Қазақстан республикасы ішкі істер министрлігі шырақбек қабылбаев атындағЫ Қостанай академиясы


тақырып. Апаттық құтқару және басқа қауырт жұмыстар жүргізу және ұйымдастыру ұғымы



бет41/50
Дата08.11.2023
өлшемі265,94 Kb.
#190248
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   50
7 тақырып. Апаттық құтқару және басқа қауырт жұмыстар жүргізу және ұйымдастыру ұғымы

1. Апаттық құтқару және басқа қауырт жұмыстар жүргізу ұғымы.


2. Апаттық құтқару және басқа кауырт жұмыстар жүргізу және ұйымдастыру.
3.Апаттық құтқару және басқа қауырт жұмыстар жүргізу барысындағы қауіпсіздік шаралары.


1. Апаттық құтқару және басқа кауырт жұмыстар жүргізу ұғымы
Апаттық -құтқару жұмыстары дегеніміз адамдарды, материалдық жәңе мәдени құндылықтарды іздеу және құтқару, төтенше жағдай аймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету, төтенше жағдай аймағында және әскери іс-қимылдар жүргізу кезінде қоршаған ортаны қорғау, оларға тән қауіпті факторлардың әсерін оқшаулау және басу немесе ең төменгі мүмкін болатын деңгейге дейін жеткізу жөніндегі іс-қимылдар болып табылады.
Апаттық -құтқару қызметі негізін өзіне құрылымдық жағынан авариялық-құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды орындайтын атқарушы-құтқарушыларды, кіші, орта және жоғары құрамдағы осы жұмысты басқарушы-құтқарушыларды және осы жұмысты техникалық жағынан қамтамасыз ететін көмекші қызметтерді қамтитын апаттық -құтқару құрамалары, оның ішінде аэромобильді отрядтар құрайтын, қызмет міндеттері жағынан біртұтас жүйеге біріктірілген, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі міндеттерді шешуге арналған басқару органдарының, күштер мен құралдардың жиынтығы.
Апаттық -құтқару қызметі дегеніміз бірыңғай жүйеге функционалдық біріктірілген, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі міндеттерді шешуге арналған, азаматтық қорғаудың ұйымдық-біріктірілген басқару органдарының, апаттық -құтқару құралымдары мен құралдарының жиынтығын құрайды [2, 35 б.].
Оның ішінде; байланыс пен басқарудың арнайы құралдары, құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстар технологиясы бойынша техника, жабдықтар, жарақтар, мүлік пен материалдар, әдістемелік, бейне-кино-фотоматериалдар, сондай-ақ электронды есептеу машиналарына арналған бағдарламалық деректер базасы және құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргізуге арналған өзге де құралдар.
Апаттық -құтқару құрамасы негізін арнаулы техникамен, жабдықтармен, жарақтармен, аспаптармен, материалдармен жарақтандырылған және кинологиялық қызметпен қамтамасыз етілген құтқарушылар бөлімшелері құрайтын, құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргізуге арналған дербес немесе апаттық -құтқару қызметінің құрамына енетін құрылымды құрайды.
Апаттық -құтқару құралымы – апаттық -құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге арналған дербес немесе аттестатталған апаттық -құтқару қызметінің құрамына кіретін азаматтық қорғау күштерінің ұйымдық-құрылымдық бірлігі, ал әскерилендірілген апаттық -құтқару бөліміне - қауіпті өндірістік объектілерге тәулік бойы қызмет көрсетуге арналған, дара басшылық принциптерімен әрекет етіп, соны басшылыққа алатын және қауіптілігі жоғары жағдайда, құтқарушылардың денсаулығы мен өмірі үшін жол беруге болатын шектегі тәуекелмен апаттық - құтқару жұмыстарын атқаратын мамандандырылған ұйымды жатқызады.
Құтқару жұмыстарына төтенше жағдайлар аймағында адамдарды, материалдық және мәдени құндылықтарды құтқару, қоршаған ортаны қорғау, төтенше жағдайларды оқшаулау және соларға тән қауіпті факторлардың ықпалын жою немесе мүмкін болатын ең төменгі деңгейге дейін жеткізу жөніндегі іс-әрекеттер жатады.
Қазақстан Республикасында апаттық - құтқару қызметтерi мен құралымдарына тұрақты штат негiзiнде – кәсiби апаттық - құтқару қызметi мен құралымдары, оның iшiнде өртке қарсы, суда құтқару, жедел-құтқару, жедел медициналық және психологиялық көмек, әуе-құтқару, әскерилендiрiлген тау- кен құтқару, бұрқаққа қарсы, газдан құтқару және басқа төтенше ахуалдар саласындағы басқа мамандандырылған бөлiмдер мен бөлiмшелерді және ерiктi негiзде – ерiктi апаттық - құтқару құралымдары, оның iшiнде ерiктi өртке қарсы және суда құтқару құралымдары жатады.
Кәсiби апаттық -құтқару қызметтерi мен құралымдары:
- республикалық мемлекеттік (оның iшiнде қауіпті өндірістік объектілерде авариялық-құтқару және профилактикалық жұмыстарын орындайтын шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар, сондай-ақ бекітілген аумақтарда апаттық - құтқару жұмыстарын орындайтын мемлекеттік мекемелер) – Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша;
- объектiлiк (қызметiн жүзеге асыру үшiн ұйымдарда Қазақстан Республикасы заңдарымен және өзге нормативтiк құқықтық актiлермен көзделген өздерінің немесе шартты жағдайларда апаттық -құтқару қызметi мен құралымдары мiндеттi түрде болуы көзделген) – объект басшысының шешімі бойынша құрылады.
Кәсiби апаттық - құтқару құралымдары арнаулы техникамен, жабдықпен, құрал-сайманмен, керек-жарақпен, аспаптармен, материалдармен жарақтандырылады және кинологиялық қызметпен қамтамасыз етiледi және құтқарушыларды даярлау бағдарламалары бойынша оқытудан өтеді.
Апаттық -құтқару қызметтерін тiркеу:
- апаттық -құтқару қызметтері мен құралымдары авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу құқығына куәлік негізінде міндетті тіркелуге жатады.
- апаттық -құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеуді (есепке алуды) уәкілетті орган жүргізеді.
Апаттық -құтқару қызметтерінің қызметiне мыналар жатады:
- апаттық - құтқару қызметі мен құралымдары өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, тиісті ережелерді, жарлықтарды, қағидалар мен басқа нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады;
- кәсіби апаттық - құтқару қызметтері тау-кен құтқару, бұрқаққа қарсы, газдан құтқару, алдын алу жұмыстарын, сондай-ақ өрттерді сөндірумен және алғашқы медициналық көмек көрсетумен байланысты жұмыстар мен төтенше және апатты ахуалдарда жүргізілетін басқа апаттық -құтқару жұмыстарын жүргізеді;
- кәсiби апаттық - құтқару қызметтерi мен құралымдарының қызметi ерекше сипатта болады, аталған қызметтің басшылары берген бұйрықтар мен өкiмдердi олардың барлық қызметкерлерiнiң мүлтiксiз орындауын көздейдi. Бұл талаптар сондай-ақ ерiктi апаттық -құтқару құралымдарына оларды төтенше ахуалдарды жоюға тартқан кезден бастап қойылады;
- кәсiби апаттық - құтқару қызметтерi мен құралымдарының тұрақты дайындығы кәсiби даярлау бойынша жүйелi сабақтар мен арнайы жаттықтыру жиындарын өткiзу арқылы қамтамасыз етiледi және өз өкілеттігі шегінде уәкілетті орган жүзеге асыратын аттестаттау және тексерулер барысында тексеріледі;
- азаматтық қорғау күштерінің жедел көлігі дыбыс шығару және жарық беру дабылдары бар арнаулы аспаптармен, сондай-ақ белгiленген үлгiдегi түрлi-түстi бояулы таңбалармен мiндеттi түрде жабдықталады.
Апаттық - құтқару қызметтері мен құралымдарының, сондай-ақ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің жұмысын үйлестiруін авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының, мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің жұмысын үйлестiрудi уәкілетті орган жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының аумағында апаттық -құтқару қызметтері мен құралымдарының, мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің жұмысын үйлестiру шартары:
- төтенше ахуалдар салдарын жою үшiн қажеттi күштер мен құралдарды жедел тарту;
- апаттық -құтқару қызметтері мен құралымдары жұмысының нормативтiк құқықтық базасын құру;
- мемлекеттік емес өртке қарсы және апаттық - құтқару қызметтері, құралымдары және мүдделі мемлекеттік органдар бөлімшелері арасындағы өзара іс-әрекеттерді пысықтау болып табалады.
(Қосымша 10 кесте)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет