Ќазаќстан Республикасы жоѓарѓы оќу орындарныњ ќауымдастыѓы



бет119/145
Дата21.04.2023
өлшемі1,66 Mb.
#175143
түріОқулық
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   145
Байланысты:
ФИЛОСОФИЯ Аденов 2

Экзистенциализм – ең алдымен адамның дербес, нақты өмір сүруіне мән береді және материализмнің, сциентизмнің үстемдігін жоққа шығарады. Бірінші орынға – сезімді, тек жай сезім емес, сезіну, уайымдауды қойды. Қысқаша уақытта сезіну орнына ұзаққа созылған сезімдер: қайғыру, жалғыздық, қорқу, т. б. қойылады.
Адамның табиғи (биологиялық) және қоғамдық (әлеуметтік) мәні. Адам «табиғи жаратылыстың дамуы» арқылы осы күнгі дәрежеге жетіп, күрделі феномен ретінде қалыптасты. Саналы адам (Home sapens) 50 мың жыл өмір сүріп келе жатқан болса, адамның жалпы тарихы шамамен 3-3,5 миллион жылдай болады.
Ақылды адамның пайда болу негізі неде? Адамның еңбегі арқылы пайда болған заттар (жасанды табиғаттың) мен тілдің пайда болуында. Еңбек, сана, ойлау және тіл – бір-бірімен тікелей байланысып жатқан процесс. Бұл жерде антропогенез (адамдардың шығу тегін зерттейтін антропологияның бір бөлігі), антропосоциогенез (әлеуметтік себептерді анықтау) деректері көп жәйді анықтайды. Мәдениет жоқ жерде – жетілген қоғам жоқ, қоғамсыз – жетілген адам жоқ.
Жан-жануардан адамның ерекшелігі неде?

  1. Еңбекке икемделген өзгеше денесі мен келбетi бар.

  2. Санасы, ойлау мүмкіндігі бар.

  3. Өзінің негізгі діні, сенімі бар.

  4. Адамдар арасындағы қарым-қатынасты қолдап, дамытады.

  5. Өндірістің пайда болуына, өзгеруіне байланысты өзін-өзі қамтып, өзгере білуінде.

Сондықтан еңбек өндірісі қоғамның, оның дамуының негізі болып есептеледі. Адамның негізгі айырмашылығы – құрал-сайман жасай алатындығы. Артефакт (алғашқы қару) – немесе алғашқы зат. Тастан жасалған садақтың ұшынан бастап, ғарыш корабліне дейін қару мен заттардың бәрі де адам ойы мен еңбегінің нәтижесі. Ең алғашқы құрал: аң аулау, өзін қорғау үшін қолға ұстаған тас, таяқ және басқа заттар. Лақтыруға, соғуға ыңғайлы болу үшін адамдар оны өңдеп икемдеген. Ондай қару кімге қажет болған? Икемсіз әлсіз не жүгіре алмайтын адамдар, күш иелеріне қарсы тұру үшін қолға қару ұстауды жөн көрген. Ф. Ницшенің пікірінше, «адам деградацияға ұшыраған хайуаннан шыққан».
Кейін қаруды басқаларды өзіне бағындыру үшін, үйірін қорғау үшін құрал-саймандарды еңбек ету тәсіліне айналдырады. Еңбек құралы, қару табиғаттан дайын түрде берілмейді, оларды жасау, қолдануды жас ұрпаққа үйрету үшін сөз керек, тілді одан дамыту қажеттілігі туады. Ал сөз абстракциялық ойлаудың көзі.
Адам – белгілі-бір дәрежеде биологиялық және әлеуметтік тіршілік иесі. Биологиялық – тірі адам, тірі организм және оның әлеуметтік қоғамдық мәні бар. «Адам мәні – Маркс айтқандай, оның сақалы мен бойында емес, оның әлеуметтік орны мен атқаратын ісінде».
Адамның биологиялық сипаты неде? Ертедегі дүниеде адам өмірінің ұзақтығы 20-22 жас болды. Бірте-бірте адам өмірінің жақсаруына байланысты ұзара бастады. Медицина ғылымының дамуы, денсаулықтың жақсаруына алып келді. Ғылыми-техникалық революцияның жемістерінің арқасында жылы үйлер, азық-түлікпен қамтамасыз етудің ұтымды тәсілдері, адамның білімі мен тәрбиесінің жас кезінен жолға қойылуына жеттік.
Адам дамуына кедергі болатын жағдайлар: ауа райы, экология, жердің улануы, көлдердің, жануар, өсімдік түрлерінің жоғалуы, т. б. Алғашқы кезде адамдар хайуандар секілді үңгірде тұрған. Ол кезде жыныстық қатынастар реттелмеген болатын. Оны эндогамия (endog- іштей, games- жыныстық, некелік қатынас) деп атайды. Ол адамзаттың денсаулығына, тұқымның өсіп дамуына зиянын келтірді, түрлі жазылмайтын аурулар адамзаттың келешегіне қатер туғызды. Сондықтан адамдар жақындар арасындағы некелік қатынасқа ерте бастан тыйым салған. Экзогамия (гр. exo - сырттан) пайда болды. Үйленуге адамды тыс жерден, сырттан, басқа ру ішінен іздеу тәртібі қалыптасты. Бұл адамзаттың қоғамдық дәрежеде дамуының алғашқы қадамы болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   145




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет