Cөздік
Мемлекеттік бағдарлама – государственная программа
Жүзеге асыру – осуществить
Редакциялық сараптама және ілеспе аударма – редакционная экспертиза и синхронный перевод
Мәртебе – статус
Мемлекеттік тілде іс жүргізу – делопроизводство на государственном языке
Нығайту – укрепление
Әсіресе – особенно
Көрнекі және техникалық құралдар – наглядные и технические средства
Көрсеткіш – показатель
Тағылымдама – стажировка
Кеңестер – советы
Құрылымдық бөліністері – структурные подразделения
Айқын мақсат пен нақты міндет – четкие цели и конкретные задачи
Сұрақтарға жауап беріңіз.
Мемлекетік тіл және ақпарат департаменінде қандай бөлімдер жұмыс істейді?
Мемлекеттік тіл бөлімі қандай жұмыстармен айналысады?
Ішкі істер органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында жыл сайын қандай курстар ұйымдастырылып келеді?
Сұхбаттасу:
1. Ішкі істер органдарында мемлекеттік тілмен қай сала айналысады?
2. Мемлекеттік тіл курсына қай жылдан бастап қатысасыз?
3. Мемлекеттік тілдің полиция саласындағы рөлі қандай?
2-тапсырма: Төмендегі сөз тіркестерін септеңіз.
Мемлекеттік тіл, тіл басқармасы, құрылымдық бөлімшелер.
3-тапсырма: Өлең шумақтарын мәнерлеп оқып, жаттап алыңыз.
Сүйемін туған тілді – ана тілін,
Бесікте жатқанымда берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнім.
Сұлтанмахмұт Торайғыров
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
Қадыр Мырзалиев
Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.
Әбділдә Тәжібаев
4-тапсырма: Келесі сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыз
Экспертиза и синхронный перевод, делопроизводство на государственном языке, статус, наглядные и технические средства, показатель, четкие цели и конкретные задачи, структурные подразделения.
5-тапсырма: Берілген мақал-мәтелдерді жалғастырыңыз.
Өнер алды – ( ....)
Тіл – елшінің ( ......)
Тіл – қылыштан да (....)
Тіл бас жарады,
Бас жармаса, (.......)
11 – С А Б А Қ
Баянат
Баянат – қызметтік қажеттілікке байланысты қызметкердің қажеттілігін өтеу үшін жазылатын құжаттың бір түрі. Ол тек қана ішкі істер органдарындағы аттестатталған қызметкерлер атынан жазылатын құжат.
Баянат мынадай жағдайларда жазылады:
кезекті еңбек демалысына байланысты;
отбасы жағдайына байланысты;
зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты;
- сырттай оқу орнында емтихандық сессияны тапсыру үшін;
жүктілікке және босануға байланысты;
бала күту бойынша;
некені тіркеуге (бала тууына, жақын туыстың қайтыс болуына) байланысты;
есепке алу құжаттарына өзгерістер енгізу үшін;
бір қызметтен басқа қызметке ауысуға байланысты;
бос лауазымға қабылдау үшін;
шекті жасқа жетуге байланысты немесе денсаулық жағдайы бойынша ішкі істер органдарынан өз қалауы бойынша босату туралы;
еңбек шартын бұзу туралы;
мемлекеттік тілді оқыту курстарына қатысудан босату туралы.
Сұрақтарға жауап беріңіз.
Қызмет бабында соңғы рет қашан баянат жаздыңыз?
Ол не жөнінде?
Баянатты кімнің атына жаздыңыз?
Оған қандай жауап алдыңыз?
Баянаттың үлгісі:
ҚР ІІМ
______________________________
(ІІО атауы)
______________________________
(атағы)
______________________________
(Т.А.Ж.)
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің орынбасары
генерал-майор
_________________________
Баянат
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі орталық аппараты қызметкерлерінің 2011 жылғы 4-тоқсанға арналған қызметтік іссапарлар жоспарына сәйкес 2011 жылғы 31 қазаннан бастап 2 күнге Алматы қаласының және Алматы облысының Ішкі істер департаменттеріне қызметтік іссапарға баруға рұқсат беріңізді сұраймын.
Тыл департаментінің бастығы
полиция полковнигі Ж. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
орынбасары генерал-майор
__________________________
Баянат
Бекітілген тапсырма-жоспарға сәйкес 2011 жылғы 23-27 мамыр аралығында Ақмола облысының ІІД-де (Зеренді АІІБ, Бурабай АІІБ, Степногорск ҚІІБ) және Көкшетау станциясындағы желілік ішкі істер бөлімінде мемлекеттік тілге және ақпарат қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер талаптарының орындалуын тексеріп, тәжірибелік көмек көрсеттім. Айқындалған бірқатар кемшіліктер тексеру барысында жойылды, ал басқаларына 2011 жылғы 10 маусымға дейін мерзім берілді. Анықтамалары қоса беріледі.
Қосымша: 1. Ақмола облысының ІІД бойынша анықтама ____ парақта
2. Көкшетау станциясындағы ЖІІБ бойынша анықтама ____ парақта
Мемлекеттік тіл және ақпарат
департаментінің бөлім бастығы
полиция подполковнигі C. Бекназарова
2011 жылғы « » мамыр
БАЯНАТ ТҮРЛЕРІНІҢ ҮЛГІЛЕРІ
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
Кадр жұмысы департаментінің
бастығы полиция полковнигі
Б. Омаровқа
(үлгі)
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
Кадр жұмысы департаменті
бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі
Р. Оспановқа
(үлгі)
Жамбыл облысы Ішкі істер
департаментінің бастығы
полиция полковнигі
Ж. Орынбаевқа
(үлгі)
Жамбыл облысы Ішкі істер
департаменті бастығының
орынбасары
полиция полковнигі
С. Асановқа
(үлгі)
1-үлгі
БАЯНАТ
Маған ұсынылған Көші-қон полициясы комитеті виза жұмысы бөлімінің инспекторы лауазымына келісемін.
Жамбыл облысы ІІД-нің
Көші-қон полициясы бөлімінің
аға инспекторы
полиция капитаны
__________________ А. Ахметов
20___ жылғы 22 қазан
2-үлгі
БАЯНАТ
Мені Тергеу басқармасы бөлімінің аға анықтаушысы лауазымына тағайындауыңызды сұраймын.
Жамбыл облысы ІІД
Тергеу басқармасының
анықтаушысы
полиция майоры
______________Д. Сейітов
20___ жылғы 22 қазан
3-үлгі
БАЯНАТ
Мені Жедел-криминалистикалық басқармасының криминалисі лауазымынан өз еркімен босатуыңызды сұраймын.
Жамбыл облысы ІІД-нің
Көші-қон полициясы бөлімінің аға инспекторы
полиция капитаны
____________А. Ахметов
20___ жылғы 22 қазан
4-үлгі
БАЯНАТ
Маған 2012 жылғы 22 қазаннан бастап, кезекті еңбек демалысымды беруіңізді сұраймын.
Демалыс уақытында Ақтау қаласына барып-қайтамын.
Жамбыл облысы ІІД-нің
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы
күрес басқармасының жедел уәкілі
полиция аға лейтенанты
________________ А. Ахметов
20___ жылғы 22 қазан
5-үлгі
БАЯНАТ
Маған 2012 жылғы кезекті еңбек демалысымның пайдаланылмаған күндерін
ағымдағы жылғы 22 наурыздан бастап беруіңізді сұраймын.
Жамбыл облысы ІІД-нің
Есірткі бизнесіне қарсы күрес
басқармасының ерекше
тапсырмалар жөніндегі
инпекторы
полиция капитаны
________________ А. Ахметов
20___ жылғы 22 қазан
6-үлгі
БАЯНАТ
Маған отбасы жағдайыма байланысты материалдық көмек (себебі көрсетіледі) көрсетуіңізді сұраймын.
Жамбыл облысы ІІД-нің
Қаржымен қамтамасыз ету
бөлімінің аға инспекторы
полиция подполковнигі
____________________ А. Ахметов
20___ жылғы 22 қазан
7-үлгі
БАЯНАТ
Маған отбасы жағдайыма байланысты 2012 жылғы 8 шілдеден бастап Алматы қаласына барып келуіме рұқсат беруіңізді сұраймын.
Жамбыл облысы ІІД-нің
Тылдық қамтамасыз ету
бөлімінің инспекторы
полиция капитаны
_____________ А. Ахметов
20___ жылғы 22 қазан
8-үлгі
БАЯНАТ
Маған 2012 жылғы 9 шілдеден бастап бала күту демалысын беруіңізді сұраймын.
Туу туралы куәлік қоса беріледі.
Жамбыл облысы ІІД-нің
көші-қон полициясы бөлімінің
аға инспекторы
полиция капитаны
_________________ А. Ахметов
20___ жылғы 22 қазан
Сөздік
Кезекті еңбек демалысы – очередной трудовой отпуск
Лауазымдық бірлік – должностная единица
Еңбек шарты – трудовой договор
Зейнеткерлік жас – пенсионный возраст
Шекті жас – предельный возраст
Сырттай оқу – заочное обучение
Тікелей – прямой, непостредственно
Қалыптастыру – формирование; восстанавливать
Ауысу – переход, смена
Аталмыш – вышесказанное, вышеназванное
Қалау – 1) по выбору, по желанию;
Босату – освобождение
Енгізу – 1) внесение; 2) введение; 3) внедpение; 4) включение
1-тапсырма: Кезекті еңбек демалысына шығу туралы, бір қызметтен басқа қызметке ауысуға байланысты, бос лауазымға қабылдану үшін баянат жазыңыз.
2- тапсырма: «Баянат» сөзін тәуелдеңіз.
БҰЙРЫҚ
Жеке құрам бойынша
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 380-IV ҚРЗ Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Тағайындау:
|
|
Ішкі істер министрлігі бойынша
|
|
-
|
полиция подполковнигі Иванов Сергей Владимирович (Ц-001141) Жедел жоспарлау департаменті Жедел басқару орталығы үйлестіру және өңірлік жедел басқару орталықтарының жұмыстарын бақылау бөлімінің бастығы лауазымынан босатылып, С-SV-5 санаты бойынша лауазымдық жалақысына қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін 10% көлемінде үстемеақы белгілене отырып, осы басқарма бастығының орынбасары лауазымына тағайындалсын;
|
|
|
Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті бойынша
|
|
-
|
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінен келген әділет подполковнигі (Тегі, аты-жөні) (Ц-666043) С-SV-4 санаты бойынша Ресурстық қамтамасыз ету басқармасының бастығы лауазымына тағайындалсын;
|
|
|
Маңғыстау облысының
Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы ММ бойынша
|
|
-
|
полиция полковнигі (Тегі, аты-жөні) (С-537829) Маңғыстау облысы ІІД мемлекеттік күзет қызметі бөлімшесінің бастығы лауазымынан босатылып, C-SGU-1 санаты бойынша Маңғыстау облысының «Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы лауазымына тағайындалсын.
|
2. Қызметке жіберу:
|
1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қарамағына:
|
-
|
майор (Тегі, аты-жөні) (Ц-681537) Тергеу комитеті Әскери-тергеу басқармасы жедел жұмысты ұйымдастыру бөлімінің аға жедел уәкілі лауазымынан босатылып, қызметке жіберілсін.
Негіз: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің 2012 жылғы 11 наурыздағы № 1/31/1046 хаты.
|
2) Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қарамағына:
|
-
|
әділет капитаны (Тегі, аты-жөні) (Т-462632) Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Режим, қадағалау және күзет басқармасы режим бөлімінің аға жедел уәкілі (аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл лауазымы есебінен) лауазымынан босатылып, қызметке жіберілсін.
Негіз: Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 14/32/3-591 хаты.
|
4. Ішкі істер органдарынан қызметтен босату:
|
1) Заңның 80-бабы 1-тармағының
5-тармақшасы бойынша (өз еркі бойынша):
|
-
|
Интерпол Ұлттық орталық бюросы жалпы қылмыстық қылмыстар және халықаралық іздестіру бөлімшесінің аға жедел уәкілі полиция капитаны (Тегі, аты-жөні) (Ц-823025) қызметтен босатылсын.
Негіз: Л.Ф. Исаханованың 2012 жылғы 19 наурыздағы баянаты, 2012 жылғы 19 наурыздағы ұсынымхат.
|
5. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңына сәйкес Қарулы Күштер запасына әскери қызметтен босату:
|
1) 26-бабы
1-тармағының
3-тармақшасы бойынша (келісім-шарт мерзімінің өтуі):
|
-
|
Тергеу комитеті Алматы әскери-тергеу басқармасының жедел уәкілі лейтенант (Тегі, аты-жөні) (А-100004) қызметтен босатылсын.
Негіз: Тергеу комитетінің 2012 жылғы 13 наурыздағы ұсынымхаты, Е.А. Нұрақовтың 2012 жылғы 1 ақпандағы баянаты.
|
6. ІІМ-нің 2012 жылғы 07 наурыздағы № 93 ж/қ бұйрығының 1-тармағы полиция лейтенанты (Тегі, аты-жөні) тағайындау бөлігі «лауазымдық жалақысына қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін 10% көлемінде үстемеақы белгілене отырып» деген сөздермен толықтырылсын.
|
7. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 22 қыркүйектегі № 492 бұйрығына сәйкес лауазымдық жалақыларын есептеу үшін коэффициент белгілеу
2012 жылғы 15 наурыздағы жағдай бойынша
- Тергеу комитеті Әскери-тергеу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі әділет майоры (Тегі, аты-жөні) – 13 жыл 10 ай 04 күн;
|
Министрдің бірінші орынбасары
полиция генерал-майоры ____________
По личному составу
В соответствии с Законом Республики Казахстан от 6 января 2011 года № 380-IV ЗРК «О правоохранительной службе» ПРИКАЗЫВАЮ:
1. Назначить:
|
|
по Министерству внутренних дел
|
|
-
|
подполковника полиции Иванова Сергея Владимировича (Ц-001141) на должность заместителя начальника Центра оперативного управления Департамента оперативного планирования, по категории С-SV-5, установив надбавку к должностному окладу за особые условия прохождения службы в размере 10 %, освободив от должности начальника отдела координации и контроля деятельности региональных центров оперативного управления этого же управления;
|
|
|
по Комитету уголовно-исполнительной системы
|
|
-
|
подполковника юстиции ФИО (Ц-666043), прибывшего из Департамента УИС по Восточно-Казахстанской области, на должность начальника Управления ресурсного обеспечения, по категории С-SV-4;
|
|
|
по ГУ УССО Мангистауской области
|
|
-
|
полковника полиции ФИО (С-537829) на должность начальника государственного учреждения «Управление специализированной службы охраны» Мангистауской области, по категории С-SGU-1, освободив от должности начальника отделения государственной службы охраны ДВД Мангистауской области.
|
2. Откомандировать в распоряжение:
|
1) Министерства обороны Республики Казахстан:
|
-
|
майора ФИО (Ц-681537), освободив от должности старшего оперуполномоченного отдела организации оперативной работы Военно-следственного управления Следственного комитета.
Основание: письмо Министерства обороны Республики Казахстан от 11 марта 2012 года №1/31/1046.
|
2) Департамента УИС по Северо-Казахстанской области:
|
-
|
капитана юстиции ФИО (Т-462632), освободив от должности старшего оперуполномоченного (за счет должности старшего оперуполномоченного по особо важным делам) отдела режима Управления режима, надзора и охраны Комитета уголовно-исполнительной системы.
Основание: письмо Департамента УИС по Северо-Казахстанской области от 28 февраля 2012 года №14/32/3-591.
|
4. Уволить из органов внутренних дел:
|
1) по подпункту 5 пункта 1 статьи 80 (по собственному желанию) Закона:
|
-
|
капитана полиции ФИО (Ц-823025), старшего оперуполномоченного отделения общеуголовной преступности и международного розыска Национального центрального бюро Интерпола.
Основание: рапорт Исахановой Л.Ф. от 19 марта 2012 года, представление от 19 марта 2012 года.
|
5. В соответствии с Законом Республики Казахстан от 16 февраля 2012 года «О воинской службе и статусе военнослужащих» уволить с воинской службы в запас Вооруженных сил:
|
1) по подпункту 3 пункта 1 статьи 26
(истечение срока контракта):
|
-
|
лейтенанта ФИО (А-100004), оперуполномоченного Алматинского военно-следственного управления Следственного комитета.
Основание: представление СК от 13 марта 2012 года, рапорт Нуракова Е.А. от 1 февраля 2012 года.
|
6. Дополнить пункт 1 приказа МВД от 07 марта 2012 года № 93 л/с в части назначения лейтенанта полиции ФИО, словами «установив надбавку к должностному окладу за особые условия прохождения службы в размере 10 %».
|
7. В соответствии с приказом Министра внутренних дел Республики Казахстан от 22 сентября 2011 года № 492 установить стаж для установления коэффициента для исчисления должностных окладов по состоянию
на 15 марта 2012 года
- майору юстиции ФИО, старшему следователю по особо важным делам Военно-следственного управления Следственного комитета - 13 лет 10 месяцев 04 дня;
|
Первый заместитель министра
генерал-майор полиции ________________
Сөздік
Жеке құрам бойынша – по личному составу
Бұйырамын – приказываю
Тағайындау – назначить
Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті бойынша – по Комитету уголовно-исполнительной системы
Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы – Управление специализированной службы охраны
ІІМ-нің қарамағына қызметке жіберу – откомандировать в распоряжение МВД
Ішкі істер органдарынан қызметтен босату – уволить из органов внутренних дел
Үйлестіру және өңірлік жедел басқару орталықтары – центры координации и регионально-оперативных управлении
Халықаралық іздестіру бөлімшесі – отделение международного розыска
Толықтырылсын – дополнить
Қызмет өткерудің ерекше жағдайлары – особые условия прохождения службы
3-тапсырма: «Бұйрық» сөзін септеңіз.
4-тапсырма: Берілген етістіктерді бұйрық райда жіктеңіз.
Тағайындау, жіберу, толықтыру, босату
5-тапсырма: Қазақ тіліне аударыңыз.
Приказываю, текст приказа, подписать приказ, о приеме на работу, уволить с занимаемой должности, в связи уходом на пенсию, временное исполнение, особые условия труда, процентная надбавка.
12 – С А Б А Қ
ҚЫЛМЫС ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
Қылмыс – заңды бұзудың бір түрі. Оны заң жолымен жазаланатын іс-әрекет деп тануға болады. Қылмыстың көрінісі сан алуан. Қылмыс жеке адамның өміріне, денсаулығына, ар-намысына, мүлкіне үлкен нұқсан келтіреді. Қылмыстың мемлекеттік құрылысқа, оның меншігіне қарсы бағытталған сипаты да ұшырасады. Қылмысты адам бір жағдайлардың кездейсоқ шиеленісуіне байланысты да жасауы мүмкін. Кейбіреулер қылмыспен кәсіби түрде шұғылданады.
Қылмыстың үш белгісі бар. Бірінші белгі – қоғамдық мүдделерге нұқсан келтіру. Екінші белгі – заңды, құқықты бұзу, қылмыстың құқыққа қайшылығы. Басқа құқық бұзушыларға қарағанда қылмыс өзінің қоғамға қауіптілігімен ерекшеленеді. Үшінші белгі – кінәлілік. Қылмыс саналы түрде жасалады. Жаза тек кінәлі адамға қолданады. Жаза қылмыс зардабының белгісі.
Қорыта айтқанда, қылмыстық қоғамдық мүдделеріне үлкен нұқсан келтіретін, заңды бұзатын, жаза қолданылатын кінәлі әрекет немесе әрекетсіздік деп түсінуге болады.
Сөздік
Қылмыс – преступление
Мүдде – интерес
Кездейсоқ – случайно
Шиеленісу – конфликт
Жаза – наказание
Қоғам – общество
Қауіпті – опасный
Меншік – собственность
Нұсқан – ущерб
Кінәлі – виновный
1-тапсырма: Қарамен жазылған сөздер мен сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыздар.
2-тапсырма: Берілген сөздерді септеңіз.
Заң, құқық, қылмыс.
Сұрақтарға жауап беріңіз.
Қылмыс деген не?
Қылмыс жеке адамның несіне нұқсан келтіреді?
Қылмысты адам қандай жағдайларда жасауы мүмкін?
Қылмыстың қандай белгілері бар?
Апта ішінде 5546 қылмыс тіркеліп, «ізі суымай» 2607 қылмыс ашылды. Бұрын жасалған 728, оның ішінде өткен жылдардағы 114 қылмыс ашылды. Іздеу жарияланған 102 қылмыскер іздестіріліп, табылды, 6 қару алынды. 53 есірткі қылмысы анықталды, оның ішінде 24 сату фактісі. 950 килограмм есірткі құралдары тәркіленді.
Жеке тұлғаға қарсы жасалған қылмыстар желісі бойынша
Шығыс Қазақстан облысының полицейлері 2012 жылдың сәуір айында Өскемен қаласы аумағында адам өлтірудің екі бірдей қылмысын жасаған 21-22 жастағы үш адамнан тұратын қылмыстық топты құрықтады.
Күдіктілер олардың бірінің пәтерінде бірге ішімдік ішкендіктері анықталды. Сол жерде жәбірленуші өз құрбы қызымен болған, Күдіктілер қыздың досы қатты мас екенін байқап, қызды зорлаған, содан кейін оны тұншықтырып өлтірген. Кейіннен барып жігітті өлтірмекші болады.
Күдіктілер моншаға барамыз деген сылтаумен, жәбірленушіні «Березка» саяжайына алып келіп, белбеумен тұншықтырған. Одан кейін қаскүнемдер қыздың денесін кілемге орап, Үлбі өзенінің жиегіне лақтырып жіберген.
Ұсталғандар қамауға алынды. Аса ауыр қылмыс бойынша тергеу жүргізілуде.
Жамбыл облысында жедел-іздестіру іс-шаралары барысында өз танысын өлтірген Тараз қаласының 22 жастағы тұрғыны ұсталды.
Күдікті сәуір айының басында өз танысымен бірлесіп, құрылыс жүріп жатқан үйде спирт ішімдігін ішкені анықталды. Кейін араларында туындаған жанжал кезінде, күдікті жәбірленушінің басына соққы жасап өлтірген.
Өз қылмысының ізін жасырмақшы болып, күдікті оның мәйітін қазылған шұңқырға көміп тастаған. Ұсталған азамат қамауға алынды, осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сөздік
Жеке тұлғаға қарсы жасалған қылмыстар желісі бойынша – по линии борьбы с преступлениями против личности
Қылмыстық топ – преступная группа
Құрықтады – задержали
Күдіктілер – подозревавший
Қаскүнемдер – алкоголики
Жәбірленуші – потерпевший
Саяжай – дача
Ұсталғандар – задержанные
Аса ауыр қылмыс бойынша – по особо тяжким преступлениям
Осы факті бойынша – по этому факту
Қылмыстық іс қозғалды – возбуждено уголовное дело
Тапсырма: Берілген тақырыпқа кәсіби сөздерді қатыстырып, диалог құрастырыңыз.
Жеке меншікке қарсы жасалған қылмыстар желісі бойынша
Алматылық полиция қызметкерлері студенттің «Тойота Камри-40» маркалы автокөлігін иеленген қарақшылық шабуыл фактісін ашты.
Сәуір айының басында, түнде 5 белгісіз адам Алматы шағын ауданындағы тұрғын үйдің жанында, қаладағы жоғары оқу орындарының бірінің 2 курс студентін ұрып-соғып, оның автокөлігін иеленген және оқиға орнынан іздерін жасырған.
Жедел-іздестіру және арнайы іс-шаралар кешенін өткізу барысында Оңтүстік Қазақстан облысының 27 және 36 жастағы екі тұрғыны ұсталды. Ұрланған көлік иесіне қайтарылды.
Ұсталғандардың осыған ұқсас ашылмаған қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.
Шымкенттік полицейлер 48 жастағы жеке кәсіпкер әйелдің үйіне жасалған қарақшылық шабуыл қылмысын «ізін суытпай» ашты. 1 шілдеде түнгі уақытта бетперде киген төрт адам жәбірленушінің үйіне баса көктеп кіріп, шолақ мылтыққа ұқсайтын затпен оны қорқытып, 400 мың теңге мен алтын бұйымдарын иеленіп кеткен. Сол күні өткізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 18 жастағы күдікті ұсталды.
Қазіргі уақытта күдіктінің сыбайластарын іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.
Алматылық жедел қызмет полицейлері іс-шаралар кешенін өткізу барысында, тергеу-қамауындағы 18 жастағы күдіктінің Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының пәтеріне қарақшылық шабуыл жасаған қылмысына қатыстылығы бар екенін дәлелдеді.
Күдікті екі сыбайласымен бірге бетперде киіп, жәбірленушінің үйіне балкон арқылы кірген. Жәбірленуші мен оның күйеуін шолақ мылтықпен қорқытып, олардан жалпы сомасы 1 миллион теңге болатын ақша мен алтын бұйымдарды иеленіп кеткен.
Қазіргі уақытта күдіктінің сыбайластарын іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.
Сөздік
Жеке меншікке қарсы жасалған қылмыстар желісі бойынша – по линии преступлений против собственности
Қарақшылық шабуыл фактісі – факты разбойного нападения
Белгісіз адам – неизвестный человек
Ұрып-соғу – избиение
Ашылмаған қылмыстар – нераскрывшиеся преступления
Қарақшылық шабуыл – разбойное нападение
«Ізін суытпай», «ізі суымай» – по горячим следам
Иеленіп кеткен – завладел
Сыбайластары – соучастники
1-тапсырма: Берілген сөздерден сөз тіркесін құрастырыңыз.
қарақшылық
|
сыбайластары
|
белгісіз
|
суытпай
|
автокөлігін
|
жасырған
|
іздерін
|
адам
|
ізін
|
шабуыл
|
іс-шаралар
|
иеленген
|
күдіктінің
|
кешенін
|
2-тапсырма: Мәтін бойынша қылмысты сипаттап беріңіз.
Қылмыстық іздестіру бойынша
ІІМ Криминалдық полиция комитетінің қызметкерлері арнайы іс-шаралар өткізу кезінде Алматы облысы Қарасай ауданының Каменка кентінде «Алатау» санаторийі аумағында ағымдағы жылдың ақпан айында Талдықорған қаласының 20 жастағы тұрғынын өлтіруге оқталған күдікті – 24 жастағы қылмыстық топ мүшесін құрықтады.
Алматы қаласында, ІІМ Криминалдық полиция комитетінің Оңтүстік өңірлік ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерінің қатысуымен, Жамбыл облысының ІІД қызметкерлері жойылған ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысушысы 35 жастағы күдіктіні ұстады, содан кейін топ жетекшісі – оның ағасын ұстады. Ағайындылар 2007 жылы бас бостандықтарынан айыру жазасына тартылды. Алайда, екеуі де тергеу изоляторынан қашып кеткен. Ағайындылардың бірі бірден ұсталған болатын, ал екіншісі жасырынып кеткен.
Тапсырма:
1. Қарамен жазылған сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.
2. Мәтінге сұрақтар құрастырыңыз және оған жауап беріңіз.
3. Мәтінді мазмұндап беріңіз.
Есірткі бизнесіне қарсы күрес желісі бойынша
Жамбыл облысында «Көкнар-2012» жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Шу ауданы Тасөткел ауылынан 20 шақырым құмды жерде «Дельта-Долина» өңіраралық есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері Алматы қаласының 28 жастағы тұрғынын ұстады, одан 840 килограмм дайындалған марихуана алынды.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Ірі көлемдегі есірткіні заңсыз сақтау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде.
«Қауіпсіз қала» жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Астана қ. ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері елорда аумағына ірі көлемдегі есірткі құралдарын жеткізудің жолын кесті.
Сенбіден жексенбіге қараған түні полицейлер «Қызылжар» рубежінде «Газель» автокөлігін тоқтатты, онда 56 жастағы Алматы қаласының тұрғыны болды.
Тексеріс барысында көлік шанағынан жалпы салмағы 267 килограмм марихуана салынған 11 сөмке тәркіленді.
Қазіргі уақытта есірткі сату сызбасын анықтау мақсатында жедел-іздестіру іс-шаралары кешені жүргізілуде. Сондай-ақ, ұсталғанның елорда аумағында есірткі қылмысын жасағанына қатыстылығы тексерілуде.
Тапсырма: Берілген сөздер мен сөз тіркестерінің орыс тіліндегі дұрыс аудармасын табыңыз.
Есірткі бизнесіне қарсы күрес желісі бойынша
|
Оперативно-розыскные мероприятия
|
Шақырым
|
конфискован
|
Жедел-іздестіру іс-шаралары
|
по линии борьбы с наркобизнесом
|
Өңіраралық
|
изолятор временного содержания
|
Уақытша ұстау изоляторы
|
ведется расседование
|
Тәркіленді
|
километр
|
Ірі көлемдегі
|
транспортный кузов
|
Есірткі құралдары
|
изъята марихуана
|
Көлік шанағы
|
межрегиональный
|
Тергеу жүргізілуде
|
в крупных размерах
|
Марихуана алынды
|
наркотические средства
|
«Көкнәр-2012» және «Допинг» жедел алдын алу шаралары
Есірткі бизнесіне қарсы күрес бойынша өңірлік бөліністердің қызметкерлері өткен аптада «Көкнәр-2012» және «Допинг» жедел алдын алу шаралары шеңберінде есірткі қылмыстарын анықтау және оның жолын кесу бойынша арнайы операциялар өткізді.
Көліктегі полицейлер қызметтік иттердің көмегімен Шу ауданының «Шу-Аспара» стансасында жабайы қара қурай өсетін жерлерде Жамбыл облысы Мерке ауданының 24-жастағы тұрғынын ұстады, одан кептірілмеген 375 кг марихуана тәркіленді.
Қызылорда облысының ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Сырдария ауданы Айдарлы ауылынан 25 км қашықтықта Қызылорда қаласының 38 жастағы тұрғынын 650 түп марихуананы әзірлеу кезінде ұстады, жалпы салмағы 276,5 кг. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Тапсырма: Берілген сөздер мен сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз, оларды қатыстырып, сөйлем құрастырыңыз.
Есірткі бизнесіне қарсы күрес, өңірлік бөліністер, жедел алдын алу шаралары, жолын кесу, кептірілмеген, тәркіленді.
13 – С А Б А Қ
ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ
1-тапсырма. Мәтінді оқып, әңгімелеп беріңіз.
Қоғамдық қауіпсіздік қызметі
Полиция қызметкерлері қылмысқа қарсы күресте, өздерінің өмірлерін қия отырып, міндеттерін батылдықпен, адалдықпен орындап, қылмыстық қолсұғушылықтан адамдардың қауіпсіздігі мен мемлекеттің мүддесін қорғап келеді.
Облыстағы, қаладағы, ауылдағы қоғамдық орындарда және көшелерде қоғамдық тәртіпті cақтау мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде полиция қызметкерлері маңызды рөл атқарады.
Қазіргі уақытта облыстық Ішкі істер департаментінің қоғамдық қауіпсіздік басқармасы:
- учаскелік полиция инспекторлары қызметін ұйымдастыру жөніндегі бөлімше;
- кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі немесе ювеналдық полиция бөлімі;
- патрульдік қызмет және жаппай іс- шараларды қамтамасыз ету бөлімшесі;
- лицензиялық рұқсат беру жүйесі бөлімі;
- әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімшелерден құралған. Аталған қызметтің әрқайсысы полиция беделін қолдай отырып, айтарлықтай жұмыстар атқаруда.
Қалалардың шағынаудандарында, аудан мен ауылдардағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде учаскелік полиция инспекторының рөлі ерекше.
Бүгінде патрульдік-бекеттік қызметтің қызметкерлерін қоғамдық тәртіпті сақтаудағы орталық нысан деп санайды. Облыстың қалалары мен басқа да ауылдық аймақтарында күнделікті патруль кезекшілігіне түсетін қызметкерлер әрқашан да көмек көрсетуге дайын.
Сөздік
Комитет административной полиции – Әкімшілік полиция комитеті
Управление общественной безопасности – Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы
Преступление – қылмыс
Бороться – күресу
Честность – адалдық
Посягательство, вмешательство – қолсұғушылық
Интерес – мүдде
Охрана общественного порядка – қоғамдық тәртіпті сақтау
Обеспечение – қамтамасыз ету
Значительный, существенный – маңызды
Несовершеннолетние – кәмелетке толмағандар
қоғамдық тәртіпті сақтау және қылмысқа қарсы күреске қатысу – участие в охране общественного порядка и борьбе с преступностью
учаскелік полиция инспекторлары қызметін ұйымдастыру жөніндегі бөлімше – отделение по организации деятельности участковых инспекторов полиции
кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі немесе ювеналдық полиция бөлімі – отдел по делам несовершеннолетних или ювенальной полиции
патрульдік қызмет және жаппай іс-шараларды қамтамасыз ету бөлімшесі – отделение патрульной службы и обеспечение массовых мероприятий
лицензиялық-рұқсат беру жүйесі бөлімі – отдел лицензионно-разрешительной работы
әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімше – отделение по защите женщин от насилия.
Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Кімдер қылмысқа қарсы күресте, адамдардың қауіпсіздігі мен мемлекетіміздің мүддесін қорғап келеді?
2. Қоғамдық тәртіпті cақтау мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде полиция қызметкерлері қандай рөл атқарады?
3. Облыстық ІІД қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бөлімшелері мен бөлімдерін атаңыз.
4. Қалалардың шағынаудандарында, аудан мен ауылдардағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде кімнің рөлі ерекше?
5. Кімдерді қоғамдық тәртіпті сақтауда орталық нысан деп атайды?
6. Күнделікті патруль кезекшілігіне түсетін қызметкерлер әрқашан да неге дайын?
Грамматикалық тапсырма: «Полиция қызметкері», «қоғамдық тәртіп» тіркестерін септеңіздер.
Тіл дамыту
Өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуде ата-бабаларымыздан қалған асыл мұраларымыз, тәрбие тақырыбына арналған мақал-мәтелдерді еске түсірейік.
Берілген мақал-мәтелдерді жалғастырыңыздар:
Тәрбие - (....)
Тәрбие басы – (...)
Жақсыдан үйрен,
( ..... .......)
Үлкенге құрмет,
( ...... .......)
Әке көрген, оқ жонар
(....., .....)
Ана сүті (... ......)
Ана тілі (... .......)
Мақал-мәтелдердің жалғасы: тіл, жаманнан жирен, ой өсіреді, бесіктен, кішіге ізет, бой өсіреді, шеше көрген, тон пішер.
2-тапсырма: «Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы» тақырыбы бойынша сөздерді топтау.
3-тапсырма: Өз қызметіңіз туралы сұхбат құрастыру.
Патрульдік полиция қызметкерлерінің азаматтармен
қарым-қатынасы:
Профилактикалық іс-шаралар бойынша
(Азаматтардың ұлтына қарамастан өзін мемлекеттік
тілде таныстырады:)
Сәлеметсіз бе!
Мен, Патрульдік полиция полкінің аға сержанты Басқожаев Аман Төлегенұлы
Сізді Профилактикалық іс-шараларға байланысты тоқтаттым (тоқтау мақсаты түсіндіріледі)
Құжаттарыңызды көрсетіңіз.
Жолыңыз болсын! (егер де құжаттары дұрыс болмаса, құрылым басшысына болған жағдайды көрсете отырып, баянат жазып, құқық бұзушыны учаскелік полиция инспекторына тапсырады)
Қоғамдық орындарда құқық бұзғаны үшін
(Азаматтардың ұлтына қарамастан өзін мемлекеттік
тілде таныстырады:)
Сәлеметсіз бе!
Мен, патрульдік полиция полкінің аға сержанты Басқожаев Аман Төлегенұлы.
Сізді қоғамдық орында құқық бұзғаныңыз үшін тоқтаттым (тоқтау мақсаты түсіндіріледі).
Құжаттарыңызды көрсетіңіз (құжаттарын көрсеткен соң), менімен бірге полиция бөлімшесіне баруыңызды сұраймын (процессуалдық шешім қабылдау үшін құрылым басшысына баянат жазып, құқық бұзушыны учаскелік полиция инспекторына тапсырылады).
Қоғамдық орындарда құқық бұзғаны үшін (мас күйінде)
(Азаматтардың ұлтына қарамастан өзін мемлекеттік тілде таныстырады:)
Сәлеметсіз бе!
Мен, патрульдік полиция полкінің аға сержанты Басқожаев Аман Төлегенұлы.
Сізді қоғамдық орында құқық бұзғаныңыз үшін тоқтаттым (тоқтау мақсаты түсіндіріледі).
Құжаттарыңызды көрсетіңіз (құжаттарын көрсеткен соң), менімен бірге медициналық айықтырғыш бөліміне баруыңызды сұраймын (процессуалдық шешім қабылдау үшін құрылым басшысына баянат жазып, құқық бұзушыны айықтырғыш қызметкерлеріне тапсырылады).
ҮЛГІ
Алынған заттар хаттамасы
Астана қ.
«___»_______20___ ж.
Мен, Астана қ. МКҚБ ММ ЖПБ полицейі полиция аға сержанты Жүнісов Қанат Жанатұлы, Қазақстан Республикасының УПК 137-бабына сәйкес, куәлер:
1961 жылы туған Минусинская көшесі, 1 үй, 17 пәтерде тұратын, үй телефоны 44-44-21, Зайцев Николай Васильевичтің;
1970 жылы туған, «Көктем-2» шағын ауданы, 10 үй, 22 пәтерде тұратын, үй телефоны 34-01-05, Садықов Ермек Ысқақұлының қатысуымен. №68-112 дүкеннің қосалқы үй-жайында, 1970 ж.т., азамат Смирнов Николай Васильевичтің шалбарының оң жақ қалтасынан 3 дана № 1900193, № 1910031, № 1920011 мемлекеттік нөмірлі ақ металдан жасалған, баусыз «Слава» маркалы қол сағаттарын алып қойдым.
Басқа ешнәрсе алынған жоқ.
Заттарды алуға қатысушылар тарапынан ешқандай арыздар мен ескертулер болған жоқ, хаттама оқылды. Онда бәрі дұрыс жазылған:
Куәлер: 1. _______________________________________________
қолы
2. ________________________________________________
қолы
Заттар алынған адам
________________________________________________________________________________________________________________
қолы
Хаттама құрастырған: _____________________________________
қолы
________________________________________________________
қолы
ҮЛГІ
___________________бастығы
__________________________
Баянат
2012 жылғы 1 наурыз күні «Сұңқар-14» ұстау тобында қызмет уақытында (Диагностикалық орталықты күзету жөніндегі жаяу бекетте) 2 сағат 30 минут кезінде азамат______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ұсталғанын баяндаймын
тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты жерінің мекенжайы
Ол қоғамдық көлік аялдамасында мас күйінде тұрып қоғамдық тәртіпті бұзды. Айқайлады, дөрекі сөздер сөйлеп, орындықты сындырғысы келді, бірнеше тақтайшаларды жұлып алып, азаматтардың тыныштығын бұзды.
Ұсталушы ___________________________________________
________________________________________________________
де қою шараларын қолдану үшін АПБ-ға жеткізілді.
АПБ қызметкері __________________________________________
______________________________________________қатысуымен
тегі, атағы, лауазымы көрсетілсін
тексеріс жүргізілді, жеткізілушіде 1000 (мың) теңге, сары металдан жасалған неке жүзігі және т.б. (барлық заттар мен құжаттар көрсетіледі) болды. Бұдан әрі дене жарақаттарының, ұрғаннан қалған іздердің бар-жоғы көрсетіледі. Жеткізілуші мен оның заттары ____________________________________________
__________________________________________________берілді.
АПБ қызметкерінің тегі, аты, атағы
Кезекші бөлімнің тіркеу кітабында тіркелген (№__)
Ұстау тобының (күзетші) бастығы
АПБ жанындағы күзет бөлімінің полиция старшинасы
_____________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты, қолы
1 наурыз 2012
14 – С А Б А Қ
ҚЫЗМЕТТІК ХАТ
Қызметтік хат – қызметкерлердің қызмет бабында белгілі бір мәселені шешу үшін жазылатын хат.
Хат арнайы (елтаңбалы) бланкіде толтырылады және оның тақырыбы, адресаттың аты-жөні, лауазымы, атағы көрсетіледі, қол қойған тұлғаның аты-жөні, лауазымы, атағы және орындаушының аты-жөні мен телефон нөмірі жазылады.
Хат мәтіні кіріспе және негізгі, қорытынды бөліктерден тұрады. Кіріспе бөлікте фактіге, күнге, хатқа сілтеме жасай отырып, хатты жазудың себептері көрсетіледі.
Негізгі бөлікте хаттың мақсаты айтылады. Қорытынды бөлікте ұсыныс, өтініш, тілектер жазылады.
Азаматтық мекемелерге жолданатын хаттарда ІІО қызметкерлерінің аты-жөні мен лауазымы ғана көрсетіледі, ал атағы көрсетілмейді.
Қызметтік хаттың құрылымымен танысыңыз.
Қызметтік хатты жазуда қалыптасқан тәртіп бар. Хат төменгі бөліктерден тұрады:
Тақырыбы;
Күні;
Хат жолданып отырған мекеменің аты мен мекенжайы көрсетіледі;
Кіріспе сөз;
Хаттың жалпы мазмұны, мақсаты көрсетілетін бөлігі;
Негізгі мәтін;
Жіберушінің қолы;
Қосымша;
Құжатты дайындаушы, жіберуші туралы мәлімет.
Қызметтік хаттың түрлерімен танысыңыз.
Кепілхат – гарантийное письмо
Ұсыным – представление
Сұрау салу – запрос
Ілеспехат – сопроводительное письмо
Хабарлама – сообщение
Жеделхат – телелеграмма
Телефонхат – телефонограмма
Хаттама – протокол
Ресми хат – официальное письмо
Қолдаухат – ходатайство
Баяндау жазба – докладная записка
ҮЛГІ
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
Мемлекеттік тіл және ақпарат департаменті бастығының орынбасары
полиция полковнигі
С. Олжабаевқа
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі орындарында мемлекеттік тілді кеңінен қолдану және мемлекеттік тілдегі құжат айналымын арттыру бағытындағы 2011 жылдың 12 айы ішіндегі есептерді және атқарылған іс-шаралар жөніндегі анықтаманы жолдаймыз.
Қосымша: ______ парақта
ҚАЖ комитеті
төрағасының орынбасары
әділет полковнигі Д. Нұрханов
Орынд.: Қ. Жұмабекова
Тел.: 72-50-45
Назар аударыңыз!
Қызметтік хатта мына сөз тіркестері жиі қолданылады: пікіріңізбен санаса келе, басшылыққа ала отырып, айтылған мәселелерді қорытындылай келе, ескере отырып, мәселені анықтай келе және т.б.
1-тапсырма: Төмендегі сөздермен сөйлем құраңыз.
Басшылыққа ала отырып, пікіріңізбен санаса келе, айтылған мәселелерді қорытындылай келе, ескер отырып, мәселені анықтай келе.
2-тапсырма: Көп нүктенің орнына тиісті грамматикалық формаларды қойыңыз.
Келісімшарт... сәйкес, осы уақыт... дейін, белгіленген мерзім... аяқтау,тездетуіңіз... сұраймыз, сіздер... ұсыныс жасайды, ықыласымыз... білдіреміз.
3-тапсырма: Жақшадағы сөз тіркестерінің қазақша аудармасын көрсетіңіз.
1. Сіздің ұсыныстарыңызды (принимая во внимание), мынадай шешімге келдік.
2. Хатыңызға (отвечая), мына жағдайларға (уделить внимание) сұраймыз.
3. Осы уақытқа дейін (результаты работ) туралы хабарланбаған.
4. № 1486 келісімшарттың күші жойылғанын растайтын хатты (прилагаем).
4-тапсырма: Көп нүктенің орнына тиісті грамматикалық формаларды қойыңыз.
Жеке куәлігі... нөмірі; 89-пәтер... тұратын азамат; уақытында хабарлау... міндеттенемін; аталған сомма... қайтару; мекенжай... өзгерген жағдайда; тіркеу туралы куәлігі... негізінде; автокөлік... жүргізу... сенім білдіремін; менің атым... қол қою; басқа да әрекеттер... орындау; бір жыл... беріледі; сенім білдіруші... түсіндірілді; осы сенімхат... куәландырамын;
Ілеспехат адресатқа құжатпен бірге оны орындау жөніндегі қосымша түсінік беру үшін жіберіледі.
Ілеспехатта не істеу керек және қандай мерзімде орындау қажеттігі көрсетіледі.
Ілеспехаттың мынандай түрлері кездеседі:
мәлімет үшін;
уағдаласу бойынша;
келісу үшін;
қарау үшін;
жауап беру үшін;
Сіздің хатыңызға орай;
шара қолдану үшін;
қайтаруды сұраймыз;
5-тапсырма: Қызметіңізге байланысты қызметтік хат толтырыңыз.
Ұсыным мынадай мақсатта жазылады, яғни қызметкерді белгілі бір лауазымға, қызметке, атаққа ұсыну жөнінде басшыға ұсыныс жасау. Аталған қызметкерлердің сол лауазымға лайықты екендігіне кепілдеме беру.
Бұл хатқа ұсыныс жасаған адам ғана қол қояды.
Ал ұсыныс – көбінесе заң бұзушылықтарды жою туралы немесе қылмыстық істі негізсіз қозғау, тоқтата тұру, қысқарту және т.б. туралы қаулыларды жою жөніндегі прокуратура тарапынан жіберілетін ресми хат. Ұсыныстар ІІО-ның тарапынан да жасалады.
Қысқаша мінездеме
Е.Т. Теміров ішкі істер органдарында 2006 жылдың қыркүйегінен бастап, атқарып отырған лауазымында 2006 жылдың қараша айынан бастап, 3 ай сынақ мерзімімен қызмет атқарады. Қызмет өткерген мерзімде, атқарушылық қабілеті бар, қызметіне адал қарайтын қызметкер ретінде өзін жақсы жағынан көрсетті. Ішкі істер органдарының қызметін реттейтін нормативтік актілер мен бұйрықтарды біледі және тәжірибеде қолданады. Қызметтік міндеттерін орындауға жауапкершілікпен қарайды. Жұмысында жеке уақытымен санаспайды. Тәртіпті, заңдылықтың бұзылуына жол бермейді. Жауынгерлік және қызметтік дайындық сабақтарында тұрақты білімділігін көрсетеді. Табельдік қаруды меңгерген. Саптық тұрғыдан жинақы. Мемлекеттік тілді меңгерген. Коммерциялық құрылымдармен байланысы анықталмады. Бұған дейін алғашқы арнаулы атаққа қорғаныс істер жөніндегі бөлімнен құжаттардың өз уақытылы келіп түспеуіне байланысты, ұсынылған жоқ.
Полиция лейтенанты алғашқы арнаулы атағын беруге лайық.
Ұсыным – представление
Өкім – распоряжение
Арнаулы атақ – специальное звание
Кезекті – очередной
Тағылымдама – стажировка
Тыңдаушы – слушатель
Лауазым – должность
Тәжірибе – опыт, практика
Жауынгерлік және қызметтік дайындық – боевая и служебная подготовка
Асырауында – на иждивении
6-тапсырма: Өз әріптесіңізге мінездеме жазыңыз.
15 – С А Б А Қ
КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ
1-тапсырма: Мәтінді оқып, әңгімелеп беріңіз.
Криминалдық полиция қызметі
Криминалдық полицияның негізгі міндеттері қылмыстарды анықтау, оның алдын алу, жолын кесу, оны ашу және тергеу, ішкі істер органдарының жүргізуіне жататын қылмыстар туралы істер бойынша анықтама ісін жүргізу, тергеуден, анықтамадан және соттан жасырынған, қылмыстық жазаны атқарудан және өтеуден жалтарған, хабарсыз кеткен және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де жағдайларда адамдарды іздестіруді ұйымдастыру және жүзеге асыру болып табылады.
Криминалдық полицияны жедел-іздестіру, тергеу, ғылыми-техникалық және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне тікелей бағынатын, оның алдында тұрған міндеттерді шешу үшін қажетті өзге де бөлімшелер құрайды.
Қаулы – постановление
Хаттама – протокол
Криминалдық полиция – криминальная полиция
Дербес құрылымдық бөлініс – самостоятельное структурное подразделение
Қылмыстық істі қозғау – возбуждение уголовного дела
Қылмыстық істі тоқтата тұру – приостановление уголовного дела
Қылмыстық істі қысқарту туралы – о прекращении уголовного дела
Алу хаттамасы – протокол выемки
Көрсетпе беруден бас тарту – отказ от дачи показания
Өтем (өтеу) – возмещение
Куәгер – понятой
Қылмыстық іс жүргізу кодексі (ҚІЖК) – уголовно-процессуальный кодекс (УПК)
Қылмыстық кодекс (ҚК) – уголовный кодекс (УК)
Криминалдық полиция бөлімі (КПБ) – отдел криминальной полиции (ОКП)
Іздестіру ісі (ІІ) – розыскное дело (РД)
Із-түзсіз жоғалып кеткен (ІТЖ) – без вести пропавший (БВП)
Танылмаған мәйіт – неопознанный труп
Жеке басын анықтау – установление личности
Қашу, қашып кету – сбежать; совершить побег
Жалтару – уклоняться; избегать
Достарыңызбен бөлісу: |