Ќазаќстан Республикасы жоѓарѓы оќу орындарныњ ќауымдастыѓы



бет99/145
Дата21.04.2023
өлшемі1,66 Mb.
#175143
түріОқулық
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   145
Байланысты:
ФИЛОСОФИЯ Аденов 2

Релятивизм (лат. Relativus – қатынастылық) танымның дайын жауаптарын интерпретациялау (түсіндіру, талдап беру). Релятивизм адам танымының шарттылығы мен субъектілігі туралы ілім. Релятивизм білімінің салыстырмалылығын мойындап, танымның объективтілігін жоққа шығарады, біздің білімімізде объективті дүние бейнеленбейдi деп есептейді.
Догматизм –ойлаудағы икемсіздікке сүйеніп, қабылданған қағиданы дәлелсіз, абсолюттік ақиқат деп санайды. Теориялық және саяси мәселелерді зерттеп, шешуде, нақтылы жағдайларды ескермейтін абстрактілік әдіс.
Диалектика – ойлаудың ең икемдісі, дүниені жан-жақты зерттеудің, яғни әртүрлі байланыстардың әрқайсысын ашып, қарама-қарсы күштердің даму барысындағы өзгерістер мен процестердің негізін табу. Диалектика – ойлаудың объективтілігі, софистика –ойлаудың субъективтiлiгi.
Диалектика ұғымы үнемі тарихи дамуда болып, мазмұны тереңдей береді. Сондықтан оның тарихи формаларын ажырата білу керек: стихиялық немесе қарапайым диалектика – дүниенің сезімде берілетін сырт бөлгінің мәңгі өзгерісіне сүйенеді; идеалистік диалектика – ақыл-ойдың жалпы ұғымдарының бір-біріне ауысып отыратынына негізделген; идеалистік-тарихи диалектика – ұрпақтар санасындағы қайшылықтардың болуына жүгінеді; материалистік диалектика – қайшылық пен даму санада ғана емес, дүниенің өзінде де барын дәлелдейді. Осыны нақтылау үшін объективтік диалектика (санадан тыс дүниенің дамуы) және субъективтік диалектика (сана-сезімнің дамуы) деп бөлеміз. Жалпылай келгенде, диалектика бүкіл болмыстың (материя мен сананың) дамуы туралы ілім. Сондықтан оны табиғаттың, қоғамның, адам санасының жалпы заңдылықтарын ашатын ілім деп санаймыз.
Жүйелік принцип және осымен байланысты жүйелік әдіс – қазіргі заманда, өзіне көптеген диалектика теориясының идеяларын енгізіп, ғылым мен практикадағы өте маңызды әдістемелік бағыт болды. Әрбір жүйелік зерттеудің негізі – зерттеу жүйесінің тұтастығы, туралы түсінік, жүйелік принцип. Жүйелік зерттеуде объектінің сыртқы ортамен арақатынасы мен өзінің ішкі құрылымын жіктеуі арқылы элементтерін, қасиетін, қызметін, олардың тұтастықтағы орнын бөлуде көп қолданылады. Жүйе тұтастығы байланыс түсінігі арқылы түсіндіріледі. Заттар арасындағы байланыс түрлі сипатта болады: бір-бірімен тікелей байланысты, бірқатар жанама буындар арқылы байланысы, әрдайым өзара тәуелдік, өзара әрекеттестік түрінде көрінеді.
Дүние бірқалыпты емес, сан қилы. Заттар қалай орналасса да, дүниеде барлық заттар бір-бірімен байланысты. Оның түрлері: күрделі – жай, тұрақты – кездейсоқ, уақытша– қайталанған, негізгі (мәнді, маңызды, елеулі) – ішкі – қосалқы, сыртқы, қажеттi – қажетсіз. Дүниедегі шексіз байланыстардың ішінде, нақты әлемде философиялық тұрғыда тануда, жалпылық әмбебептық байланыстар қарастырылады, олар мынадай тарихи типке бөлінеді: жекелік-жалпылық, көптік-бірлік, ұқасастық-ерекшілік, сапа-сан, жай-күрделі, бөлік-бүтін, шекті-шексіз, түр-мазмұн, т.б. осындай байланыс түрлері болмыстың құрылымдық категориялары тобына кіреді.
Танымның тарихында басқа да категориялар катары – әмбебаптық детерминациялық байланыстарды білдіреді: құбылыс-мән, себеп-салдар, қажеттілік - кездейсоқтық, мүмкіндік- шындық.
Әмбебаптық байланыстың алғашқы талдау тәсілін шартты түрде «горизонтальдық», екіншісі – «вертикальдық» деп атайды.
Детерминизм (лат determinio – анықтау) – табиғат пен қоғамда кездесетін оқиғаны, құбылыстарды және адамның еркі мен мiнезiнiң өзара байланысының себептерін, себептілігінің заңдылығын зерттейтін ілім.
Философиялық танымда детерминизм принципінің орны бөлек. Дүниені материалистік түсіну және ғылыми таным негізінде себептілікті мойындау мен құбылыстардың заңдылығын iздеу жатыр. Детерминизмдегі себептілікті түсінбеу, адамды басқа жағдайлар «ғажап» құбылыстарды мойындауға алып келеді. Қазіргі кезде детерминизм ұғымы, ұзақ тарихи даму арқылы себептілік – салдар және заңдылық принципi болып қалыптасады. Себептілік (каузальдық – лат caus – себеп деген сөз) құбылыстардың жалпылама заңды байланысының түрі.
Себеп – құбылыстың тууы, оның күйінің өзгеруіне, жойылуына жағдай туғызады. Себептің нәтижесі – салдар. Басқа оқиғаның алдында болатын, оның пайда болуына мүмкіндік жасайтын, бірақ тудырмайтын және анықтап бере алмайтын оқиға – сылтау саналады, ол сыртқы болмашы байланыс. Себеп пен салдардың әрекеті, айналысындағы құбылыстарға әсер етеді. Бұл құбылыстардың жиынтығын – жағдайлар деп атайды. Жағдайлар тиісті оқиғаның болуы үшін қажет.
Дүниені ғылыми тану ұғымдар арқылы іске асады, олардың күнделікті сөздер мен терминдерден айырмашылығы, жалпылығы (көп зат, құбылысқа ортақ қасиеттердi, сапаны, т.б. белгіленуі) мен бір мәнділiгінде. Философия өте жалпы байланыстарды, заңдылықтарды қарастыратындықтан, өте жалпы ұғымдарды қолданады. Оларды –категориялар деп атайды. Диалектика категориялары дүниенің дамуын көрсете білуі үшін, дамудың көзі қарама-қайшылық екенін ескертіп, әрқашан қосалқы қарама-қайшы ұғымдар ретінде беріледі. Мұндағы негізгі мақсат: қарама-қайшы ойлар, зат, құбылыстар бір-біріне өтіп отыратынын көрсету, дүниенің шынайы үзіліссіз байланысын үзілістен тұратын логикалық ойлауда бейнелей білу. Осы себепті категориялардың байланысын, заңдылықтар деп қарастыру орынды. Диалектика заңдары да қос категориялар арқылы жасалады, бiрақ категорияларға қарағанда тұрақты, қайталана беретін, негізгі қасиеттердің байланысын білдіреді.
Қарама-қарсылықтың бірлігі мен күрес Заңы. Бұл заң дамудың түп негізі – құбылыстар мен процестердің қайшылығында, оларға тән iшкi қарама-қарсылықта, әсіресе олардың күресінде болатынын көрсетіп, дамудың өзiндiк себебін ашып береді. Қарама-қарсылықтың бірілігі мен күресі – қозғалыстың және барлық болмыстың дамуының бастауы, көзi. Гегель қайшылықтар туралы ілімді диалектика тұрғысынан талдап жасады, бірақ ол идеализмге толы. Тек, марксизмде ғана Гегель философиясының шектелгенi жойылып, диалектика ғылыми ілімге айналды. Қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күрес заңының мазмұнын түсіндіру үшін, ең алдымен оның жақтары мен элементтерін анықтап алу керек.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   145




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет