Қазақстан республикасы ішкі істер министрлігі шырақбек қабылбаев атындағЫ Қостанай академиясы


Техносфераның қауіпсіздік жүйелері



бет18/50
Дата08.11.2023
өлшемі265,94 Kb.
#190248
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   50
2. Техносфераның қауіпсіздік жүйелері
Техносфера - ол, адам қоғамының ғылыми тұрғыда жасап шығарған техникалық қондырғыларды пайдалану үшін жасалған құрал-жабдықтарын айтады. Адамдардың қалаларда жəне өндіріс орталықтарында тұруы, сонымен қатар өндірістік ғимараттар мен көліктердің көбеюі, жаңа техносфераға жатады.
Мысалы: үлкен өндіріс орындары (зауыттар, фабрикалар, домна цехтары т.б.)
Қазіргі жағдайдағы техносфераның пайда болуына мына аспектілер әсер етеді:
- жер бетіндегі тұрғындар санының қарқынды түрде артуы және олардың урбанизациялануы (үнемі өзгеру, мысалы, ауылдан қалаға көшуі, қалада өндіріс орындарының шоғырлануы, мәдени орындарының көбейуі);
- энергетикалық ресурстарды тұтынудың және шоғырының артуы;
- өндірістік және ауылшаруашылық өнеркәсіптердің қарқынды дамуы;
- транспорттық құралдарды жаппай қолдану.
Техносфералық қауіпсіздік - ол, жер шарының бетіндегі алуан түрлі объектілердің өзге объектілерге ауысуы нәтижесінде адам қоғамына және қоршаған ортаға пайдалы және жайлы жағдай туғызатын ғылыми- техникалық үдерісті айтады. Оның себебі адам қоғамы табиғат байлығын және қоршаған ортаны зерттеп таныспайынша оны пайдалануға қауіпті болады, ал оны зерттеу үшін техносфераның жұмысы аса қажет болады.
Техногендік қауіпсіздік екі тұрғыдан тұрады:
А) «адам- өндіріс- техникалық ортада»;
Б) «техносфера- қоғамда- табиғат ортасында».
Техногендік қауіпсіздік (ТҚ) - өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін іс-шараларын айтады.
Техногенді қауіпсіздікті қамытудың екі жолы бар, олар біріншіден- өндіріс орындардағы операторларың үздіксіз жұмыс істеуінің нәтижесінде, бірқалыпты жұмыс істеу тәртібін сақтау, жұмыс барысында зиянды әрекеттерді болғызбау үшін алдын-ала қорғау шараларын жүргізу болып табылады, ал екіншіден- күнделікті еңбек ережесін бұзылуы салдарынан пайда болған адам өміріне және табиғат аясына апаттың және зіл-зала апаттарының пайда болуының нәтижесінде келтіретін әр-түрлі жағымсыз әркеттердің жолын бөгеуге және тойтарыс беру үшін жүргізу іс-шаралары болып табылады.
Аса жойқын техногендік аумағындағы қауіптер үш түрге бөлінеді:
1. Апаттың немесе зіл-зала апатның болуының нәтижесінде адам өміріне және денсаулыққа келетін қауіптіліктер;
2.Биосфера құрамының бұзылуының нәтижесінде пайда болатын адам өміріне және денсаулыққа келетін қауіптіліктер;
3.Табиғат байлықтарының жетіспеушілігінен немесе мүлдем жойылып кетуінің нәтижесінде адам өміріне және денсаулыққа келетін қауіптіліктер.

ТЕХНОСФЕРАНЫҢ ДАМУЫ







ЖОҒАРЫ БИОСФЕРАНЫҢ ЛАСТАНУЫ







ІШІНАРА АЙМАҚТЫҚ ТОЗУЫ







ТОЛЫҚ АЙМАҚТЫҚ ТОЗУЫ




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет