Ќазаќстан Республикасы жоѓарѓы оќу орындарныњ ќауымдастыѓы


Қазiргi кезде бiзге белгiлiсі 4 веда: Ригведа, Самаведа, Яджурведа, Атхарваведа



бет14/145
Дата21.04.2023
өлшемі1,66 Mb.
#175143
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   145
Байланысты:
ФИЛОСОФИЯ Аденов 2

Қазiргi кезде бiзге белгiлiсі 4 веда: Ригведа, Самаведа, Яджурведа, Атхарваведа. Олар төрт бөлiмнен тұрады.
1. Самхит – құдайларға арналған әнұрандар (гимндер) жинағы.
2. Брахман – самхиттi түсiндiретiн әртүрлi мифологиялық әңгiмелер, салт-жоралар. (Үндi абыздарының өздерiне арналған салт-жоралар өткiзудiң дұрыстығы мен құрбандық жасау рәсiмдерi туралы кiтаптары).
3. Араньяктар (дүниеден безген диуаналардың орман кiтабы) брахманға тән салт-жоралардың орнына құдайларды iштей сыйлап-құрметтеу, оларды ойлап-толғану сияқты көзқарастар берiлген.
4. Ведалардың ең соңғы сатысы – «Упанишада» (санскр. Upa, sad – ұстаз қасында отырып дәрiс тыңдау) – өте терең бiлiмдi игеру үшiн, ұстаздан сабақ алу.
Упанишад – веда жүйесiндегi философия. Оның манызды ұғымдары «Сансара», «Карма» Упанишад жүйесiнде дүниеге келген. Сансара Карма заңына сай келедi. Карма – ұғымы ведалық түсiнiк «Ританың» негiзiнде қалыптасты.
Ритағарыш тәртiбi, заң мен заттардағы заңдылық барысы. Рита – сезiмдiк дүниенiң алдында пайда болды, денелiк заттар тек қана ританың көрiнiсi. Рита – бұл тек физикалық заң ғана емес, оған барлық тiршiлiк иелерi бағынатын моральдық та болып саналады.
Сансара (санскрит бойынша дәлме-дәл бiрдемеден өту, қайта туу) – Сансара концепциясы барлық тiрi жанның туысқандығын тұжырымдайды және жаңадан пайда болудың арқасында, олардың түрi арасындағы бiр-бiрiне ауысуын (адам, жануарлар, өсiмдiктер, тiптi құдайға да) айтады.
Карма (санскрит бойынша iс-әрекет, қимыл, iс, жеребе салу) – iс-әрекетiне сәйкес құрметтеу не жазалау заңы, индивидтiң (жеке адамның) келешектегi өмiрiн алдын ала толық мәнiнде анықтайды. Кең мағынада – әрбiр тiрi жанның жасаған iс-әрекетiнiң жалпы қосындысы, оның жаңа туғаннан кейiнгi (яғни, ары қарай өмiр сүруi) кезеңдердегi сипатын анықтайды.
Упанишадаттың түп негiзі – Брахман. Ғарыштың негiзiнде мәңгi мәндiлiк – Брахман жатыр. Сондықтан одан барлық заттар дамиды. Брахман – барлық әлемнiң бастамасы және соңы. Брахманның екi түрi бар: 1) қозғалмайды, нақты өмiр сүредi, бiрақ жойылып кетуi мүмкiн – көптүрлi; 2) жойылмайды, өлмейдi, қозғалыста және ақиқат – жеке түрде. Брахман бұл дүниенiң рухани бастауы, ол адамның рухани мәнi – атманмен тең. Атман бiр жағынан дене, екiншi жағынан – рух секiлдi. Брахман мен Атман туралы iлiм Упанишадтың негiзгi сәтi, онда адам болмысының жалпы әлемдiк мәнмен сәйкестiгi бекiтiлдi.
Упанишадта сансара (қайта туылу жүйелерi) және карма (жазалау заңы) iлiмдерi байланыста болады. Сансара туралы iлiмде адам өмiрi шексiз қайта туудың анықтаушы түрi ретiнде түсiндiрiледi. Келешектегi индивидтің дүниеге келуi, карма заңымен байланысты.
Адамның келешегi – оның өткен өмiрдегi iс-әрекетi мен қылығының нәтижесiне байланысты. Тек өткен өмiрде сыпайы өмiр сүргендер ғана келешектегi қайта тууында жоғарғы варна – әулиелер, кшатрийлер, вайшьилер, терiс өмiр сүргендер төменгi варна – шудралар кейпiнде келедi. Бәрiнен де қиыны, оның атманының жануар денесiне орналасуы болады.
Бостандыққа ұмтылатындар алдымен қалыптасқан әдептiлiк нормаларға (қағидаларға) және драхмаға (өмiр жолы, әлдебiр өмiр салты) жүгiнуi керек. Упанишадта таным және өзiн-өзi тану мәселелерi ең маңызды тақырып болып саналады. Алдымен сезiмдiк және рационалдық танымда: нағыз ақиқатты тану, Брахман мен Атманның бiрiгуi, толық қосылуын түсiну болады. Мұны кiм iстей алса, сол шексiз қайта туу, сансарадан құтылады. Мұндай адамның жаны Брахманмен қосылып, онда мәңгi қалады. Сонымен бiрге ол карманың да ықпалынан құтылады. Бұл ең жоғарғы мақсат және ең ақиқат жол – «құдайлар жолы».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   145




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет