Ќазаќстан Республикасы жоѓарѓы оќу орындарныњ ќауымдастыѓы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ



бет2/145
Дата21.04.2023
өлшемі1,66 Mb.
#175143
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   145
Байланысты:
ФИЛОСОФИЯ Аденов 2

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


Қ. И. СӘТБАЕВ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСВИТЕТІ


С.Т.ӘДЕНОВ, А. Х. ХОЖАМҚҰЛ, Ғ.К. КОТОШЕВА,
А. Н. КУДЕРИНА
ФИЛОСОФИЯ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


оқулық ретінде ұсынған

Алматы 2007


Аңдатпа
Бұл оқу құралында философияның мәселелеріне деген бүгінгі көзқарастар ескеріліп, оқу стандарттарына сай, техникалық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналып жазылған. Кітаптың құрылымында, дәстүрлі тақырыптарының орналасуында да өзгерістер бар. Мысалы, кейінгі жылдары көп кездесе бермейтін диалектика тақырыбы мұнда әдейі бөлініп беріліп ол – болмыс, материя сұрақтарын құрастырғаннан кейін орналастырылды.
Біріншіден, соңғы кезде кеңінен таралған позитивистік көзқарастардың, әсіресе техникалық білім саласында көп тарап, компьютерлік құралдардың, математикалық, формальді ойлаудың өріс алуы, техникалық оқу орындарында диалектикалық, жан-жақты пікірталастық тұрғыда ойлауды кеңірек насихаттауды қажет етеді деуге болады.
Екіншіден, адам болмысы тақырыбы – алдыңғы тақырыптар шебіне келтіріліп, «Диалектикадан» кейінгі орынға қойылған. Тақырыптың бұлай қойылуына тек заман талабы ғана емес, сонымен қатар сананы материямен тікелей қарсы қою дәстүрінен алшақтау қажеттігі әсер етті. Адамды анықтамай, руханилық таным, т. б. тақыптарды қарау – логикаға сай келе бермес деп санадық.
Техника мамандығына байланысты бұл кітап «Аксиология» тақырыбын ғылым мен техника құндылығымен толықтырады. Мұнда студенттік өзіндік жұмысқа көп көңіл аударылуы, әдебиеттер тізімінің барынша толық болуын талап етеді. Ал қазақ тіліндегі философиялық әдебиеттің аздығына орай, орыс тіліндегі әдебиеттерді пайдалануға мәжбүр болдық.
АВТОРЛАР:



  1. Әденов С.Т. – доцент; ІІ– тарау. 2.1, 2.2, 2,3 тақырыптар.

  2. Хожамқұл А.Х. – доцент; Кіріспе, І, ІІІ–тарау. 1.2, 1.4, 1.5, 1.6, 1.7, 3.2 – тақырыптар.

  3. Котошева Ғ.К. – доцент; І, ІІ– тарау. 1.1, 1.3, 1.8, 1.9, 2,4 тақырыптар.

  4. Кудерина А.Н. – оқытушы; ІІІ-тарау. 3.1, 3.3, тақырыптар, қосымшалар.


Авторлары:



  1. доцент С.Т.Аденов

ІІ тарау: 2.1, 2.2, 2.3.

  1. доцент А.Х. Хожамқұл

Кіріспе, І тарау: 1.2, 1.4, 1.5, 1.6, 1.7,
ІІІ тарау: 3.2
3. доцент Котошева Қ.Ғ.
І тарау: 1.1, 1.3, 1..8, 1.9,
ІІ тарау: 2.4.

  1. оқытушы Кудерина А.Н.

ІІІ тарау: 3.2, 3.3.
қосымшалар.
Әденов Сейттай Төлеутаевич

2.1. Онтология: ұғымдары мен қағидалары 158-177 = 19бет


2.2. Даму- диалектикалық ілім 177-186 = 9 бет
2.3. Адамның рухани әлемі. Сана 186-197 = 11 бет
39 бет
Алтай Хожамқұлұлы Хожамқұл

Кіріспе. Философия пәні мен қызметі 3-20 = 17 бет


1.2 Антика философиясы 41-57 = 16 бет
1.4 Қайта өрлеу және жаңа заман философиясы 70-84 = 14 бет
1.5 Немістің классикалық философиясы 84-98 = 14 бет
1.6 ХІХ ғасыр философиясы 98-108 = 10 бет
1.7 ХХ ғасыр философиясы 108-123 = 15 бет
3.2 Қоғам. Философиялық талдаудың негізі 218-229 = 11 бет
97 бет
Котошева Қани Кенжетаевна

1.1 Шығыс философиясы 20-41 = 21 бет


1.3 Орта ғасыр философиясы 57-70 = 13 бет
1.8 Орыс философиясы 123-136 = 13 бет
1.9 Отандық философия 136-158 = 22 бет
2.4 Таным теориясы 197-210 = 13 бет
82 бет

Кудерина Айжан


3.1 Философиядағы адам мәселесі 210-218 = 8 бет


3.3 Аксилогия. ҒТП және экология 229-237 = 8 бет
Қосымшалар 237-257 = 20 бет
Кіріспе



Философия пәні мен оның қызметі



Философия – ғылымы адамзат мәдениетінің қайталанбас әрі ерекше құбылысы. Философияны мақсатты түрде оқу – ойлау мәдениетінің өсуіне, өзіндік сананың қалыптасуына, дүниежүзілік мәдениет пен өркениеттің байлықтарын тұрақты және жүйелі игеруге, табиғат, қоғам болмысының даму заңдылықтарын түсінуге, мамандықты саналы таңдап, жетілдіруге жетелейді.
Философия деген не? Дүниеде ол қашан пайда болды? Қалай дамыды? Философия бұдан бірнеше мың жыл бұрын Қытайда, Үнді елінде, Египетте, Вавилонда пайда болды. Бұдан 2500 жыл бұрын (б.з.д. V ғасыр шамасында) Афин қаласындағы грек демократиясында классикалық түрге ие болып, ерекше білім ретінде қалыптасты.
Дүние қалай жаратылған, бастамасы қайда? Ол мәңгілік пе? Адам дегеніміз не, оның дүниедегі орны қандай? Ақиқат пен жалғанның ара салмағы неде? Өмір сүрудің мәні бар ма? Адам өмірінің мәні неде? Адам баласы қалай пайда болды? Қозғалыс мәңгі ме, әлде уақытша ма? Адам мен жануарлар өмірі және олардың қатынасы қалай? Олардың өмір сүру ортасы деген не? Осындай «мәңгілік» сұрақтарға жауап іздеу – философияның міндеті. Екіншіден, адамның дүниеге қарым-қатынасы сан-қилы. Осыған сәйкес адамның көзқарасы да әртүрлі. Олардың себебін біліп, ажырата білу де керек. «Дүниеге көзқарас» термині ғылым тіліне, күнделікті сөзге терең енді. Ол алғашқы рет XVIII ғ. неміс философиясы мен мәдениетінде (Кант, Фихте, Гете) кездеседі, адамға тән, оны іштей реттеп отыратын, рухани құрылымды белгілейді. Дүниеге көзқарасты анықтаудың ең жақын әдісі – білім мен құндылық қатынасты байланыстыру. Мазмұны тұрғысынан, ол адамның дүниеге және сол дүниедегі адамның орнына қатысты көзқарас, тұтастыққа ие болған жүйе. Байқау, сезу және ойлау арқылы да пайда болатыны білімге байланысты.
Білім дегеніміз – объективті, біздің санамызға, іс-әрекетімізге тәуелсіз өтіп жатқан заттар мен құбылыстардың, қатынастардың құрылымы мен заңдылықтары, басқалармен байланысы туралы деректер жиынтығы саналса, құндылық адамдардың, олардың әртүрлі дәрежедегі топтардың (отбасы, еңбек ұжымы, тұрғындар қауымы, ұлт, халық, адамзат, т. б.) тарихи даму сұранысына сай сол заттар мен құбылыстарды бағалауы, өз іс-әрекеттеріне қатыстыруы немесе ескермеуі. Осы ретте дүниеге көзқарас әрқашан объективтік білім мен субъективтік құндылықтың бірлігі болып табылады. Олар бір-бірімен қайшылыққа келіп, бірін-бірі жетелеп, дүниеге көзқарасты тереңдете түседі, оның ғылыми объективті бастауын кеңейтіп отырады. Сондықтан білім деңгейіне байланыстырып, дүниеге деген көзқарастың дәрежелерін ажыратуға болады.
Астрономияда – аспан әлеміндегі денелердің құрылымы мен қозғалысы зерттелсе, – математика, есептеу саласы, геометрия – математиканың бір тарауы ретінде үшбұрыш, текше, квадрат, геометриялық дене, шар, пирамидаларды, натурфилософия – табиғатты зерттеу ілімі ретінде теориялық көзқарастар жүйесін қалыптастырады. Көрінген білімде әртүрлі дәрежедегі бағалау белгісі болғандықтан, бейнелейтін затқа байланысты ғылыми, діни, философиялық, әдептілік, саяси, экономикалық, т.б. көзқарастар ажыратылады.
Саналы адам шамамен 50 мың жыл бұрын пайда болды деп есептеледі. Олай болса адамдар көзқарасы осыдан бастап, әрқилы қалыптаса бастады.
Көзқарастың түрлері:

  1. Жай немесе қарапайым көзқарас, күнделікті өмір қажетінен туған білім мен құндылықтар жиынтығы.

  2. Теориялық көзқарас – белгілі бір тәртіпке келтірілген, жүйеге салынған көзқарас.

  3. Ғылыми-теориялық көзқарас; дін – теориялық, бірақ ғылыми емес.

Философияны ғылым ретінде қарағанда, одан дүниетанымдық, теориялық, әдістемелік (жалпы ғылым әдісі немесе жеке ғылымдардың әдісі туралы) мазмұндарды ажыратуға болады. Олар табиғатты, қоғамды, адам санасын тұтас бір құбылыс ретінде алып, бәріне ортақ жалпы заңдылықтарды ашып, объективтік шындық жөнінде негізгі қағидалар жүйесін қалыптастырады. Болып жатқан белгілі бір жағдайларды жаңаша танып байқау, белгілі тәртіпте ұғынуды ұсынады.
Көзқарас – әр түрде әр адамда өзінше қалыптасады. Былайша айтқанда, (прогрессивтік, реакциондық кертартпалық), консервативтік, интернационалдық, патриоттық, гуманистік (адамгершілік), ғылыми-сипаттарда көрініс береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   145




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет