлінген/күші жойылған визалық жапсырма туралы осы Қағидалардың 7 қосымшасына сәйкес нысан бойынша күші жойылған/бүлінген бланктер туралы акт жасалады.



9. Шақыруды ресімдеу мен виза беруден

бас тарту негіздері
62. Шақырушы тарапқа шақыру ресімдеуге және виза алушыға виза алуға келесі жағдайларда:

1) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті және тұрғындардың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету мүдделерінде;

2) егер оның іс-әрекеттері конституциялық құрылымды күшпен өзгертуге бағытталса;

3) егер ол Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігіне қарсы шықса, оның аумағының бірлігі мен тұтастығын бұзуға шақырса;

4) егер ол ұлтаралық және діни араздықты қоздырса;

5) егер бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа адамдардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау үшін қажет болса;

6) егер ұлттық қауіпсіздік органдарында оның экстремизмге немесе террорлық әрекетке қатысы барлығы туралы мәлімет болса, сондай-ақ сот оның әрекеттерін қауіпті рецидив деп таныған жағдайда;

7) егер оған Қазақстан Республикасында алдында болған кезеңде қылмыс жасағаны немесе оған жүктелген әкімшілік құқық бұзушылық үшін жаза өтеу орындалмаған болса;

8) Қазақстан Республикасында алдында болған кезеңде жеке табыс салығы бойынша декларация ұсыну Қазақстан Республикасының заңнамасызда көзделген болса, мұндай декларация ұсынылмаған жағдайда;

9) бұрынғы отандастар мен этникалық қазақтарды және олардың отбасы мүшелерін қоспағанда, егер ол Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасына келу және одан кету үшін қажетті қаражатының болуы туралы растау ұсынбаған болса;

10) егер ол келу туралы өтініш берген кезде өзі туралы жалған мәліметтер берсе немесе қажетті құжаттарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде ұсынбаса, сондай-ақ осы Қағидаларда көзделген виза алу үшін шарттарды орындамаған кезде;

11) Қазақстан Республикасына келуге қарсы көрсетілімі бар аурулары болған кезде;

12) Қазақстан Республикасының аумағына келуге шектеу қойылған адамдарға қатысты;

13) бұрын Қазақстан Республикасынан шығарылған адамдарға сот шығару туралы шешім шығарған күннен бастап бес жылдың ішінде Қазақстан Республикасына келуге тыйым салынады;

14) дипломатиялық санатындағы виза дипломат ретінде Қазақстан Республикасында танылмаған адамның дипломатиялық паспортын көрсеткен кезде, сондай-ақ дипломатиялық поштаны тасымалдаған адамдарда дипломатиялық паспорт болмаса;

15) ҚР СІМ және ҚР ІІМ нұсқаулары бойынша виза беруден бас тартылады.

63. Виза алушыға Қазақстан аумағынан шығуға виза беруден мына жағдайларда:

1) егер оны қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін негіздемелер бар болса - істің аяқталу мерзіміне дейін;

2) егер ол жасаған қылмысы үшін сотталса – жазасын өтегенге дейін немесе жазадан босатылғанға дейін;

3) егер ол соттың оған жүктеген міндеттемелерін орындаудан жалтарса – міндеттемелер орындалғанға дейін;

4) егер олар Қазақстан Республикасының азаматтарының, басқа жеке және заңды тұлғалардың елеулі мүдделерімен байланысты мүліктік міндеттемелерді орындамаса Қазақстан Республикасынан кету визасын беруден бас тартылады.

64. Паспортта келісілмеген өшірулер мен түзетулер, мөрмен басылмаған фотосуреттер және жыртылған беттер анықталған кезде мұндай құжаттардың иелеріне жаңа паспортқа ауыстырылғанға дейін виза берілмейді.

65. ҚР шет елдердегі мекемелері, ҚР СІМ және ҚР ІІМ шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға бас тарту салдарлары мен себептерін хабарламай виза беруден бас тартады. бас тарту себептері «Бүркіт» БАЖ-ға н енгізеді.

66. Бұрын шақырылған көшіп келушілердің ҚР заңнамасын сақтауларын қамтамасыз етпеген жеке және заңды тұлғалардың тізімі, сондай-ақ Қазақстан Республикасына келуге тыйым салынған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар ҚР ҰҚК және ҚР ІІМ «Бүркіт» БАЖ енгізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет