Қазақстан республикасы ішкі істер министрлігі шырақбек қабылбаев атындағЫ Қостанай академиясы



бет2/50
Дата08.11.2023
өлшемі265,94 Kb.
#190248
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
ӘОЖ
КБЖ


ISBN
© Мырзахметов О.Б, Каршалов М.Б., 2017
Мазмұны
Кіріспе..........................................................................................................................4


1 тақырып. Тіршілік қауіпсіздік негіздері жөніндегі заңдары мен құқықтық актілері..........................................................................................................................6


2 тақырып. Қауіпті және зиянды әсерлердің жіктелуі. Радиациялық және химиялық қауіптілік..................................................................................................18


3 тақырып. Техносфераның қазіргі жағдайы. Адамдарды және қоршаған ортаны қорғау............................................................................................................29


4 тақырып. Төтенше жағдайлардың жіктелуі. Төтенше жағдайлар кезінде экономикалық объектілердің тұрақтылығы............................................................38


5 тақырып. Қоғамды төтенше жағдайдан қорғау негіздері мен қағидалары. Жаппай қырып жою қаруынан қорғану..................................................................48


6 тақырып. Жер сілкінісі, авария, өрт, жарылыс, су тасқыны, стихиялық әсерлер және өндірістік обектілерде жарылыс кезіндегі тәжірибелік-ұйымдастырушылық шаралары...............................................................................60


7 тақырып. Апаттық құтқару және басқа қауырт жұмыстар жүргізу және ұйымдастыру ұғымы.................................................................................................74


Қорытынды..............................................................................................................96


Қолданылған әдебиеттер тізімі.............................................................................97

КІРІСПЕ

Күн сайын бұқаралык ақпарат құралдарында әртүрлі елдерде болып жатқан жер сілкіністері, селдер, опырылымдар, су тасқындары, дауылдар, орман өрттері, шаңды дауылдар, құрғақшылықтар салдарынан адамдардың өлім-жітімі, қалалар мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың қирауы, сондай-ақ қоршаған ортаның ластануы әсерінен табиғаттағы тепе-теңдіктің бұзылуына әкеп соғатын басқа да апаттар жайлы хабарланып жатады.


Табиғи зілзалалар мен алапат тілсіз апаттар адамзат өміріне зор қауіп төндіреді, сондықтан адамдардың өмір сүретін ортасындағы түрлі кауіп- қатерден қорғану мәселесі ата-бабаларымыз жер бетінде тіршілік ете бастаған кезінен-ақ пайда болғаны белгілі. Адамзат ғұмырының алғашқы кезеңдерінде мұндай қауіп-қатер табиғат құбылыстарының қиратушы күшінен, сондай-ақ лаңкес әлем өкілдерінен төнетін қауіптер, уақыт өте келе адамның өз ықпалы мен жасалатын қауіп-қатерлер, олар: жол-көлік апаттары, өнеркәсіптер мен тұрғын үйлердегі жарылыстар мен өрттер, химиялық қосылыстар мен уланулар, ішімдік ішіп, шылым шегіп, электр тоғынан зардап шегу, ионды сәуле шығарудан сәулелену және т. б. көптеген қатерлер пайда болды.
Fылым мен техниканың дамуы бір жағынан тілсіз апаттардың салдарын жою тәсілдері мен кұралдарын жетілдіруге ықпалын тигізсе, екінші жағынан, жекелеген энергетикалық кешендерде энергияның шамадан тыс жинақталуы, козғалыс жылдамдығының артуы және басқа да жағдайлар апаттар мен алапаттар санының шамадан тыс көбеюіне алып келеді.
Табиғаттың тілсіз апат күштері адамға бағынбайды және оларды тек кейбір жағдайларда ғана алдын ала болжауға болады, адамның өзінің себептерінен туындайтын төтенше жағдайларда ғимараттарды, технологиялық дамуларды, машиналар мен кұрал-жабдықтарды жобалап, пайдалануға беруде жан-жақты ойластыру арқылы болдырмауға болады. Мысалы, қоршаған ортаға зиянды өнеркәсіп қалдықтарының бей-берекет тасталуымен аяусыз күресе отырып, біз табиғаттағы экологиялық тепе-теңдіктің сақталуына ықпалымызды тигіземіз немесе табиғат аясында демалуға барғанда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтай отырып, орман мен дала өрттерінің туындауының алдын аламыз.
Тілсіз апаттардың бұзып-қиратушы күштері зор болғанымен, шектеусіз емес, сондықтан да (оларды) алдын ала болжауға және дер кезінде корғауға қатысты сәйкес шаралар қабылдаған жағдайда оларды болдырмауға, тыйым салуға және салдарын барынша азайтуға болады.
«Тіршілік қауіпсіздік негіздері» пәні - курсанттарды адамның төтенше жағдай кезіндегі өмір сүру ортасымен қауіпсіз қарым-қатынасының, шаруашылық обьектілерінін тұрақты жұмыс істеу әдістерін, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту мен салдарын жою және осы заманғы зақымдау құралдарын ажырата білудің аса қажеттігін көрсетеді.
Оқыту мақсаты: Болашақ мамандарды теориялық білім және тәжірибелік дағдыға үйрете отырып, өмір тіршілігіне қауіпсіз және зиянсыз жағдайларын жасауды, экологиялық қауіпсіздік бойынша қазіргі заманғы талаптарға сай жаңа техника және технологиялық процестерді жобалауды, табиғи апаттардың, зілзалалардың мүмкін болатын апат салдарынан халықты және шаруашылық нысандарының өндіріс қызметшілерін, сондай-ақ олардың салдарын жою барысындағы қорғаныс бойынша төтенше жағдайларды болжау және сауатты шешімдер қабылдауды, еңбек қызметі мен адам демалысы аймағында қалыпты жағдай жасауды, адаммен,оның өмір сүру ортасын залалды әсерлерден қорғау жөніндегі шараларды әзірлеудің жолдарын үйретуді мақсат етеді.


Оқыту міндеттері:

  • бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайда халықты қорғау әдістерін және зардабын жою мен құтқару, басқа да шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру негізін үйрету;

  • өмір сүру ортасындағы адам қауіпсіздігінің теориялық негіздері білімдерін қалыптастыру;

  • тіршілік қауіпсіздігінің құқықтық және нормативтік техникалық негіздерін үйрету;

  • курсанттарды жарақат алу, зақымдану, қатты ауру, өте қауіпті жұқпалы аурулар және олардың айыру белгілері мен медициналық көмек көрсете білуге оқыту;

  • зақымдану ошақтарын сипаттауды үйрету;

  • қазіргі зақымдағыш құралдар мен төтенше жағдайлардың зардабынан халықты қорғайтын әдістеріне сипаттама беру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет