Қазақстан республикасы ішкі істер министрлігі шырақбек қабылбаев атындағЫ Қостанай академиясы



бет45/50
Дата08.11.2023
өлшемі265,94 Kb.
#190248
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50
Байланысты:
Бектурсунова А.МЕЙІРБИКЕ ІСІ НЕГІЗДЕРІ (копия), 0a7ef430cd483f3dcc06384fa76fa259
Медициналық қорғау құралдары
Медициналық қорғау құралдары ТЖ зақымдаушы факторларының әсер ету дәрежесін төмендету мен алдын-алуға (профилактика) бағытталған, сонымен қатар бiрiншi көмектiң көрсетуiне арналған
Дәрiгерлiк қорғаулар құралдарына радиациядан қорғайтын құралдар, (уға қарсы дәрі) антидоттар, бактерияларға қарсы препараттар, жартылай санитарлық өңдейтін құралдарды жатқызады.
Дәрiгерлiк қорғау құралдарының қысқаша классификациясы:
1 Радиациядан қорғайтын құралдар - бұл радиоактивтi заттардың (РЗ) әсерiне ағзаның қарсы тұруын жоғарылауына себепшi болатын препараттар. Олар келесi топтарға жiктеледi:
- сыртқы сәулелену кезінде салдарына профилактиканы жүргізуге арналған құралдары (радиопротекторлар);
- сәулеленуге ағзаның (бұл құсуға қарсы құралдар) алғашқы әсерін әлсiрететін құралдары;
- ағзаның ішіне РЗ түсу кезінде радиациялық салдарына профилактиканы жүргізуге арналған құралдары (ағзадан РЗ бiржола барынша тез ағзадан жойылуына себепшi болатын препараттары);
- РЗ ластану кезінде терінің зардабына профилактиканы жүргізуге арналған құралдар (жартылай санитарлық өңдеудiң құралдары).
2 Антидоттар (уға қарсы дәрі) - улы заттардың (УЗ) бұзылуына немесе бейтараптандыруға себепшi болатын препараттар немесе заттар.
Антидоттық терапияны тек қана УЗ-ты қолдануын айғақ және оның теңестiруiн растауда өткiзедi.
3 Бактериялық қарсы құралдар - биологиялық заттарды (БЗ) қолдануында немесе қолдану қауiпi болғанда қолданылады.
Егер қоздырушының түрі белгiсiз болса, профилактика құралдарды БЗ қоршаған ортаның ластану кезінде немесе белгiсiз ластанудан кейiн қолданады. Оған антибиотиктер, интерферондарды жатқызады.
Халықтың жеке қорғаныс құралдары
Жеке қорғаныс құралдары (ЖҚҚ) тері мен дем алу мүшелерін радиоактивті заттар, улы затттар мен биологиялық құралдардан (РЗ, УЗ мен БҚ) қорғауға арналған.
Газқағарды таңдау (сүзгіш немесе оқшаулаушы, өндістік немесе азаматтық және басқалары) ТЖ сипатына қатысты және қоршаған орта жағдайына байланысты сәйкес құрылыммен орында анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет