Ќазаќстан Республикасы жоѓарѓы оќу орындарныњ ќауымдастыѓы



бет5/145
Дата21.04.2023
өлшемі1,66 Mb.
#175143
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   145
Байланысты:
ФИЛОСОФИЯ Аденов 2

Философия – көзқарастың бір түрі. Ертеде әр нәрсенің себебін білігісі келгендер, діни ұғымдар мен жай ұғымдарға қанағаттанбай құбылыстардың түбіне үңіліп, сол туралы өзіндік пікір айтты. Оларды – «философ» деп атайды. «Философ» деген сөзді алғашқы рет гректің, ойшыл, математигі Пифагор (580-500 б.ғ.д) енгізді. Бұл термин Еуропа мәдениетінде Платонның (427-347 б.ғ.д) атымен тығыз байланысты. Philo – сүйемін, sophia – даналық, яғни даналықты сүйемін деген мағынаны береді. Араб тілінде «фәлсәфа» деп аталады.
Философ – алғашқыда әрі дана, әрі табиғатты зерттеуші, сынаушы, байқаушы ретінде бой көрсетті. Сондықтан бұларды «натурфилософтар» деп атады. Философияның дүниеге келуі дегеніміз – өмірлік тәжірибеде адам сезімінің, идеалдық үміт пен әлем туралы білімнің үйлесімдігін іздеу нәтижесінде ерекше рухтың қалыптасуы болады. Философия пайда болғаннан бастап барлық ғылымды қамтыды, яғни ғылымның ғылымы болды. Кейінірек әр пән өз алдына ғылыми пән ретінде қалыптасты. Б.з.д IV ғ. ежелгі Грекияда теориялық логика пәні, ал б.з.д. ІІ ғ. математика (Евклид геометриясы және арифметика), астрономия (астрологиямен бірге), кейінірек филология, т.б. бөлінді, яғни ғылымды жіктеу дифференциялау (бөлшектеу) басталады.
Әр дәуірде философиялық ілімдердің ішіндегі ғылымның құрамында әртүрлі көзқарас болды. Эллиндік дәуірде стоиктер мен эпикуршылар философияны логика, физика және этика деп жеке бөліктерге бөлді. Оны бақшаға теңеді. Бақтың қоршауы – логика (логикаға танымның барлық мәселелерін, тіпті тілді де қосады), физика – оның жемістері, яғни табиғатқа байланысты (астрономиялық, физикалық, биологиялық, т. б. білімдер). Этика – адамның мiнез-құлқы, тәртібі туралы ғылым, ол философияның ұйытқысы (ядросы), ол бағыт пен керекті тәртіпке жол көрсетеді деп саналды.
Орта ғасырда Схоластикалық философияны болмыстың негізгі себебі және жоғарғы принципі туралы ғылым ретінде түсіне бастады, сонымен бірге ол «діни ілімнің құлы» болып саналды. Қайта Өрлеу дәуірі философиясының ерекше сапалы бөлігі - натурфилософия (табиғат философиясы). Жаңа Заман философиясында жаратылыс ғылымдарының кешені қалыптасты (физика, химия, биология, т.б.). Енді олар философия саласына тіпті кірмейтін болды және гуманитарлық ғылымдар (тарих, лингвистика, өнертану, т.б.) бөлінді.
Философия барлық ғылымдардың әдістемелік рөлін сақтап қалды. ХІХ-ХХ ғ. марксизмде Гегель философиясының негізінде философия пәні туралы төмендегі түсінік қалыптасты.
Философия дегеніміз – табиғат, қоғам және адам санасының ең жалпы даму заңдары туралы ғылым қоғамдық сананың бір түрі, көзқарастық теорияның негізі, философиялық пәндер жүйесі, адамның рухани дүниесінің қалыптасуына ықпал жасайтын ілім. Философия пәнін осылай түсінумен бірге, ХХ ғасырда әртүрлі философиялық ілімнің негізгі мәселесінің әртүрлі болуына байланысты, бұл сұрақтың шешу жолдары анықталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   145




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет