Ќазаќстан Республикасы жоѓарѓы оќу орындарныњ ќауымдастыѓы



бет32/145
Дата21.04.2023
өлшемі1,66 Mb.
#175143
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   145
Байланысты:
ФИЛОСОФИЯ Аденов 2

Онтология (болмыс) – барлық тіршіліктің алғашқы себебі ─ Құдай. Құдай құдіреті тіршілік иесі ретінде дүниені, адамды жаратқан және оны басқарып, әркімнің өмірін болжап отырады. Бұл философияның жүйесінде антикалық философияның дәстүрі секілді, болмыс мәселесі тұрды. Айырмашылығы – орта ғасыр философиясы теоцентрлік, яғни шындық ─ табиғат емес, шексіз құдіретті Құдай саналады. Теоцентрлік (тео-құдай орталықта) ойлауда адамның мінез-құлқын, қоғамды анықтайтын күш – Құдай, ол барлық әлемдi, тіршілікті жаратушы. «Құдай дүниені жоқтан жаратты» ─ делінген көзқарасты креационализм (лат.creatio-жасау) дейді. Ол әлемдегі тірі және өлі табиғаттың бәрi бірегей шығармашылық актіде жасалғандығы туралы идеалистік ілім.
Құдай және оның жаратқан дүниесі екі нақты әртүрлі онтологиялық (болмыстық) жағдайларда көрінеді, олар бір-біріне ауыспайды. Құдай мәңгі, өзгермейді, бәрінен де тәуелсіз, ол барлық тіршіліктің көзі, әрі оны тану мүмкін емес. Құдай ең жоғарғы игілік. Ал, дүние болса керісінше, құбылмалы, тұрақсыз, ауыспалы және жақсы жетілмеген. Басқа сөзбен айтқанда, адам үшін барлық дүниедегі зұлымдық – беиболмыс, өйткені құдай зұлымдықты жек көреді, игілікті құптайды. Зұлымдықтың өмір сүруін орта ғасырдағы қоғамдық сана: зұлымдық-ақиқаттық болмысты бүркеніп, игіліктің арқасында өмір сүреді деп түсіндірді.
Орта ғасыр адамы әлемнің тұрғылықтығына таңғалумен болды. Табиғат әлемінің табиғилығымен қатар, оның заңдарымен таңғаларлық әлемнің өмір сүруі ─ оны құдайдың жаратқанын мойындатады. Сонымен бірге тіршілік дүниесі мен о дүние (өлгендер әлемі) интенсивті (қарқынды) және драмалық қатынаста болады. Әрине, философтар осыдан пайда болатын сұрақтарға жауап іздеді. Осы екі дүниені тануға бола ма, болса ең алдымен қандай деңгейде іске асады?
Антропология – ол адам туралы ілім. Осы ілімде адамды құдай жаратқан және өзіне ұқсас етiп жасаған. Бірақ, адам табиғаты екіжақты. Яғни, жан мен тән. Жан ─ рухани ғана емес, құдай берген игілік, дене ─ шайтан қонысы. Адам өз күнәсі мен шайтанның арам пиғылынан құтылу үшін, туған күнінен өлгенше шіркеу мен діннің қолдауына зәру болуы керек. Орта ғасыр философиясы өзінің онтология мен антропологиясын ақыл-оймен негіздеу қиын болғандықтан, өзіне тән гносеологиясын жасады.
Гносеология ─ тану мәселесі, діни философияда ақиқатты мойындау ақыл-ойға сүйенбейді, ол тек ішкі қайғы-қасіретке, тілекке ешуақытта ойланбай-ақ, сай болуы керек дейді. «Тіпті ақыл-ойға сай емес сандырақ болса да сенемін» – бұл діни гносеологиялық қағида. Танымның ерекшелігі ─ әлдебір тілекке, сенуге негізделуіне байланысты ақыл-ой, логика, жүйелi дәлелдеу, өзінің мәнін жоғалтты деу қате қорытынды болған болар еді. Рационализм элементтері, iнжiлдегi қасиетті қағидаларды талдауда, іздеуде екінші сатыдағы логикалық құрал ретінде сақталды. Рационалдық философия библиядағы бейнелерін, символдарын логикалық тілге аударуда өте үлкен рөл атқарды.
Батыстық орта ғасыр философиясы екі кезеңнен тұрады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   145




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет