Социология как наука



Дата28.06.2022
өлшемі92,6 Kb.
#147172
Байланысты:
4 лекция каз Общ. социология

Қоғамдық құрылым және әлеуметтік қарым-қатынастар

оқытушы: Сапарова Назым Билимовна


4 дәріс

Қоғамдық құрылым – қатынастардың қайталанатын заңдылықтары Қоғамның барлық деңгейінен қоғамдық құрылымдарды табуға болады. Мысалы: бейсбол ойындары, достық байланыстар, отбасылар мен ірі корпорациялар және т.б. – бұлардың барлығы күнделікті қайталанатын қарым-қатынас заңдылықтары Заңдылықтар орындалады: 1. Ресми ережемен (заңдармен) 2. Әдет ғұрыптардың күшімен

Әлеуметтік құрылым: - Мәртебе - Рөл - Әлеуметтік институттар осы 3 ұғым аясында түсіндіріледі.

Мәртебе


Қоғамның негізгі іргетасы
Адамның басқа топ мүшелеріне қатысты қоғамдағы алатын орны

Әр адам бір кезде бірнеше мәртебеге ие болу мүмкін бе?

Адамның барлық мәртебелерінің қосындысы

Адамның барлық мәртебелерінің қосындысы

Мысалы: Сіз біреудің қызы немесе ұлы, спортшы, христиан, даяшы және т.б. болуы мүмкін.


Мәртебелер жиынтығы

Мәртебе түрлері

  • Қол жеткізген
  • Адамның ғұмырында қол жеткізе алатын қоғамдағы орны (өз күшімен жеткен мәртебесі, ол жақсы не жаман болуы мүмкін)

    Мысалы: әке болу, сотталу

    Немесе білімі мен қызметіне қарай мәртебеге қол жеткізу:

    «Фармацевтика» мамандығы бойынша медициналық оқу орнын бітірген адам «фармацевт» мәртебесіне қол жеткізеді – яғни өз күшімен жеткен мәртебесі

  • Туабітті
  • Туғаннан немесе мұрагерлікпен берілген өзгермейтін деп танылған мәртебе (атадан балаға мұра болып қалатын мәртебе).

    Мысалы: жыныс, нәсіл, ұлт

    Әлеуметтанушылар жыныс пен нәсілді туабітті мәртебеге жатқызады.

Нәсілдік мәртебе

  • ХХ ғ. санақтардың барлығында, АҚШ Халық санақ бюросы америкалықтардан өз мәртебесін анықтағанда (тек біреуін ғана таңдауды сұраған):
  • Ақ нәсілді (испантекті емес, испантекті)
  • Афроамерикалық (испантекті емес афроамерикалық)
  • Жергілікті америкалық (үндіс)
  • Азиялық (Америкалық азиат)
  • Басқалар
  • Тек 2000 жылдан бастап халық санағы кезінде бірнеше нәсілді таңдауға мүмкіндік берілді, сөйтіп “аралас нәсілді” адамдар санаты еңгізілді.

Әлеуметтанушылар мәртебелік құрылымдарды былай талдайды:

  • Қоғамда бар барлық мәртебелердің сандары мен түрлері
  • Осы мәртебелердің адамдар арасында таралуы
  • Түрлі мәртебелерге ие болудың салдар, ресурстары, мүмкіндіктері
  • Белгілі бір қоғамдағы мәртебелердің ықтимал комбинациясы

Рөлдер

Рөл – белгілі бір әлеуметтік жағдайға ие, адамдардан күтілетін әрекет және ойлау тәсілдері.

Рөлдер – белгілі мәртебесі бар адамның қалай әрекет етуі керектігін анықтайды.

Рөлдер – белгілі бір әлеуметтік дәрежеге қол жеткізген кез келген адамнан күтілетін мінез-құлықтар мен құндылықтар

Театрмен байланыс арқылы түсіндірсек:

«Адамдар мәртебеге ие болады, рөлдерді ойнайды»

Мысалы

  • Дәрігер – мәртебе
  • Ал дәрігердің науқасқа ең дұрыс емді қолданады деп үміттенгеніміз дәрігердің рөліне жатады.

  • Әлеуметтік рөлдер үнемі өзгеріп, жағдайға қарай бейімделіп отырады. Адамдар өз рөлін әртүрлі деңгейде атқарады.
  • Әлеуметтік интеракция – адамдардың күнделікті, бетпе бет кездесіп, өзара әрекеттесуі. Рөлдерден тұрады.
  • Кейде адамдар рөлдік міндеттерін орындай алмай жатады. Рөлдер көбейіп кетсе, рөлдік міндеттер арасында үйлесім болмай қалады.

Рөлдік шиеленіс (напряжение)

  • Бір мәртебенің ішінде өзара үйлесімсіз бірнеше рөлдің болуы.
  • Мысалы: Ата ананың бір кештің ішінде балаларының киімін жуып, ас даярлауға, үй тапсырмасын бірге орындап, ал ойын ойнауға уақыты жетпесе, рөлдердің шиеленісі орын алады

Рөлдік қақтығыс (конфликт)

  • Бір адамның бойында бір-бірімен үйлеспейтін рөлдік міндеттері бар бірнеше мәртебенің болуы
  • Мысалы: Баласы ауырған ата-ана жұмыстан сұрануға мәжбүр болса, ал оның жұмыс берушісі жұмыстағы міндеттерін отбасындағы міндеттерінен жоғары қоюды талап етсе, онда бұл рөлдер қақтығысы болады.

Қорытынды

  • Әлеуметтік рөлдер ұнемі өзгереді, жағдайға қарай бейімделіп отырады.
  • Адам өз рөлін қалтықсыз орындап тұрмайды.
  • Адам рөлдерді әртүрлі деңгейде атқарады

Институттар

  • Адамның негізгі қажеттіліктеріне жауап беретін тұрақты әлеуметтік құрылым болып табылады.
  • Басты ерекшелігі – бірнеше буынның өмірін қамтиды, әрі құндылықтардың, нормалар мен мәртебелердің және рөлдердің күрделі жиынтығын құрайды және адамның негізгі қажеттіліктерін қанағаттандырады.
  • Институттар өзара тәуелді, жалғыз әрекет ете алмайды. Біреуі өзгерсе, екіншісінде де өзгеріс болады.
  • Институттар мінез-құлықты реттеп, қоғам өмірінің тұрақтылығын сақтайды, әрі оны ұрпақтан-ұрпаққа қалдырып отырады.
  • Институттар құлдыраған жағдайда қоғам бей-берекеттік (хаос) пен үмітсіздікке тап болуы мүмкін.

Негізгі әлеуметтік 5 институттар:

  • 1. Отбасы институты – бала-шағаға қамқорлық жасау, бала өсіру міндетін атқарады
  • 2. Экономика институты – тауар шығарып, оны тарату міндетін атқарады
  • 3. Үкімет институты – қоғамды үйлестіріп, оған қызмет көрсетіп, оны қорғап отырады
  • 4. Білім институты – жас ұрпақты оқытумен айналысады
  • 5. Дін институты – дерексіз және жауабы жоқ сұрақтарға жауап беру міндеттерін атқарады

Cұрақтар

  • Мәртебе, түрлері, мысалдар
  • Рөл, түрлері, мысалдар
  • Әлеуметтік институттар, түрлері

Рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет