4 тақырып. Төтенше жағдайлардың жіктелуі. Төтенше жағдайлар кезінде экономикалық объектілердің тұрақтылығы
1. Төтенше жағдайларды жалпы жіктеу.
2. Төтенше жағдайларда экономикалық объектілердің тұрақты қызмет атқаруын анықтау.
3. Төтенше жағдайларда экономикалық объектілердің тұрақты қызмет атқаруын ұлғайту қағидалары мен тәсілдері.
1. Төтенше жағдайларды жалпы жіктеу
Төтенше жағдай дегеніміз адам шығынына, адамдардың денсаулығына немесе қоршаған ортаға зиян келтіруге, елеулі материалдық нұқсанға және адамдардың тыныс-тіршілігі жағдайларының бұзылуына әкеп соғуы мүмкін немесе әкеп соққан аварияның, өрттің, қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің, қауіпті табиғи құбылыстың, апаттың, дүлей немесе өзге де зілзаланың салдарынан қалыптасқан белгілі бір аумақтағы жағдай айтады.
Төтенше жағдайдын пайда болуының әсерінен қауіп – қатер пайда болады.
Төтенше жағдай (ТЖ) - қауіпті табиғат құбылысы, күйреу, стихиялық немесе басқа апат, адам өмірінің тоқтауына апарып соғатын немесе апарып соқтырған, адамдардын денсаулығына және айналадағы табиғат ортасына зиян келтіретін, адамнын тіршілік ету әрекетінін жағдайын бұзатын және айтарлықтай материалды шығынға батыратын қауіп - қатер.
Төтенше жағдайларға сондай–ақ апат, техногенді күйреу, адамдардын, ауыл шаруашылық малдары мен өсімдіктерінің инфекциялық аурулары сонымен қатар ТЖ нәтижесінде пайда болған немесе пайда бола алатын заманауи жетістік құралдарды қолдану жатады.
Төтенше жағдайлардың пайда болу негізінен табиғи, техногенді, әлеуметтік және экологиялық болып бөлінеді.
Төтенше жағдай
Экологиялық
Әлеуметтік
Техногендік
Табиғи
(Зілзала апаты)
Жыл сайын төтенше жағдайлар 2,5 – 3 млн планетамыздың тұрғындарының өмірін әкетіп жатыр, материалды зиян 50 – 100 млрд долл. шамасында есептеледі және бұл сандар әрдайым өсіп жатады.
Төтенше жағдайлар адаммен әрдайым еріп жүреді, онын өміріне қауіп тигізеді, қайғы – қасірет, жарақат, адамдардың жарақатқа ұшырауына әкеледі, материалды құндылықтарды жояды және жарақаттайды, өркениетке, қоғамға, табиғи ортаға үлкен зиян келтіреді.
Төтенше жағдайлар кезінде жарақаттанған адамдар санына байланысты, материалды зардап келтіру көлеміне, сондай–ақ аймақтардың әсер ететін факторлардың таралуына байланысты ТЖ бір жердің шенберінен аспайтын, жергілікті, территориялық, аймақтық, федералдық және трансгранициялық болып бөлінеді.
Төтенше жағдайлар
локалдык
жергілікті
территориялық
трансгранициялау
аймақтық
Бір жердің шеңберінен аспайтын төтенше жағдайлар нәтижесіне 10 адамнан көп емес зардап шеккендер жатады,оған 100 адамнан көп емес тіршілік әрекетінің жағдайы бұзылса немесе төтенше жағдай аймағы өнеркәсіптік және әлеуметтік тағайындалу аймағының шегіне шықпаса.
Жергілікті төтенше жағдайлар нәтижесіне 10 - нан 50 – ге дейін адам зардап шеккендер жатады,оған 100 – ден 300 – ге дейін адамның тіршілік әрекетінің жағдайы бұзылса немесе төтенше жағдай аймағы тұрғылықты жерден, қала, ауданнан шықпаса.
Территориялық төтенше жағдайлар нәтижесіне 50 - ден 500 – ге дейін адам зардап шеккендер жатады немесе 300 – ден 500 – ге дейін адамның тіршілік әрекетінің жағдайы бұзылған.
Аймақтық төтенше жағдайлар нәтижесіне 500 – ден жоғары адам зардап шеккендер жатады немесе 500 – ден 1000 – нан жоғары адамның тіршілік әрекетінің жағдайы бұзылған.
Трансгранициялық төтенше жағдайларға шегіне шықса немесе шет елде пайда болған жағдайлар жатады.
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар (стихиялық апат) немесе табиғаттың стихиялық күшін көрсетумен байланысты жағдайлар(жер сілкінісі, тасқын су, цунами, дауыл, табиғи өрттер, көшкін, нөсер, дауыл, құрғақтылық, қарлы боран, суықтар, ыстық, жанартаудың атқылауы, бұршақ, қатты қардың жауы, найзағай, тұман, көк тайғақ, қырау) адамзатқа көп зардап шектірді.
Табиғаттық өрттер( т.б.)
Гидрологиялық (су тасқыны, затор, тайфун, цунами және т.б.)
Метерологиялық(Дауыл, күшті құйын, бұршақ, жанбыр, ыстық күн, суық ызғары т.б.)
Геологиялық (жерсілкіні, жанартаудың атылуы, шаю, опырынып құлау т.б.)
Қазіргі таңда стихиялық апаттар үнемі адамдарға қайғы – қасірет әкеледі, айналадағы табиғи ортаға және экономикаға зардап шектіреді.
Жер өркениетінің даму тарихы техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың арнайы енуіне жағдай жасалуымен тығыз байланысты. Адамның өнеркәсіптік және шаруашылық қызметінде пайда болатындықтан ТЖ техногенді болып табылады.
Көлік апаттары
Өрт, жарылыстар, жарылыстың қауіпі
Радиоактивтік заттарды лақтыратың апаттар
Апатты химиялық қауіпті заттарды лақтыратын апаттар
Биологиялық қауіпті заттарды лақтырысының апаттары
Техногендік Төтенше жағдайлар
ТЖ
Ғимараттардың кенеттік құлауы
Тазартатын жерлердің апаттары
Өмір сүруге байланысты системалардың апаттары
Гидродинамикалық апаттар
Электроэнергия системасының апаттары
Техникалық өрлеудің нәтижесі және өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға сансыз қайғы – қасірет болып айналады. Әр минут сайын әлемде жарылыстар болып жатады, қоршаған табиғи ортаға үлкен көлемде қауіпті және зиян заттар лақтырылып жатады, көліктерде, өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, энергетикада және байланыста апаттармен күйреулер болып жатады. Техногенді төтенше жағдайлар адамдардың жарақаттарымен қайтыс болуларына, материалдық құндылықтардың, экономикалық және экологиялық жоғалтуларға әкеліп соқтырады.
Мысалы,бәріне белгілі Черноболдағы АЭС техногенді апат, 20 мемлекеттің радиоактивті жұқтыруына, сондай-ақ үлкен экономикалық шығындарға, миллиондаған адамдардың қайғы – қасіретіне әкеліп соқтырды,ал 1945 жылгы. Япония мемлекетінің үстінде екі қолдан жасалған ядролық жарылыстар жүз мыңдай адамдардың өмірін әкетті.
Өнеркәсіпте және көліктегі өрт, жарылыс, апаттар адамдарға сансыз азаптар мен қайғы әкеледі. Жыл сайын көлік апаттарында және күйреуде әлемде шамамен 1 млн. адам қайтыс болса, 8 млн адам жарақат алады.
Апат – көліктің, қондырғылардың, орнатулардың, куатжабдықтардың, жабдықтардың, көлік құралдары, ғимараттың немесе құрылыстың бұзылуы болып табылады.
Күйреу – қайғылы зардаппен аяқталған оқиға, адамдар қырғынға ұшыраған ірі апат болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |