Электромагниттік толқындар Орындаған: Ербосын Сұлтан
2022 жыл
Жоспар:
I.Толқындық құбылыстар
2.Электромагниттік толқындар
3.Электромагниттік толқындардың диапазоны 4. Электромагниттік толқындардың таралу тәртіптері
Толқындық құбылыстар
Толқын деп уақыт бойынша кеңістікте таралатын тербелістерді айтады. Ауада,қатты денелерде және сұйық ішінде механикалық толқындар серпімділік күштері арқасында пайда болады.Осы күштер дененің жеке бөліктерінің арасын байланыстырып тұрады.Су бетіндегі толқындардың пайда болуына ауырлық күші мен беттік керілу күшінің ролі бар.
Егер баудың бір ұшын бекітіп,оны аздап қолмен созып,екінші ұшын тербемелі қозғалысқа келтірсек,сонда баудың бойымен толқын жүгіреді. Бауды неғұрлым күштірек созсақ, толқының жылдамдығы соғұрлым үлкен болады. Толқын бауды бекіткен нүктеге жетіп барып шағылады да,кері қайтады. Мұнда толқын таралу кезіңде баудың пішіні өзгереді.Ал баудың әр бөлігі өзінің өзгермейтін тепе-теңдік қалпына қатысты тербеледі.Мынағын назар аударыңдар: толқын баудың бойымен таралғанда баудың жеке бөліктері толқынның таралу бағытына перпендикуляр бағытта тербеледі.Осындай толқындарды көлденең толқындар деп атайды. Бірақ кез келген толқын көлденең толқын бола алмайды.Толқының таралу бағыты бойымен жасалатын тербелістер де бар.Ондай толқын қума толқын деп аталады. Қума толқынды диаметрі үлкен ұзын жұмсақ серіппенің көмегімен бақылау ыңғайлы.
Толқынның ерекшеліктері Механикалық толқындар тек кейбір ортада (затта) тарай алады: газда, сұйықта, қатты денеде.
Толқындардың көзі қоршаған кеңістікте ортаның деформациясын тудыратын тербелмелі денелер болып табылады. (күріш)
Механикалық толқынның пайда болуы үшін қажет: 1. Серпімді ортаның болуы