Қазақстан республикасы ішкі істер министрлігі шырақбек қабылбаев атындағЫ Қостанай академиясы


Қазақстан Республикасы тіршілік қауіпсіздік негіздері саласындағы заңнамалар



бет6/50
Дата08.11.2023
өлшемі265,94 Kb.
#190248
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
3. Қазақстан Республикасы тіршілік қауіпсіздік негіздері саласындағы заңнамалар
«Тіршілік қауіпсіздік негіздері» - адамның төтенше жағдай кезіндегі өмір сүру ортасымен қауіпсіз қарым-қатынасының, шаруашылық обьектілерінін тұрақты жұмыс істеу әдістерін, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту мен салдарын жою және осы заманғы зақымдау құралдарын ажырата білудің аса қажеттігін көрсетеді. Өндірістерді жаңа техникалар мен технологиялармен толықтыратын, тиімді әдістер мен құралдарды енгізу, сонымен қатар ғылыми және ғылыми-техникалык ақпараттардың көлемдерінің көтерілуі ғылыми-педагогикалық қызметтердің дайындық қажетіліктерін негіздейді.
Қауіп-қатердің өзі өте күрделі, көпжақты құбылыс болғандықтан, олардың негізгі белгілері бір-бірімен ұштасып, араласып жатады. Сондықтан оларды дұрыс жіктеу, оның алдын алуға, себебін, сипаттамасын анықтап, шара қолдануға және салдарын жоюға үлкен маңызы бар.
Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғау туралы Заны тіршілік қауіпсіздік саласындағы негізгі құқықтық акті болып табылады. Тіршілік қауіпсіздік негіздері Қазақстан Республикасы заматтық қорғау туралы заңнамасында бекітілген (2-бап) [2].
Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасы Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының өзге де заңдармен, нормативтiк құқықтық актiлерінен тұрады.
Қазақстан Республикасы тіршілік қауіпсіздік негіздері саласындағы негізгі заңдылықтар:
-«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 2014 жылы 11 сәурде қабылданды.
- «Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 2003 жылы 08 ақпанда қабылданды.
- «Соғыс жағдайы туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 2003 жылы 05 наурызда қабылданды.
- «Халықтың радиациялык қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 1998 жылы 23 сәурде қабылданды.
- «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 2012 жылы 16 ақпанда қабылданды.
- «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 2009 жылы 18 қыркүйекте қабылданды.
- «Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 2014 жылы 17 сәурде қабылданды.
Сонымен қатар, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
Еліміздің төтенше жағдай туралы заңында төтенше жағдайдың Қазахстан Республикасының бүкіл аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде енгізудің жүйесін, оның қолданылуының негіздерін, мерзімдерін, тәртібін белгілейді. Төтенше жағдай дегеніміз азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылысын қорғау мүдделерінде ғана қолданылатын және мемлекеттік органдар, ұйымдар қызметіне, азаматтардың, шетелдіктердің және азаматтағы жоқ адамдардың құкықтары мен бостандықтарына, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтарына жекелеген шектеулер белгілеуге жол беретін және оларға қосымша міндеттер жүктейтін ерекше құқықтық режим болып табылатын уақытша шара болып табылады [3].
Төтенше жағдайларға келесі негізгі ұғымдар жатады.
Төтенше жағдайда енгізілетін жерлердін шекаралары болып Қазақстан Республикасының бір немесе бірнеше әкімшілік-аумақтық бірлестіктерінің аумағы жатады.
Жергілікті жердің комендатурасына төтенше жағдай енгізілген жерлерде төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Президенті құратын уақытша арнаулы органдар кіреді.
Жергілікті жердін комендаты ол, Қазақстан Республикасынын Президенті тағайындайтын, төтенше жағдай енгізілген жердегі комендатураның қызметіне басшылық жасайтын және төтенше жағдай режимін қамтамасыз ететін күштер мен құралдарды бірыңғай басқаруды жүзеге асыратын лауазымды адамды айтады.
Қоменданттық сағат дегеніміз арнайы берілген рұқсат кағаздарынсыз және жеке басын куәландыратын кұжаттарсыз көшелерде және өзге де қоғамдық жерлерде не үйлерінен тысқары жерлерде жүруге тыйым салынатын тәулік мезгілін айтады.
Республикамыздың соғыс жағдайы туралы заңы Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Республикасының аумағында тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, әскери басқару органдарының және меншік нысандарына қарамастан ұйымдардың соғыс жағдайы кезеңіндегі құқықтық қатынастарын реттейді. Соғыс жағдайы ол, Қазақстан Республикасына қарсы агрессияны не оның қауіпсіздігін сырттан тікелей төнген қатерді болдырмауға немесе оларға тойтарыс беруге жағдай жасауға бағытталған саяси, экономикалық, әкімшілік, әскери және өзге де шаралар кешенін көздейтін және Қазақстан Республикасының Президенті Республиканың бүкіл аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде енгізетін ерекше құкықтық режим болып табылады [4].
Оған жататын келесі негізгі ұғымдар.
Агрессия дегеніміз шет мемлекеттің (мемлекеттер тобының не коалициясының) Қазақстан Республикасының егемендігіне, аумақтық қол сұғылмаушылығына немесе саяси тәуелсіздігіне қарсы қарулы күш колдануы немесе оған Біріккен ұлттар ұйымының Жарғысымен сыйыспайтын қандай да болсын басқадай әрекет жасауы болып табылады.
Аннексия деп Қазақстан Республикасының аумағын немесе оның бір бөлігін шет мемлекеттің күштеп қосып және басып алуын айтады.
Коменданттық сағат дегеніміз соғыс жағдайы кезінде коғамдық тәртіп пен қауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз ету, барлаушылық, диверсиялық және басқа да дұшпандық әрекеттердің жолын кесу мақсатында қолданылу мерзімдері мен уақыты көрсетіле отырып енгізілетін, халықтың арнайы берілген рұқсат қағаздар мен жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тәуліктік белгіленген уақытында тұрғын үйлерден тыс жерлерде болуына және елді мекендер арасында жүріп-тұруына тыйым салынатын шара болып табылады.
Қауіпсіздікке сырттан тікелей төнген қатерлерге мемлекеттік шекараның қол сұғылмаушылығына төнген қатер және Қазақстан Республикасына қатысты күш қолдану қатері, сондай-ақ шет мемлекеттердің арнайы қызметтері мен ұйымдарының, сондай-ақ жекелеген адамдардың барлаушылық, террористік, диверсиялық және Қазақстаннның ұлттық қауіпсіздігіне залал келтіруге бағытталған өзге де әрекеттері жатады.
Қазақстан Республикасындағы халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы заңы халықтың денсаулығын иондаушы сәуле соққысына ұрынудың зиянды әсерінен қорғау мақсатында оның радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді. Радиациялық қауіпсіздік дегеніміз белгіленген нормаларға сәйкес қызметшілерге, халыққа және қоршаған ортаға радиациялық әсерді шектейтін іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген радиациялық жағдайдын жай-күйі болып табылады [5].
Оған жататын келесі негізгі ұғымдар.
Иондаушы сәулелендіру деп ортамен өзара әрекет кезінде түрлі белгілердегі иондар түзетін, зарядталған, зарядталмаған бөлшектер мен фотондардан тұратын сәулелендіру айтады.
Радиациялық авария дегеніміз атом энергиясын қолдану объектісін қауіпсіз пайдалану шегінің бұзылып, бұл орайда адамдардың белгіленген нормалардан тыс сәуле алуына немесе қоршаған ортаның радиоактивті ластануына әкеп соғуы мүмкін немесе әкеп соққан радиоактивті өнімдері болып табылады (немесе иондаушы сәулелендірудің қалыпты пайдалану жобасында көзделген шектен асып кетуі).
Радиациялық қорғаныш дегеніміз радиациялық қауіпсіздікке бағытталған техникалық және ұйымдық, радияцилы-гигиеналық шаралардың жағдайы болып табылады.
Еліміздің әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы заңы Қазақстан Республикасы азаматтарының әскери қызметті өткеруі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі мемлекеттік саясат негіздерін айқындайды. Әскери қызмет ол, Қазақстан Республикасының егемендігін, аумақтық тұтастығы мен шекараларының қол сұғылмаушылығын қарулы қорғауға байланысты әскери қауіпсіздікті тікелей қамтамасыз етуге бағытталған Қарулы Күштер әскери қызметшілерінің мемлекеттік қызметінің ерекше түрін айтады. Әскери қызметшілерге Қарулы Күштерде әскери қызметте тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын жатқызады, ал әскери міндеттілер деп, әскери есепте тұратын және әскери есепте тұрудың шекті жасына дейін запаста болатын Қазақстан Республикасының азаматтарды айтады [6].
Оған жататын келесі негізгі ұғымдар.
Әскери міндеттілік ол, Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасын қорғау жөніндегі конституциялық міндеті болып табылады.
Әскери лауазым дегеніміз әскери қызмет функцияларын орындау үшін лауазымдық өкілеттіктер мен лауазымдық міндеттер жүктелген Қарулы Күштер мемлекеттік мекемесінің штаттық бірлігі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет