Ќазаќстан Республикасы жоѓарѓы оќу орындарныњ ќауымдастыѓы



бет18/145
Дата21.04.2023
өлшемі1,66 Mb.
#175143
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   145
Байланысты:
ФИЛОСОФИЯ Аденов 2

Есімдерді түзету. Ежелгi Қытай мәдениетiндегі “табиғи тiл” деген теория кең тараған, осыған сәйкес аттарына заттардың идеялық мәнi және құбылыстардың сайма-сай болуы мұқият қаралған. Уақыт өткен сайын надан адамдардың атауларды пайдалануына байланысты, бұл сәйкестiк бұзылады. Бұл атаулардың «бұзылуы» әлемдегi iстердiң нашарлауы. Бұл көзқарасты Конфуций де жақтайды.
Конфуцийдiң пiкiрiнше, әлемдегi тәртiптi қалпына келтiру үшiн, қоғамда да, табиғатта да алдымен атауларды дұрыстау, яғни, заттарды олардың атауына сайма-сай өзгерту керек деп санайды. Бiр князь Конфуцийден: «Қолайлы басқарудың принципi неде?» – деп сұрайды. Ол: «патша-патша, төре-төре, әке-әке, ал бала-бала болып, атауына байланысты ғана емес, шын мәнiсiнде қалулары керек»,– дейдi («Лунь Юй»). Билеушi – патша, халқы – оның балалары. Осы тұрғыдан мемлекет басқарылуы керек. Яғни, «бiлу дегенiмiз – табиғатты емес, адамдарды танып – бiлу» – деп санайды. Мұның мәнi сөз бен шындықты сәйкестендiру, соның арқасында шынайы дүниенi бiртектi тәртiпке келтiруге болады.
Конфуцийдің этикасы – философиялық iлiм. Бұл iлiмнiң орталық мәселесi Конфуций жасаған «iзгiлiктi қайраткер». Ол адамды "мейiрiмдi қайраткер» ететiн оның шыққан тегi, байлығы емес, оның тәрбиесi мен мәдениетi, жоғарғы дәрежелi әдептiлiлiгi. Оның төмендегi негiзгi сапалары болады.
Жэнь (гуманность – адамгершiлiк). Адамдар арасындағы өзара қатынастың этикалық және әдептiлiк қағидалар жиынтығы. «Өзiң қаламайтын нәрсенi басқа бiреуге жасама» (Лунь Юй).
Сяо – баланың сый-сияпат көрсетуi. Iнi мен аға арасындағы қатынастар қағидасының жиынтығы. «Ата-анаға және үлкен ағаларға орынды сый-сияпат көрсету» (Лунь Юй). Сонымен бiрге мемлекет «үлкен отбасы» ретiнде қаралады. Онда император – әке, шенеунiктер – жасы үлкен ағалар болып түсiндiрiледi. «Өзiң балаңнан қандай қызмет жасауды талап етсең, әкеңе солайша қызмет ете бiл. Өзiң бастығыңа қандай қызмет етсең, қол астыңдағыларға сондай талап қой» («Ли цзы»).
Ли (этикет) қоғамдық қағида, Жэньнiң нақтылыққа айналуы, оның барлық өмiр саласындағы iске асыру әдiсi болады (отбасынан мемлекетке дейiн). Этикеттi бiлмеу – тұрақталу мүмкiндiгi жоқтың (лайықты мiнез-құлықтың) белгiсi (Лунь Юй).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   145




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет