ШТАБ қызметі
Штабтың негізгі қызметтері:
Ішкі істер министрінің қызметін ақпараттық-талдаумен қамтамасыз ету;
Ішкі істер органдары қызметін кешенді талдау және Ішкі істер министрінің басқару шешімдерін әзірлеу;
ІІМ-нің Алқа отырысын, Ішкі істер министрі жанында болатын жедел және аппараттық кеңестерді ұйымдастыру және өткізу;
ІІМ қызметтерімен бірлесіп, құқық қорғау қызметінің отандық және шет елдік құптарлық тәжірибесін зерделеу, жалпылау және практикаға енгізу;
ІІМ-нің ақпараттық-анықтамалық қорын қалыптастыру;
Аумақтық және көліктегі ішкі істер департаменттерінің жедел-қызметтік жұмысына өңірлік бақылауды және инспекциялауды ұйымдастыру;
Ішкі істер органдары штабтарының жұмысына әдістемелік басшылық ету және бақылау, оларға практикалық көмек көрсету;
ІІМ-нің орталық аппараты мен аумақтық ішкі істер органдарында жоспарлауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
ІІМ-нің орталық аппаратында орындаушылық тәртіпті қамтамасыз ету;
Шет ел мемлекеттерінің құқық қорғау органдарымен бірге сыртқы байланыстарды дамыту бойынша ІІМ-нің іс-шаралар жоспарын әзірлеу және іске асыру;
Ішкі істер органдарының халықаралық ынтымақтастығын орнату және бекіту бойынша жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру, осы саладағы құқықтық реттеуді жетілдіру;
Қылмыстар туралы арыздар мен хабарламаларды, шағымдарды және өзге де ақпараттарды қабылдаудың, тіркеудің, есепке алудың және қараудың жүзеге асырылуын бақылауды, есепке алу-тіркеу тәртібін нығайтуды ұйымдастыру.
Сөздік
Ақпараттық-талдау – информационно-аналитический
Ішкі істер органдары қызметін кешенді талдау – комплексный анализ службы органов внутренных дел
Алқа отырысы – заседание коллегий
Жедел кеңес – оперативное совещание
Аппараттық кеңес – аппаратное совещание
Зерделеу – изучить
Жалпылау – обобщение
Жедел-қызметтік жұмыс – оперативно-служебная деятельность
Инспекциялауды ұйымдастыру – организовать инспектирование
Есепке алу-тіркеу тәртібі – учетно-регистрационная деятельность
Ұйымдастырушылық-инспекторлық бөлім – организационно-инспекторский отдел
Ұйымдастырушылық-штаттық жұмыс – организационно-штатная работа
Талдау және жоспарлау – анализ и планирование
Бақылау – контроль
1-тапсырма: Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.
2-тапсырма: Мәтіннен тұйық етістіктерді тауып, келер шақ формасын жасаңыз.
3-тапсырма: Мәтіндегі жаңа сөздерді қатыстырып, сөз тіркесін, сөйлем құрастырыңыз.
Бұйрық рай. Жекеше түрі
Жақ
(Лицо)
|
Соңғы дыбыс
(Конечный звук)
|
Жұрнақ
(аффикс)
|
Мысалдар
|
Мен
(Я)
|
Дауыссыз
(Согласные)
|
-айын
-ейін
|
бұйыр+айын
келіс+ейін
|
Дауысты
(Гласные)
|
-йын
-йін
|
жарияла+йын
ізде+йін
|
Сен
(Ты)
|
Дауыссыз
(Согласные)
|
-
|
бұйыр
келіс
|
Дауысты
(Гласные)
|
-
|
жарияла
ізде
|
Сіз
(Вы, вежливая форма)
|
Дауыссыз
(Согласные)
|
-ыңыз
-іңіз
|
бұйыр+ыңыз
келіс+іңіз
|
Дауысты
(Гласные)
|
-ңыз
-ңіз
|
жарияла+ңыз
ізде+ңіз
|
Ол
(Он, она)
|
Дауыссыз
(Согласные)
|
-сын
-сін
|
бұйыр+сын
келіс+сін
|
Дауысты
(Гласные)
|
-сын
-сін
|
жарияла+сын
ізде+сін
|
Көпше түрі
Жақ
(Лицо)
|
Соңғы дыбыс
(Конечный звук)
|
Жұрнақ
(аффикс)
|
Мысалдар
|
Біз
(Мы)
|
Дауыссыз
(Согласные)
|
-айық
-ейік
|
бұйыр+айық
келіс+ейік
|
Дауысты
(Гласные)
|
-йық
-йік
|
жарияла+йық
ізде+йік
|
Сендер
(Вы)
|
Дауыссыз
(Согласные)
|
-ыңдар
-іңдер
|
бұйыр+ыңдар
келіс+іңдер
|
Дауысты
(Гласные)
|
-ңдар
-ңдер
|
жарияла+ңдар
ізде+ңдер
|
Сіздер
(Вы, вежливая форма)
|
Дауыссыз
(Согласные)
|
-ыңыздар
-іңіздер
|
бұйыр+ыңыздар
келіс+іңіздер
|
Дауысты
(Гласные)
|
-ңыздар
-ңіздер
|
жарияла+ңыздар
ізде+ңіздер
|
Олар
(Они)
|
Дауыссыз
(Согласные)
|
-сын
-сін
|
бұйыр+сын
келіс+сін
|
Дауысты
(Гласные)
|
-сын
-сін
|
жарияла+сын
ізде+сін
|
4-тапсырма: Берілген етістіктерді бұйрық райда жіктеңіз.
Ұйымдастыру, енгізу, өткізу, әзірлеу.
Облыстың ІІД полиция
қызметкерін жазалау туралы
Алматы облысы ІІД-нің Тәрбие және кадр жұмысы басқармасына 2004 жылғы 19 қыркүйекте облыстың ІІД КПБ бастығының атынан баянат келіп түсті. Баянатта ІІД КПБ жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Асқар Батырханұлы Айдаровтың 2004 жылғы 11-13 маусым, 25-28 маусым, 14-16 тамыз аралығында жұмысқа келмегені туралы баяндалды. Осы факт бойынша қызметтік тексеріс жүргізу барысында А.Б. Айдаровтың 2004 жылғы 14 маусымдағы, 26 қыркүйектегі, 17 тамыздағы жазған түсініктемелерінде жұмыста болмау себебін анықтайтын нақты дәлел жазбағаны және ешбір құжат ұсынбағаны анықталды.
Баяндалғанның негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ІІД КПБ басшылығының ескертулерін елемей, жұмысқа себепсіз келмеуімен көрінген әскери-қызметтік тәртіпті бұзғаны үшін Алматы облысының ІІД КПБ жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Асқар Батырханұлы Айдаров ІІО-дан жұмыстан шығарылсын.
2. Алматы облысының ІІД КПБ басшылығына (С. Ахметов) қарамағындағы полиция қызметкерінің тарапынан жіберілген қызметтік-жауынгерлік тәртіпті бұзу фактісі атап көрсетілсін, бұдан әрі осындай фактілерді жібермеу мақсатында тиісті ұйымдастырушылық-алдын алу шараларын жүргізу талап етілсін.
3. Бұйрық облыстың ІІО барлық жеке құрамына жариялансын.
Бастық
полиция полковнигі А.Т. Жолдасов
Ақмола облысының ІІД
қызметкерлерін марапаттау туралы
2003 жылы 07 қазанда Көкшетау қаласы Құрманғазы көшесі, 75-үй, 43-пәтер мекенжайы бойынша Көкшетау қаласы Құрманғазы көшесі, 95-58 мекенжайында тұратын 1962 жылы туған азамат К.К. Иванов пен оның 1988 жылы туған баласы Д.К. Ивановтың зорлықпен өлтірілген белгілері бар мәйіттері табылды.
Осы факт бойынша 2003 жылы 09 қыркүйекте Қазақстан Республикасы ҚК 96-бабының 1-бөлігінде көзделген № 325 қылмыстық іс қозғалды.
Көкшетау қаласы ІІБ қызметкерлері жүргізген сауатты жедел-іздестіру шаралардың нәтижесінде аталған қылмыс ашылды, анықталып ұсталған 1979 жылы туған О.А. Сидоров осы қылмысты жасағаны туралы мойындау көрсетпелерін берді. Заттай дәлелдемелер алынды, күдікті қамауға алынды.
Баяндалғанның негізінде, аса ауыр қылмысты ашу барысында жұмысты жоғары деңгейде ұйымдастырып, көрсеткен кәсіби шеберлігі үшін БҰЙЫРАМЫН:
1. Әрқайсысы _____________ теңге сомасында ақшалай марапатталсын:
- Көкшетау қ. ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны Анна Васильевна Иванова;
- Көкшетау қ. ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны Самат Болатұлы Қалиев;
- Көкшетау қ. ІІБ ҚҚБ УПИ полиция аға лейтенанты Данияр Қанатұлы Шалқарбаев.
2. Төлем тиісті ұстау көздерінен қамтамасыз етілсін.
3. Бұйрық облыстың ІІД барлық жеке құрамына жариялансын.
Бастық
полиция генерал-майоры А.А. Әмірбеков
1-тапсырма: Берілген сөздермен сөз тіркестерін аударыңыз.
В ДВД Алматинской области, поступил рапорт, от руководства УКП, старший лейтенант полиции, оперуполномоченный, в ходе проведения служебного расследования, данный факт, было установлено, представленные объяснительные, указать причину, не представив документы, на основании вышеизложенного, за игнорирование замечаний, за нарушение служебно-воинской дисциплины выразившееся в отсутствии на рабочем месте без уважительной причины, объявить выговор, потребовать проведение соответствующих организационно-профилактических мероприятий, подобные факты, со стороны подчиненного сотрудника полиции, объявить приказ, личный состав ДВД области.
2-тапсырма: Берілген сөздер мен сөз тіркестерін аударыңыз.
Возбуждено уголовное дело, в результате проведенных оперативно-розыскных мероприятий, данное уголовное дело было раскрыто, задержанный, признательные показания, о совершении данного преступления, вещественные доказательства изъяты, подозреваемый взят под стражу, за высокую организацию работы, раскрытие особо тяжкого преступления, проявленное профессиональное мастерство, наградить каждого, выплата, соответствующие источники содержания, приказ объявить всему личному составу.
19 – С А Б А Қ
ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЖҮЙЕСI ҚЫЗМЕТІ
Қылмыстық-атқару жүйесі қызметі сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімі, сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс басқармасы, тылдық қамтамасыз ету басқармасы, тергеу изоляторлары және арнайы есепке алу басқармасынан тұрады.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi құрылымын Комитет (орталық атқарушы органның ведомствосы), Комитеттің аумақтық органдары, қылмыстық жазаларды орындайтын мекемелер мен органдар (қылмыстық-атқару инспекциялары, түзеу мекемелері), тергеу изоляторлары, емдеу-профилактикалық ұйымдар және білім беру ұйымдары, қылмыстық-атқару жүйесі саласында өндірістік қызметті жүзеге асыруға және сотталғандарды еңбекке тартуға арналған ұйымдар құрайды.
Міндеті: қылмыстық жазаларды орындау, Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қылмыстық-атқару жүйесінде құқықтық тәртіпті және заңдылықты қамтамасыз ету, заңнамаға сәйкес қылмыстар туралы істерді анықтау және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша өндірісті жүзеге асыру.
Сөздік
Сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру – организация труда осужденных
Сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс – Воспитательная и социально-психологическая работа среди осужденных
Тылдық қамтамасыз ету – тыловое обеспечение осужденных
Тергеу изоляторлары және арнайы есепке алу – следственные изоляторы и специальный учет
Қадағалау және күзет – надзор и охрана
Сотталғандар арасындағы тәрбие жұмысы – воспитательная работа среди осужденных
Әлеуметтік-психологиялық жұмыс – социально-психологическая работа
Сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру – организация труда осужденных
Қылмыстық-атқару инспекциялары – уголовно-исполнительная инспекции
Қылмыстық жазаларды орындау – исполнение уголовного наказания
Мекемелер – учреждение
Жалпы режимдегі түзеу колониясы – исправительная колония общего режима
Қатаң режимдегі түзеу колониясы – исправительная колония строгого режима
Ерекше режимдегі түзеу колониясы – исправительная колония особого режима
Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Қылмыстық-атқару жүйесі қызметі қандай басқармалар мен бөлімдерден тұрады?
2. Қылмыстық-атқару жүйесінің құрылымы қандай?
3. Қылмыстық-атқару жүйесінің міндеті қандай?
1-тапсырма : Мәтінді оқып, әңгімелеп беріңіз.
2-тапсырма: Келесі сөз тіркестерін септеңіз.
Қылмыстық-атқару жүйесі, сотталғандардың еңбегі, тергеу изоляторлары.
3-тапсырма: Келесі етістіктердің шағын анықтап, басқа шақтарға түрлендіріңіз. Оларды ауызша жіктеңіз.
Айналысады, қолданады, жүзеге асырады, жоспарлайды, орындайды.
АНЫҚТАМА
Анықтама белгілі бір фактіні немесе оқиғаны дәлелдейтін, растайтын, анықтайтын ісқағаздардың бірі. Анықтама жоғары органның немесе жауапты қызметкердің нұсқауы бойынша жасалады.
Өмірдің түрлі жағдайларына байланысты бізге әр кезеңде түрлі мекемелерге барып, әртүрлі мазмұндағы анықтамалар алуға тура келеді. Біздің жеке басымызды куәландыратын құжаттарды жоғалтып алғанда, оның орнын уақытша анықтама ауыстыра алады.
Анықтама көп жағдайда жеке адамға байланысты нақты бір ақпаратты растау үшін беріледі. Мысалы: тегі, аты-жөні, туған жері, еңбек өтілі, атқарған қызметі, білімі туралы мәлімет, мамандығы т.б.
Анықтамадағы мәлімет мұқият тексерілуі қажет. Мәліметтің дәлдігін тексерумен кадр бөлімінің қызметкері айналысады.
Анықтама құрылымына мынадай мәліметтер кіреді:
Құжаттың атауы
Негізгі мәтін
Анықтаманың қай ұйымға (мекеме, кәсіпорын, басқарма) берілгені туралы мәлімет
Анықтаманың жарамдылық мерзімі туралы мәлімет
Анықтаманы беріп отырған ұйымның мөрі, анықтама берушінің қолы.
Нұсқау –указание
Өкілеттік шеңбері – круг полномочий
Еңбек өтілі – трудовой стаж
Мәлімет – сведения
Жарамдылық мерзімі – срок годности
Мөр – печать
Мөртаңба – штамп
Негізгі мәтін. Негізгі мәтін анықтаманың берілу мақсатына қарай, жүйелі түрде жазылады. Мысалы:
Анықтама Айдар Рысбекұлы Мыңбаевтың 2008 жылдың 25 қарашасынан бастап Қызылорда облысының ІІД ҚҚБ-да учаскелік полиция инспекторы болып қызмет ететінін растау үшін беріледі.
Анықтаманың қай ұйымға арналып берілгені туралы мәлімет. Бұл мәлімет негізгі мәтіннен төмен, азат жолынан басталып жазылады. Мысалы:
Анықтама Қызылорда қаласының Ішкі істер басқармасы Орталық полиция бөліміне ұсыну үшін берілді.
Анықтаманың жарамдылық мерзімі туралы мәлімет. Бұл мәлімет те жаңа жолдан жазылады және берілген анықтаманың қай мерзімге дейін күші бар екендігі көрсетіледі. Мысалы:
Анықтама 2008 жылдың 31 желтоқсанына дейін жарамды» немесе «Анықтама» берілген күннен бастап 3 айға дейін жарамды.
Виза – бұрыштама
Выписка – үзінді
Гуманитарная помощь – ізгілік көмек
Документирование – құжаттау, дәлелдеу
Истец – талапкер
Квитанция – түбіртек
Регион – өңір
Зона – аймақ
Подписать справку – анықтамаға қол қою
Определить, выявить – анықтау
В действительности – шын мәнінде
Действителен, имеет силу – жарамды, күші бар
Срок указан – мерзімі көрсетілген
(не)действителен – жарамсыз, жарамды
Быть признанным – деп танылу
По месту требования – талап (қажет) етілген жерге
... - ға/ге, -қа/ке берілді – выдано кому-то
...- етіндігін (-йтіндігін, -йтындығын, - атындығын) растау үшін
Қылмыстың түрлеріне байланысты анықтамалар
Кісі өлтіру бойынша атқарылған жұмыстар туралы анықтама – Справка о проделанной работе по убийству
Ұрлау фактісі бойынша жүргізілген жұмыстар туралы анықтама – Справка о проделанной работе по факту кражи
Қарақшылық шабуыл фактісі бойынша жүргізілген жұмыстар туралы анықтама – Справка о проделанной работе по факту разбойного нападения
Із-түзсіз жоғалып кеткенді іздестіру жұмыстары туралы анықтама – Справка о розыске без вести пропавшего
Қылмыскерді іздестіру жұмыстары туралы анықтама – Справка о розыске уголовного преступника
Анықталмаған мәйіт бойынша жүргізілген жұмыстар туралы анықтама – Справка о проделанной работе по неустановленному трупу
Ірі қара малды ұрлау фактісі бойынша жүргізілген жұмыстар туралы анықтама – Справка о проделанной работе по факту кражи крупного рогатого скота
Түсті металды ұрлау фактісі бойынша жүргізілген жұмыстар туралы анықтама – Справка о проделанной работе по факту кражи цветного металла
Пәтер ұрлығы жөнінде жүргізілген жұмыстар туралы анықтама – Справка о проделанной работе по факту квартирной кражи
Көлікті айдап кету фактісі бойынша жүргізілген жұмыстар туралы анықтама – Справка о проделанной работе по факту угона машин
1-тапсырма: Төмендегі анықтаманы толтырыңыз.
№_________ қылмыстық іс бойынша
АНЫҚТАМА
Қылмыс_____________________________________жасалды.
(күні)
№ ____қылмыстық іс ________________________қозғалды.
(күні)
№ ____қылмыстық іс, тергеуді әрі қарай жүргізу үшін
_____________________________________________ қайтарылды.
(күні) (орны)
ҚР ҚІЖК-нің 123-бабы тәртібімен ______________________
(күні (а. ә.т.) _________________________________________________ ұсталды.
5. _________________ ____________________ айып тағылды.
(а. ә.т.) (күні)
__________________________оған қатысты __________________
(кім)
түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. № __ қылмыстық іс бойынша анықтау мерзімін_________________________________
(кім)
______ айға дейін, яғни _______________________ дейін ұзартты.
(күні)
№ ___ қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеу
мерзімін_______ ______ айға дейін, яғни _________дейін ұзартты.
(кім) (күні)
8. № ___ қылмыстық іс бойынша ______ алдын ала тергеу мерзімі ____________ ай, №__ қылмыстық іс бойынша айыпталушы____қамауда ұстау мерзімі____ай____күнді құрайды.
(а. ә.т.)
Тергеуші ____________
(қолы)
Қылмыс жасау – совершение преступления
Қылмыстық іс қозғау – возбуждение уголовного дела
Айып тағу – предъявить обвинение, инкриминировать
Бұлтартпау шарасы – мера пресечения
Алдын ала тергеу – предварительное расследование
Айыпталушы – обвиняемый
Тергеуші – следователь
Сұрақтарға жауап беріңіз.
Анықтама қандай құжат? (Анықтама дегеніміз не?)
Анықтама не үшін беріледі?
Оның құрылымы қандай болады?
Анықтаманы жасауға кім нұсқау береді?
Қылмыстың түрлеріне байланысты қандай анықтаманың түрлерін білесіз?
Жұмыс бабында қандай анықтамалардың түрлерін қолданасыз?
2-тапсырма: Сөз тіркестерін аударыңыз.
А) Деректі растау, жеке адамға байланысты, ақпаратты растау, бірнеше дана, анықтама нөмірленеді, анықтама мазмұны, анықтама мәтіні, кімге берілгені, мекеме басшылары, мекеме мөрі, не үшін берілгені, мөр басылады, жарамдылық мерзімі.
ә) Анықтаманы алу, бұйрық берілді, анықтаманы өткізу, анықтаманы жазу, анықтаманы беру, анықтаманы талап ету, анықтаманы тіркеу, анықтамаға қол қою, анықтамаға мөр басу, анықтамамен танысу.
3-тапсырма: Берілген сөздер мен сөз тіркестерінің дұрыс аудармасын табыңыз.
Қылмыстық іс қозғау
|
предварительное расследование, совершение преступления, возбуждение уголовного дела, мера пресечения
|
Айып тағу
|
мера пресечения, возбуждение уголовного дела, совершение преступления, предварительное расследование, предъявить обвинение
|
Қылмыс жасау
|
предъявить обвинение, мера пресечения, совершение преступления, предварительное расследование
|
Бұлтартпау шарасы
|
совершение преступления, предъявить обвинение, мера пресечения, предварительное расследование
|
Алдын ала тергеу
|
возбуждение уголовного дела, предварительное расследование, мера пресечения, совершение преступления
|
20 – С А Б А Қ
ЖЕДЕЛ БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІ
1-тапсырма: Мәтінді оқып, әңгімелеп беріңіз.
Жедел басқару орталығының қызметі
ІІО Орталығының қарамағында қала, аудан органдарының және басқа ІІО бөлімдерінің патрульдік полиция полкі, қалалардың ІІБ кезекші бөлімдері, саптық бөлімдері, оның ішінде жол полициясының, мамандандырылған күзет қызметінің, ішкі әскердің саптық бөлімдері жедел бағыныста болады. Сонымен қатар, арнайы жоспарларды іске асыру барысында облыстың аумағында орналасқан көліктегі ішкі істер органдарының кезекші бөлімдері де Орталықтың жедел бағынысында болады.
Орталық күшті техникалық мүмкіндіктеріне ие бола отырып, құқық бұзушылықтар мен оқиғалар орын алған жағдайда, оларға полиция кешенді күштерімен әрекет ету бойынша барлық ақпараттарды тәулік бойы қабылдау мәселелерін нәтижелі шешіп қана қоймай, қылмыс жасалған аумаққа қарамастан қылмыстарды ашу, оларды жасаған күдіктілерді, қылмыскерлерді және айдап әкеткен автокөліктерді ұстау бойынша облыстың барлық ІІО-ның жұмыстарын үйлестіруге мүмкіндігі зор.
Облыста және қалалар бойынша ІІД ЖБО қызметкерлері құқық бұзушылық туралы ақпаратты алып, полицияның кешенді күштерін оқиға және қылмыс болған жерлерге жібереді. Құқық бұзушылық туралы әрбір ақпарат құқық бұзушы ұсталып, жауапкершілікке тартылғанға дейін кезекшілікте тәулік бойы бақылауда тұрады.
Сөздік
Жедел басқару орталығы – центр оперативного управления
Патрульдік полиция полкі – полк патрульной полиции
Құқық бұзушылық – правонарушение
Жауапкешілікке тарту – привлечь к ответственности
Техникалық мүмкіндіктер – технические возможности
Кешенді күштер – комплексные силы
Тәулік бойы – круглые сутки, в течение суток
Заттай дәлелдеме – вещественное доказательство
Айыптау – обвинение
Оқиға – происшествие, событие
Үйлестіру – координация
Айрықша – особенный, особый, особенно
Кәсіпорын – предприятие
Сақтау мерзімі – срок хранения
Қадағалау – надзор, контролировать
Көліктегі ІІД – ДВД на транспорте
Атау – название
Жоба – проект
2-тапсырма: Жаңа сөздерді қолданып, 10 сөйлем құраңыз.
Берілген кестені пайдаланып, сұхбат құрастырыңыз.
Жедел жоспарлау департаменті
|
Здравствуйте оперативный дежурный ДВД г. Астаны капитан полиции Петров слушает
|
-
|
Астана қаласы Ішкі істер департаментінің жедел кезекшісі полиция капитаны Петров тыңдап тұр
|
Заявитель: - Я хотел написать заявление
|
-
|
Арызданушы: - Мен арыз жазайын деп едім
|
Оперативный дежурный:- Что у вас случилось? Говорите
|
-
|
Жедел кезекші:- Сізде не жағдай болды? Айтыңыз
|
Заявитель: - У меня вскрыли автомашину
|
-
|
Арызданушы: Автомашинамды ашып, магнитофонды ұрлап кеткен
|
Дежурный : Присаживайтесь, возьмите ручку напишите заявление и объяснительное на имя начальника ДВД
|
-
|
Кезекші: Отырыңыз, қалам алып, Ішкі істер департаменті бастығының атына арыз бен түсініктеме жазыңыз
|
По какому адресу находитесь?
|
-
|
Қай мекенжайда тұрсыз?
|
Где находитесь?
|
-
|
Қайда тұрсыз?
|
Назовите адрес
|
-
|
Мекенжайыңызды айтыңыз
|
Сколько их было?
|
-
|
Олар нешеу болды?
|
Что у вас украли?
|
-
|
Сізден не ұрлап кетті?
|
Ценные вещи были?
|
-
|
Қымбат, бағалы заттар болды ма?
|
У меня обокрали квартиру
|
-
|
Менің пәтерімді тонап кетті
|
Следственно-оперативная группа выезжает, находитесь на месте, ничего не трогайте
|
-
|
Жедел тергеу тобы шығайын деп жатыр, орныңызда болыңыз, ешнәрсеге тиіспеңіз
|
Находитесь на месте, ожидайте полицию
|
-
|
Оқиға орнында болыңыз, полицияны күтіңіз
|
Кризисная ситуация
|
-
|
Дағдарыстық жағдай
|
Оперативная сводка
|
-
|
Жедел ақпар
|
По горячим следам
|
-
|
Ізін суытпай
|
Арыздарды есепке алу кітабы
АЕК (КУЗ – книга учета заявлений) – қылмыстар, оқиғалар жөніндегі арыздарды, хабарламаларды, өтініштерді және басқа да ақпараттарды қабылдау, тіркеу, есепке алу жөніндегі кітап.
3-тапсырма: АЕК-ке «ұялы телефонның ұрланғаны туралы» келіп түскен арыз бойынша жедел ақпар жазыңыз.
Ырықсыз етіс
/Страдательный залог/
Іс- әрекеттің атқарушысы, қимыл иесі арнайы айтылмай, қимыл өздігінен істелетінін білдіретін етісті ырықсыз етіс дейміз. Ырықсыз етіс дауыссыз дыбыстан кейін -ыл, -іл,-ын, -ін, дауыстыдан кейін -л,-н жұрнақтары арқылы жасалады.
Мысалы: сөз айт-ыл-ды, уәде бер-іл-ді, шарт жаса-л-ды, үй тазала-н-ды, қамал ал-ын-ды, үй сал-ын-ды, айыппұл сал-ын-ды т.б.
4-тапсырма: Ырықсыз етіс формаларын құрастыра отырып, берілген сөйлемдерді аударыңыз.
Дай задание. Задание дано (кем-то). Задание не дано. Задание собираются дать. Возможно, будет дано задание.
5-тапсырма: Мысалдарды үлгі бойынша ауызша түрлендіріңіз.
Айыпкерді қылмыстық жауапқа тартқан - Айыпкер қылмыстық жауапқа тартылған - Айыпкердің қылмыстық жауапқа тартылғаны белгілі болды (анықталды, расталды)
1. Қарағанды қаласының тұрғыны, 1982 жылы туған М.Н.Сәрсенов деген азаматты бұрын екі рет әкімшілік жауапқа тартқан. 2. Кәмілетке толмаған екі жасөспірім бала «Мицубиси-Галант» көлігінің дөңгелектерін тонаған. 3. Көп ұзамай қылмыскердің біреуін ұстаған.
6-тапсырма: Көп нүктенің орнына -ыл, -іл, -л немесе -ын, -ін, -н жұрнақтарының тиістісін қойыңыз. Сөйлемдерді аударыңыздар.
1. Оқиға туралы «102»-ге хабарла...ды. 2. АТК-ге тіркеуге ал...ған. 3. Жедел-іздестіру тобы құр...ды. 4. Оқиға орны қорша...ды. 5. Қылмыстық іс қозға...ды. 6. Алдын ала тергеу жұмыстары баста...ды. 7. Бұл шараға жеке құрам түгел жұмылдыр...ған. 8. Айғақ заттар таб...ған. 9. Тиісті хаттамалар толтыр...ды. 10. Күдіктінің құқықтары мен міндеттері түсіндір...ді. 11. Қосымша сараптама тағайында..ды. 12. Сот мәжілісі аяқта...ды.
7-тапсырма: Жедел жоспарлау қызметі туралы эссе жазыңыз.
21– С А Б А Қ
КАДР ҚЫЗМЕТІ
1-тапсырма: Мәтінді оқып, әңгімелеп беріңіз.
Кадр қызметі
Кадр жұмысы департаменті Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары жүйесінде мемлекеттік кадр саясатын іске асыратын, белгіленген міндеттер мен функцияларды орындайтын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – ІІМ) дербес құрылымдық бөлінісі болып табылады.
Департаменттің құрылымын, штаттық санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Министр бекітеді.
Департамент:
1) Басшылықтан;
2) Ұйымдастырушылық-аналитикалық бөлімнен;
3) Қызмет өткеруді ұйымдастыру басқармасынан;
4) Ұйымдастырушылық-штаттық жұмыс басқармасынан;
5) Кәсіби және психологиялық даярлықты ұйымдастыру басқармасынан;
6) Ведомстволық білім беруді ұйымдастыру басқармасынан;
7) Жеке құрам жөніндегі инспекциядан;
8) Тәрбие жұмысын ұйымдастыру бөлімінен тұрады.
Функциялары:
- ішкі істер органдарының кадрларын жасақтауды, іріктеуді және орналастыруды жүзеге асыру, кадрларды қызметте бекіту жөніндегі шаралар қабылдау, жылжытуға кадр резервін қалыптастырады, онымен жоспарлы жұмысты ұйымдастырады және өткізеді;
- қызметкерлерге қатардағы және басшы құрамның арнайы атақтарын беру, сондай-ақ оларды марапаттау және көтермелеу туралы материалдарды қарайды және ресімдейді, жеке құрам бойынша тиісті бұйрықтардың жобаларын дайындайды, құзыреті шегінде оларды шығарады, ішкі істер органдарының қызметкерлеріне қызметтік куәліктер ресімдеуді және беруді жүзеге асырады;
- лауазымдар санаттарына қойылатын үлгі біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;
- қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік мемлекеттік қызметшілер лауазымдарын жасақтайды;
- әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдарын атқару үшін кадр резервін қалыптастыруға қатысады, олардың аттестациясын және біліктілігін арттыруды жүргізеді;
- ішкі істер органдарынан қызметтен босатылған адамдарға зейнетақы тағайындау үшін материалдарды уақтылы және сапалы дайындауды жүзеге асырады;
Кадр аппаратының басты мақсаты ішкі істер органдарын орта және аға бастықтардың құрамы лауазымдарына кәсіби дайындалған мамандармен жасақтау.
Сөздік
Кадр саясаты – кадровая политика
Дербес құрылымдық бөлінісі – самостоятельное структурное подразделение
Басшылық – руководство
Марапаттау және көтермелеу туралы – награждение и поощрение
Ресімдейді – оформляет
Жеке құрам бойынша – по личному составу
Бұйрықтардың жобалары – проекты приказов
Қызметтік куәліктер – служебные удостоворения
Әкімшілік мемлекеттік қызметшілер – административный государственный служащий
Жасақтайды – комплектует
Біліктілік талаптары – квалификационные требования
Құрылу – создание
Кадрларды жасақтау – комплектование кадров
Мұрағаттық деректер – архивные данные
Енгізу – ввести
Тағайындау – назначать
Бұйрық – приказ
Бұйырамын – приказываю
Жариялау – объявить
Енгізу – внести
Хабарлау – известить
Зерделенсін – изучить
Қайта қаралсын – пересмотреть
Ескертілсін – предупредить
Ескерту жариялансын – объявить замечание
Сөгіс жариялансын – объявить выговор
Қатаң сөгіс жариялансын – объявить строгий выговор
Атап көрсетілсін – указать
Лауазымынан босатылсын – освободить от должности
Қамтамасыз етілсін – обеспечить
Іссапарға шықсын – выехать в командировку
Ақшалай қаражат бөлінсін – выделить денежные средства
Ақпарат көрсетілген мерзімде ұсынылсын – информацию предоставить в указанный срок
Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен департаменттің құрылымын, штаттық санын кім бекітеді?
2. Кадр жұмысы департаменті қандай басқармалар мен бөлімдерден тұрады?
3. Кадр аппаратының басты мақсаты қандай?
2-тапсырма: Тәрбие жұмысы, жеке құрам, қызметтік куәліктер тіркестерін септеңіз. Олармен үш сөйлем құрастырыңыз.
3-тапсырма: Берілген етістіктерді бұйрық райда жіктеңіз.
Бекітеді, ұйымдастырады, өткізеді.
ҚЫЗМЕТТІК МІНЕЗДЕМЕ
Қызметкердің Т.А.Ә.:
|
Жолдасова Әсия Сәкенқызы
|
Лауазымы:
|
Қазақстан Республикасы ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаменті Тіл басқармасының бас маманы
|
Тағайындау датасы:
|
2012 жылғы 5 қыркүйек
|
Атағы (сыныптық шені)
|
полиция майоры
|
Полиция майоры Жолдасова Әсия Сәкенқызы ішкі істер органдарында 2002 жылғы мамыр айынан бастап, атқарып отырған лауазымында 2011 жылдан бастап қызмет етеді. Қызмет еткен жылдары өзін сауатты, тиянақты және білікті қызметкер ретінде көрсетті.
Ішкі істер органдарының қызметін реттейтін, оның ішінде мемлекеттік тілге қатысты нормативтік құжаттарды жақсы меңгерген және күнделікті жұмыс барысында дұрыс қолдана біледі. Функциялық міндеттеріне сәйкес ішкі істер органдарында мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы жұмысты ұйымдастырады, облыстық ІІД-нің және ІІМ оқу орындарының мемлекеттік тіл бөліністерімен өзара іс-қимыл жасасады, оларға әдістемелік көмек көрсетеді, мемлекеттік тілдегі іс-қағаздарды жүргізу жай-күйіне тексеріс жүргізеді, апта сайынғы брифинг материалдарын және баспасөз-релиздерін аударады. Өзіне жүктелген міндеттерді адал әрі тез орындайды. Ізденгіш, бастамашыл, көтерілген бастаманы қолдауға әрдайым ынталы, талап қойғыш. Өз кәсіби деңгейін үнемі жетілдіріп отырады.
Мінез-құлқы жағынан ашық, салмақты, әріптестерінің арасында беделді. Сапта жинақы. Қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін ІІМ-нің басшылығымен бірнеше рет марапатталған. Жазаларға тартылмаған.
Қорытынды: полиция майоры Ә.С. Жолдасова өзінің моральдік-психологиялық қасиеттері бойынша атқарып отырған лауазымына сәйкес деп есептеймін.
ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат
департаментінің бастығы
полиция капитаны А. Исаев
Қызметтік мінездеме мәтінімен таныстым, келісемін
________________________________________________________
2012 жылғы «____» ______________
СЛУЖЕБНАЯ ХАРАКТЕРИСТИКА
Ф.И.О. сотрудника:
|
Жолдасова Асия Сакеновна
|
Должность:
|
главный специалист Управления по языкам Департамента государственного языка и информации МВД Республики Казахстан
|
Дата назначения:
|
5 сентября 2011 года
|
Звание (классный чин):
|
майор полиции
|
Майор полиции Жолдасова А.С. в органах внутренних дел служит с мая 2002 года, в занимаемой должности с 2011 года. За время службы в органах внутренних дел показала себя с положительной стороны, зарекомендовала себя грамотным, исполнительным сотрудником.
Знает и правильно применяет нормативные правовые документы, регламентирующие деятельность органов внутренних дел, в том числе касающиеся развития государственного языка. Организует работу по развитию государственного языка, взаимодействует и оказывает методическую помощь подразделениям государственного языка областных ДВД и учебных заведений МВД, проводит проверки по ведению делопроизводства на государственном языке, осуществляет еженедельный перевод материалов брифинга и пресс-релизов. Поставленные задачи исполняет в срок. Инициативна, требовательна к себе. Постоянно повышает свой профессиональный уровень.
В обращении с гражданами и коллегами по работе тактична и вежлива. В строевом отношении подтянута, физически развита. Пользуется уважением среди коллег. За добросовестное исполнение своих служебных обязанностей неоднократно поощрялась руководством МВД. Взысканий не имеет.
Вывод: майор полиции А.С. Жолдасова по своим морально-деловым качествам соответствует занимаемой должности.
Начальник Департамента
государственного языка и информации МВД
капитан полиции А. Исаев
Ознакомлена с текстом служебной характеристики, согласна:
______________________________________________________
«____» _____________2012 года
2-тапсырма: Үлгіге қарап, әріптесіңізге қызметтік мінездеме жазыңыз.
3-тапсырма: Берілген сөздерді аударыңыз.
За время службы, инициативный и исполнительный сотрудник, ответственный, выполнить в срок, приказы и указания, умело применять в практической деятельности, настойчивый, принципиальный, не считаться с личным временем, анализировать и контролировать, постоянный контроль, по аппарату ДВД Карагандинской области, количество входящих документов на государственном языке, нести ответственность, своевременно, ежеквартальный отчет, составлять план работы на полугодие, характер, спокойный, уравновешенный, честный, бескорыстный, поддерживает деловые отношения, критические замечания, правильно воспринимать, делать надлежащие выводы и принимать меры, устранение недостатков, здоровый, нарушение правил ношения форменного обмундирования, связи с коммерческими структурами, характеризовать положительно, соответствовать занимаемой должности.
Сөздік
Еңбек сіңірген – заслуженный
Награда – награда
Орден – орден
Медаль – медаль
Омырау белгісі – нагрудный знак
Грамота – грамота
Алғыс – благодарность
Құрмет грамотасы – почетная грамота
Дәреже – степень
Мінсіз қызметі – безупречная служба
Таныстым – ознакомился
4 –тапсырма: Әріптесіңізге марапаттау парағын жазыңыз.
22 – С А Б А Қ
КӨШІ-ҚОН ПОЛИЦИЯСЫ ҚЫЗМЕТІ
I. Көші-қон қызметі заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды әзірлейді;
- азаматтарды қабылдауды, азаматтардың, лауазымды адамдардың ауызша және жазбаша арыздарын, өтініштері мен ұсыныстарын уақтылы және толық қарауды жүзеге асырады, олар бойынша шешімдер қабылдайды;
- Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және азаматтықтан шығу жөніндегі материалдарды қарайды, оларды тіркеуді жүзеге асырады;
- өз құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасы азаматтарының шет елге тұрақты тұруға шығуын ресімдеуді, шетел азаматтарына визалар беруді жүзеге асырады;
- Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын адамдардың, сондай-ақ шет елде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық тиесілігін өзгерту, Қазақстан Республикасының халқын тіркеу және құжаттандыру туралы ақпаратпен алмасу мәселелері бойынша әділет органдарымен өзара іс-қимыл жасасады;
- Қазақстан Республикасында тұрақты тұрмайтын өз азаматтарына, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға шекаралық аймаққа кіру құқығына құжаттар ресімдейді;
- азаматтар мен лауазымды адамдардың, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың олар үшін белгіленген кіру, шығу, болу және Қазақстан Республикасы аумағы арқылы транзиттік өту ережелерін сақтауын бақылауды жүзеге асырады.
Сөздік
Көші-қон қызметі – миграционная служба
Заңнама – законодательство
Жүзеге асырады – осуществляет
Мемлекеттік бағдарлама – государственная программа
Іске асырады – реализует
Заңсыз көші-қонға қарсы – против незаконной миграции
Өз құзыреті шегінде – в пределах своей компетенции
Ұйымдастырады – организуют
Біліктілік талаптарына сәйкес – соответствие квалификационным требованиям
Азаматтықтан шығу – выйти с гражданства
Шет елге тұрақты тұруға – на постоянное местожительство за рубежом
Азаматтығы жоқ адамдар – люди без гражданства
Шекаралық аймақ – пограничная зона
Ресімдейді – оформляет
Тұрақты тұруға шетелге шығу үшін өтініш білдірді – ходатайствовал о выезде за границу на постоянное место жительство
1-тапсырма: Мәтінді оқып, мазмұндап беріңіз.
2-тапсырма: Берілген сөздер мен сөз тіркестеріне сұрақ қойып, септігін анықтаңыз.
Заңнамада, тәртіппен, халықтың, мемлекеттік бағдарламаларды, Қазақстан Республикасының, көші-қонға, шараларды, өндірісті, ақпаратпен.
3-тапсырма: Мәтіннен етістіктерді тауып, олардың шағын анықтаңыз.
4-тапсырма: Төмендегі етістіктерді ырықсыз етіс формасында жазыңыз.
Жүзеге асырады, іске асырады, ұйымдастырады, ресімдейді.
II. - Шетелдік жұмыс күшін тарту, шетелдіктерге елге келу визасын беру ережелерін сақтау бөлігінде заңды тұлғалардың қызметін бақылауды жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың шет елге шығуын шектеу және шетелдіктерді тұрақты тұруға қалдыру туралы шешімдер қабылдайды;
- Қазақстан Республикасының азаматтарын құжаттандыруды, жеке куәліктер мен паспорттар дайындауды және оларға беруді, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен оларды есепке алуды және тіркеуді жүзеге асырады;
- босқын мәртебесін беру туралы өтінішті тіркеу және қарау тәртібін бекітеді;
- босқын мәртебесін беру, ұзарту, айыру және тоқтату рәсімдерін жүзеге асырады;
- босқын, оралман мәртебесін беруде және оралмандардың көшіп келу квотасына қосуда аумақтық органдардың бас тартуы туралы шағымдар бойынша шешімдер қабылдайды;
- иммигранттардың өтініштері бойынша оларды оралмандар немесе босқындар деп тану немесе оларға бұдан бас тарту туралы шешімдер қабылдайды;
- оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің уақытша орналастыру орталығына, сондай-ақ оралмандарды бейімдеу және біріктіру орталығына келу және оларға бейімдеу қызметін көрсету тәртібін, уақытын айқындайды.
Сөздік
Шетелдік жұмыс күшін тарту – привлечение иностранной рабочей силы
Заңды тұлға – юридическое лицо
Шектеу – ограничение
Құжаттандыру – документация, документирование
Жеке куәлік – личное удостоворение
Тіркеу – регистрация
Босқын – беженцы
Ұзарту – продление
Айыру және тоқтату рәсімдері – процедура лищения и приостановления
Пана іздеген адамдар – нуждающиеся в приюте
Оралмандарды бейімдеу және біріктіру орталығы – центр объединения и адаптации
1-тапсырма: Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.
2-тапсырма: Оралман мәртебесі, жұмыс күші, өтініш тіркестерін септеңіз.
3-тапсырма: Берілген етістіктердің шағын анықтаңыз, олармен сөйлем құрастырыңыз. Қабылдайды, көмектеседі, айқындайды.
Тұрақты тіркестер
Мағынасы бір тұтас, құрамын өзгертуге, басқа сөзбен алмастыруға болмайтын тіркестерді тұрақты тіркестер деп атаймыз.
Мысалы: қой аузынан шөп алмас, таяқ тастам жер, мұзға отырғызып кетті, жұмған аузын ашпау, көзді ашып жұмғанша, тайға таңба басқандай.
Тұрақты тіркестер
|
Мағынасы
|
Қой аузынан шөп алмас
|
Момын
|
Таяқ тастам жер
|
Жақын
|
Мұзға отырғызып кетті
|
Алдау
|
Жұмған аузын ашпау
|
Үндемеу
|
Көзді ашып жұмғанша
|
Лезде
|
Тайға таңба басқандай
|
Анық
|
Тіс жармау
|
Үндемеу
|
Жүрек жұтқан
|
Батыр
|
Біреудің ала жібін аттамау
|
Ұрламау
|
Қоян жүрек
|
Қорқақ
|
Айна қатесіз
|
Дәл, тура
|
Бармағын тістеді
|
Өкінді
|
Сөз байлау
|
Уәделесу
|
Сөзінің жаны бар
|
Айтқаны дұрыс
|
4-тапсырма: Тұрақты тіркестерді қатыстырып, сөйлем құрастырыңыз.
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдауды
тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
(Көші-қон қызметкері мен оралмандар арасындағы сұхбат)
– Қазақстан Республикасының азаматтығын алу үшін қандай құжаттар ұсыну қажет?
– Қазақстан Республикасының азаматтығын алу үшін:
а) ұлттық төлқұжат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігін;
б) жеке өтінішін;
в) сауалнама-өтінішті;
г) «Қазақстан Республикасы азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабында көзделген шарттарды сақтайтындығы туралы міндеттеме;
д) 35х45 мм көлемдегі төрт фотосурет;
е) мемлекеттік бажды төлегені туралы түбіртек ұсынады.
Ескерту: мемлекеттік бажды төлеуден:
– оралмандар (мемлекеттік бажды төлеуден босату мүмкіндігі бір рет беріледі)
– бұқаралық жазалау кезінде, күшпен ұжымдасу, адамгершілікке қарсы саяси акциясының нәтижесінде Қазақстан Республикасының аумағын амалсыз тастап кеткен адамдар және олардың ұрпақтары (мемлекеттік бажды төлеуден босату мүмкіндігі бір рет беріледі)
Аталған құжаттардан қосымша:
– оралмандар:
оралман куәлігін;
бұрынғы азаматтығынан бас тарту туралы өтініш тапсырады.
Аралық бақылау
23 – С А Б А Қ
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің
АР-НАМЫС КОДЕКСІ
(Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы
ережелерінен үзінді)
Мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде:
1) азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз етуге, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға бастайтын іс-әрекеттерге жол бермеуге;
2) Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық татулықты нығайтуға жәрдемдесуге;
3) мемлекеттік және еңбек тәртібін бұлжытпай сақтауға, өзінің қызметтік міндеттерін адал, әділ де сапалы атқаруға, ол үшін өзінің жұмыс уақытын тиімді пайдалануға;
4) жоғары кәсіби жұмыс үшін барлық күш-жігерін жұмсауға, қойылған міндеттерді шешудің оңтайлы және үнемді әдістерін қолдануға, сеніп тапсырылған мемлекеттік мүліктерге ұқыппен қарап, оны ұтымды әрі тиімді пайдалануға;
5) сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға міндетті.
Тапсырма: Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексін оқып, таныс болыңыз.
Көмекші сөздер
Қазақ тілінде сөйлемнің ішінде көмекші қызмет атқаратын бірнеше сөздер бар. Олар көбіне сөз бен сөздің, сөйлем мен сөйлемнің араларын байланыстыру үшін жұмсалады.
Мәселен, кейін, дейін, үшін, соң, арқылы, өйткені, бірақ, және, сондықтан, әсіресе, тек қана, туралы, жөнінде, яғни, алайда, немесе, т.б.
1-тапсырма: Қарамен берілген сөздердің қолданысына назар аударыңыздар.
Таяуда жергілікті БАҚ өкілдерімен өткен кездесуде облыстық прокуратура жыл басынан бері жемқорлыққа қарсы күрес бағытында жүргізген жұмыстар жөнінде есеп берді.
Жыл басынан бері осындай 900-ге тарта шағым түсіп, сол шағымдар бойынша прокурорлық тексерулердің нәтижесінде 11 қылмыстық іс қозғалып, 116 ұсыныс жазылған.
Біз тек прокуратурамен ғана емес, қаржы полициясы, ҰҚК, кеден органдары сияқты органдармен де бірлесе жұмыс жасаймыз және жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңеске барлық саяси партиялардың өкілдерін шақырамыз.
Қылмыс көбейіп не азайып барады деп кесіп айтуға болмайды. Қылмыстың жалпы деңгейі бірқалыпты деп айтуға болады. Ал, қылмыстың кейбір түрлері бойынша өсу не кему жағдайлары байқалуда. Кісі өліміне ұшыратқан ауыр қылмыстар қатары өткен жылмен салыстырғанда аздап азайса, керісінше есірткі заттарын тарату қылмысы көбейіп кетті. Сондай-ақ, алаяқтық пен ұрлық та көп. Кәмелетке толмаған балалар және әйелдер жасаған қылмыстар қатарының жыл өткен сайын көбейіп келе жатқандығы алаңдатады.
Осы кезге дейін алқабилерді қатыстыру арқылы өтуге жататын 14 қылмыстық іс қаралған екен.
Сөйтіп, А. Сұлтанов жасаған қылмысы үшін алты жылға сотталды.
Сот О. Кремерді 3 жылға бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеу және жәбірленуші А. Казаковтың есебіне 590 мың теңге өндіріп беру туралы шешім шығарды.
Сөздік
Жергілікті өкіл – местный представитель
БАҚ (бұқаралық ақпарат құралдары) – СМИ (средства массовой информации)
Сыбайлас жемқорлық – коррупция
Шағым, наразылық, кінәрат қою, шағым-талап – жалоба, протест
Ұсыным, ұсыныс – рекомендация, предложение
Қаржы полициясы – финансовая полиция
Кеден – таможня
Алаяқтық – махинация, мошенничество
Кәмелетке толмаған – несовершеннолетний
Алқабилер – присяжные заседатели
Бас бостандығынан айыру – лишение свободы
Мүлікті тәркілеу – конфискация имущества
Жәбірленуші – потерпевший
Өндіріп алу – взыскание, взыскать, вынести решение
Шешім шығару – вынесение решения
2-тапсырма: Көп нүктенің орнына тиісті көмекші сөздерді қойыңыз.
1. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің кәсіби дайындығын ұйымдастыру ... бұйрығы Қарағанды қаласының ІІБ Орталық ПБ-нің жеке құрамына жарияланды.
Туралы, бойынша, арқылы
2. 2008 жылдың 7 қарашасынан 11 қарашасына ... себепсіз жұмысқа шықпағаны, жеке басының тәртіпсіздігі ... КПБ жедел уәкілі полиция лейтенанты Жандос Ахметұлы жазалауға лайық.
а) кейін, дейін, бері
ә) үшін, бойынша, туралы
3. Ұйымдасқан қылмыстық әрекетке, есірткі және ... криминалдық бизнестің дамуына тән ... қылмыстар барған ... көп тіркелуде.
Дейін, басқа да, бөлек
бұрын, өзге де, кейін,
қатар, сайын, шейін
3-тапсырма: Сөйлемдерді аяқтаңыз.
1. Бөлім бастығы жедел түрде іссапарға кетті, сондықтан ... .
2. Арнайы жедел тергеу тобы құрылды, өйткені ... .
3. Тексеру барысында топ басшысының жеке басының тәртіпсіздігі анықталды, сонымен қоса ... .
4. ҚР ҚІЖК 34-бабы 2-тармағына сәйкес заңды өрескел бұзғаны үшін
А.С. Рысқұловқа «сөгіс» жариялансын, сондай-ақ...
4-тапсырма: Берілген сөздермен сөйлем құраңыз.
жедел – оперативно
шұғыл – экстренно
дереу – срочно
кідіріссіз – незамедлительно
өте шұғыл – весьма срочно
24 – С А Б А Қ
ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БЕДЕЛІ
МЕН МӘРТЕБЕСІ
Әрқашан халыққа қызмет етуді биік мақсат етіп ұстанатын полиция қызметкерлерінің ең негізгі міндеті – қоғамдық қауіпсіздікті қорғау, қылмыспен күресу, азаматтардың конституциялық құқықтары мен мүдделерін қорғау болып табылады.
Қылмыстың түрі көп, тамыры тереңде және онда шекара жоқ. Ол сан мыңдаған адамның санасын улап, адам баласына қасірет әкелуде. Ал олармен күресуші – тәртіп сақшылары, әділет жақтаушылары.
Ағылшын мемлекет қайраткері Питт: «Заң өз күшінен айырылған жерде жауыздық басталады», - деген екен. Сол жауыздықпен күресіп келе жатқан жандарды көргенде, қалай бас имейсің?!
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында көпұлтты елімізде тұрақтылық пен бірлік орнап, экономикамыз дамуда. Сол бейбіт, әділ, демократиялық қоғам сапында Қазақстан полициясы да тұр.
Біз кешегі көшпенділер ұрпағымыз. Ата-бабамыз абақтының не екенін білмеген. Олардың өз заңдары – дала заңы болған. Заңды аттасаң, алатының жаза. Әз Тәукенің «Жеті жарғысы», Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы қазақ арасында тәртіп пен әділеттің орнауына үлкен ықпалын тигізді. Сол заңдардың бүгінгі жалғасы – Ата заңымыз. Соның орындалуын қадағалайтын – Қазақстан полициясы.
Мемлекет атты үлкен құрылыстың бір кірпіші болып қаланған полиция қызметкерлері әр шаңыраққа, әр азаматқа тыныштық, қуаныш пен бақыт сыйлайды.
Сөздік
Мәртебе – статус
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – обеспечение общественной безопасности
Азаматтардың конституциялық құқықтары мен мүдделерін қорғау – защита конституционных прав и интересов граждан
Санасын улау – отравлять сознание
Қасірет – горе, страдание, печаль, скорбь, беда, трагедия
Тәртіп сақшылары – блюстители порядка, стражи порядка
Сақшы – караульный, часовой
Әділет жақтаушылар – сторонники справедливости
Жақтаушы – заступник, защитник, сторонник
Жауыздық – зловредность, злодейство, коварство, подлость
Салиқалы саясат – уравновешенная политика
Тұрақтылық – стабилизация, стабильность
Абақты – тюрьма, гауптвахта
Дала заңы – закон степи
Жаза – наказание
1-тапсырма: Мәтінді оқып, әңгімелеп беріңіз.
2-тапсырма: Жаңа сөздерді қатыстырып, сөз тіркесін, сөйлем құрастырыңдар.
3-тапсырма: Сөздердің дұрыс аудармасын табыңыз
Мәртебе
|
стабильность, заступник, статус, защитник, наказание
|
Сақшы
|
заступник, защитник, наказание авторитет, стабильность, часовой
|
Тұрақтылық
|
авторитет, наказание, стабильность, заступник, статус
|
Жаза
|
наказание, стабильность, заступник, защитник, авторитет,
|
Бедел
|
часовой, наказание, авторитет, стабильность, заступник,
|
Бұрыштамалар
Бұрыштама – келіп түскен ісқағаздарының бұрышына жазылатын басшылардың қысқаша нұсқауы.
Ең бастысы бұрыштама қысқаша жазылуы керек. Онда нұсқауды орындауға тиіс адам мен орындалу мерзімі анық көрсетілуі қажет.
Взять под жесткий контроль – Қатаң бақылауға алынсын
В приказ – Бұйрыққа қосыңыз
Дайте разрешение – Рұқсат беріңіз
На рассмотрение – Қарауға
Не возражаю – Қарсы емеспін
Обеспечить явку – Жеке құрамның келуі
личного состава қамтамасыз етілсін
Ознакомьтесь – Танысыңыз
Откомандировать – Іссапарға жіберілсін
Разрешаю – Рұқсат етемін
Согласен – Келісемін
Срочно дайте ответь – Дереу жауап беріңіз
Изучите и доложите – Зерделеп, баяндаңыз.
Внесите конкретные предложения – Нақты ұсыныстар енгізіңіз
Прошу подготовить ответы – Жауап дайындауыңызды сұраймын
Результаты доложите – Нәтижесін баяндаңыз.
Прошу рассмотреть – Қарауыңызды сұраймын.
Сұрақтарға жауап беріңіз.
Бұрыштама деген не?
Бұрыштама қалай жазылуы қажет?
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
МЕМЛЕКЕТТІК ӘНҰРАНЫ
Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов
Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!
Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!
ПАТРИОТТЫҚ ӘНДЕР ҮЙРЕНЕЙІК!
Атамекен
Сөзін жазған: Қадыр Мырзалиев
Әнін жазған: Ескендір Хасанғалиев
Жасыл жайлау – түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Айдарымнан сипап өткен самалды,
Қазағымның алақаны деп білем!
Қайырмасы:
Қайда жүрсем Атамекен,
Көкейімде жатады екен.
Күннің өзі қимай оны,
Ұясына батады екен.
Жасыл жайлау – түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Асқар тауым аспаныммен астасқан,
Қазағымның мәртебесі деп білем!
Қайырмасы:
Жасыл жайлау – түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Күннің нұрын, Айдың аппақ сәулесін,
Қазағымның махаббаты деп білем!
Алға қазақ жігіттері
Сөзін жазған: Мылтықбай Ерімбетов
Әнін жазған: Ержан Серікбаев
Асыл текті туған,
Алаш кегін қуған.
Ерлерім ел үшін,
Белін бекем буған.
Ақ білек күшімен.
Ақ найза ұшымен,
Қорғаған бабамның,
Үлгі алып ісінен.
Қайырмасы:
Алға, алға, алға қазақ жігіттері,
Сенім артқан жансын халық үміттері.
Көк аспанда желбіресін көк байрағың,
Жаса мәңгі, қазағымның жігіттері.
Жігіттер, жігіттер,
Биікке өрлеңдер.
Ел үшін, жер үшін,
Намысты бермеңдер.
Нардың күші дарып,
Жүрек дүрсіл қағып.
Жетіңдер жеңіске,
Шаршы топты жарып.
Қайырмасы:
Алға, алға, алға қазақ жігіттері,
Сенім артқан жансын халық үміттері.
Көк аспанда желбіресін көк байрағың,
Жаса мәңгі, қазағымның жігіттері.
Достарыңызбен бөлісу: |