Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің



бет3/7
Дата27.11.2016
өлшемі1,14 Mb.
#2591
1   2   3   4   5   6   7

10. Қорытынды ережелер
67. Визаларға қол қою құқығы бар уәкілетті қызметкерлер қолдарының үлгілері ҚР СІМ-ге, ҚР ІІМ-ге, ҚР ҰҚК Шекара қызметіне үш данада жіберіледі.

68. Берілген визаларды есепке алу «Бүркіт» БАЖ-де тұрақты жүргізіледі.

ҚР СІМ, ҚР ІІМ және ҚР ҰҚК «Бүркіт» БАЖ-да ресімделген, берілген және келісілген визалар бойынша бірыңғай статистикалық деректер қалыптастырады.

69. Визалық жапсырмалар бланктері қатаң есептегі құжаттар болып табылады және ҚР СІМ тапсырысы бойынша дайындалады. Визалық жапсырмалар бланктерінің қозғалысы мен шығысталуын бақылауды ҚР СІМ жүзеге асырады.

70. Ай сайын айдың 1-інде ҚР шет елдердегі мекемелері осы Қағидалардың 8 қосымшасына сәйкес нысан бойынша ҚР СІМ-ге берілген визалар, шоттарға келіп түскен консулдық алымдардың төлемі туралы статистикалық есеп береді.

Қазақстан Республикасына келуге шақыруларды ресімдеу, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидаларына

1-қосымша
Виза алушылар, олардың санаттары, мәртелігі, қолданылу мерзімдері, болу кезеңі мен беру негіздері:




р/н

Виза санаты


Виза алушылар

Визаның мәртелігі

Визаның қолдану мерзімі

Болу кезеңі



Виза беру негізі

1

2

3

4

5

6

7

«А» санаты

Дипломатиялық виза

1.

А1

1) шет мемлекеттердің, үкіметтердің, дипломатиялық мәртебеге теңестірілген халықаралық ұйымдардың басшылары мен олардың отбасы мүшелері;

2) шет мемлекеттердің парламенттерінің, үкіметтерінің, дипломатиялық мәртебеге теңестірілген халықаралық ұйымдардың мүшелері мен олардың отбасы мүшелері – дипломатиялық паспорт иелері, сондай-ақ ресми шетелдік делегациялар мүшелері мен олармен бірге жүретін адамдар – дипломатиялық паспорт иелері ;

3) Қазақстан Республикасының құрметті консулдары мен олардың отбасы мүшелері.


бір мәртелі


90 тәулікке дейін


виза қолданы-луының барлық кезеңіне

Визаны ҚР шет елдердегі мекемелері немесе ҚР СІМ келесі құжаттардың бірінің негізінде береді:

а) ҚР СІМ нұсқауы;

б) вербальдық нота;

в) шақыру.




көп мәртелі



1 жылға дейін


виза қолданы-луының барлық кезеңіне

4) Қазақстан Республикасына қызметтік сапар бойынша жіберілетін дипломатиялық паспорттардың, сондай-ақ дипломатиялық агенттерге теңестірілген мәртебесі бар халықаралық ұйымдар паспорттарының иелері;

5) дипломатиялық поштаны тасымалдайтын дипломатиялық курьерлер – курьерлік парағы болған кезде дипломатиялық паспорттардың иелері.



бір мәртелі


90 тәулікке дейін


виза қолданы-луының барлық кезеңіне

көп мәртелі



1 жылға дейін


әрбір келу кезінде 120 тәуліктен артық емес


2.

А2

Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетелдік дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдердің дипломатиялық агенттері, шетелдік консулдық мекемелердің консулдық лауазымды адамдары, халықаралық ұйымдар мен өкілдіктердің Қазақстан Республикасына жұмысқа жіберілетін қызметкерлері, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің құрметті консулдары мен олардың отбасы мүшелері.

бір мәртелі


90 тәулікке дейін


виза қолданы-луының барлық кезеңіне

Визаны ҚР шет елдердегі мекемелері немесе ҚР СІМ келесі құжаттардың бірінің негізінде береді:

а) вербалдық нота (шақырылатын адамның тағайындалған лауазымы, ал ротация болған жағдайында орнына тағайындалған қызметкердің лауазымы, тегі және аты көрсетілген);

б) шақыру.

ҚР аумағында виза алушы ҚР СІМ-де аккредиттеуден өтеді. ҚР СІМ-дегі аккредиттеудің қолдану мерзімі аяқталғаннан кейін (немесе аккредиттеуден бас тартқан жағдайда) Қазақстан Республикасынан шығу үшін бір мәртелі виза 90 тәулікке дейін беріледі.



көп мәртелі



180 тәулікке дейін


виза қолданы-луының барлық кезеңіне

Қызметтік виза

3.

А3

1) ресми шетелдік делегация мүшелері, олармен бірге жүретін адамдар және олардың отбасы мүшелері;

2) Қазақстан Республикасына жіберілетін (ҚР СІМ-мен келісім бойынша) және Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері;

3) Қазақстан Республикасына қызметтік сапармен жіберілетін шет мемлекеттердің әскери қызметкерлері;

4) «A2» және «А4» санаттарындағы визаға үміткер адамдардың қамқорлығындағы адамдар.



бір мәртелі


90 тәулікке дейін


виза қолданы-луының барлық кезеңіне

Визаны ҚР шет елдердегі мекемелері және ҚР СІМ келесі құжаттардың бірінің негізінде береді:

а) ҚР СІМ нұсқауы;

б) вербальдық нота;

в) шақыру;

г) мемлекеттер тізімінде көрсетілген елдердің азаматтарының қолдаухаты.

Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін виза аккредиттеудің қолдану мерзіміне беріледі/ұзартылады.




көп мәртелі



1 жылға дейін


виза қолданы-луының барлық кезеңіне

5) дипломатиялық агенттерге теңестірілген мәртебесі жоқ халықаралық ұйымдар паспорттарының иелері, сондай-ақ халықаралық ұйымдарда жұмыс істейтін, ұлттық паспорт иелері мен олардың отбасы мүшелері;

6) Қазақстан Республикасына қызметтік сапармен жіберілетін қызметтік паспорттар иелері;

7) егер дипломатиялық паспорттары болмаса және курьерлік парағы болған кезде, дипломатиялық пошта тасымалдайтын дипломатиялық курьерлер ;

8) шетелдік дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің, халықаралық ұйымдардың және олардың өкілдіктерінің, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына іссапарға жіберілетін адамдар.



бір мәртелі


90 тәулікке дейін


виза қолданы-луының барлық кезеңіне

көп мәртелі



1 жылға дейін


әрбір келу кезінде 120 тәуліктен артық емес


4.

А4

әкімшілік-техникалық және дипломатиялық өкілдіктер персоналына қызмет көрсететін мүшелер, халықаралық ұйымдардың немесе олардың өкілдіктерінің қызметкерлері, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің консулдық мекемелері персоналына қызмет көрсететін консулдық қызметшілер, қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелері.


бір мәртелі


90 тәулікке дейін


виза қолданы-луының барлық кезеңіне

Визаны ҚР шет елдердегі мекемелері немесе ҚР СІМ келесі құжаттардың бірінің негізінде береді:

а) вербалдық нота (шақырылатын адамның тағайындалған лауазымы, ал ротация болған жағдайында орнына тағайындалған қызметкердің лауазымы, тегі және аты көрсетілген);

б) шақыру.

ҚР аумағында виза алушы ҚР СІМ-де аккредиттеуден өтеді. ҚР СІМ-дегі аккредиттеудің қолдану мерзімі аяқталғаннан кейін (немесе аккредиттеуден бас тартқан жағдайда) Қазақстан Республикасынан шығу үшін бір мәртелі виза 90 тәулікке дейін беріледі.



көп мәртелі



180 тәулікке дейін


виза қолданы-луының барлық кезеңіне

Инвесторлық виза

5.

А5

Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызмет жүргізетін заңды тұлғалардың қатысушылары (құрылтайшылары), басшылары немесе басшылардың орынбасарлары, АХҚО қатысушылары, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері.

бір мәртелі

90 тәуліккедейін

виза қолданы-луының барлық кезеңіне

Визаны ҚР шет елдердегі мекемелері және ҚР СІМ шақыру негізінде береді.

Визаны ҚР ІІМ Қазақстан Республикасының инвестиция жөніндегі өкілетті органының қолдаухаты бар болғанда шақырушы тараптың қолдаухаты негізінде береді.




көп мәртелі

3 жылға дейін

виза қолданы-луының барлық кезеңіне

«B» санаты

Іскерлік сапарға арналған виза

6.

В1

1) конференцияларға, симпозиумдарға, форумдарға, көрмелерге, концерттерге, мәдени, ғылыми, спорт және басқа да іс-шараларға қатысушылар;

2) жиындардың, дөңгелек үстелдердің ұйымдастырушылары, көрмелердің, сарапшылар жиналысына қатысушылар;



бір мәртелі

90 тәулікке дейін

60 тәулікке дейін

Визаны ҚР шет елдердегі мекемелері және ҚР СІМ келесі құжаттардың бірінің негізінде береді:

а) ҚР СІМ нұсқауы;

б) вербалдық нота;

в) шақыру;

г) мемлекеттер тізімінде көрсетілген елдердің азаматтарының қолдаухаты.


3) гуманитарлық көмекті алып жүретін адамдар;

4) оқу орындарында дәрістер оқу және сабақтар жүргізу мақсатында келетін адамдар;

5) Қазақстан Республикасының білім беру мекемелерінде оқуды қоспағанда, жастардың, студенттердің және оқушылардың алмасу бағдарламаларына қатысушылар;


бір мәртелі



90 тәулікке дейін



60 тәулікке дейін



көп мәртелі

1 жылға дейін

әрбір келу кезінде 60 тәуліктен артық емес


7.

В2

1) жабдықты монтаждау, жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету мақсатында келетін адамдар;

2) консультациялық немесе аудиторлық қызметтер көрсету мақсатында келетін адамдар.



бір мәртелі

90 тәулікке дейін

30 тәулікке дейін

Визаны ҚР шет елдердегі мекемелері және ҚР СІМ шақыру негізінде береді.


көп мәртелі

90 тәулікке дейін

виза қолданы-луының барлық кезеңіне

8.

В3


1) келіссөздер жүргізуге, келісімшарттар жасасуға келетін адамдар;

2) құрылтайшылар немесе директорлар кеңесі;





бір мәртелі

90 тәулікке дейін

30 тәулікке дейін

Визаны ҚР шет елдердегі мекемелері және ҚР СІМ келесі құжаттардың бірінің негізінде береді:

а) ҚР СІМ нұсқауы;

б) вербалдық нота;

в) шақыру;

г) мемлекеттер тізімінде көрсетілген елдердің азаматтарының қолдаухаты;

д) ҚР шет елдердегі мекемелері басшыларының жазбаша нұсқауы.

ҚР ІІМ визаны:

бірмәртелі –қолдаухат негізінде;

көпмәртелі – шарттың немесе келісімшарттың көшірмесі бар болғанда (этникалық қазақтар, бұрынғы отандастар және мемлекеттер тізімінде көрсетілген елдердің азаматтарынан басқа) қолдаухат негізінде береді.


көп мәртелі

1 жылға дейін

әрбір келу кезінде 30 тәуліктен артық емес


Халықаралық автомобилдік тасымалдарын жүзеге асыруға арналған виза

9.

В4

халықаралық автомобилдік тасымалдарды жүзеге асыратын адамдар.

бір мәрте-лі

90 тәулікке дейін

30 тәуліктен артық емес

Визаны ҚР шет елдердегі мекемелері келесі құжаттардың негізінде беріледі:

а) қолдаухат;

б) Қазақстан Республикасының аумағымен автокөлік құралдарының жүруіне рұқсат беретін құжаттар (рұқсат беру бланкісі);

в) халықаралық тасымалдарды жүзеге асыру рұқсатының көшірмесі;

г) жүргізуші куәлігінің көшірмесі;

д) көлік құралының құжаттары.

Виза алушы, алынған санаттағы визаға сәйкес көлікпен ғана Қазақстан Республикасының аумағына кіруді және шығуды жүзеге асырады.


көп мәртелі

1 жылға дейін

әрбір келу кезінде 30 тәуліктен артық емес


Әуе, теңіз, өзен кемелері экипаждары мен поезд бригадараларының мүшелеріне арналған виза

10.

В5

Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) тиісті куәлігі жоқ, тұрақты және чартерлік әуе рейстері ұшақтарының мүшелері, поезд бригадаларының, сондай-ақ теңіз және өзен кемелері экипаждарының мүшелері болып табылатын адамдар.

бір мәрте-лі

90 тәулікке дейін

30 тәуліктен артық емес

Визаны ҚР шет елдердегі мекемелері және ҚР СІМ қолдаухат негізінде беріледі (жазбаша өтініш және Қазақстан Республикасының аумағымен жүруіне рұқсат беретін құжаттар):

Поезд бригадаларының мүшелері, алынған санаттағы визаға сәйкес көлікпен ғана Қазақстан Республикасының аумағына кіруді жүзеге асырады.



көп мәртелі

1 жылға дейін

әрбір келу кезінде 30 тәуліктен артық емес


Діни іс-шараларға қатысуға арналған виза

11.

В6

Қазақстан Республикасына діни бірлестіктің іс-шараларына қатысу үшін (діни, уағыз қызметін және діни білімді таратуды қоспағанда) жіберілетін адамдар.

бір мәрте-лі

90 тәулікке дейін

30 тәуліктен артық емес

Визаны ҚР шет елдердегі мекемелері шақыру негізінде береді.

Оқу практикасынан немесе тағылымдамадан өтуге арналған виза

12.

В7

оқу практикасынан немесе тағылымдамадан өту үшін Қазақстан Республикасына жіберілетін адамдар, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері.

бір мәртелі


90 тәулік-ке дейін

виза қолданы-луының барлық кезеңіне

Визаны ҚР шет елдердегі мекемелері және ҚР СІМ шақыру негізінде береді.



Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған виза

13.

В8

Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсатты ресімдеу үшін Қазақстан Республикасына баратын адамдар.

бір мәртелі

90 тәулікке дейін

виза қолданы-луының барлық кезеңіне

Визаны ҚР шет елдердегі мекемелері және ҚР СІМ Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға рұқсатты ресімдеуге Қазақстан Республикасына баратын (ҚР ІІМ-мен келісусіз) мемлекеттер тізімінде көрсетілген елдердің азаматтарының, бұрынғы отандастардың, сондай-ақ этникалық қазақтардың қолдаухаттары негізінде береді.


көп мәртелі

90 тәулікке дейін

виза қолданы-луының барлық кезеңіне

14.

В9


Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатында баратын адамдар.

бір мәртелі

90 тәулікке дейін

виза қолданы-луының барлық кезеңіне

Визаны ҚР шет елдердегі мекемелері (ҚР ІІМ келісім бойынша) келесі құжаттар негізінде беріледі:

1) осы қағидалардың 9 қосымшасына сәйкес нысан бойынша көші-қон полициясы бөлімшесінің қызметкерлері беретін сауалнама-өтініш бланкісі;

2) азаматтығына сай мемлекеттің жазбаша келісімі, дәлел ретінде шығу парақшасы, не болмаса шет елге тұрғылықты тұруға рұқсат берілгенін куәландыратын басқа құжат (егер халықаралық келісімдермен басқа қарастырылмаса, босқын болып саналатын немесе Қазақстан Республикасында саяси баспана берілген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардан және Қытай Халық Республикасынан келген этникалық қазақтардан басқа);

3) өмірбаяны;

4) «Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үміткер шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңінде өздерінің төлем жасау қабілеттігін растау ережесін бекіту туралы» 2003 жылғы 26 қарашадағы № 1185 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес өзінің төлем қабілетін растау туралы құжаты;

5) азаматтығына жататын мемлекеттің және (немесе) тұрғылықты тұратын тиісті мемлекеттің құзіретті органдарымен берілген сотталғандығы (сотталғандығы жоқ) туралы құжат;

6) 10-нан 16 жасқа дейінгі балалардың Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұруға берген нотариалды куәландырылған келісімі;

7) өтініш берушіге тұруға баспана беру және тұрақты тіркеуге қою туралы жеке немесе заңды адамдардың нотариалды куәландырылған шарты немесе келісімі;

8) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінде әлеуметтік маңызы бар ауру және қоршаған ортаға қауіп төндіретін ауру, сондай-ақ шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына кіруге тыйым салатын аурулардың жоқтығы туралы анықтама.


Жеке сапарға арналған виза

15.

В10

1)Қазақстан Республикасына жеке істер бойынша келетін адамдар;

2) мемлекеттер тізімінде көрсетілген елдердің азаматтары;

3) растайтын құжаттар бар болған кезде Қазақстан Республикасына жақын туыстарының/жақындарының жерлеуіне немесе ауырған жағдайда бара жатқан адамдар;

4) бұрынғы отандастар;

5) Қазақстан Республикасының азаматтарымен Қазақстан Республикасына бірге кіретін жұбайлары, балалары (оның ішінде асырап алынған балалары) немесе ата-аналары (қорғаншылары, қамқоршылары)(туыстығын растайтын құжаттар болған кезде);

6) этникалық қазақтармен Қазақстан Республикасына бірге кіретін (этникалық қазақ болып саналмайтын) жұбайлары, балалары.



бір мәртелі

90 тәулікке дейін

виза қолданы-луының барлық кезеңіне

Визаны ҚР шет елдердегі мекемелері келесі құжаттардың бірінің негізінде беріледі:

а) вербалдық нота;

б) шақыру;

в) қолдаухат (2), 3), 4), 5) және 6) тармақғында көрсетілген адамдар).

Визаны ҚР СІМ келесі құжаттардың бірінің негізінде береді:

а) вербалдық нота;

б) шақыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет